Отын түрлері, құрама бөліктері туралы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
Инженерлік технологиялық факультеті
СӨЖ
Тақырыбы «Отын түрлері, құрама бөліктері »
Орындаған:Семейхан. А
ТЭ-317
Тексерген:Тоимбаев. А. Б
Семей 2015ж
Жоспар
- Кіріспе
- Отын және оның түрлері
- Отынның құрамы
- Отынды гранулалары
- Қортынды
Кіріспе
Отын - негiзгi құрамдас бөлiгi көміртегі болып табылатын, жылу энергиясын жағу кезінде, алу мақсатында қолданылатын зат. Отынның шығарылуы бойынша табиғи (мұнай, көмiр, табиғи газ, жанғыш тақтастар, шымтезек, ағаш) және жасанды (кокс, моторлық отын, генераторлық газдар және т. б. ), агрегаттық күйі бойынша - қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Отынның негiзгi сипаттамасы - жану жылулығы. Техниканың дамуымен байланысты «отын» термині кең мағынада қолданыла бастады және энергия көздері (мысалы, ядролық отын) болып қызмет ететін барлық материалдарға таралады. жылу энергиясын алуға қолданылатын жанғыш заттар. Агрегаттық күйіне қарай - қатты, сұйық және газ тәрізді, жаратылысы бойынша - табиғи және жасанды отын деп ажыратылады.
- Табиғи отындарға қазынды көмірлер (антрациттер, тас және қоңыр көмірлер), мұнай, газ, жанғыш сланецтер (тақтатастар), торф, ағаш, өсімдік қалдықтары жатады.
- Жасанды отындарға домна пешінің кокстері, мотор отындары, кокстық және генераторлық газдар, т. б. жатады.
Отын және оның түрлері
Отын- табиғи немесе жасанды түрде алынатын, жанатын қабілеті бар, энергия көзі және химиялық өндірістерге шикізат болып есептелетін зат. Отын агрегаттық күйіне байланысты қатты , сұйық және газ тектес үш топқа бөлінеді. Тегіне қарай: табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Жасанды отын табиғи заттырды өңдеу нәтижесінде алынады. Болашақта сутек пен метанол, этанол, өсімдік майлары, органикалық заттар мотор және энергетикалық отын қатарына енеді. Өнеркәсіптің қай саласыда болсын, отынның маңызы зор. Отынның жану жылуы - 1кг отынды толық жаққанда бөлінетін жылу мөлшері. Отынның құрамында көміртек пен сутек неғұрлым көп болса, жылу болу қабілеті соғұрлым жоғары болады. Қатты қатты отынды химиялық өңдеудің мынадай әдістері бар пиролиз, газдандыру (газификациялау), гидрогендеу және кокстеу.
Пиролиз - көмірді ауа қатыстырмай жабық реакторда 1000 °C шамасында қыздыру. Түзілген өнімдер одан әрі өзгерістерге ұшырамайды.
Газдандыру - 1000 °C температурада қатты отынның органикалық массасын ауамен, су буымен немесе олардың қоспасымен шала тотықтыру арқылы жанғыш газдарға айналдыру. Жанатын газдарды генератор пештерінде өндіретін болғандықтан, оларды генератор газдары деп атайды.
Гидрогендеу - катализатор қатысында жоғары температурада және қысымда отынды сутекпен өңдеу. Бұл кезде отын алғашқы қалпынан өзгеріп, құрамында сутек мол жаңа сұйық, газ тектес немесе қатты отынға айналады. Мысалы, көмір мен тақтатастарды осылай өңдейді.
Тас көмір - көмірленудің жоғары деңгейі бар және күлсіз, бірақ дымқыл негізде немесе шағылдыру коэффициентінің витриниты 0, 5 және одан да көп, 24 МДж/кг -нан астам (5700 ккал/кг) жылу шығару қабілеттілігі жоғары көмір. Олар алынған көмір типтеріне сәйкес жіктелуі мүмкін емес, тұндырылмаған шлам, көмірдің аралық өнімдері және көмірдің басқа да төмен сұрыпты өнімдері тас көмірге жатқызылады.
Қоңыр көмір немесе лигнит өзі құралған өсімдік затының анатомиялық құрылымын сақтайтын көмірленудің төмен деңгейі бар көмірді білдіреді. Күлсіз негізде оның жоғарғы жылу шығару қабілеттілігі 24 МДж/кг-нан (5700 ккал/кг) кем, бірақ дымқыл негізде оның шағылдыру коэффициентінің витриниты 0, 5-тен кем.
Брикеттік отын - тас көмір брикеттерінің басқаша белгіленуін білдіреді. Брикеттеу барысында көмірдің ұсақ бөліктері қатты қысым мен байланыстырушы заттардың қосылуымен температураның әсерінен кесекшелердің дұрыс қалпына күйежентектеледі.
Отындардың құрамыӘрбір, органикалық отынның құраушысы (компаненттері) болып, жанғыш элементтері және жанбай қалған қалдықтар немесе балластар жатады.
Органикалық қатты және сүйық отындардың жанғыш элементтеріне мыналар жатады: көмірқышқыл газы С , сутегі Н және органикалық күкірттер S ор және колченданды жанғыш S к , оттегімен О және азотпен N құрылатын күрделі химиялық қосылыстар. Осы отындардың баллас тасын күл А және ылғал W құрайды.
Отын құрамдарын пайызбен анықтайды. Отынның сол түріндегісі, олар тұтынушыларға қалай түсуін жұмысшы массасымен сипатталады.
Отын элементтеріне жататын құрамына, жұмысшы массасына (жұмысшы отынға), оның белгілеріне индекс «Р» жалғанады:
С р + Н р + О р + 5 р jh+k + А Р + W p = 100%.
Отын құрамын, оның жұмысшы массасы бойынша әдетте, қазандық агрегаттардың өндірістік пештерді және басқаларының жылулық есептері кезінде пайдаланады.
Отынды топтастыру үшін (классификация), оның жалпы қасиеттерін зерттейді, осыған байланысты - құрғақ жанғыш отын массасы ұғымын қолданады. Осы, шартты отын массаларына сәйкес, индекс «С» және «Г» белгілейді. Отын массасында, тольщ ылгал болмаган кездегісін, құрғақ деп атайды да мына теңдеумен шешеді:
С с + Н с + O c + N c + A c = 100%.
Жанғыш құрамды, яғни, сусыз және күлсіз отын массасы, ондағы көміртегі, сутегі және жанғыш күкірттен басқа, олар шартты түрде қосылады да, мына теңдеумен шешіледі:
С Г + Н Г + S Г jh+k + O Г + N Г = 100%.
Жанғыш массалар болып, отынның, өте тұрақты құрамы ғана саналады. Егер, отынның жанғыш массасы құрамынан, колчеданды күкіртті (S г к ) алып тастаса, онда отынның органикалық массасын былай анықтайды:
С 0 + Н 0 + 0 0 + N о + S с op+k = 100%.
Отын құрамының бір массасынан, отынның басқа түріне қайта есептеуін, көбейткіштердің көмегімен жүргізеді.
Отынды гранулалар ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz