Шығыс Түркістан өңіріндегі қазақтар



1.1. Қазақтардың Ресей мен Қытай мемлекетіне тәуелденуі.
1.2 Қытайдағы қазақтардың саяси жағдайы.
1.3 Қытай қазақтарының қоғамдық құрылымы
Шығыс Түркістан өңіріндегі қазақтар.
1.1. Қазақтардың Ресей мен Қытай мемлекетіне тәуелденуі.

Қазақ халқының патшалық Ресей мемлекеті мен Қытай мемлекеті қол астына ресми бөлінуі, ХІХ ғасырдың орта шенінде болған тарихи оқиға.
ХІХ ғасырдағы патшалық Ресей империясының Орта Азияны жаулау қарқынына байланысты орыс–қытай шекарасын белгілеп алу мәселесі туындады. Бұл белгі 1857 жылы Цин үкіметіне «Екі мемлекеттің іргелес жерлері өте көп, онда анық болмаған шекаралар бар» деген мәселені көтереді (1). 1860 жылы қарашада Пекинде екі мемлекет үкіметі «Қытай – Ресей Пекин келісіміне» қол қояды. Келісім бойынша Жетісудың оңтүстік – Шығыс бөлігі таулы аймақтар мен Күршім өлкесіне Ресейдің құқығы бекітілген орыс – қытай шартына қол қойылды (2). Осы келісімге сәйкес екі мемлекеттің ресми өкілдері Қытайдың батыс солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп, 1864 жылы қазанның 7 күні Пекин қаласында екі жақ «Қытай Ресей батыс солтүстік шекараны белгілеу келісіміне қол қояды». Сөйтіп патшалық Қытай мен Ресей мемлекеттерінің шекарасы негізінен қалыптасады (3).
«Қытай - Ресей батыс солтүстік шекараны белгілеу келісімі» 11 тармақтан құралған. Шекарадағы елдердің - қазақтардың қайсы елге қарайтындығы жөнінде сол келісім шарттың 5 - тармағында: «Бұдан кейін осы белгіленген шекара маңындағы шаруалар қоныстанған жерлер қайсы елге бөлінген болса, мекендеген жерімен қоса сол елдің басқаруында болады» - деп белгіленеді. Сонымен, қазақтардың жерінің Қытайға қараған өңірінде қоныстанған қазақтар Қытайға азамат болады да, Ресейдің қарамағына қараған жердегілері Ресеиге тәуелді болады деп келісіледі. Шекара маңындағы қазақтардың қай елге қарағысы келетінін таңдауына бір жыл уақыт беріледі.
Осы уақыт ішінде патшалық Ресейдің отарлық билігіне наразы болған
қазақтар өздері отырған, бірақ Ресейге танылған жерлерін тастап, шығысқа
ауып, Цин патшалығының төте басқаруындағы жерлерге барып қоныстанды. Мәселен, Зайсан, Қобда маңындағы он екі абақ керей елі, Әбілпейістің немересі Ажының жол бастауымен 1865 жылы «Жермен бірге Ресейдің басқаруына өтуді қаламай, Шығысқа қоныс аударып Алтай тауының оңтүстігініне келіп қоныстанады». Ол тұста Қытайға ел болуды қалаған тек бұлар ғана емес. Шекара маңындағы өңірлерді мекендеген орта жүз найманның патшалық Ресейдің отарлау әрекетіне наразы болған немесе өз елі ішіндегі алауыздықтан ат ізін аулақтаған бірталай ру - тайпалары да топ - тобымен шығысқа қоныс аударып, Тянь - Шань тауының терістігіне барып жатты. Осылай қоныс аудару әрекеті XIX ғасырдың соңына дейін жалғаса берген еді. Әрине, Қытайдағы өз жеріне ауып барып, бірақ ол жақтан ойдағыдай қоныс орын таба алмай немесе басқа да себептер салдарынан кері қайтып басқаруындағы Қазақстанға көшіп келуші қазақтар да болған еді. (4). Бұл бөлініске наразылық білдірген халық 1869-1870 жылдары бірнеше рет көтеріліс жасады. Оның бір мысалы, Іле аңғарындағы албан, суан, қызай рулары ол аймақ Қытайға өткендіктен өздері күштеп Ресей құрамына өткізіліп еді .
Жалпы қазақ бодандарының Қытайда пайда болу кезеңдерін қорытындыласақ, былай айтуға болады.
Бірінші — ХVІІ — ХVІІІ ғасырдағы қазақ — ойрат соғысы кезінде қазақтардың Жетісу, Тарбағатай және т.б. жерлерінің ойраттарға өтуі Жоңғарияның құлауымен қазақтар жерін қайтаруға тырысты, бірақ қытайлар оны ойраттарда жеңудегі кірісіміз деп бағалады. Осындай жағдайлармен бұл жерлер Қытай құрамында қалып қойды. Сонымен қатар ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан мен Қытай арасында бірінші рет шекара жүргізілді.
Екінші саты, қазақ ирредентінің пайда болуы Ресей – Қытай арасындағы. 1860 жылы Пекин келісімі, 1864 жылы «Қытай – Ресей батыс солтүстік шекараны белгілеу келісімі». 1881 жылғы Петербур келісімі

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Түркістан өңіріндегі қазақтар.
1.1. Қазақтардың Ресей мен Қытай мемлекетіне тәуелденуі.
1.2 Қытайдағы қазақтардың саяси жағдайы.
1.3 Қытай қазақтарының қоғамдық құрылымы

Шығыс Түркістан өңіріндегі қазақтар.
1.1. Қазақтардың Ресей мен Қытай мемлекетіне тәуелденуі.

Қазақ халқының патшалық Ресей мемлекеті мен Қытай мемлекеті қол
астына ресми бөлінуі, ХІХ ғасырдың орта шенінде болған тарихи оқиға.
ХІХ ғасырдағы патшалық Ресей империясының Орта Азияны жаулау
қарқынына байланысты орыс–қытай шекарасын белгілеп алу мәселесі туындады.
Бұл белгі 1857 жылы Цин үкіметіне Екі мемлекеттің іргелес жерлері өте көп,
онда анық болмаған шекаралар бар деген мәселені көтереді (1). 1860 жылы
қарашада Пекинде екі мемлекет үкіметі Қытай – Ресей Пекин келісіміне қол
қояды. Келісім бойынша Жетісудың оңтүстік – Шығыс бөлігі таулы аймақтар мен
Күршім өлкесіне Ресейдің құқығы бекітілген орыс – қытай шартына қол қойылды
(2). Осы келісімге сәйкес екі мемлекеттің ресми өкілдері Қытайдың батыс
солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп, 1864 жылы
қазанның 7 күні Пекин қаласында екі жақ Қытай Ресей батыс солтүстік
шекараны белгілеу келісіміне қол қояды. Сөйтіп патшалық Қытай мен Ресей
мемлекеттерінің шекарасы негізінен қалыптасады (3).
Қытай - Ресей батыс солтүстік шекараны белгілеу келісімі
11 тармақтан құралған. Шекарадағы елдердің - қазақтардың қайсы
елге қарайтындығы жөнінде сол келісім шарттың 5 - тармағында: Бұдан кейін
осы белгіленген шекара маңындағы шаруалар қоныстанған жерлер қайсы елге
бөлінген болса, мекендеген жерімен қоса сол елдің басқаруында болады - деп
белгіленеді. Сонымен, қазақтардың жерінің Қытайға қараған өңірінде
қоныстанған қазақтар Қытайға азамат болады да, Ресейдің қарамағына қараған
жердегілері Ресеиге тәуелді болады деп келісіледі. Шекара маңындағы
қазақтардың қай елге қарағысы келетінін таңдауына бір жыл уақыт беріледі.
Осы уақыт ішінде патшалық Ресейдің отарлық билігіне наразы болған
қазақтар өздері отырған, бірақ Ресейге танылған жерлерін тастап, шығысқа
ауып, Цин патшалығының төте басқаруындағы жерлерге барып қоныстанды.
Мәселен, Зайсан, Қобда маңындағы он екі абақ керей елі, Әбілпейістің
немересі Ажының жол бастауымен 1865 жылы Жермен бірге Ресейдің басқаруына
өтуді қаламай, Шығысқа қоныс аударып Алтай тауының оңтүстігініне келіп
қоныстанады. Ол тұста Қытайға ел болуды қалаған тек бұлар ғана емес.
Шекара маңындағы өңірлерді мекендеген орта жүз найманның патшалық Ресейдің
отарлау әрекетіне наразы болған немесе өз елі ішіндегі алауыздықтан ат ізін
аулақтаған бірталай ру - тайпалары да топ - тобымен шығысқа қоныс аударып,
Тянь - Шань тауының терістігіне барып жатты. Осылай қоныс аудару әрекеті
XIX ғасырдың соңына дейін жалғаса берген еді. Әрине, Қытайдағы өз жеріне
ауып барып, бірақ ол жақтан ойдағыдай қоныс орын таба алмай немесе басқа да
себептер салдарынан кері қайтып басқаруындағы Қазақстанға көшіп келуші
қазақтар да болған еді. (4). Бұл бөлініске наразылық білдірген халық 1869-
1870 жылдары бірнеше рет көтеріліс жасады. Оның бір мысалы, Іле аңғарындағы
албан, суан, қызай рулары ол аймақ Қытайға өткендіктен өздері күштеп Ресей
құрамына өткізіліп еді .
Жалпы қазақ бодандарының Қытайда пайда болу кезеңдерін қорытындыласақ,
былай айтуға болады.
Бірінші — ХVІІ — ХVІІІ ғасырдағы қазақ — ойрат соғысы кезінде
қазақтардың Жетісу, Тарбағатай және т.б. жерлерінің ойраттарға өтуі
Жоңғарияның құлауымен қазақтар жерін қайтаруға тырысты, бірақ қытайлар оны
ойраттарда жеңудегі кірісіміз деп бағалады. Осындай жағдайлармен бұл жерлер
Қытай құрамында қалып қойды. Сонымен қатар ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында
Қазақстан мен Қытай арасында бірінші рет шекара жүргізілді.
Екінші саты, қазақ ирредентінің пайда болуы Ресей – Қытай арасындағы.
1860 жылы Пекин келісімі, 1864 жылы Қытай – Ресей батыс солтүстік
шекараны белгілеу келісімі. 1881 жылғы Петербур келісімі нәтижесінде
болды. Жоғарыда көрсетілген шекара арқылы қазақ халқының ыңғайына
қарамастан бөлініп кете барды (5).
Біртұтас қазақ ұлты осындай саяси келісім шарттарының нәтижесінде екі
мемлекетке тәуелденіп, бөлініп қоныстануының негізінен қалыптасқан кезі
болды.

1.2 Қытайдағы қазақтардың саяси жағдайы.

1864 жылы қытайдың Цин патшалығы үкімет пен патшалық Ресей үкіметі
Қытай - Ресей батыс солтүстік шекараны белгілеу келісіміне қол қойған соң
қазақтар қытайдың Цин патшалығының қол астына ресми түрде қарай бастады,
Алайда сол жылы Қытай - Ресей шекарасы белгіленгенімен шекара маңындағы
қазақтардың қайсы елге қарайтыны бірден шешіле қоймаған еді. Ол келісімде
жер бөлінеді, ал ол жерде - шекара маңында қазақтарға қайсы елге қарауды
қалайтындықтарын айқындауға бір жыл уақыт беріледі. Осыған орай патшалық
Ресей отаршылдары сол шекара маңындағы халықты Ресейдің қол астына қарату
үшін түрлі әрекеттер жасайды. Кейбір жерлерде Ресейге қараймыз деген
қағазға зорлап қол қойғызады. Мысалы, Ұранқай өңірінде отырған 380 - нен
астам адамды Ресейге қараймыз деген қағазға қол қойдырған. Ал қытайдың Цин
патшалығы бұған керісінше, қазақтардың Шығысқа қоныс аударып, өзінің
байырғы атамекеніне көптеп баруын қаламағанымен, бірақ оларға қарумен
қарсылық көрсетпейді.. Патшалық Ресейдің жоғарыдағы әрекеттері қазақтарға
тіпті де кері әсер етеді. Бұрыннан қытайдың Цин патшалығымен тығыз
байланыста болып келген қазақтар ауыл-ауыл болып осы патшалыққа қараған
өңірлерге көше бастайды. Мысалы, Зайсан көлі маңындағы он екі абақ керей
елі Алтайдың шығыс күнгейіне қоныс аударады.
XIX ғасырдың 60 — 70-жылдарында Шынжанда отарлық езгіге қарсы ұйғыр
дихандарының көтерілісі болады. Бұл көтеріліске Тарбағатай аймағынан өзіне
тиесілі жерді иелену үшін қазақтарда қатысады. Қоқан Хандығы Ақмешітті
билеген бегі Иакуббекті (ұлты тәжік) 1865 жылы Қашқарға арнайы жібереді. Ол
көп кешікпей көтеріліс басшылығын қолына алып, Шыңжанда өз үстемдігін
орнатуға тырысады. Цин боғдханы Тұңжы (1862-1874) аласапыран жағдайды
пайдаланған Ресей өкіметі 1871 жылы шекараға әскер кіргізіп, Ілені басып
алады. Бұл өңірдегі бұрынғы әкімшілік басқару тәртібі жойылып, оның орнына
Ресей патшалығының тәртібі жүргізіледі. Іле аймағыңда тұратын халықтар
Ресей өкіметінің отаршылдық езгісіне шыдай алмай басқа жақтарға қоныс
аударуға мәжбүр болады. 1878 жылы бірнеше мың казақ және қырғыз шаруалары
Іле өңірінен Тянь-Шанның орта бөліміндегі Жұлдыз жайлауына қарай коныс
аударады. Олар Ежен үкіметінің ұлықтарына жолығып: орыстар үстемдік
еткеннен бері алман-салықты еселеп арттырды. Мал бажысы неше мың сәрі
күміс, тіпті кедейлердің өзінен бірнеше сәрі күміс алды деп мәлімдеген.
Шыңжаңның қысқаша тарихында жазылуына қарағанда бұрыннан Іле аймағын
мекендейтін қазақтың қызай руы Ресей әскері Ілеге кіргенде басқа ұлт
халықтарымен бірлесе отырып басқыншыларға қарсы соққы берген. Патша өкіметі
Ілені өзіне қаратқан соң да қызайлар ерлікпен күрес жүргізіп, шабуыл жасап
отырған. Ақырында Ресей империясына бағынудан бас тартып, Бұраталла жаққа
еріксіз қоныс аударған.
1862 — 1872 жылдардағы Шыңжаңдағы дихандар көтерілісі, оған Қоқан
Хандығы мен Ресей өкіметінің араласуынан соң қазақтардың Үрімжі, Құлжа,
Шөуешек қалаларындағы базар мен сауда-саттық байланысы үзіліп қалады.
Солтүстік Шыңжаң өңіріндегі соғыс аласапырандары қазақтардың іргесін
шайқалтады. Қазіргі Еміл өңірін және Толы ауданын мекендеген қызай руының
бір тармағы жаугершіліктен үркіп, Еренқабырғаға шығып, Үрімжі өзенінің
бойына дейін келеді де, содан Тянь-Шань тауын бойлап батысқа қарай ойысып,
Іле өңірін мекендеп қалады.
1875 жылдан бастап Қытай өкіметі Шынжаңдағы Иакуббек әрекетін
ауыздыкқауға бел байлайды. Сол жылы ақпанда Шәншин Гансудың зуңдуы (генерал-
губернаторы) Зо Зуңтаңды ревизор және дубан етіп тағайындап, Шынжаңның
әскери істерін тапсырады. Бұлардың міндеті қыруар қолмен жорыққа аттанып,
Иакуббекті аластау еді. Қытай әскері көп ұзамай Шыңжаңды қайтарып алады.
Цин патшалығының Гуансюй (1875-1908) билігі кезінде 1878 жылы 20-
маусымда Қытай өкіметі Ілені қайтарып алу туралы келіссөз жүргізу үшін
генерал Чун Худы Ресейге елшілікке жібереді. Ол 1878 жылы 31-желтоқсанда
Ресейдің астанасына барып нәтижесінде Ілені қайтарып алу шарты жасалады.
Қытай өкіметі бұл шартқа келіспей қалады. 1881 жылы Қытай - Ресей мен Іле
шарты жасалады. Нәтижесінде Қорғастың батысындағы жерлер Ресейге беріледі.
Сонымен бірге Ресейге 9 млн сом ақша төленеді. 1882 жылы ақпанда Ресейден
Іле ресми түрде қайтарылып алынады.
Шыңжаңда бұдан бұрын басқа әскери өкімет билік жүргізген болатын. Ол
әскери істерді меңгергенмен азаматтық істерді басқаруға икемсіз еді. Зо
Зуңтаң 1877 жылы мемлекеттік қорғанысты бекемдеу мақсатын көздеп, Шыңжаңды
өлке етіп құру жөнінде Ежен ханға екі рет өтініш берген еді.
1881 жылы 14-мамырда Шан-Шин Гансудың зуңдуы Жун Лин Шыңжаңды өлке
етіп құру мәселесін қайта ұсынады. Келесі жылы 14-қазанда Ежен хан өкіметі
жоғарыдағы ұсыныстарды бекітіп, 1884 жылы Шыңжаң өлке болып құрылады, Лиу
Жүңтаң алғашқы шунфу болып тағайындалып, Үрімжіге көшіп келеді. Бірыңғай
әкімшілік басқару жүйесі жүзеге асырыла бастайды. Бұдан бұрын Іле,
Тарбағатай, Алтай казақтары Іледе тұратын генерал-губернаторға бағынып
келген. Шыңжан өлке болып құрылғанда Алтай мен Қобда ерекше аймақ ретінде
орталыққа төте бағынады да, оны жергілікті әкімшілік басқарады.
Қызай руы XIX ғасырдың 80 жылдарының басында Іле аймағына
көшіп барып, кең жайылып орын тебеді. Бұлардың ішінде де
кейбір рулардың Ресейдің желіктеуімен кері коныс аударуы да болған.
Көне көз қариялардың айтуы бойынша Іле бітімінен кейін казақ елінде
болыстықтан түскен Байболат, Қызайдың Қоңырбай. Қазымбет, Тастемір, Шопан
сияқты басты адамдары төрт рудан жүз түтінді бастап, орыс қол
астына көшіп кетеді. Орыс үкіметі Байболат, Мыңбай деген ел
басшыларына: Егер сендер Іледегі қалған қызайдың барлығын көшіріп
әкеле алсаңдар, сендерге жетерлік жер - су береміз деген екен. Іледегі
қалған Қызай оған көнбей көшпей қойыпты. Содан соң Байболат бастаған 100 үй
1899 жылы қайтадан Ілеге қарай көшіп, 1901 жылы Іленің Шыбартөк деген
жеріне келіп ірге тепті.
Алтай мен Тарбағатайға орналасқан қазақтардың ауылы аралас, қойлары
қоралас, елі тағдырлас болып отырған. Осы тұста Тарбағатай өңіріне келіп
орын тепкен қазақтардың отбасы саны барынша көбейеді. 1889 жылы 26
желтоқсан күні Шақытулынзаптың Цин патшалығы Ордасына жолдаған
мәлімдемесінде: Биылғы тамыз айында Тарбағатай эмбісінің басқаруындағы
қазақтардың үзын саны бірнеше мыңға жетіпті. Олардың бастығы Маймақ Болатай
деген кісі делінген. 1890 жылы 30 қараша күні Цин патшалығы Ордасы
өзінің Тарбағатайдың жергілікті шонжарларына түсірілген
жарлығында: Тарбағатайға жаңадан ереже орнату қажет, ол егжей - тегжейлі
ойластырылғаны жөн және бұл ереже ұзақ өмір сүретіндей мақсат ұстау керек.
Одан кейін жергілікті шонжарларды басқару ережесі, монғолдар мен
қазақтарды орнықтыру істерін дұрыс реттеп, шекараны тыныш, аман сақтау
керек деген нұсқау береді. Іс жүзінде Іле, Тарбағатай, Алтай және басқа
-өңірдегі қазақтарды орналастыру жұмысы жүргізіледі. Қазақ басшыларына
Цин патшалығы үкіметі тарапынан жалақы беріле бастайды. Цин патшалығының
1892 жылғы 19 сәуірдегі Орда деректемесінде: Монғол, қазақ басшыларына
жалақы берілсін, олардың жан санын тізімге алып, орналастыруға негіз
қалансын деген патша жарлығы жазылған. Сондай — ақ нақ осы күнгі Орда
күнделігінде орналастырылған моңғолдар мен қазақтарға қаржы берілгендігі де
айтылады. Осы тұста негізінен Алтайдағы қазақтарды орнықтыруға біраз жұмыс
істелінеді.
Алтай өңірінде қазақтар орын теуіп отырғаннан кейін,
олар Цин патшалығы үкіметіне алым - салық төлеуге міндетті болған.
Цин империясының ең ауыр салығының бірі лау деп аталды. Әрбір отбасы
жыл сайын белгіл бір мерзімде өз ат көлігі-түлігімен белгіленген лау жерге
келіп, бір ай бойы лау салығын өтеді. Және де жыл сайын империя ат
көлігінің орнын толтыру үшін мың жылқы салық төледі. сарыноқта салығы деп
аталды. Әрине, тек Алтайдағы қазақтар да белгілеме бойынша, үкіметке алым
- салық төлеп отыруға міндетті болған.
Сонымен Алтайдағы қазақтар (Тарбағатайдан да бар) ауыл - ауыл болып,
сол өздері отырған жерлерден Еренқабырғаның баурайына қарай, Боғда, Санжы,
Құтыби өңірлеріне беттеп көшеді. Тіпті, одан да ары, шығысқа қоныс аударып,
Баркөл өңіріне, одан Гансу өлкесі, Тибет үстіртіне қарай ауып көше береді.
Цин патшалығы үкіметі қазақтардың Алтайдан жаппай қоныс аудару
әрекетін тыюға бірқатар әрекет істеді. Олар қазақтардың топ-тобымен көшіп-
қонып тұрақтамай жүрулері қоғамның тыныш болуына тиімсіз деп санайды. Десе
де қазақтардың дамылсыз қоныс аударулары өздерінің ес жинап, ел болуына да
кедергі еді. Орындарынан жылжып, жұрт ауыстыру арқылы қиындықтан құтылуға
дағдыланғандықтан, сол тұста өздері душар болып
отырған мәселелерден солайша "қашып құтыламыз" деп, қоныс аударады.
1904 жылы Алтайдағы қазақтар сыртқа ауа бастағанда Цин патшалығының
өкімдері оларды жолдан қайтарып, бұрынғы отырған орындарына
орналастыру жұмысын істеген еді. 1904 жылы 7 маусым күні Қобданың ақылшы
әмбісі Дуан Учгүннің Цин патшалығы Ордасына жолдаған мәлімдемесінде:
"Қазақтардың адам санын анықтадық. Қобда мен Тарбағатайға қараған
қазақтардан 5000-нан аса жанды қабылдап алдық. Ал Шыңжаң жақтан қабылданған
қазақтардың жан саны шамамен 2000 адамнан асады. Олар бұрынғы отырған
орындарынан үйлерін жүкке артып көшіп кеткендер еді. Оларға көмек керек.
Тез арада қайырымдылық көмек жіберсе", -деген талапты ұсынған екен. Алайда
кері қайтып Алтайға оралған қазақтардың саны шамалы болады. Олардың көбі
Мори, Баркөл тұрмақ, одан арғы Қытайдың ішкі өңіріне қарай шұбырып көшіп
отырады да, Гансу өлкесінің батысынан бір – ақ шығады. Олардың қатарында
жол - жөнекей адамнан да, табиғаттан да келген апат салдарынан ашығып
азаптанып, қорлықпен өлушілердің саны аз болмады. Сонда да алдарынан шығып:
кері қайтыңдар деген Гансу өлкесінің әскерлерімен соғысады. Кейде қырып
кетіп те отырады. Гансу - Шинжаң губернаторы Фән - Шаусудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары
Қаһарман Қалибек
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Қазақ хандығының нығаюы
Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып алудағы негізгі мақсатын айналымға түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде көрсету
ХIX ғасырдағы Түркістан тарихы
1905-1907 жж. Ресей мен Қазақстанның саяси - әлеуметтік жағдайы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Қазақ халқының ХVІІІғасырдағы саяси жағдайы
Қазақ - Қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі )
Пәндер