MS SQL Server туралы мәліметтер және жұмыс істеу негіздері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Автоматика және элекротехника» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: MS SQL Server туралы мәліметтер және жұмыс істеу негіздері.

Орындаған: Сиязбек Д. С.

Тобы: АУ-301

Тексерген: Мухаметов Е. М.

Семей 2015 ж.

Мазмұны:

1 Негізгі бөлім . . . 2

1. 1. Платформалар және бағдарламашының қолдану интерфейстері . . . 2

1. 2. Басқару және графикалық интерфейсті клиенттер . . . 3

1. 3. SQL предикаттары және үштік қисын . . . 4

Қорытынды. . 5Әдебиеттер. . . 5

Негізгі бөлім

MySQL - дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS) . Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. MySQL сөзіндегі "My" сөзі, бағдарлама жасаушысы Майкл Видньюс-тың (Michael Widenius) қызының аты - "My" сөзінен алынған. Ал SQL фразасы - Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі (Structured Query Language) дегенді білдіреді.

MySQL, проект қайнарын GNU General Public License (GPL) және әр түрлі жеке меншік лицензияларында шығарды. MySQL-ды кезінде MySQL AP атты Шведттық фирма демеу еткен, ал қазір оны толығымен Oracle корпорациясы сатып алды.

Толық функционалды мәліметтер қорын қажет ететін, қайнары тегін проекттер жиі MySQL-ды қолданады. Серверді коммерциялық проекттерде қолдану үшін, қосымша функциялармен ұсынылатын бірнеше нұсқалары бар. MySQL-ді қолданатын бағдарламаларға TYPO3, Joomla, WordPress, phpBB, MyBB, Drupal және де басқа LAMP бағдарламаларын жатқызуға болады. MySQL сонымен қатар Google, Wikipedia, Facebook және Twitter сияқты дүниежүзілік және кең ауқымды web-бағдарламаларында қолданылады.

1. 1. Платформалар және бағдарламашының қолдану интерфейстері

MySQL - C және C++ тілдерінде, ал SQL парсері және sql_lex. cc деп аталатын лекксикалық анализаторы yacc тілінде жасалған.

MySQL көптеген жүйелер платформаларында жұмыс істейді. Оларға кіретіндер: AIX, BSDi, FreeBSD, HP-UX, eComStation, i5/OS, IRIX, Linux, Mac OS X, Microsoft Windows, NetBSD, Novell NetWare, OpenBSD, OpenSolaris, OS/2 Warp, QNX, Solaris, Symbian, SunOS, SCO OpenServer, SCO UnixWare, Sanos және Tru64. Сонымен қатар OpenVMS жүйесіне портталған түрі бар.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, көптеген бағдарламалау тілдеріне кітапханалар жасалынған. Мысалы, C# және VB. NET үшін MySQL Connector/Net, ал Java үшін JDBC драйвері. Бұнымен қатар ODBC интерфейсін қолдайтын ASP және ColdFusion сияқты тілдер үшін MyODBC кітапханалары бар. Ал URL арқылы кез-келген web-клиенттің MySQL серверімен араласуға мүмкіндік беретін HTSQL технологиясы, MySQL-серверімен бірге келеді.

MySQL көбінесе реляциялық мәліметтер қоры ретінде қолданылатындықтан ол, жүйені және ондағы мәліметтерді басқаруға арналған клиенттік бағдарламамен келмейді. Оның орнына, өзінің командалық жолмен орындалатын құралдарын немесе басқалар жасаған клиенттік бағдарламаларын жүктеп алып қолдануға болады.

1. 2. Басқару және графикалық интерфейсті клиенттер

Графикалық интерфейсте MySQL мәліметтер қорын басқаруға және олардың структурасын жасау үшін, MySQL AB фирмасы MySQL Workbench атты бағдарламасын шығарды. Ол бұғанға дейін болған MySQL GUI Tools бағдарламасының орнына келді. MySQL Workbench қолданушыларға келесідей мүмкіншіліктер ұсынады :

  • Мәліметтер қорын дизайндау және модельдеу
  • SQL бағдарламалау - MySQL Query Browser бағдарламасының орнына
  • Мәліметтер қорын басқару - MySQL Administrator-дың орнына

MySQL Workbench екі нұсқада келеді, Олар, қайнары тегін қоғамдастық нұсқасы (Community Edition) және қосымша мүмкіншіліктері бар стандартты нұсқасы (Standard Edition) .

MySQL серверімен жұмыс істеуге және оны басқаруға арналған басқа да клиенттік бағдарламалар бар. Кейбір кең қолданылатындары төменде алфавит бойынша тізімделген:

  • Adminer - CSS стилін қолдануға болатын, бір ғана PHP скрипттен және бірнеше мәліметтер қорымен жұмыс істей алатын, тегін клиенттік бағдарлама.
  • DaDaBIK - мәліметтер қорына CRUD операцияларын web арқылы жасауға мүмкіндік беретін, қайнары ашық және тегін PHP тілінде жасалған клиенттік бағдарлама.
  • DBEdit - MySQL және басқа да мәліметтер қорын басқаруға арналған тегін бағдарлама.
  • dbForge GUI Tools - схемаларды және мәліметтерді салыстыруға және синхрондауға, тапсырыстарды құруға арналған жеке модульдерден тұратын бағдарлама.
  • HeidiSQL - Windows платформасына арналған толық функционалды клиенттік бағдарлама. Басқару жүйесіне жергілікті және алыстағы компьютердегі мәліметтер қорын, кестелерді, кесте бағаналарын және жеке мәлімет жолын өңдеу операциялары жатады. Сонымен қатар уақыт күн және бірнеше мәндік типті жолдарды өзгертуге арналған клиенттік функциялары бар.
  • LibreOffice Base - мәліметтер қорын жасауға және басқаруға, қолданушыларға мәліметпен жұмыс істеу ыңғайлы және түсінікті болу үшін мәліметке есептемелер мен олардың формаларын жасауға мүмкіндік береді. Microsoft Access сияқты - Access, ODBC, MySQL және PostgreSQL мәліметтер қорына клиенттік бағдарлама ретінде қолдануға болады.
  • Navicat - Windows, Macintosh және Linux операциялық жүйелеріне арналған мәліметтер қорын басқаруға арналған графикалық бағдарламалардан тұратын бағдарламалар жиынтығы.
  • OpenOffice. org - OpenOffice. org Base, MySQL мәліметтер қорын басқара алады. (Ол үшін тегін және қайнары ашық OpenOffice. org suite бағдарламасын толығымен орнату керек. )
  • phpMyAdmin - тегін web арқылы қолдануға арналған және көбінесе web-hosting-тарда кең қолданылатын web-бағдарлама. Ол PHP-да жасалғандықтан, LAMP, MAMP, және WAMP бағдарламаларының ішінде кең қолданылады.
  • SQLBuddy - PHP-да жасалған тегін web-бағдарлама.
  • Sequel Pro - Mac OS X операциялық жүйесіне арналған тегін және қайнары ашық бағдарлама-клиент.
  • SQLYog - MySQL-ды басқаруға арналған тегін немесе ақылы бағдарлама. Бұлардың бірнеше нұсқалары бар: Community, Ultimate, Enterprise және Professional. Қоғамдастық нұсқасы (Community Edition) тегін және қайнары ашық бағдарлама.
  • Toad for MySQL - Quest Software компаниясының MySQL-ді басқаруға арналған тегін клиенттік бағдарламасы.

Бұлардан басқа ақылы бағдарламарға кіретіндер dbForge Studio for MySQL, Epictetus, Oracle SQL Developer, SchemaBank, SQLPro SQL Client, Toad Data Modeler.

1. 3. SQL предикаттары және үштік қисын

SQL предикаты - бұл қарапайым қисын өрнек, оның мәні ақиқат, жалған не белгіссіз болу мүмкін. Жалпы алғанда, нәтижесі келесі типке және ANSI стандартына сәйкес

өрнек1 = өрнек2

егер, өрнек1, өрнек2 не екеуіде NULL тең болса. Бұл ереже салыстыру операторына қарамайды, ол өрнекте тең, тең емес, үлкен, кіші не т. б.

Предикатты болдырмау NOT операторы және екі предикаттарды біріктіру AND не OR операторлары жай емес екілік қисынды қолданады, ал үштік қисынның қызмет ету сызбасы кесте 2 берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім сапасының мониторингі
Мәліметтер базасы объектілері. Мәліметтер базасының объектілері
Кадрлар бөлімінің функциялары
ТІЛДЕР КУРСЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖАСАУ
Мәліметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұрыптау технологиясы
Деректер базасын қалыпты формаға келтіру
Деректер қорын логикалық модельдеу
Деректер қорының физикалық моделін құру
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Қалыпқа келтіру. мәліметтерді сақтаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz