Шырақ батыр


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Шырақ - өз отанының ұлы патриоты.

2 . Шырақ батыр дастанының көркемдік ерекшелігі

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б. з. б. дәуiрлерде шығарылған “Алып Ер Тоңға”, “Шу” батыр, “Атилла”, “Көк бөрi” және “Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi - Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ. ) әдеби жәдiгерлердiң (“Күлтегiн”, “Тоныкөк”, “Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.

Дастанның тұтас, өне бойында ақын үнемі әрбір ірі-ірі тарихи оқиғаларға байланысты немесе поэмада суреттелетін, өрбіп отыратын көркемдік-поэтикалық оқиғалар түйінінде терең де астарлы философиялық жинақтаулар жасап отырады. Әрбір идеялық-тақырыптық түйіндеулерін ой-парасат, иман-тағылым сабақтарымен қорытындылайды. Күллі әлемдегі игілік, байлық, қазына барлығы да бір Жаратқанның иелігінде деп ой түйеді.

Дастанның бас кейіпкері Фируз шаһтың әкесі Шаһсауар патша мен анасы Жаһанбану патшайым тағдырынан тарата отырып, тағдыр сыйы тек бір Алланың қолында екендігін пенделерге ұқтырады. Ұлынан айырылып, тауқымет кешкен, тағдыры тәлкекке түскен патшаның ең соңғы медет тілер тұсы ел, халық екендігін ақын астарлап жеткізеді. Арманына жету жолында әмірші халқына рахымды бола түседі. Әділдіктің ақ жолын таңдайды. Жетім-жесірлерге, мұңды-мұқтаждарға көмек қолын созады. Азапта, қамығуда отырған кінәсіз тұтқындарға азаттық береді. Ендігі тағдырында тек қана рахымшылық, жақсылық, игілік, мейірбандықты таңдаған құдіретті әмірші қол астындағы күллі момындардың разылығын күтеді. Тазару жолы ханға да қараға да біреу, жалғыз. Ол Аллаға барар жол дегенді ұлы ойшыл, данышпан ақын тарихи шындық арқылы, философиялық-поэтикалық тілмен оқырманына әсерлі жеткізеді.

Өз заманының шындығын шынайы және поэтикалық аяда жеткізу мақсатында тақырыптық, стильдік және тілдік-көркемдік айшықтауларға қол ұрады. Оны біз әсіресе ақынның бірде тарихи, енді бірде қиял-ғажайып оқиғаларды бірінен соң бірін төкпелетіп, мазмұндап кететіндігінен (Перизат Назбой сұлудың шарттарын орындау мақсатында ханзаданың, Фируз шаһтың қиял-ғажайып сюжеттерден тұратын оқиғаларды баяндауы, тақтың әңгімесі, үлкен бокалдың әңгімесі, білте шамның әңгімесі, т. б. ) немесе бірнеше ұнамды-ұнамсыз тарихи тұлғаларды қатар алып солардың іс-әрекетін, мінез-құлқын тарихи ауқымда кең, жан-жақты түйіндеп, топтап өрбітетін стилінен аңғарамыз. Түйіп айтқанда, дастанның сюжеттік құрылымынан, тақырыпты топтастыруынан, ең бастысы суреттеу, бейнелеу құралдарынан сонау б. з. д. VІІ-VІ ғасырларда, сақ дәуірінде дүниеге келген көне дастандарымыз “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр”, ғұн дәуірінен жазылған “Аттила” (Еділ патша) дастандарының, тіпті берідегі б. з. VІ-VІІІ ғасырларындағы Орхон-Енисей мұралары “Күлтегін”, “Тоныкөк” жырларының дастандық арналары, көркемдік ерекшеліктері анық аңғарылады. Шығыстық қисса-дастандардың сюжеттік желілері де басқаша тарихи шындықтармен астасып биік, мәңгілік дәстүрлік үлгілерде қайталанады.

Қорыта айтқанда, ұлы бабамыз Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің осыдан бес ғасырға жуық бұрын жазылған құнды мұрасының қайта жарыққа шығуы, ең бастысы, ана тілімізде тұңғыш рет жарық көруі, бабаның бүгінгі тікелей мұрагерлері қазақ оқырманының қолына тиюі, қалың қазақ жұртының жүрегіне жол тартуы, айтулы оқиға деп есептеймін

ШЫРАҚ - ӨЗ ОТАНЫНЫҢ ҰЛЫ ПАТРИОТЫ

Қазақстанның, Орта Азияның халыктары біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда (бұдан 2, 5 мың жылдай бүрын) сақ деп аталған. Сонан қазақ, өзбек, т. б. халықтар таралған.

Сол ерте заманда-ақ аталарымыз - сақ халқы өзін қолданбақ болған басқыншы жауларға қарсы керемет қатты күрес жүргізген.

Парсы патшасы Кирдің өзі де сақтармен болған соғыста өлді. Бірак Кирдің мирасқоры I Дарий патша 35 жылдан кейін кенет калың әскермен келіп, көп шығынданып барып, сактардың жерін басып алады. Елін талан-таражға түсіреді, ауыр алым салады.

Басқыншыларға қарсы бүкіл халық көтеріледі. Бірак парсы мемлекетінің соғыс өнерін үйренген әскері көтерілісті баса берді. Бір зор көтерілісті Сыйрақ (Ширак) деген жылқышы бастады. Сыйрақ жаудың калың әскерін алдап қырғынға үшырату үшін, ақсақалдар жиылысына келіп: "Менің құлақ-мұрнымды кесіңдер", - деп етінді. Жұрт таңғалды. Өйткені ол заманның рәсімі бойынша, тек өз Отанына киянат еткен кісінің ғана құлақ-мұрнын кесетін еді. Ақсақалдар оның мұнысы айламен жауды жеңудің жолы екенін түсініп, айтқанын істеді.

Персиялықтар оны ортаға алып, жөнін сұрағанда, ол: "Менің өз елімнен көрмеген қорлығым жок, не істе десеңдер де дайынмын, сақтардың көтерілісті бастаушылары, нөкерлері қайда екені маған мәлім, дәл үстінен түсіремін . . . " -дейді. Дарий бұған сеніп, қалың қолымен бұның артынан ереді. Шырақ оларды бастап, Қарақұмның барса келмес жеріне енгізеді. Әуелде әр жерде бір құдық ұшыраған еді, бара-бара бәрі құрыды. Ат арып, адам өлсіреп, шөлдеп, ашығып, шетінен өле бастады. "Қашан жетеміз?" - деп сұраған сайын, Шырақ: "Көп қалған жок", - деп қояды. Ақыры, дұшпандар Шырактың алдағанын білді.

- Бізді мұнда неге әкелдің? Шыныңды айт, өлесің! - деді Дарий патша.

- Өлсем, мен жалғыз өзім. Сендер тіпті көпсіндер . . . - С Шырақ сөзін айтып бітірмей жатып, жау оның басын қылышпен қағып түсіреді. Бірак онымен жау кек ала алған жоқ. Барса келмес құмға еніп кеткен қалың әскер қайтып шығуға жол таба алмай қырылады.

Жылқышы Сыйрак дұшпаннан кек алудың керемет үлгісін көрсетіп өлді. Бұл - Қазакстан, Орта Азия халыктарының есінен шықпайтын окиға

Міне, «Шырақ» дастанында сақтардың Дарий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізінде жырланған. Алайда дастанның өзі сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйінде бізге жеткен. «Шырақ» дастанының сюжетін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн (б. з. б. II ғасыр) еді. Ол өзінің «Соғыс тактикасы»деп аталатын кітабыңда Шырақ батырдың ерлігін осы дастан бойынша жазып отырғанын айтады.

«Шырақ» дастанының сюжеті төмендегідей оқиғалардан басталады. Парсы елінің патшасы жер қайысқан қалың қолмен сақтар еліне жақындап келеді. Елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сақ әміршілері Омарг, Саксфар, Оамирис жауға қарсы қалай күрес жүргізуді өзара талқылып жатыр еді.

Дәл осы сәтте патша сарайына көздері бейне бір шырақтай нұр шашып тұрған, қапсағай денелі жігіт ентігін баса алмай, жүгіріп кіріп келді де:

Ұлы мәртебелі тәңірқұтым! Мені тындаңыз! Жау жақындап келеді.

сол шексіз сахараның ішіне қайтып шыға алмайтын құм даланың ортасына алып кетем, - деді.

- Алданғанын сезген сәтте-ақпарсылар сені өлтіреді ғой, - деді патша.

- Тірі жанға ертелі-кеш бір өлімнің бары хақ, - деп жылқышы жігіт өршелене түсті. Бір адамның өмірі бүкіл сақтар елін аман алыпқалса, ондай адам да арман барма, әміршім! Сіздерден жалғыз ғана өтінішім бар. Балаларым жётімдік көрмесін. Жоқшылықты білмесін. Басқа өтінішім жоқ еді, - деді жылқышы жігіт.

- Келістік, ~ деп патша кесіп айтты. Балаларыңызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсіруге ант ішеміз. Ең жүйрік сәйгүлік аттар соларда болады. Ол жағынан қам жеме. Тек атынды айт, батырым.

- Атым - Шырақ! - деп жауап берді жылқышы жігіт. Ал енді менің бүкіл денемді, бетімді адам танымастай етіп, қанжармен тілгілеп тастаңдар. Құлағымды кесіңдер. Аямаңдар, әйтпе се парсыларменің айтқан сөзіме сенбейді, -деді.

Алайда батыр Шырақтың денесін тілгілеп тастауға ешкімнің қолы бармайды. Сол сәтте Шырақ беліңдегі қанжарын қынынан суырып аладыда, өз денесін өзі қанжоса етіп, аяусыз тілгілеп тастайды. Батырдың тұла бойынан, басынан қып-қызыл қан сорғалапағып тұрады.

Енді бір сәт Шырақ патшаға тағзым етеді де, көз ілеспейтін жылдамдықпен есік алдында байлаулы тұрған сәйгүлікке қарғып мініп, жау келе жатқан жаққа қарай құйындата жөнеледі. Жауға жақындай бергенде ол қара жолдың қақ ортасына шалқасынан жатып алып, құлындағы дауысымен жан ұшыра айғай салады:

- Ойбай-ай, мені құтқарыңдар! Қараңдаршы, сақтар мені қалай корлағанын! Қарандар, өлтіре жаздады ғой. Сақтарға кеткен қанды кег іп бар! Қалайда кек қайтаруым керек! Мен бәрін білем. Парсы бауырларым! Мен сіздерді сақтар әскерінің дәл үстінен түсірем. Сонда ғана менің кегім қайтады. Жаным жай табады, - деді Шырақ.

Парсылар Шырақтың сөзіне сенді. Тіпті жол көрсететін адам табылғанына қуанып, шуласып, дүрлігіп қалды.

Қарша борап тұрған құм ішінде жеті күн, жеті түн бойы адасып, әскерінің тең жартысынан айрылған Дарий патша енді құйын-құмның мәңгілік тұтқыны болғанын сезді.

Шырақтың жалынды сөздеріне бұдан әрі шыдап тұра алмаған Ранасбат қылышын сермеп қалды. Шырақ туған жердің топырағын

құшақтай құлады.

«Бұл - аңыз емес, тарихи шындық», - деп жазады Полиэн.

Иә, сақтардың ерлікке толы шежіресін жыр еткен қаһармандық дастандардың өмірге келуіне осындай тарихи-әлеуметтік негіздер бареді. Солардың ішінде үш мың жыл бойы ұмытылмай, бүгінгі күнге қысқа-қысқа үзінді күйінде жеткендері «Алып Ер Тоңға» және «Шу» батыр дастандары деуге болады.

Өйткені, қай эпос та тарихи оқиғадан, шындықтан туады. Сөйтіп, ол шындық та, эпос қаһарманы да бірте-бірте көркем образға айналады. Қазақ жыраулары ешқашан қиялдан эпос, дастан тудырмаған. Олар өмір сүрген, халқына қорған болған батырларды, қайраткерлерді жырлаған, дәріптеген. Эпос қаһармандары қиялдан туды дейтін пікірден біз үзілді-кесілді арылуымыз керек. Жыр жайлы жазылған зерттеулерде ғалымдар пікірінің бір жерден шыға бермейтіні, қызу пікірталастардың көп болатыны да даусыз. Алайда, оған пәлендей күмәнмен қарауға болмайды. Өйткені, шындық пікір таласынан туады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кие қандай атау
Аққу неге киелі
Басқа сөзбен айтқанда Ұмай ана - Түркі тілдес халықтарының дүниетанымындағы дәстүрлі әйелдік бастаудың символы
Көркем мәтін тіліндегі сөз-символ қолданысы
Ерлер мен пірлер: «Төрт батырға» тағы бір үңілгенде
Сан тарихына үңілсек
Сақтар мен ғұндардың әскери өнері мен мемлекеттік ұйымы: салыстырмалы талдау
Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер
Сақтар, скифтер: алтын адам
Сақтар тарихынан қысқаша мағлұмат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz