Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері туралы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика факультеті

СӨЖ №2

Тақырыбы : Өндірістік эстетика. Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері.

Орындаған: Ерболатова А. Е

Топ: П-409

Тексерген: Жұманова Г. Т

Семей 2015ж

Жоспар:

  1. Еңбекті қорғау бойынша нұсқамалар. Нұсқамалар түрлері.
  2. Қауіпсіздік техникасы.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер

Нұсқаулардың түрлері:

  1. Кіріспе нұсқау -кіріспе нұсқауды еңбекті қорғау инспекторы немесе қауіпсіздік техникасының инспекторы жүргізеді. Ол: 1) өндірістің түрімен таныстырады; 2) өндірістегі қауіпті және зиянды заттар бөлетін бөлмелермен таныстырады; 3) өндірістің жұмыс тәртібімен таныстырады; 4) жеке басының гигиенасымен.
  2. Бірінші нұсқау (первичный инструктаж) - бірінші нұсқауды цех немесе бөлім бастығы кейде мастер жүргізеді. Ол: 1) жұмыс орнымен таныстырады; 2) жұмыс істейтін жабдықтардың түрімен таныстырады; 3) жұмыс орнының дұрыс және қәуіпсізідік түрін ұйымдастыруды үйретеді; 4) цехтағы немесе сол бөлімдегі қәуіпсізідік техникасы жөнінде түсінік береді.
  3. Қайталама нұсқау (повторный инструктаж) - қайталама нұсқауды цех бастығы немесе еңбекті қорғау инспекторы әр 3 немесе 6 айда жүргізеді. Барлық жұмысшылар және қызметкерлер нұсқауды қабылдау керек.
  4. Кезектен тыс нұсқау (внеочередной инструктаж) - 1) егер өндірісте технологиялық процесс өзгерсе немесе жұмысшыны бір жабдықтан, екінші жабдыққа ауыстырған кезде жүргізіледі; 2) егер берілген нұсқаулар жеткіліксіз болып, өндірісте төтенше жағдай болған кезде нұсқау жүргізіледі; 3) егер қәуіпсіздік техникасының құжаттарының талаптары бұзылса, осы кезде кезектен тыс нұсқау жүргізіледі.
  5. Арнайы нұсқау (целевой инструктаж) - жұмыстың бір-ақ түрін орындайтын кезде жүргізіледі.

Кіріспе нұсқама

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама бөлімі, осы мамандық немесе лауазымы бойынша жұмыс өтіліне байланыссыз жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапарға келгендерге, өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізіледі.

Ұйымдағы (кәсіпорындағы) кіріспе нұсқаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет немесе бұл міндеттер ұйым бұйрығымен жүктелген тұлға жүргізеді.

Кіріспе нұсқаманы жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ереже, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып бекіткен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызмет әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізеді.

Алғашқы нұсқама

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама ұйымның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары еңбек қауіпсіздігі стандартының талаптарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тиісті ереже, нормалар мен нұсқаулықтарды ескере отырып әзірлеген және бекіткен бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама еңбектің қауіпсіз тәсілдерін практика жүзінде көрсете отырып, әрбір жұмысшыға жеке жүргізіледі. Алғашқы нұсқама біртекті жабдыққа қызмет көрсететін қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

Өндірістік қызмет басталғанға дейін жұмыс орнындағы алғашқы нұсқама:
1) ұйымға жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екіншісіне ауысқанқ қызметкерлердің бәріне

2) өздері үшін жаңа жұмыс орындап жатқан қызметкерлердің, іссапарға келгендердің, уақытша қызметкерлердің бәріне

3) жұмыс істеп жатқан ұйымның аумағында құрылыс-монтаж, жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшыларға

4) өндірістік оқуға немесе тәжірибеге келген оқушылар мен студенттерге жүргізеді.

Алғашқы нұсқау беру техникалық құралдардың, көрнекті құралдардың және істейтін газ пайдаланушы жабдықтың қолданылуымен жүргізіледі.

Қайталама нұсқама

Қайталама нұсқамадан қызметкерлер біліктілігі, білімі, өтілі, орындайтын жұмысының сипатына байланыссыз жартыжылдықта кемінде бір рет өтеді.

Қайталама нұсқаманы біртекті жабдыққа қызмет көрсететін жеке қызметкерлерге немесе қызметкерлер тобына және жалпы жұмыс орны шегінде жүргізіледі.

Жоспардан тыс нұсқама

  1. қолданысқа еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жаңа немесе өңделген стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар.
  2. технологиялық үдеріс өзгерген, жабдықтарды, құрылғылар мен құралдарды, сыртқа шығарылатын шикізат пен материалдарды және т. б. еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар ауыстырылған нұсқаулар.

3) қызметкерлер жарақаттануға, апатқа, жарылыс пен өртке, улануға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін еңбек қауіпсіздігін бұзған кезде.
4) бақылаушы қадағалау органының талабы бойынша жүргізіледі.

Мақсатты нұсқама

Мақсатты нұсқама мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, цехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде жүргізіледі

Қауіпсіздік техникасы - еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.

Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың - стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік эстетика Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері туралы ақпарат
Өндірістік эстетика
Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері
Еңбекті қорғау пәні
Өндіріс нысандары мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша қойылатын талаптар
Кәсіпорындардағы Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі
Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
Еңбек қорғаудың түсінігі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz