Этика


Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Этика
Орындаған: Мұратов Серік
Жу-301
Тексерген: Абеуханова Е. Б
Семей, 2015
Жоспар
1. Этика терминінің мәні мен мазмұны
2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы
3. Ойшыл ғалымдардың этика және мораль терминдерінің тарихы
4. Әл Фараби этикасының негізгі нысаны
1. Этика терминінің мәні мен мазмұны
Ең алдымен этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен орынды. Сондықтан да этика терминін ежелгі грек ғалымы Аристотельдің есімімен байланыстырады. Себебі б. з. д 4-ғасырда осы грек ойшылы енгізген болатын. Аталған терминнің мәні мен мазмұны да сол ерте кезде қалыптасты десек те артық айтқандығымыз болмайды. Бұл сөзге тоқталмас бұрын «мораль» ұғымына тоқталып өтсем. Себебі бұл ұғымның мәнін түсінбейінше «этика» сөзінің мәніне бойлау оңайға түспеуі әбден мүмкін. Сонымен мораль дегеніміз не? Этикаға қаншалықты қатысы бар? Мәнін ашып көрелік.
Мораль - адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны өнегелі, өнегесіз қылықтар деп те атаймыз.
Ал, Этика - мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі.
Міне бұл екі терминнің байланысы осында жатыр. Жалпы этика адам бойында білінетін қасиет болғандықтан біз оны кез-келген жерде: (әр түрлі мекемелерде, қоғамдық көліктерде, саябақтарда, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында байқап жатамыз. )
2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы
Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты. Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдің айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасып таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, - "малшашпақ" пен "дүниеқоңыздықтың" орта шені; батылдық - "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек қорқақтықтың" дәл ортасы; қарапайымдылық - "ұяңдық" пен "ұятсыздықтың" ортан белі және т. б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын құлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" - әсем, сұлу және "agathos" - ізгі, мейірімді) қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Гедонизм - грек тілінің "ләззат іздеу, қызыққұмарлық" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты - өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Эвдемонизм - көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны - адамның бақытқа жетуі.
3. Ойшыл ғалымдардың этика және мораль терминдерінің тарихы жөніндегі теориялық пікірлер
Аристотельдің этикасына Цицерон moralis (моральдық) деп анықтама береді. Оның айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сән, салт-дәстүр деген мағынаны білдіреді. Яғни Цицеронның моральдық философиясы Аристотельдің этикасымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Сонымен IV ғ. б. з. д. латын тілінде болған «moralitаs» «мораль» термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен.
Кейбір зерттеуші ғалымдар этика және мораль терминдерінің тарихын неміс тілінің «Sittlichkeit» терминімен (Sittе» «мінез», «slichkeit» «өнегелі») қарастырады. «Этика», «мораль», «адамгершілік» - бастапқы мәнде әртүрлі сөздер болғанымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бәрі өзгерді, мәдениет дамыды. Этика - білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль - сол салаларды оқытатын пән болып табылады.
Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекет тұрғысында қарастырады. Ал, Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды .
Ежелгі грек философы Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.
Ал, Сократтың шәкірті, ежелгі грек философы, Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек.
Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі - Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. Аристотель: «Рақымшылдыққа ең алдымен дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді». Демек, адам баласының сезімі дұрыс бағытталса, онда ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады.
4. Әл Фараби этикасының негізгі нысаны
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандық басты роль алады. Жақсылық өмірдің мазмұн - мағынасының бір бөлігі, сондықтан ол өмірмен біте қайнап жатыр, Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтанда адамды құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды.
Әл Фарабидің әлеуметтік-этикалық қоғамдық философиялық көзқарас жүйесінде жаңа бағытқа жол ашты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz