Қабынудың этиологиясы, морфологиясы мен патогенезі
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қабынудың этиологиясы, морфологиясы мен патогенезі, реттелуі, ақыры және жіктелуі
2.2. Альтеративті қабыну
2.3. Экссудативті қабыну
2.4. Фибринозды қабыну
2.5. Іріңді қабыну
2.6. Шірікті қабыну
2.7. Продуктивті қабыну
2.8. Ерекше қабыну
2.9. Туберкулезге байланысты қабыну
3.1.Маңқа таяқшалары тудыратын қабыну
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Адам мен жануар өзінің әртүрлі әсерлерге қарсы жауабын қалыптастыратын ішкі және сыртқы ортамен үздіксіз қарым қатынаста болады. Организмнің белгілі бір тітіркендіргіштерге қарсы жауап беру қабілеті, эволюция процесінде дамыған биологиялық заңдылық. Осы реакцияның ең көне және күрделі түріне қабыну процесі жатады.
Қабыну (латын. inflamatio - орт, жалын; воспаление) - белгілі бір себептерден өрменің зақымдануына байланысты туындаған жергілікті, кешенді, қантамырлық - мезенхималық реакция. Қабыну зақымданған өрмені табиғи қалпына келтіруге және зақымдаушы агентті аластауға бағытталған, сондықтан ол организмнің қорғану - бейімделу реакциясы болып табылады.
Қабыну жергілікті процесс болса да оған байланысты малдың тұла бойын қамтитын өзгерістер де туады: қанның құрамы өзгереді, ішкі секреция бездері мен қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, дененің қызуы көтеріледі.
Қабыну реакциясы — кең таралған патологиялық процесс, көптеген аурулар, әсіресе инфекциялық аурулар, мүшелер мен өрмелердің қабынуымен білінеді.

1. Х.С. Жұмабеков « жануарлардың паталогиялық анатомиясы», Алматы 2011 жыл.
2. Ө. Ығылманұлы «ветеринариялық паталогиялық анатомия», Алматы 2010 жыл.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қабыну
Орындаған: Толеуова Д.М.
ТОП: ВС - 203
Тексерген: Сулейменов Ш. Қ
Семей- 2015жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Қабынудың этиологиясы, морфологиясы мен патогенезі, реттелуі, ақыры және жіктелуі
2.2. Альтеративті қабыну
2.3. Экссудативті қабыну
2.4. Фибринозды қабыну
2.5. Іріңді қабыну
2.6. Шірікті қабыну
2.7. Продуктивті қабыну
2.8. Ерекше қабыну
2.9. Туберкулезге байланысты қабыну
3.1.Маңқа таяқшалары тудыратын қабыну
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
I.Кіріспе
Адам мен жануар өзінің әртүрлі әсерлерге қарсы жауабын қалыптастыратын ішкі және сыртқы ортамен үздіксіз қарым қатынаста болады. Организмнің белгілі бір тітіркендіргіштерге қарсы жауап беру қабілеті, эволюция процесінде дамыған биологиялық заңдылық. Осы реакцияның ең көне және күрделі түріне қабыну процесі жатады.
Қабыну (латын. inflamatio - орт, жалын; воспаление) - белгілі бір себептерден өрменің зақымдануына байланысты туындаған жергілікті, кешенді, қантамырлық - мезенхималық реакция. Қабыну зақымданған өрмені табиғи қалпына келтіруге және зақымдаушы агентті аластауға бағытталған, сондықтан ол организмнің қорғану - бейімделу реакциясы болып табылады.
Қабыну жергілікті процесс болса да оған байланысты малдың тұла бойын қамтитын өзгерістер де туады: қанның құрамы өзгереді, ішкі секреция бездері мен қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, дененің қызуы көтеріледі.
Қабыну реакциясы -- кең таралған патологиялық процесс, көптеген аурулар, әсіресе инфекциялық аурулар, мүшелер мен өрмелердің қабынуымен білінеді.

Қабыну процесі негізінен организмді аман сақтауға бағытталған реакция болғанымен біраз жағдайда залалды агентті жойып жібере алмайды, тіптен оның нәтижесінде қайтымсыз өзгерістер туындап организмнің өлімімен аяқталады. Яғни, кабыну организмнің сыртқы ортаға бейімделу реакциясы, өзін-өзі сақтау реакциясы болғанымен ол әлі толықтай жетіліп бітпеген реакция. Сонықтан әр жағдайда әр дәрігер қабыну процесінің пайдасы мен зиянын ескере отырып, керек болса ем қолдануға тиіс.
Қабынудың этиологиясы. Қабыну әр уақытта залалды факторлардың әсерінен өрменің зақымдануынан басталады. Қабыну биологиялық, физикалық жэне химиялық факторлардың әсерінен туындауы мүмкін. Бұл себептер тегіне қарай экзогендік (сыртан келген) және эндогендік (организмнің өзінде пайда болған) себептер болып екіге бөлінеді. Қабынудың биологиялық факторларының арасында бірінші кезекте инфекциялық және инвазиялық аурулар қоздырушыларын - вирустарды, бактерияларды, саңырауқұлақтарды, қарапайымдыларды жэне гельминттерді атаған жөн. Бұл биологиялық факторлар қатарына қанда кездесетін антигеннен, антиденеден және белсенділігі артқан комплементтен құралған иммундық кешендер де жатады. Иммундық кешендердің ермеге әсері торшалардың зақымдануынан және олардың айналасында лейкоциттердің шоғырлануынан (цитопатикалық жэне лейкостатикалық әсер) басталады да, кейін қабынуға ұласады. Қабынуды шақыратын физикалық себептер - механикалық зақымдар (жаралану, соғып алу), ыстық, суық, электрлік зақымдар, сәулелі энергияның әсері (рентген сәулелері, радиобелсенді заттар), химиялық себептер - бейорганикалық қосындылар (қышқылдар, сілтілер, түздар), скипидар, кротон майы, кейбір өсімдіктер мен жануарлар түзетін органикалық заттар. Эндогендік факторлар қатарына зат алмасудың бұзылуына байланысты мүшелер мен өрмелерде шөгетін несеп қышқылды тұз, некроз ошақтары жатады. Алайда, бұл қабынудың эндогендік себептерінің өзі сыртқы әсерлерге байланысты туындайды.
Бұл жерде бір айта кететін жай -- қабынудың өрбуі этиологиялық факторлармен қатар организмнің ахуалымен анықталады.
Қабынудың морфологиясы мен патогенезі. Қабыну про-цесі өрмелер мен мүшелердің қай - қайсысында да өрбуі мүмкін. Ол тек микроскоппен зерттегенде анықталатын кіші ошакты және мүшенің біраз бөлігін немесе оны түгелге жақын қамтыған кең көлемді процесс түрінде де байқалады. Қабыну бір-бірімен тығыз байланысты, бірізді дамитын үш құбылыстан: альтерациядан, экссудациядан және пролиферациядан тұрады.
Қабыну өрменің бүлінуінен, яғни себебтік фактордың тікелей әсерінен туындаған дистрофиядан, кейде некроз түріндегі алътерациядан, бастау алады. Бұл бүлінулер биологиялық белсенді заттардың -- қабыну медиаторларының бөлінуіне әкеледі. Қабыну медиаторлары тегі бойынша плазмалық (гуморальдық) жэне торшалық (өрмелік) деп екі топка бөлінеді. Торшалық медиаторлардың көзі болып табылатын лаброциттерден, базофилъдер мен тромбоциттерден гистамин, серотонин, т.б., нейтрофильдерден лейкокиндер, макрофагтардан монокиндер, лимфоциттерден лимфокиндер бөлінеді. Плазмалық медиаторлар (кининдер, калликреиндер, Хагеман факторы, комлемент компоненттері) ұсақ тамырлар қабырғасы өтімділігін, бунақталған ядролы лейкоциттердің хемотаксиске, фагоцитозға белсенділігін арттырады. Альтерация тез экссудацияға ұласады.
Экссудация (латын. exsudatio - терлеу) қабыну ошағында қан тамырларының зақымдануына байланысты туатын өзгерістер кешенін айтады. Экссудация бірізді дамитын бірнеше сатыдан тұрады:
а) қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылуымен сипатталатын ідағын айналым арнасының реакциясы;
б) жіңішке қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуы;
в) қан плазмасы бөліктерінің тамыр сыртына бөлініп шығуы (экссудация);
г) қан торшаларының эмиграциясы;
д) фагоцитоз;
е) экссудаттың және торшалар инфилътратының (топырларының) пайда болуы.
Қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылуымен сипатталатын шагынайналым арнасыныц реакциясы -- қабынудың ең айқын морфологиялық белгілерінің бірі. Тамырдағы өзгерістер негізінен гистамин әсеріне байланысты. Бұл әсер энзимдер жүйесінің (гепариннің, гиалуронидазаның) белсенділігінің артуы арқылы іске асады. Осы энзимдердің көзі болып табылатын лаброциттер (мес торшалар) жіңішке тамырлар айналасында және үлкен артериялар қабырғасындагы дәнекер өрмеде орналасқан. Аздаған физикалық немесе химиялық әсерге ұшыраған лаброциттер биологиялық белсенді заттарды -- энзимдерді бөліп шығарып, өздеріне тән базофиль түйіршіктерін уақытша болмаса біржолата жоғалтады. Тамырлардың өзгеруі артериолалар мен қылтамырлар түтігінің рефлекстік жолмен тарылуынан басталады. Бұл құбылыс тез арада қабыну ошағындагы барлық тамырлардың, әсіресе қылтамырлар соңды тамырлар мен венулалардың арнасының кеңуіне ұласады. Осылайша қабыну молқандылығы туындап қабынған жердің қызуы көтеріледі (color) жэне түсі қызарады (rubor). Қан ағысы бастапқыда, тамырлар арнасы тарылған кезде, шапшаңдайды да кейін бәсеңдеп қалады. Осындай өзгерістер лимфа тамырларында да болады: олар шамадан тыс лимфамен, лейкоциттермен толады, кейін лимфа ағысы тоқтайды (лимфостаз), лимфа ұйиды (лимфатромбоз).
Қанның реологиялык, қасиеттерінің бұзылуы - арнасы кеңіп, қан ағысы іркілген венулаларда, қылтамырлар сонды тамырларда ақ және қызыл қан торшаларының арақатысы бұзылады. Қанның баяулап ағу салдарынан, эритроциттерге қарағанда жеңіл салмақты лейкоциттер, негізінен нейтрофильдер қан ағысының бел ортасынан оқшау шығып, тамыр қабырғасына жақындап, оған жанаса қозғалады, кейін кенереге тақалып тұрып алады, қан тамырының сыртына шығады (эмиграция). Қабыну ошағында қан ағысының бұзылуына және қан тамыры тонусының әлсіреуіне байланысты венулалар мен қылтамылар соңды тамырларда қан ағысы тоқтайды (стаз), тромбоциттермен эритроциттер бір-біріне жабысып қалады (агрегация), сөйтіп микро ұйыстар пайда болады, қан мен лимфа ағуы қиындай түседі.
Жіңішке қан тамырлары мен лимфа тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі артады. Қабынудың негізгі белгілерінің бірі болып есептелетін және медиаторлардың әсерінен туындайтын бұл құбылыс ең алдымен эндотелиоциттер белсенділігінің артқандығын көрсететін морфологиялық өзгерістермен басталады: эндотелиоциттер цитоплазмасында полирибосомалар пайда болады, митохондриялар ісінеді, пиноцитоз күшейеді. Осыған байланысты плазманың сұйық бөлігі шыпшып бөлініп өрмеге, қуыстарға жиналады - экссудация (ex-сырт, sudor - тер), қан торшалары тамыр сыртына шығады (эмиграция), экссудат (қа- быну тері) пен қабыну торшаларынан инфильтрат түзіледі.
Қан плазмасы бөліктерінің сыртқа шығуы (экссудация) - тамыр реакциясының бір көрінісі, шағынайналым арнасының аймағында дамиды. Қанның сұйық бөлігі (су, нәруыз, тұздар) шып - шып тамыр сыртына терлеп шығады.
Қан торшаларының эмиграциясы -- қан торшаларының тамыр қабырғасы арқылы сыртқа шығуы. Нейтрофильдер әуелі жіңішке тамыр кенересіне жабысып тоқтайды да, өз денелерінен өсінділер шығарып (псевдоподиялар) эндотелиоциттер аралығына еніп, сыртқа шығады (эндотелиоциттераральщ эмиграция), ал Т-лимфоциттер эндотелиоциттер денесіне еніп, одан сыртқа шығады (эндотелий, эмиграция). Қанның ақ торшаларының эмиграциясы лейкодиапедез деп аталады. Тамыр қабырғасы өткізгіштігі тым күшейіп кетсе эритроциттерде қан тамырынан сыртқа шығады - эритродиапедез.
Фагоцитоз - торшаның тірі не өлі денені қарпуы. Ол бірқатар биохимиялық реакциялардыц арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай микрофагтар мен макрофагтар цитоплазмасында гликоген азаяды. Ал бұл анаэробтық гликогенлиз реакциясының күшеюіне байланысты: осылайша торшаның күш- қуаты артады. Қабыну ошағында шоғырланған иейтрофиль лейкоциттер мен гистиоцитгер одан үлкендеу денелерді қарпиды (фагоцитоз). Экссудация жэне эмиграция нәтижесінде қабыну ошағында экссудат пайда болады.
Экссудат - қабыну өнімі, ол сұйық заттар мен торшалардан, сондай-ақ өрме бөлшектерінен тұрады. Экссудаттың жиналуы қабыну ошағы көлемінің үлғаюына (tumor), жүйке ұштарының қысылып, ауырсынуға (dolor), өрме (мүше) қызметнің бұзылуына (functio laesa) әкеледі. Экссудат сипаты әрдайым бірдей емес. Оның құрамында бірде сұйық, екіншіде торшалар басым болады. Сұйық экссудат судан, түздар мен нәруыздардан (алъбуминдер, глобулиндер, фибриноген) түрады. Әдетте экссудат құрамында нәруыз мөлшері 2 % кем болмайды. Тамырлар қабырғасының еткізгіштігі азғана күшейсе экссудатта тек альбуминдер, тым жоғарыласа фибриноген болады. Экссудат құрамында сұйықтан торшалар көп болуы мүмкін. Экссудатта кейде нейтрофильдік лейкоциттер, кейде мононуклеарлық торшалар (лимфоцитгер, моноциттер), үшінші бір жағдайда эритроциттер көп болады.
Қабынған өрмеде экссудат торшаларының шоғырлануы нәтижесінде торшалық инфильтрат түзіледі. Оның құрамында бірде қаннан келген торшалар, екінші жагдайда жергілікті торшалар басым болады. Әдетте қабыну ошағында нейтрофильдер бірнеше сағатта-ақ ыдырап жойылып кетеді. Бұл макрофаггың басым көпшілігіне де тән құбылыс.
Қабынудың пролиферативтік (көбею) компонент зақымданған өрмені бұрынгы қалпына қайта келтіруге бағытталған. Қабыну ошағында мезенхималық камбий, адвентиция және эндотелий торшалары, қаннан бөлініп шыққан В- жэне Т-лимфоциттер, моноциттер бөлініп көбейеді, өсіп жетіледі (диффе- ренциалану), сондай-ақ белгілі бір арнайы торшаларға айналады (трансформация)-, мәселен, камбийдегі мезенхималық торшалар фибробластар сатысына жетіп, В- лимфоциттерден плазмоциттер, моноциттерден гистиоциттер және макрофагтар пайда болады. Одан әрі макрофагтар эпителиоид торшаларға, ал эпителиод торшалар көпядролы алып торшаларға (бөгде дене және Пирогов-Ланхганс торшалары) айналуы мүмкін. Фибробласт өсіп жетіле келе дәнекер өрменің кемелденген торшасы -- фиброцитке айналады. Фибробласт торшаларының қызметінің нәтижесінде аргирофиль, кейін коллаген талшыктары пайда болады. Қабыну барысында эпителий торшалары да бөлініп көбеюі мүмкін. Мұның себебі -- қабыну ошағында альтеративтік және экссудативтік процестерге байланысты қоректік заттар мен биологиялық демеуші заттардың көбеюі.
Пролиферация нәтижесінде пайда болған торшалар әуелі қорғаныс қызметін (фагоцитоз, бөгде заттар мен ыдырау өнімдерін адсорбциялау, уытты заттарды бейтараптау) атқарады, кейін қабынған жер мен сау өрме аралығында демаркациялық шектеу белдеуін құрады. Қабыну аяқталарда олар регенерация процесінің көзі болып табылады.
Қабыну реакциясының сипаты мен біліну дәрежесі оның этиологиясымен, организмнің реактивтілігімен және иммунитетімен, жүйке, ішкі секреция, т.б. жүйелердің жай-күйімен анықталады. Қабыну шақырушы фактормен организм бірінші рет кездескен жағдайда тітіркендірушінің күші мен одан қорғану реакциясы деңгейінің арасында сәйкестік болады (нормаргиялық қабыну). Антигендік қасиеті бар тітіркендіруші организмге қайталай әсер етіп, организмді сенсиблизацияға ұшыратқан болса, аллергиялық (гипэргиялық) қабыну өршиді. Оның кешенінде альтеративтік, экссудативтік компоненттер басым (дереу гиперсезімділік реакциясы) не пролиферативтік компоненттер басым (баяу гиперсезімділік реакциясы) болады. Яғни, тітіркендірушінің күші мен жауап реакцияның арасында сәйкестік болмайды, соңғысының қарқыны шамадан тыс зор болады. Титыгына жете жүдеген, төзімділігі төмендеген организмде қабыну реакциясы мардымсыз болады не тіптен болмайды.
Құрсақтағы шаранада (нәрестеде) дамитын қабыну реакциясының өз ерекшеліктері бар: біріншіден альтеративтік және пролиферативтік құбылыстар басым болады, екіншіден жергілікті процесс бүкіл нәресте денесіне кеңтаралуға бейім.
Қабынудың реттелуі. Қабыну гормондық, жүйкелік және иммундық факторлармен реттеледі. Қабыну реакциясын гипофиздің соматотропты гормоны (СТГ), бүйрекүстілік без сыртқы қабатының торлы аймағы өндіретін дезоксикортикстерон мен шумақты аймағы өндіретін альдестерон гормондары күшейтеді де, бүйрекүсті бездің будалы аймағы өндіретін глюкокортикоидтар тұншықтырады. Холинергиялық қосындылар (ацетихолин, т.б.) медиаторлардың бөлінуін күшейтіп, қабынуды арттырады, ал бүйрекүсгі бездің ішкі қабаты өндіретін адренергилық заттар (адреналин мен норадреналин), керісінше, медиаторлар түзілуін тежеп, қабынуды басады. Қабыну реакциясының келбеті мен қарқынына және сипатына иммунитеттің жай-күйінде әсер етеді. Резистенттілігі және иммундық биологиялық реактивтілігі жоғары организмдерде қабыну реакциялары кешенінінде қорғану - бейімделу процестері басым болады да, бүлінген өрменің әдеттегі қалпына келу деңгейі жоғары болады. Сенсиблизацияға ұшыраган организмде қабыну реакциясы оны шақырған себепке сайма-сай емес, тым қарқынды болады (аллергиялыц, немесе иммундық қабыну).
Қабынудың ақыры процестің себебіне, малдың хал-ақуалына, зақымданған мүшенің құрамына қарай әр кезде әртүрлі болады. Өрмедегі ыдырау өнімдері белгілі бір фермент әсерінен одан әрі ыдырайды, фагоцитозға ұшырайды, бойға сіңіп кетеді. Торшалардың көбеюі нәтижесінде қабыну ошағын дәнекер өрме басады. Қабыну ошағы тым үлкен болмаса зақымданған өрме бастапқы қалпына келуі мүмкін, көлемі үлкен болса зақымданған жер тыртыққа айналады. Қабыну ошағында сырқат шақырушы фактор ұзақ сақталса, экссудат (ірінді, фибринді, қанараласқан) мол болса, мүшенің жоғары мамандаған элементтері бүлінсе, организмнің, қабынған мүшенің төзімділігі, иммундық биологиялық реактивтілігі төмен болса организм мүлдем айығып кете алмайды, қабынған жерде оның әртүрлі салдары болады.
Аса маңызды мүшелердің (ми, жұлын жүрек, өкпе) қабынып, олардың қызметінің бұзылуы өмірге өте қауіпті. Қабынған мүшенің құрылымы, қызметі бұзылып, қызметі тіптен тұншығып өлімге әкелуі мүмкін. Кең көлемді қабынулар сепсистің, бактериялық -- токсиндік шоктың туындауына, қабыну ошағында пайда болатан ыдырау өнімдерімен организмнің уланына әкелуі мүмкін.
Жіктелуі. Қабыну осы процестің өту ұзақтығы мен өрме реакциясының сипатына қарай жіктеледі. Процестің үзақтығына қарай қабыну жіті, жітілеу, созылмалы қабыну, ал қабыну ошағындағы морфологиялық өзгерістердің түр - сипатына қарай алътеративтік, экссудативтік және пролиферативтік (продуктивік) қабыну болып бөлінеді.
2.2. Альтеративтік қабыну
Альтеративтік қабыну бүліну (дистрофия, некроз) процестерінің басымдылығымен, экссудативтік жэне пролиферативтік құбылыстардың әлсіздігімен сипаталады. Мұндай қабыну негізінен бауыр мен бүйректе, жүректе, ми мен жұлында, қаңқа бұлшық еттерінде кездеседі.
Альтеративтік қабыну әртүрлі күшті химиялық заттар мен токсиндердің ұзақ мерзімді негізінен мүшенің паренхималық элементтерге әсерінен туындайды. Ол кейде аллергиялық реакцияның дереу түрінің бір көрінісі ретінде байқалады.
Қабыну процесі жіті не созымалы өтеді.
Жіті альтеративтік қабынуға ұшыраған мүшелерде микроскоптық өзгерістер негізінен паренхималық торшалардың дистрофиясы (түйіршікті, сулану, көмірсулық дистрофиялар, майлану, кілегейлі қабық эпителийінің кілегейленуі) мен өліге ұшырауы, жамылғы эпителийдің орнынан сыдырылуы түрлерінде байқалады. Экссудативтік өзгерістер тек тамырлардың қанмен толуы, олардың айналасындағы аздаған домбығу сұйығы, кейде диапедездік қанталаулар сипатында болады. Пролифертивтік құбылыстар да мардымсыз. Yenзакқа созылған қабыну процесі паренхималық торшалардың атрофиясымен, паренхиманың дәнекер өрмемен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz