Латын тілінің шығу тарихы туралы ақпарат



Латын тілі
Римдегі тәрбие мен білім беру
Латын тілінің әдеби нормасын дайындау
Латын тілі . ұлы ақындардың тілі
Рим риторикасы
Рим құқығының тілі
Латын тілі . ғылым тілі
Тілдің жаңа өмірі
Әдебиеттер
Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейнін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады.
1 Большая Энциклопедия Кирилла и Мефодия с изменениями и дополнениями: монография. – М. : Сварог, 2003. – 456 с.
2 Ботвинник М.Н., Рабинович М.Б., Стратановский Г.А. Жизнеописание знаменитых греков и римлян: книга для учащихся. – М. : Просвещение, 1988. – 205 с.
3 Винничук Л. Латинский язык: самоучитель для студентов гуманитарных факультетов университетов и педагогических вузов. – М. : Высшая школа, 1980. – 327 с.
4 Винничук Л. Люди, нравы и обычаи Древней Греции и Рима. – М. : Высшая школа, 1988
5 Виппер Р.Ю. Просветительский век Римской империи // Вестник древней истории. – 1997. – № 1
6 Головакова Т.Н., Першин С.В. Рим Древний: учеб. пособие для студентов исторических специальностей. – Томск: Свет, 2001. – 542 с.
7 Дьяконов В.Н., Ковалев С.И. История древнего мира: учебник для пединститутов.- Изд. 2-е. – М. : Просвещение, 1969. – 389 с.
8 Егер О. Всемирная история в 4 т.: Научно популярное издание. – Т.1. – 1993. – 437 с.
9 Дмитриев В.Н. История Древнего Рима. – М. : Наука, 1989. – 564 с.
10 Каллистова Д.П., Утченко С.Л. Древний Рим. – 3-е изд. доп. и перераб. – М. : Просвещение, 1969. – 390 с.
11 Кобылина М.М. Искусство Древнего Рима. – М. : Литер, 2001. – 358 с.
12 Крушило Ю.С. Хрестоматия по истории древнего мира. – М. , 1980
13 Кузищин В.И.История Древнего Рима. – М. : Высшая школа, 1982
14 Куманецкий К. История культуры Древней Греции и Рима. М., Высшая школа Древний мир/ О. Егер. – 3-е изд. испр. и доп. – М. : ООО «Издательство АСТ»; СПб. : ООО Издательство «Полигон», 2001. – 664 с.
15 История Древнего Мира /под ред. Коробова Н.Ю. – М. : Наука школа, 1990. – 379 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

1

ЛАТЫН ТІЛІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Орындаған: ВМ-501 тобының студенті
Кәкім Темірлан

2015 жыл
Латын тілі

Ежелгі тілдер жайлы сөз қозғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері
келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер
сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді:
неге римдіктер латын тілінде сөйледі?-деген сұрақ пайда болады.
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі.
Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның
ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал
олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды.
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған
Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші
патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған
екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық
саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейнін жаулап
алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп
аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-
III ғасырларда латын тілі– Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі
жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен
тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл
б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші
латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы
жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі
латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең
белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы
жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу
ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда
унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін,
жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі
болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына
жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен
ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар,
қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық
әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет
шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың
ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды,
діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық
және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма
- қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек
б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған
грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит
Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп,
латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының
негізін салып, Одиссеяны аударған.
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте
заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие.
Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен
заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар
және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл
ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим
тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың
негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар
регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы
декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек
мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II
ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі
латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің
пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі
кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында
болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі
болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий
және Квинт Энний. Соңғысы Анналы эпикалық (Жылнама) поэмасымен әйгілі
болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу
кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт
пен Теренцийдің шығармалары саналды.
Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген
латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған,
олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең
пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті.
Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге
жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін
суреттейді. Теренцийдің әйгілі адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес
деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда
және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды.
Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы
өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің
поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады.
Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық
өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат
лирикасының шебері атағын берді.
Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) – эпикурдың негізгі
ілімдері баяндалатын Заттар табиғаты туралы философиялық поэманың авторы.
Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және
оратор. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси
және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр
замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды.
Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері
мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де
әйгілі. Цезарьдың шығармалары – Галл соғысы туралы жазбалар, Азаматтық
соғыс туралы жазбалар және т.б.
Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы,
латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері (Заговор Каталины,
Югуртік соғыс және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік,
классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі
дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың
бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті
өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.

1 Римдегі тәрбие мен білім беру

Римдік тәрбие мен білім беру бүкіл римдік мәдениет сияқты гректік үлгілерге
негізделген, бірақ өзінің тарихы бар. Рим тарихының бастапқы кезеңінде
римдік тәрбие мен білім беру патриархалды және ашық түрде тәжірибелік
сипатта болды; ауылдық тәрбие мен білім беруге үлкен назар аударылды.
Б.з.д. ІІ ғасырдан бастап Римде гректік білім беру жүйесі бекітіледі.
Грециядағы сияқты, тәрбие және білім беру үрдісі үйде оқыту (үйге
ұстаздарды шақыртып сабақ оқу) және қоғамдық түрдегі (жеке меншік немесе
мемлекеттік мектептер) элементтерді біріктіре алды.
Теңестіруге келмейтін жақсы нәтиже беретін үйде оқыту мен жақсы жеке меншік
мектептерде әрі қарай білім алуды тек ақшалы ата-аналар ғана қамтамасыз ете
алды.
Ежелгі Италия сауатты ел болған. Халықтың арасында сауаттылық қашан
таралған уақытын айту қиын, бірақ б.з.д. ІІ ғасырдың ортасында - ақ
армияда құпия сөз (пароль) ауызша түрде емес, жазбаша түрде беріле
бастады. Солдаттар, мыңдаған шаруа ұлдары оқи білген.
Бізде орта және жоғарғы рим мектептерін сипаттауға жеткілікті мәліметтер
бар. Ол туралы Квинтилиан, Светоний және Сенека көп әңгімелеген. Бастауыш
мектептің оқушылары қарапайым және кедей, олардың ұстаздары да қарапайым
және кедей болды. Оның профессор атағын алу құқығы болмады – бұл орта және
жоғары мектептің ұстаздарының атағы (грамматиктер мен риторлардың); Ол арқа
тіреуіші бар кең креслода (кафедра) жайғасып отыра алмайды – ол тек
грамматиктер мен риторларға ғана арналған; императорлар профессорларға
қамқорлықтар көрсеткен, ал мектеп мұғалімі туралы олар тіпті естеріне де
алмайды. Риторлар мен грамматиктер үкімет тарапынан бақылауда болса, ал
бастауыш мектеп мұғалімдері үкмет тарапынан бақылауға алынбаған; ол мектеп
ашуға ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес, ешкімге мектеп ісін жүргізуде
есеп бермейді, оған ешкім бұйрықтар мен тапсырмалар жібермейді, оның
еркіндігі өзінде, ол мектепті өз бетінше ашып, онда өз талғамы бойынша
оқыта алады. Осындай ешқандай жағдайы жоқ орынға барушылар аз болды. Онымен
тек өмірде жақсы орын таба алмағандар, амалы таусылғандар ғана айналысты.
Көбінесе әсекрге жарамаған солдат, кәріліктен немесе сырқаттан еңбекке
жарамсыз шаруа немесе қолөнерші, аз да болса қандайда бір ақша табау үшін
бастауыш мектеп ашққан. Орта және жоғарғы мектепте ұстаздықпен айналысқан
гректер болды. Болашақ оқытушы қатысушылармен өзін ертерек қамтамасыз ету
керек. Ол мектеп жасындағы көп балалар бар жерді және бәсекелестікте
болмағандай жақын арадағы мектеп жоқ жерді іздейді, ата-аналармен танысып
оларды өзінің білімімен, педагогикалық тәжірибесімен таң қалдыруға
тырысады. Оны жүзеге асыру қиын емес: себебі, ұстаздан балаларды оқуға,
жазуға және санауға үйретуге талап қойылады.
Ақшасы оның шектелген болғандықтан, ол кең және жарық бөлмені іздемейді. Ол
ешқандай қолөнерші тұрғысы келмеген қандайда бір қора, жартылай қараңғы
шеберхананы қанағат тұта алады. Ал кейде оның осындай орынға да ақшасы
болмағандықтан, ол өз оқушыларымен форум алаңында, көшенің шуынана бөліп
тұратын матамен жан-жағы қоршалып тұрған ашық ауаның астында да орналаса
алады, ол бірнеше орындықтар алып (балалар жазба затттарын тізелерінде
ұстап отырып жазған, үстел қажет болған жоқ) және өзіне орындық алды, -
міне мектеп осылай жабдықталған.
Антик мектебі оқу педагогикалық пәндеріне кедей болды; әліппе, жазбалар,
тақта, кітаптар болған жоқ.
Бастауыш мектепте оқу бес жылға созылды, бірақ бұл бес жылды жартысына
дейін қысқарту керек. Қалалық мектепте жазғы каникулдар төрт айға созылды:
маусымның ортасынан бастап қазанның ортасына дейін; ауылдық мектептікі одан
да ұзағырақ болуы ықтимал, себебі ата-аналарға шаруашылықта балалардың
көмегі қажет болды. Бұл каникулдарға жылдық мерекелер де қосылды, мерекелік
күндер екі айға дейін жетті. Сабақ беру әрекет-әдістері жетілмеген,
балалардың ойлауы мен қабылдауына сай келмегендіктен, енді қазір ең түк
білмес деген оқушы бірнеше аптада игеретін сауаттылықты римдік оқушылар
бірнеше ай бойы меңгерді.
Бастауыш мектептің ұстазының білімі әртүрлі болды. Үлкен қалада, Римде оған
қойылатын талаптар жоғары болды, ол тек оларды оқу мен жазуға ғана үйретіп
қоймай, грамматикамен таныстырып, род, түр, септеу мен шақтарды айыруды
үйретуге, дұрыс есептеуге үйретті. Ал бұл сол кезеңде нақты өңделмеген
грамматика болмаған тұста оңай іс болған жоқ.
Римдік тәрбие мен білім беру гректікіне ұқсас, енді біз айтатынымыздай
кешенді болды. Ол оқушының тек ойының ғана емес, сондай-ақ физикалық
дамуына әрекет етуге тиіс болды. Сондықтан теориялық пәндермен қатар
гимнастикамен де айналысуға міндетті болды, ал ұлдарға келешекте әскери
қызметке дайындық қажет болды.
Теориялық тұрғыдан алғанда білім беру, біздің уақытымызда сияқты қадам
бойынша болды, яғни бастауыштан және қарапайым білімнен күрделіге өту
сияқты болды. Білім алудың бүкіл негізгі элементтері гректерден
алынғандықтан, педагогикалық пәндердің атаулары, ұстаздардың аты сияқты
гректердікіндей болды.
Алғашқы кездерде оқушы грамматист-мұғалімнің көмегімен сауаттылықтың, есеп
пен жазудың негізін игерді, ағаш тақтайшаларда ұшы үшкір таяқшалар арқылы
жазған. Бай афиндік ритор Геродтың ұлы Аттика (б.з.д. ІІ ғасыр) піл
сүйегінен жасалған таяқшаларда әліппені үйренді, ал материалды мұқият игеру
үшін ұстаз үй құлдарының арқаларына әріптерді жабыстырып, оларды кезекпен
оқушының алдынан өткізген.
Грецияда жалпы білімділіктің қажетті шарты деп ежелден бері есептелген
музыкалық тәрбие беруге римдіктер аз мән берді. Музыкалық білімді – шекті
аспаптарды ойнайтын ұстаз-кифарист – лира мен кифарада ойнауды үйретті.
Римдіктер үшін физикалық дамуға гректерге қарағанда үлкен мән берілді: бай
адамдардың балалары айналыса алатын спорт залдар – палестралар маман-
тәлімгерлермен жақсы жабдықталған болды. Бастапқы физикалық тәрбие беруді –
гимнастикалық және спорт сабақтарының жүргізушісі – педотриб жүргізді.
Бастауыш білім алуды аяқтап, яғни ұлдар (шамамен 12 жасында) орта мектептік
білім алуға көшеді. Бұл кезеңде олардың мұғалімдері грамматик болды.
Грамматикпен олар грек және рим жазушыларын, ақын, философтарын,
драматургтерін оқыды. Одан олар әдебиет, оның жанрлары, музыка жайлы
білімдер алды. Астрономияны, грамматика мен геометрияны оқу міндетті болып
саналды. Мұнда латын әдебиетімен қатар, жастар грек әдебиетімен де
айналысып, бәрінен де көп Гомер поэмаларын оқыды.
Көңілі соққанда грамматика мен риториканы тереңдетіп оқудан тұратын білім
алуды жалғастыра алды. нақты және жаратылыстық ғылымдардағы оқу, мектепте
сол кезде тәжірибе түрінде жүргізілген жоқ, және стандарттық білім, біз
оны қазіргі кезде гимназиялық деп бөлеміз, ол гуманитарлық сипатта болды.
Ең алдымен, ежелгі, ең алғаш грек авторларының шығармаларын дұрыс оқуға
және түсіндіруге үйретті. Бірақ, б.з.д. І ғасырдың соңына таман міндетті
түрдегі оқу шеңберіне Цицерон мен Вергилий, кейін Овидий мен басқа да
авторлар кірді. Шығармаларды талқылауда стилистік анализ, сондай-ақ
түсіндірілген мәтіннің моральдық мәніне үлкен назар аударылды.
Оқу барысында оқушы талқылаудағы мәтіндерде болған мәліметтерді игеріп,
және осылайша тарихи, мифологиялық, географиялық және басқа да сипаттағы
білім алып отырды.
16-18 жастағы білімпаз ұлдар үшін білім алудың үшінші баспалдағы да ашық
болды, ол ритор мектебі еді. Мұнда шешендік өнерге, бәстесу өнеріне
үйретіп, тарихи, әдеби және саяси тақырыптарға сөз құрауға жаттықтырып,
мәнерлеп оқу өнеріне ие болды. Мұндай мектептерді қамтамасыз ету қымбатқа
түскендіктен, олар үлкен қалаларда орналастырылды.
Ритор ораторлық өнер мектебі Греция мен Римде (Цицероннан кейін) білім
алудың жоғарғы шыңы болып есептелді. Мұнда оқушы сөз құрау өнерін үйренді.
Ең алдымен грек және рим риторикасының үздік үлгілерінде, кейін тәжірибеде
үйренді. Оқушылар сөз құрау мен оны айтуда жаттығып, сынаушы аудитория
алдында шығуға үйреніп, аяқ астынан шығарылған және шындыққа жанаспайтын
тақырыптарға ойдан шығаруға жаттықты. Шешенді тәрбиелеу қалай өту керек
жайлы Квинтилианның Шешенді тәрбиелеу және Шешенге білім беру деген
арнайы трактаттарында көрсетілген.
Мұндай білім тек маман риторлар немесе заңгерлерді өздік өмірге дайындық
жүргізгені түсінікті. Атақты философ Сенека бірде: біз өмір үшін емес,
мектеп үшін оқимыз, - деп айтқан.
Бірақ, антик қоғамы басқа аумақтарда да мамандық дайындық үшін мүмкіндіктер
берген. Мысалға, медициналық мектептер болған; құрылыс өнеріне нақты
шеберлілікке үйренуге болды. Философияға немесе басқа ғылымдардың түрлеріне
дарыны бар адам өз талабын нақ солай қанағаттандыра алды.
Римде гректік гимнасияларға ұқсас түрлері болды. Гимнасиялар – риторикалық
дайындық философия мен нақты ғылымдарды терең оқумен бірге жүретін арнаулы
мектептер; Мұнда ритор мектебінен кейінгі ұлдар білімдерін жалғастырды.
ІХ ғасырда білім беретін жүйе қалыптасып бітті. Мектепте оқу циклі екі
байланысушы кезеңдерден – тривиум мен квадривиумнан тұрды. Тривиум бастауыш
сыныптарда оқытылатын үш негізгі пәндерді – грамматика, диалектика мен
риториканы қамтыды. Квадривиум – арифметика, геометрия, астрономия мен
музыка – жоғарғы сыныптарда оқытылды. Осы екі бөлік қосылып жеті ерікті
өнерді құрады. Латын мектебін бітірушілер орта ғасырдың білімді
адамдарының қатарын толықтырды.

Латын тілінің әдеби нормасын дайындау

Б.з.б. I ғасырдың аяғында көп жерлерді жаулап алған Рим үлкен мемлекет боп
саналды, оның жерлері Британия және Испаниядан басталып Кіші Азия және
Египетпен аяқталды. Осы үлкен территорияны ежелгі республика заңымен емес,
басқаша басқарды. Рим империясы V ғасырға дейін өмір сүрді; осы уақытта
еуропалық өркениетінің негізі салынды.
Б.з.д Ш ғасырда Рим әлемі орнатылды, онда латын тілі мемлекеттік тіл
ретінде болды. Негізі - әдеби латын тілі болды. Латын тілінің дамуын 3
кезеңге бөлуге болады. Латын тілінің әдеби нормасы рим жазушылары мен
ақындардың шығармаларында белгіленген. Гүлдену кезеңді классикалық немесе
алтын латын деп атайды. Бұл кезеңде бай лексика философиялық, саяси,
ғылыми және техникалық мәселелерді суреттейді. Классикалық тілдің әдемілігі
үлгі.
Одан кейінгі классикалық (күміс) латын тілі - б.з. I-II ғасырларында
дамыған. Бұл уақытта әдеби тілдің фонетикасы мен морфологиясы қалыптасты.
Күміс латын тілі кезінде стилистика тереңдетіле зертеліп дамуда болды.
Алтын және Күміс кезеңдерінде латын тілі бір қалыпты дамыды. Бірақ
латын тілінің дамуы ауыр жолмен кетті, сол себептен таза классикалық тілді
жоғалтты.
Б.з. II – VI ғасырларында латын тілінің үшінші, соңғы (поздняя латынь)
кезеңі дамыды. Халық тілі мен жазу латын тілінің арасындағы айырмашылық
кетті. Рим империясы құлағаннан кейін латын тілі роман тілдерінің дамуына
себеп болды. Жазуда латын тіліне жаңа сөздер еніп, XVIII ғасырға дейін
Ватиканның саяси және ғылыми тілі болды. Ботаника және медицинада латын
тілінде жазулар жазылды.
Біздің заманымыздың басында Рим мемлекеті үлкен жерге ие болды, сондықтан
романизация басталды. Үшінші кезеңнің ерекшелігі - әдеби және халық сөйлеу
тілдерінің бір-бірінен айырылуы. Бұл жүйе Рим аймақтарында ерте басталды.
Мысалы, Солтүстік Африкада б.з. I-II ғасырларында латын тілінде сөйлеу
бөлек қалыптасты. Библия латын тіліне аударылып Вульгата деп аталды.
Үлкен жерлердің басып алынуы 400 жылдай болды, бұл уақытта сөйлеу латын
тілі көптеген өзгерістерге ұшырады. Сондықтан бұл кезеңнің тілін – ережеге
сай жатпайды деп атауға болады.
Әрбір тіл даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды (роман тілдерінде
айқын көрініп тұр). Қорытындылай келсек, онда –ае ай деп айтылды, ал ц
әріпінен кейін –і немесе –ае болса, онда к деп оқылды. Мысалы, Цицерон
- Кикеро, ал Цезарь - Кайсар деп оқылды. Бірақ классика нормасымен
қатар қарапайым сөйлеу тілі де болды.
Уақыт келе жата классикалық латын тілінде қарапайым халық сөйлескен жоқ. Ол
өлі тіл деп аталды. Дұрыс айтылуы да ұмытылды. Өлі тіл жоғалған жоқ,
оны әдебиетте, ғылымда, философияда қолданды.
Сонымен қатар мектеп және университет білімі латын тілінің қолданумен
салынды. Классикалық латынның грамматикасы, стилистикасы және үлгісі, ал
соңғы латын тілінен – айтылуы қалды.
Классикалық білім салт – дәстүрі негізгі орын алады. XIX ғасырда Ресейде
бір қатар классикалық гимназиялар болды, оқуы Еуропаға ұқсады.
Жоғарыда айтылғанға қайта оралсақ – Кикеро немесе Цицеро деп үзілді
кесілді – бір келкі жауап беруге болмайды. Латын тілінің дамуы ұзақ және
қиын болды, сол себепті бір жақты жауап беруге болмайды. Гимназияда халық
қолданған латын тілін қолданды. Ал классикалық тілмен көбіне тек филологтар
жұмыс істейді.

Латын тілі – ұлы ақындардың тілі

Әлем мәдениетінде латын поэзиясы үлкен орын алады.Ұлы латын ақындардың
шығармалары мәдениеттің негізі болды. Гуманитарлық білімнің шарты - латын
поэзиясын білу. Латын поэзиясының гүлденуі - б.з.б. I ғасыр. I ғасырдағы
Лукреция және Катулл ақындарының шығармалары түгелдей бізге жетті.
Тит Лукреции Кар (б.з.б. 96-55 жылдарда өмір сүрген) Табиғат заттары
туралы философиялық дастанның авторы. Дастанның тілі өте бай. Лукрецияға
Энний стилистикасы үлгі болды, ол өз уақытында дидактикалық дастандарды
жазды.
Гай Валерий Катулл (б.з.б. 87-54 жылдары өмір сүрген) лирикалық бағыттың
ақыны. Катуллдың 116 өлеңі бір жинаққа жиналды. Катулл әр уақытта сүйікті
ақын боп қала берді. Оның белгілі жолы Odi et amo (Жек көремін және
сүйемін) мақал-мәтелге айналды.
Ең атақты рим ақындары – Вергилий, Горации және Овидий болды.
Публий Вергилий Марон (б.з.б. 70-19 жылдары өмір сүрген), ол эпос жанрының
ірі уәкілі болды. Оның шығармалары Буколики немесе Эклоги. Ең басты
шығармасы - Энеида, ұлттық рим эпосына айналды. Осынан біз белгілі жолдар
табамыз: Сенің, римдық борышың – бүкіл халықтарды билеу! Міне өнерің
сенің: әлем құқығын жазу, берілгендерді аяу .... Ол ұлы Еуропа ақындарына
үлгі болды.
Квинт Гораций Флокк (б.з.б.65-2 жылдары өмір сүрген) лиро-эпостық және
сатира жанрының уәкілі. Гораций Еуропа мәдениетінің классикалық ақыны болды
- өмірдің ұстазы.
Публий Овидий Назон (б.з.б.43ж.-б.з.18ж.) элегия және эпос жанрының уәкілі.
Овидий махаббат лирикасы туралы элегия жинағын және монументалдық поэмалар
жазды. Латын поэзиясының әлемі өте бай. Лукреция, Катуллдан кейін Лукона,
Перана, Стация, Марциала аттары шықты.

Рим риторикасы

Антикалықтар ең жоғары деп сөзді бағалады. Антикалық жазушылар мен
философтардың пікірінше тек сөз ғана еркін және білімді адамның табиғи ақыл
–есін, қабілетін басқа адамдардың және өзінің алдында аша алады. Сөз - ол
адамдардың дұрыс сөз құрастыруын, және өз ойын дұрыс құрастырып сыртқа
жеткізуінің жалғыз жолы. Сондықтан барлық антикалық сонымен қатар, римдік
білім сөз арқылы құрылып, соған бағынды және қандай да арнайы ғалым болған
адамдарды жан-жақты дамытты.
Көне дәуірде көбінесе сөзді құрметтеді. Сөйлесудің жоғарғы формасы –
риторика. Көне әлемнің адамдары жазылғанды дауыстап оқыды, іштей көзбен
ешкім оқыған жоқ. IV ғасырда ақырын оқу сирек кездесті. Атақты христиан,
жазушы Августин өзінің досы, белгілі жазушы, христиан Амвросия Медиоланның
көзімен оқығанны айтып танырқайды.
Риторика өнері көне білімнің жоғарғы баспалдағы болды. Риторика
оқуының 3 басты қайнары болды, олар табиғи дарындылық, теориялық
білім және тәжрибелік жаттығулар. Білім риторикасының 3 негізгі дерегі
олар: табиғи дарындылық, өзіндік теориялық білім, және тәжрибелік жаттығу.
Сөз қорғау және дайындықтың 5 кезеңі саналады: материал табу (inventio) ,
оның дұрыс құрылымы (dispositio), оған сөз шығаруының қатысуы (elocutio) ,
жаттау немесе еске сақтау және сыртқа жеткізу (actio).
Римдік формалдық топтаудың 3 риторикалық түрі: 1) Салтанатты сөз, мерекелік
жиындарда, мақтау кезінде қолданылатын сөздер (genus demonstrativum). 2)
Кеңестік және саяси сөз, мемлекеттік лауазымдарға қатысты (genus
delibirativum). 3) Соттық сөз , айыптаушы мен қорғаушыға өздерінің
позицияларына қатысты сөздер (genius judicile). Римнің риторикасы гректерге
де қатысты болды. Грецияның ең атақты ораторы Демосфен саналды. Александр
Македонскийдің және Аристотельдің риторика жөнінде арнайы трактаты
жазылған. ІІІ ғ. аяғында гректік білім жүйе және шешендік сөйлеу Римге келе
бастады. II ғасырда грек риторикасы Римде қалыптасты. 161 жылы Римнен
барлық грек-риторика оқытушылары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Қазақ әліпбиінің жүйелері
Қазақ жазуының бастаулары
Графика мен әліпби туралы мәлімет
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Қаншама қазақтың ошағы сөнді
Палеографияның қазақ жазбаларындағы (хан- би жарлықтары, ресми қатынас кағаздары, жеке тұлғалардың хаттары, т. б. əр тұрлі құжаттар) таңбалардың қолданылу ерекшелігін анықтау
Көне түркі руна жазбалары
Ағылшын әріптері мен латын әріптерінің ұқсастықтары
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Пәндер