Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері жайлы


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері
Орындаған: Мұханова М. А
Тексерген: Қуантқан Б. Қ
2015 ж
ЖОСПАР
- Меркантилизмнің мәні мен мазмұны
- Алғашқы және соңғы меркантилизм
- Меркантилизмнің тарихи мағынасы
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
«Меркантилизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. «Меркантилизм» итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді.
Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада:меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді.
Өндіріс күштерінің дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, қолөнер мен сауда орталығы болған қалалардың өсуі, өнімділік рентаның ақшалағай рентаға алмасуы, феодализмнің дамуын жаңа кезеңге дайындады. Меркантилизм терминінің өзі итальяның мерканте сөзінен шыққан баламасы «көпес» дегенді білдіреді. Бұл терминнің астарында мынадай мағыналар жатыр, біріншіден меркантилизм капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі феодладық-абсолюттік мемлекеттің экономикалық саясатын білдіреді, яғни сауда капиталының мүддесін қорғап, экспортқа жұмыс жасайтын сауда мен өнеркәсіптің дамуына ықпал жасайды. Екіншіден, меркантилизм айналыс саласын зерттеудегі, классикалық табиғаты жағынан сауда капиталының мүддесін қорғаушы, меркантилистік экономикалық саясатты мақсат тұтушы экономикалық ілім. Меркантилизм саяси экономияның алғашқы мектебі бола отырып, оның өкілдері мемлекеттің көмегі, абсолютизмнің көмегіне сүйенуге тырысты. Меркантилистік саясаттың да басты мақсаты елге неғұрлым байлық алтын мен күміс түріндегі көлемін көптеп тарту болды. Мұндай ұмтылыстың объективті негізі тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты ақшаға деген қажеттіліктің өсуі еді.
Меркантилизмнің дамуы екі кезеңнен өтті: алғашқы және кейінгі. Бірінші кезеңде ақша балансы саясаты жүрді. Оның негізгі мақсаты қалайда елде ақша қаражаттарын қалдыру. Алтын мен күмісті ұлттық көлемде қорға жинау үшін ақша айналымын реттеу қажет болды. «Ақша айналымын реттеу тоқырауға әкеліп соғуы керек, өйткені лордтардың сандығында ақша айналмай өлі жүк болып қалады», - деді Ф. Энгельс.
Екінші кезеңде, сауда балансы саясаты жүргізілді. «Сауда балансы» принципі ішкі сауданың кең көлемде дамуымен іштегі ақшаның жұмысқа қосылуына себепкер болды. Соңғы кезеңде меркантилистер ақша аумағын тауар айырбастау аумағына айналдыра бастады, ақшаны шетелге шығаруға қарсы болмады. Шетелден арзан тауар өнімдерін сатып алып, оны ел ішінде ішкі рынокта қымбатына сатып отырды. Отарлау саясаты оларға өз өнімдерін өөткізу үшін және жаңа рынок көздерін іздеуі үшін керек болды. Италияда шынайы меркантилизмге экономикалық және саяси жағдайлар қарсы болды. Бірақ итальяндықтар экономикалық ілімнің дамуына өз үлестерін қоса білді. Олар монетаризм саясатына жақындау болды, әсіресе итальяндық банкирлерді қызықтырған ақша айналымы, әр елдерге бірдей ақша бірлігін шығару, ақша айналымын реттеудегі мемлекеттің рөлі, алтын мен күмістің арақатынасы сияқты мәселелер болды.
ХҮІІ ғ. Меркантилизм доктриналарын келеке етуші памфлеттер (сықақ) әңгімелер көбейді. Соның мысалы ретінде Ост - Үнді компаниясының директорларының бірі Т. Меннің (1571-1641) «Англия мен Ост-Үнді арасындағы сауда туралы ой қозғалымдары» сықақ әңгімесі «сауда балансы» теориясының шығуына әкелді. Бұл еңбегінде ол монетаризмді әшкерлейді. Оның пікірінше сауда мемлекетті байыту тәсілі, сол сияқты Мен «саудадан басқа ақша табудың тәсілі жоқ», дей келе «егер экспортқа шығарушы тауарлардың құны жыл сайын сырттан әкелінетін тауарлардың құнынан жоғары болған жағдайда елдің ақша қоры көбейеді» деген пікір айтады. Англия мен Ост-Үнді компаниясы арасындағы сауда қатынастарының Англия үшін тиімділігін, оның кеме құрылысын дамытуға қосқан үлесін Мен «ұлы мәртебелі іс» деген сөздермен дәлелдейді. Т. Мен ақшаны сыртқа елдерге шығаруға қарсы болмайды. Бұл туралы «алтын сауданы туғызса, ал сауда ақшаны көбейтеді», -дейді. Т. Меннің екінші еңбегі «Сыртқы саудадағы Англияның байлығы немесе біздің сыртқы сауданың балансы біздің байлығымыздың үдеушісі ретінде» (1630) деп аталады. Осы атаудың өзінен - ақ «сауда балансының» мәнісі дәл аңғарылады. Бұл еңбек автордың қайтыс болғаннан кейін жарияланғанымен (1664) меркантилизмнің дамуына зор үлес қосты. Автор еңбегінде сырттан сатып алғаннан гөрі шетелдерге тауарларды көбірек сату, ауылшаруашылығында өнеркәсіп шикізаттары базасын кеңейту, шетел тауарларын тұтынуды азайту, олармен бәсекелестікті күшейту, ағылшын тауарларының сапасын жақсарту бағытында түрлі ойлар мен нұсқаулар қалдырды. Т. Мен сән-салтанатты тұрмыстың өлшемі отандық тауарларды тұтынуда екендігін білдіріп, «дәулеттілердің керексіз, артықшылықтары жарлыларға жұмыс тауып беруі мүмкін» дегенді айтты.
Француз меркантилизмнің дәлірек айтсақ пайда күнемділіктің егжей-тегжейлі экономикалық бағдарламасы А. Монкретьеннің (1575-1621) «Саяси экономия трактаты» (1615) шығармасында берілген Монкретьен экономика ғылымына «саяси экономия» терминін алғашқы енгізуші ретінде өз есімін мәңгілік етті. Ол адамдар бақыты - байлықта, ал байлық - еңбекте» деген пікір айтты. Шын молшылық отандық өнімдерді пайдалану мен тұтынуда, оларды өндірушілер жұмыспен қамтылғанда «пайдалары елде қалады» деп тұжырымдайды. Сонымен қатар көпестердің «өте пайдалылығын», сауданың «әр түрлі қолөнердің негізгі мақсаты», шетелдік саудагер, кәсіпкерлердің ел байлығын іштен сорушылар екендігі, оларды елден қуу туралы бірталай пікірлер айтылды. Монкретьен мемлекеттің экономикаға араласуын, салықтың салынуын құптаушы, өнркәсіптің дамуы мен оның өнімдерін жетілдіру жолдары туралы нұсқаулар береді, саудадан түскен пайданы иеленуге де қарсылық білдірмейді.
Меркантилизмнің 1661-1683 жж. Францияда кең түрде таралуына Людовик ХІҮ министрі Кольбер (1619-1693) көп еңбек сіңірді. Ол мемлекеттің күш қуаты қарамағындағы ақша көлемімен анықталады, оның нағыз көзі саудада дегенді айтты. Осы бағытта Кольбер 1664 жылы Ост-Үнді компаниясын ашады, мануфактуралық өндірісті дамытуға үлкен күш жұмсады. Протекционистік кедендік тарифті кіргізді, салық салуды, нанның бағасын төмендету саясатын жүргізді. Бұл шаралардың бәрі елдегі сауданы дамытудың алғашқы шарттары деп есептеді. Сонымен қатар Кольбер нанды шетелге шығаруға тиым салып, ал оның сырттан еркін әкелінуіне мүмкіндік бере отырып, фермерлік шаруашылықтың қалыптасуын тежеді. Сол кездегі Францияның ішкі рыногының қарсыласы Англияға қарағанда «тар» болуы осы жағдаймен түсіндірілді. Кейін Франциядағы Кольбер жүргізген меркантилизм саясатының «кольбертизм» атануы да осы себептерден.
Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вилья Стаффорд (1554-1612ж. ж. ) және Томас Мен (1571-1641ж. ж. ) болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz