Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапония тәжірибесі


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі»

Орындаған: Оралтаев Е. Е.

Тексерген: Төлеубекова С. С.

Семей 2015 ж.

Мазмұны

Кіріспе

  1. Негізгі бөлім

1. 1. Сапаны басқарудың жапондық әдісі

1. 2 Жапондық менеджмент

1. 3 «Бес нөлдік» жоспары

1. 4 Өнім сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда жапондық тәжірибенің ең басты белгілері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Жапонияда барлық кәсіпорындарда бірыңғай жүйені қалыптастырған жалпы бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін сапаны басқарудың үлкен базасы қалыптасты, бұл процесс президенттен бастап қарапайым қызметкерлерге дейінгі барлық персоналмен жүзеге асырылды.

1. Негізгі бөлім

1. 1 Сапаны басқарудың жапондық әдісі

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады.

Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

- өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

- тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

-өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

- жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

- өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Жапонияда барлық кәсіпорындарда бірыңғай жүйені қалыптастырған жалпы бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін сапаны басқарудың үлкен базасы қалыптасты, бұл процесс президенттен бастап қарапайым қызметкерлерге дейінгі барлық персоналмен жүзеге асырылды.

Сапаны басқарудың жапондық әдісінің негізгі принциптері келесі:

1. тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау;

2. тұтынушылардың қандай зат сатып алатындығын анықтау;

3. жоғары сапаға жету жолындағы шығындарды анықтау;

4. мүмкінболатын кемшіліктерді анықтап, олардың алдын алу;

5. түзету шараларын алдын-ала ойластыру;

6. тексеру қажеттілігін болдырмау.

1967 жылғы сапаны басқаруға арналған 7-нші Симпозиумде сапаны басқарудың жапон моделінің 6 ерекшелігі аталды:

1. сапаны басқаруға барлық билік тармақтарының қатысуы;

2. мамандарды дайындау мен сапа әдістерін үйрету;

3. сапа үйірмелерінің қызметі;

4. басқару қызметін инспектірлеу;

5. статистикалық әдістерді қолдану;

6. сапаны басқарудың жалпыұлттық бағдарламалары.

Жапон мамандарының көзқарастарына сәйкес сапа басқарудың әдісін практикада қолдануға келесі мәселелер кедергі туғызуда:

жоғарғы биліктегі басшылардың пассивтілігі мен олардың жауапкершіліктен қашуы белгілі қадамдардың жаңа инновацияларға қарағанда тиімді деген теріс көзқарастары басқалардың жаңа көзқарасын есепке алмау көпшіліктің байырғы феодалды көзқарастан арылмауы.

  1. Жапондық менеджмент

Басқарудын жапондық типінің түрлері. Н. С. Целитевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа корпорация мен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі, фирмаға берілгенділігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі.

Екінші топтағы принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдык басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдардың фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне карамастан жұмыскерлерді тең правода қарау деп тұжырымдауға болалы.

Үшінші топқа - фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үш негізгі күшке - басқарушыға, басқа ж ұмыскерлерге және инвесторларға ықпал ету мен бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.

Төртінші топқа - әр түрлі фирмалармен - іскер әріптестермен, соның ішінде, ең алдымен, өнімді тапсырушылармен және сатып алушылармен түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.

Аталған принциптерді жүзеге асыру мехаиизмінің маңызды элементттеріне мыналар жатады:

1. Еңбекті ұйымдастыру.

2. Өндіріс процестерін басқару және бақылау.

3. Топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру.

4. Жалдау және еңбек жағдайы.

Қазіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мсн жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсінуі қажет. Сондықтан да мұнда «менеджмент» термині толықсай келеді. Жапондықтардың өзі де, басқару туралы әңгіме болғанда, осы терминді қолданады. Жапондықтар өздерін американдықтардың шәкірті ретінде есептеп отырып, менеджменттің барлық белгілі концепцияларын мұқият зерттеді әрі өзіне сай етіп құра білді.

Қазіргі кезде басқару саласындағы жапондық тәжірибесі американдықтар көбірек көңіл бөле бастады, атап айтқанда мұның өзі Массанчусетск технологиялық институтында зерттелуде.

Жапонияда істі, өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың жоғары деңгейі кімді де болса қайран қалдырады. Жапония - өндірістік қатынасты, сонымен қоса басқару сипатын айқындайтын монополистік капитализм мемлекеті. Франциямен және Голландиямен қоса, Жапония экономиканы программалайтын капиталистік мемлекеттердің бірі. Талдаудың көрсеткеніндей қазіргі жапондық басқару жүйесі едәуір икемді, әрі тиімді механизм, оның өзі соғыстан кейінгі кезеңде, қазіргі ірі ауқымды өндірісті дамыту жағдайында қалыптасты. Бұл механизм ұдайы жетілдіру үстінде.

Жапон экономикасының жетістігі басқарудағы әлеуметтік-кәсіптік саланың қызметіне негізделген. Мұны менеджерлер деп атайды. "Менеджер» ұғымы алуан саладағы басшылардың тілектес адамдар тобын құрайды.

Казіргі кезде менеджерлер мәртебесі ерекше артты, менеджерлердің жеке басындағы жетістіктеріне, олардың белсенділігіне, батылдығына, күнделікті істеген творчсстволық қабілетіне, қырағылығына, алдағыны ойлай білетіндігіне т. б. жоғары талап қоя бастады. Сонымен қоса, Жапонияда менеджерлер тобын жинақтау практикасы көп жағдайда ұлттық сипатының ерекшеліктеріне негізделген, мұнда топтық психология басты рөл атқарады. Жапондықтар адамдар арасында салқын көзқарасқа қатты күйзеледі. Сол себептен менеджерлер арасында «ГАКУБАУХ» деп аталатын кландар болады, яғни белгілі бір университетті бітірген кландар.

Нағыз жапондық фирма пираммда түрінде ұйымдастырылған. Оның құрылымында үш деңгей болады: жоғары әкімшілік (КЭЙЭЙСЯ) ; орта басқару буыны (КАНРИСЯ), бұған бөлімше меңгерушісі БУТЕ жатады; әрі қарай - басқармадағы қарапайым жұмыскерлер (ИППАНСИЯ) . Синтетизы жүйесінің талабына сәйкес университетті бітірушілер фирмаға жұмысқа орналасқаннан кейін жеті жылдан соң, яғни 30 жасқа толған кезде секция бөлімшесіне басшылық ете алады. Қырық жасыңда оған секция менгерушісіне, 50 жасында - бөлімше меңгерушісіне және одан әрі қарай директорлық қызметіне дейін жоғарылай алады.

Менеджер неғұрлым тәуелсіз болса, ол соғырлым еркін әрекет етеді, оған балама шешімдерді таңдауға неғұрлым көп мүмкіндік берсе, онда өндірісті ғылми ұйымдастыру теоретиктерінің пікірінше, қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайларға ол соғұрлым көңіл бөледі. Мұндай көзқарас Жапониядағы баскарудың ерекше стилін көрсетеді.

Жапония өз экономикасын басқарудың бірегей жүйесі арқасында дамытты. Баскарудың табанды принцптері нәтижсіндс көздеген мақсатына жетіп отырды. Жапон коғамын футурологтар коғамы деп атайды.

Тұтастай алғанда экономикалық стратегия торт негізге сүйенсді: экономикалық ресурстарды жинау және консервілеу; слдің бәсекелесу қабілеттілігін жоғары деңгейдс ұстау; адамдарды ғылыми-тсхиикалык, прогрестің талаптарына бсйімделетіндсй етіп баулу және соңғысы, ғылыми зерттеулер мен ізденістерді интенсивтендіру.

Нағыз жапондык фирмалар үш деңгейлік негізде ұйымдасқан: жапондыктардың пікірінше, үш деңгейлік құрылым неғұрлым икемді, әрі бюрократтық қауіпке онша ұшырай қоймайды.

Фирма басшылығы - директорлар кеңесі баскарудыц жоғарғы деңгейі болып саналады. Директорлар кеңесіне сайланғандардың барлығы фирмада белгілі бір бөлімшелерді баскарады. Батыстан айырмашылығы, фирма директорларды сирек шакырады. Олар әдетте орта бұынды басқарушы кұрамнан шақырады, бірак бұлардың жедел басшылық жасайтын тәжірибесі және жасы 50-ден асқан болуы тиіс. Орта буын басшының деңгейінде баскарудың бүкіл практикалық міндеттері шешіледі. Бұл деңгей жоғары басшылык пен орындаушылар арасындағы көпір аркылы қарапайым жұмыскерлерге шығады яғни оларға басшылық етеді. Жапонндык корпорацияларда басқарудың ұйымдық құрылымы. әдетте қызметтік принцппен: көлбеу және тікелей байланыспсн қүрылған. Көпшілік жапондык компанияларда икемді кұрылымдык схема бар, қазіргі жағдайда мұның өзі бағалы үлес болып саналады.

Жапондықтарда әлемдік және ұлтты тәжірибе элементтерінің ең тиімдісі жинақталған. Американдык жапонтанушы Фогельдін деректеріне қарағанда, Жапония 1968 жылдан бастап 20жыл бойы әлемді ең таңдаулы институттарды және мемлекет, бизнес, әскери іс-білім беру мен өнер саласындағы басшылык етуді мүқият зерттеді. Жапондық менеджмент ерекшеліктері қызметшілерді басқару. Жапонияда сол жапондықтардың өздері айтпақшы бір-ақ байлық бар ол адамдар. Тек соларға ғана сүйеніп, елдің билеуші топтары кедергілер барысында жеңіске жете алады.

Басқарудың жапондық стилі - Жапондық стильге тән нәрсе басқарудың Конуске Манусити принципі. Оның ең бастысы қызметшілерді басқара білу принципі.

Жапонияда тек Манусити ғана экономикалық, механизмнің түйінді элементі ретінде адамдармен қарым-қатынас жасаудың барлық нәзік жақтарын терең жан-жақты зерттеу қажеттігін мойындады. Бірақ мұнда басқаруды бақылаудың сенімді, жолға қойылған жүйесі қалыптасқан.

Маңусити идеясы бойынша жапондық басқару жүйесінің үш түрі калыптасқан: Адам - Қаржы - Технология. Технология тәуелділілік жағдайда, ал бірішлі орында - кызметшілер. Басқарудың Маңусити стилі былайша сипатталады: - біріншіден, бұл танысудың белсенділігі.

- екінші ерекшелігі фирма жұмысксрлерінің кәсіптік шеберлігін үнемі жетілдіруіне күш салу:

- үшінші ерекшслігі: инициативаны батыл котермелеу;

- төртінші стильдің ерскшелігі; мүнда болатын шешімдердің сң таңдаулысы іздестіру мақсатында менеджерлер арасындағы талқылаудың жан-жакты қолдап отыру.

«Маңусити дени» компаниясында жүмыскерлерді даярлау жүйесі. Біріншіден кәсіптік білімді оқыту. Екіншіден, фирмалык мінез-құлык кодексін игерудеп түрады. Фирмалык- мінез-қүлык кодекісін меңгергеннен кейін жаңадан кабылданған жұмыскерлер арнайы сабакка катысып онда оларды былайша сендіреді: «Егер сен кездейсок. қателік жіберсең, фирма сені кешіреді. Егер сен фирманың моральдык кодексінен тайсаң, саған кешірім жоқ». Жапонияда қызметшілерді басқару нактылы, көбінесе дәстүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Оның ең бастылары: жүмыскерлерді ұзақ мерзімге, өмір бойы жалдау, жасына қарай еңбек ақы толеу және қызметін жоғарылату болып саналады. Осыныи аркасында жапондықтар үзақ уакыт бойы жұмыссыздыққты барынша азайтып отыр.

Жапондық корпорацияларға тән нәрсе - топтық жауапкершлік механизмін және басқалардың мақсатты тәсілдерінің бағдарламларын белсенді пайдалану, ғылыми зерттеу және жобалық іздестіру, инвестициялык-қүрылыс.

Басқарудың барлық құрылымымда топ маңызды ұйымдык элемент болып саналады. Жапондық басқару жүйесіндс топтык ынталандыру және топтык жауапкершілік айқын сипат алады. Мүндай топтар ресми бөлімше яғии үйымнын штаттык, кұрылымдылық компоненттері ретінде ғана емес, ресми емес уақытша бөлімше, мәселен сапаны бакылайтын топ ретінде кұрылуы мүмкін.

Жапондык соттар азаматтық талапты мүлде аз карайды -жапондыктар заңға сүйене беруді үнатады, өйткені кез келгеи азаматтык дау-жанжалды әділ шсшу үшін гирге - борышты құрметтеуге жүгінсе жеткілікті. Шаруа соттын араласуынсызак. жалға алған жеріне тиісті жарнасын төлейді, егер кезекті жарнасын төлеуді кешіктірсе, учаске кожайыны шаруа гирді - борышты құрмсттеуді есіне түсіргенше шыдайды.

Жапонияда елдің көзінше соғыс жариялау сирек қолданылады. Өйткені, олардың арына өшпес таңба қалдырады. Бұларда топтық хал-ахуалға, психологиялық көңіл-күйге ерекше көніл бөледі. Еңбек өнімділігінің жоғарылауы немесе, керісінше, төмендеуі, брактың кемуі немесе артуы ұйымшылдықпен, жұмысшы топтардын мүлтіксіз жұмыс істеуімен байланыстырылады. Бұл сапалар жұмысшы тобы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа байланысты екендігі сөзсіз.

Жапон кәсіпорындарында жұмысшы тобында 4-6, кейде одан да көп жұмысшы істейді. Ең қолайлысы 10-20 адам болып саналады. Мұндай топтың тығыз байланыс орнату еңбек операцияларын бірлесіп орындау қамтамасыз етеді.

Жапондықтарда ұжымдық еңбек әрекеті шағын жапондардың күш-жігері арқылы қалыптасады. Бұл топтарға қажетті бағыт-бағдар беру үшін Жапон фирмасында арнайы моральдық рух былайша айтқанда корпоративтік рух деген енгізілген.

Өмірлік жалдау жүйесінде жұмыскерлерді бір формада еңбек рыногының бірінші кіріскен күннен бастап зейнеткерлікке шаққанға дейін жұмыс істейді. Мұндай дәстүр жапонияда ХІХ ғасырдың аяғында қалыптаса бастады. Жапондық іскер топтарға өз ісіне және кәсіпорынға берілген бір сәттік қана емес ұзақ мерзімге тактикалық стратегиялық мақсатты көздейтін жұмыскерлер қажет.

Ақаусыз өндіріс. Жапонияда сапаны басқару фирмадағы барлық жұмыскерлер мен бөлімше қызметкерлерінің міндеті - өнім сапасын жан-жақты басқарудың түп негізі осында. Жапондық тәсілде сапаны басқаруға жаппай катысу көзделген.

1. 3. «Бес нөлдік» жоспары

«Бес нөлдік» жоспарды адамның ресурстарын пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес. Мұны «Тойота» фирмасының вице-президенті Таичи Охно өндірісте «Just-in-time» (JIT) - «бәрін дер кезінде» концепциясын құрған кезде «бес нөлді» пайдаланып, өндіруші тапсырыс алған уақытынан дайын өнімді тұтынушыға жеткізген уақыт аралығын қысқартады.

Өнімнің пайдасы өндірістің берілген нормадағы жоғарғы көрсеткішін айқындайды. JIT жүйесі тек қана қажетті тауарды белгілі бір мөлшерде, белгілі бір уақытта және белгілі бір жерге апарады. JIT жүйесінде керекті бір бөлшек бір сағат бұрын керек болса, онда сол бөлшек дәл сол уақытында жасалынады. Бүкіл қолданылмайтын қорда тұрған заттар өндірістен шықпайды да, өнімді тоқтатып қояды. Сондықтан да «Тойотаның» принципі жинақталған ақшаның босқа кетуі болып есептеледі. JIT-дің мағынасы - ол белгілі бір мөлшерде және сапалығымен керекті уақытта жеткізу.

Жапон өндірісінде «бес нөлдік» жоспары үлкен маңызға ие, оның негізі мынада, әр жұмысшы мынаны істемеу керек:

- алдыңғы операциядан алынған ақаулы өнімді қабылдау

- ақау шығатын жағдай жасау

- ақауы бар өнімді келесі операияға жіберу

- технологияға өзгеріс енгізу

- қателерді қайталау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат
Өнім сапасын басқару жайлы Жапонияның тәжірибесі
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі жайлы
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі жайлы ақпарат
Сапаны басқарудың жалпы сипаттамасы
Жапондық компанияларда қолданылатын шешім қабылдау тәсілдері
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы мәлімет
Менеджменттің мектептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz