Мал және мал өнімдеріне зиян келтіретін өсімдіктер



1. Сарғалдық тұқымдас улы өсімдіктер
2. Қалампыртұқымдас улы өсімдіктер
3. Қалампыртұқымдас улы өсімдіктер
4. Пайдаланған әдебиеттер
Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда тек мал азықтық құнды шөптер ғана емес, олармен бірге желінбейтін, нашар желінетін, улы, не малдарды жарақаттау, олардың терілері мен жүндерін бүлдіру, сүтінің сапасын нашарлату, т.с.с. сияқты зияндар тигізетін шөптер де өседі. Осындай негізгі өсімдіктерді академик Д.А.Зыков келтіреді.
Сарғалдық тұқымдас улы өсімдіктер. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің көбі желінбейді не жақсы жағдайдың өзінде, нашар желінеді. Бұл сарғалдақтұқымдастарда алкалоидтар, протоанемонин, глюкозидтер сияқты улы заттардың болуымен түсіндіріледі. Міне сондықтан бұлар малазықтық емес, мал шаруашылығына үлкен зиян келтіретін өсімдіктер болып табылады.Сарғалдақтұқымдастар арасында Қазақстанның шалғындықтары мен жайылымдарына кең тарағандар: батпақтық калужница, сірмелек (ұазаты), уқорғасын (күшала), ақ бәрпе.
«Шалғын және жайылымдық мал азығы өндірісі» С.Ә.Оразбаев, А.Ә.Төреханов, И.И.Алимаев,Б.А.Ысқақов

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ
Тақырыбы: Мал және мал өнімдеріне зиян келтіретін өсімдіктер

Орындаған: Жақанова Н.М.
Тексерген: Сагандыков С.Н.
Тобы: АГ-313

Семей 2015ж
Жоспары:
1. Сарғалдық тұқымдас улы өсімдіктер
2. Қалампыртұқымдас улы өсімдіктер
3. Қалампыртұқымдас улы өсімдіктер
4. Пайдаланған әдебиеттер

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда тек мал азықтық құнды шөптер ғана емес, олармен бірге желінбейтін, нашар желінетін, улы, не малдарды жарақаттау, олардың терілері мен жүндерін бүлдіру, сүтінің сапасын нашарлату, т.с.с. сияқты зияндар тигізетін шөптер де өседі. Осындай негізгі өсімдіктерді академик Д.А.Зыков келтіреді.
Сарғалдық тұқымдас улы өсімдіктер. Сарғалдақ тұқымдас өсімдіктердің көбі желінбейді не жақсы жағдайдың өзінде, нашар желінеді. Бұл сарғалдақтұқымдастарда алкалоидтар, протоанемонин, глюкозидтер сияқты улы заттардың болуымен түсіндіріледі. Міне сондықтан бұлар малазықтық емес, мал шаруашылығына үлкен зиян келтіретін өсімдіктер болып табылады. Сарғалдақтұқымдастар арасында Қазақстанның шалғындықтары мен жайылымдарына кең тарағандар: батпақтық калужница, сірмелек (ұазаты), уқорғасын (күшала), ақ бәрпе.
Батпақтық калужница, калужница болотная, Caltha palustris - республиканың барлық табиғи аймақтарына кең тараған. Оның өзіне тән өсетін жерлері - батпақты, ылғал шалғындықтар, өзендердің жайылма аңғарлары сияқты ылғалды мекендейді. Әсіресе, Ертіс өзені бассейінінде жиі кездеседі. Е.А.Каргополлвтың суреттеуі бойынша, бұл шөпте камфора тәрізді улы зат - анемонол - жүрек уы, сондай-ақ гемолизирлейтін сапониннің көп мөлшері бар. Осы шөп жеген малдың қарыны мен ішегінің кілегейлі қабықтары қабынады (гастроэнтерит) және бүйректері тітіркеніп ауыралы. Малдардың калужницадан уланып өлуі сирек болады. Одан бәрінен бұрын жылқылар зәбір көреді. Бұл шөптен уланғанда: іш кебу, сілекей ағу, құсу, есінеу, демігу, жиі-жиі күңгірт-қызыл түсті несеп шығару, несеьінде белок көбею сияқты клиникалық белгілер болады.
Сірмелек немесе қазаты, живокость или шпорник, Delphinium. Е.А.Каргополовтың мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағында сілемектің 31 түрі өседі. Орманды-далалықтардан бастап шөл аймақтарда кездеседі. Шашырай, кейде шағын жерде ғана өседі. Шалғындықтар мен жайылымдарда өсетін сімелектердің барлық түрлері, шамасы, жас, көк және пішен күйінде де улы болатын болуы керек. Сімелектің құрамында аконитин, дельфиний, вератрин, т.с.с. алколоидтар көп. Уланғанда: сілекей ағу, құсу, іш өту, жақ және иық бұлшық еттерінің тартыла тітіркенуі, аяқ басқанда дірілдеу; жылқыларда: еңсесі түсу, белі бүкірею, кенеттен құлау сияқты клиникалық белгілер болады. Жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу орталықтары сал болған кезде мал өледі.
Уланған кезде көрсетілетін бастапқы емдік көмек малдың қарнын 1: 1000 қатынасындай марганец-қышқылды калиймен жуудан тұрады. Егер марганец-қышқыл калий жоқ болса, құстыратын және іш жүргізетін дәрілер береді. Уға қарсы дәрі ретінде, танин ерітіндісін береді. Алдын алу күрес шаралары ретінде, шалғындықтар мен жайылымдардағы сімелек ошақтарын орып құрту немесе сімелек өте көп өскен мал азықтық алқаптарды жарамсыз деп танып, айналымнан шығарып, кейін барлық шөп шүйгінін түгел орып, өртеп құрту керек.
Уқорғасын немесе ақ бәрпе (басқа да атаулары бар), борец или ыссыккульский корень, Aconitum. Уқорғасынның өте көп түрлері кездеседі. Қазақстанда өсетіндерінің өзі 20 түрден кем емес. Олардың барлығы да тік немесе шырмалы өсетін сабақтары мен тілімделген жапырақтары бар көпжылдық өсімдіктер. Қазақстанның қуаң далалары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары туралы
Картоп дақылын өндіру
Органикалық ауыл шаруашылығы
Орман өсу жағдайы
Пестицидтер
Өсімдік зиянкестері
Сорланған топырақты жіктеу
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын факторлар
Систематикасы мен таралуы
Пәндер