Синтаксис жайлы түсінік, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері



Жоспар.

Синтаксис жайлы түсінік, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері.
1. Синтаксис
2. Сөздердің байланыс тәсілдері.
1. Жалғау арқылы.
2. Шылау арқылы.
3. Сөздердің орын тәртібі арқылы.
4. Интонация арқылы.
3. Сөздердің байланыс түрлері.
Синтаксис жайлы түсінік.
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері.

Синтаксис – гректің сөзі: құру, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Ол грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір – бірімен байланысын, сөз тркесін, сөйлемнің құрамы мен құрылысын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі.
Сөйлемде сөздер бір – бірімен грамматикалық байланыста қолданылады. Кез келген қатар тұрған сөздер бір – бірімен байланыса бермейді. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, яғни сөздер бір – бірімен белгілі бір тәсілмен байланысады. Ондай тәсіл қазақ тілінде төртеу.
1. Жалғау арқылы.
2. Шылау арқылы.
3. Сөздердің орын тәртібі арқылы.
4. Интонация арқылы байланысу.
Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқыл бір – бірімен байлансқа түседі. Мсалы мен келдім. Алматыға келдім деген тіркестеріндегі сөздер өзара жіктік, септі жалғаулары арқылы байлнысқан. Оқу үшін // келдім тіркесі шылау арқылы байланысқан. Үсен – жақсы инженер деген сөйлемдегі жақсы инженер деген тіркес ешбір жалғаусыз, тұрған орны арқлы байланысып тұрса, Үсен инженер деген тіркестегі сөздер дауыс ырғағы – интонация арқылы байланысқан.
Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері сөз тіркестері мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары екендігі жайында жоғарыда айтылды. Осылардың ішінен, ең алдымен, сөздердің байланысу амалдары мен формалары туралы тоқталайық.
Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан жасалады. Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық және грамматикалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте, тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің үлгілері (модельдері) пайда болады.
Сөз тіркестерінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің (стержневое слово) қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің құрылымы, әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына, атап айтқанда, қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз тіркссін құрастырушы сөздердің өзара қарым-қатысы мсн байланысының сипатын айқындауға ол сөздердің жалпы категорияльдық мағынасының тікелей қатысы бар. Мысалы, заттылық мағынаны білдіретін сөздер тобы (зат есімдер) ұйытқы (басыңқы) сөз ретінде қолданылғанда, атрибутивтілік (сын, сапа түр-түс және т. б. белгілер) мағынаны білдіретін сөздермен (сын есімдер) тіркесуге және анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімшелер және есімдіктермен тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз тіркестері және олардың моделі жасалады. Сын есімдер заттардың санасып, белгісін білдіріп, тіркесінің тәуелді, бағыныңқы сыңары ретінде қызмет атқарумен біргс (мысалы: ақылды адам, бай колхоз) өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа септіліктердің бірінде тұруын керек етіп, сөз тіркесінің басыңқы (ұйытқы) сыңары ретінде де қызмет атқара алады (мысалы: ақылға бай, сөзге шебер, қаладан тыс, тастан қатты, құлықты көргіш, сұмдықты білгіш). Мысалы: Абай өлеңдеріндс: Құлықты көргіш, Сұмдықты білгіш, Табылар кісі жөндерге мінезімен сыйымды және т. б.).
Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте-мөте мол сөз табы ретінде есептелінеді. Әр түрлі іс-әрекеттің, қимылдық мазмұнын ашу-үшін іс істеушінің, іс-әрекеттің шығу тегінің, қалай болғандығының көрсетілуі
Пайдаланылған әдебиеттер.


1. Аханов К. «Тіл білім - негіздері».
2. А.Исаханов. «Қазіргі қазақ тілі».
3. А. Байтұрсынов «Тіл құралы».
4. Қасенов. «Тіл білімі».
5. Мырзабеков «Қазақ тілінің дыбысының жүйесі».
6. Кеңесбаев, Мұсабаев. «Қазіргі қазақ тілі». Алматы – 1973 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Синтаксис жайлы түсінік, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері.
1. Синтаксис
2. Сөздердің байланыс тәсілдері.
1. Жалғау арқылы.
2. Шылау арқылы.
3. Сөздердің орын тәртібі арқылы.
4. Интонация арқылы.
3. Сөздердің байланыс түрлері.
Синтаксис жайлы түсінік.
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері.

Синтаксис – гректің сөзі: құру, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Ол
грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір –
бірімен байланысын, сөз тркесін, сөйлемнің құрамы мен құрылысын, түрлерін
және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді:
сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі.
Сөйлемде сөздер бір – бірімен грамматикалық байланыста қолданылады. Кез
келген қатар тұрған сөздер бір – бірімен байланыса бермейді. Сөздердің
сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, яғни сөздер бір – бірімен
белгілі бір тәсілмен байланысады. Ондай тәсіл қазақ тілінде төртеу.
1. Жалғау арқылы.
2. Шылау арқылы.
3. Сөздердің орын тәртібі арқылы.
4. Интонация арқылы байланысу.
Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқыл бір – бірімен
байлансқа түседі. Мсалы мен келдім. Алматыға келдім деген тіркестеріндегі
сөздер өзара жіктік, септі жалғаулары арқылы байлнысқан. Оқу үшін келдім
тіркесі шылау арқылы байланысқан. Үсен – жақсы инженер деген сөйлемдегі
жақсы инженер деген тіркес ешбір жалғаусыз, тұрған орны арқлы байланысып
тұрса, Үсен инженер деген тіркестегі сөздер дауыс ырғағы – интонация
арқылы байланысқан.
Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері сөз
тіркестері мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз тіркесі мен
сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары екендігі жайында
жоғарыда айтылды. Осылардың ішінен, ең алдымен, сөздердің байланысу
амалдары мен формалары туралы тоқталайық.
Сөз тіркесі де, сөйлем де сөздердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан
жасалады. Сөз тіркесінің жасалуы үшін оның құрамындағы сөздер мағыналық
және грамматикалық жақтан байланыста айтылуы шарт. Сөз тіркестері, әдетте,
тілдің грамматикалық құрылысындағы заңдар, атап айтқанда, сөздердің бір-
бірімен тіркесу заңдары бойынша жасалады да, әрбір тілде сөз тіркестерінің
үлгілері (модельдері) пайда болады.
Сөз тіркестерінің және олардың модельдерінің жасалуында ұйытқы сөздің
(стержневое слово) қай сөз табынан болуының үлкен мәні бар. Сөз тіркесінің
құрылымы, әдетте, оның құрамындағы ұйытқы сөздің грамматикалық табиғатына,
атап айтқанда, қай сөз табына қатысты болуына қарай айқындалады. Сөз
тіркссін құрастырушы сөздердің өзара қарым-қатысы мсн байланысының сипатын
айқындауға ол сөздердің жалпы категорияльдық мағынасының тікелей қатысы
бар. Мысалы, заттылық мағынаны білдіретін сөздер тобы (зат есімдер) ұйытқы
(басыңқы) сөз ретінде қолданылғанда, атрибутивтілік (сын, сапа түр-түс және
т. б. белгілер) мағынаны білдіретін сөздермен (сын есімдер) тіркесуге және
анықтауыштық қызметте жұмсалатын сан есімдер, есімшелер және есімдіктермен
тіркесуге икем келеді де, атрибутивті сөз тіркестері және олардың моделі
жасалады. Сын есімдер заттардың санасып, белгісін білдіріп, тіркесінің
тәуелді, бағыныңқы сыңары ретінде қызмет атқарумен біргс (мысалы: ақылды
адам, бай колхоз) өзінің алдындағы есімдердің атау мен іліктен басқа
септіліктердің бірінде тұруын керек етіп, сөз тіркесінің басыңқы (ұйытқы)
сыңары ретінде де қызмет атқара алады (мысалы: ақылға бай, сөзге шебер,
қаладан тыс, тастан қатты, құлықты көргіш, сұмдықты білгіш). Мысалы: Абай
өлеңдеріндс: Құлықты көргіш, Сұмдықты білгіш, Табылар кісі жөндерге
мінезімен сыйымды және т. б.).
Етістіктер тіл-тілде тіркесу мүмкіндігі өте-мөте мол сөз табы ретінде
есептелінеді. Әр түрлі іс-әрекеттің, қимылдық мазмұнын ашу-үшін іс
істеушінің, іс-әрекеттің шығу тегінің, қалай болғандығының көрсетілуі
қажет. Осыған орай, етістіктер ұйытқы сөздер ретіндс өзіне бағынышты зат
есімдермен де, үстеулермен де, көсемшелермен де, еліктеу сөздермен де
тіркесе береді.
Сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіндігінің молдығы немесе аздығы ол
сөздердің сөз табы ретінде жалпы категорияльдық мағынасымен тығыз
байланысты. Мысалы, үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіруіне
орай, әдетте, зат есімдермен емес, көбінесе етістіктермен тіркессе, сын
есімдер мен есімшелер заттардың алуан түрлі белгілерін білдіруіне орай,
көбінесе зат есімдермен тіркеседі, олардың анықтауыштары ретінде қызмет
атқарады.
Бірақ сөз табының ішіндегі әр түрлі сөз топтарының басқа сөздермен
тіркесу қабілетінде де ерекшеліктер мен айырмашылықтар болуы мүмкім.
Мысалы, етістіктердің ішінде сабақты етістіктер табыс септігіндегі зат
есімдермен және субстантивтенген басқа да сөздермен тіркесін, сөз
тіркесінің белгілі бір моделін жасаса, салт етістіктер табыстан басқа
септіліктердегі сөздермен тіркесіп, сөз тіркесінің алуан түрлі модельдерін
жасайды.
Сонымен, сөз тіркестерінің және олардың түрлерінің жасалуында ұйытқы
сөздің қай сөз табының болуының және бір сөз табының ішіндегі әр түрлі сөз
топтарының лексика-грамматикалық табиғатының айрықша мәні мен қызметі бар
екендігін көреміз.
Сөздердің бағыныңқы-басыныңқы байланысы деп бір сөздің басқа бір сөзге
грамматикалық бағыныштылығын (тәуелділігін) айтамыз. Мұндайда бағыныңқы
сөздің (немесс сөздердің) белгілі бір формада (немесе формаларда) тұруын
басыңқы сөздің категорияльдық мағынасы (немесе категорияльдық қасиеті)
айқындап белгілейді.
Сөз тіркесін құрастырушы сөздер бір-бірімсн синтаксистік байланысқа
түседі. Сөз тіркесінің құрамындағы ұйытқы сөз бен бағыныңқы сөздің
арасындағы синтаксистік байланыстын тіл-тілде бірнеше түрі бар. Мысалы,
орыс тіліндс синтаксистік байланыстың қиысу деп аталатын түрі бойынша
ұйытқы сөз бен бағыныңқы сөз бір-бірімен тек (род) жағынан да жекелік-
көптік жағынан да, септік жағығынан да қиысып, сөз тіркестері жасалады.
Мысалы: высокая гора - высокие горы; высокой горы - высоких гор; высокой
горы - высоким горам. Орыс тілінде сөйлем құрамындағы тұрлаулы мүшелер де
(бастауыш, баяндауыш) қиыса байланысады. Мысалы: Он играл, Она играла. Ал
түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, қиысу сөйлемнің мүшелерін,
атап айтқанда, бастауыш пен баяндауыш мүшелерді байланыстыру үшін
жұмсалады. Қиысу сөздердің синтаксистік байланыс түрлерінің бірі ретіндс
орыс тілінде сөз тіркесіне де, сөйлемге де қатысты болса, қазақ тілінде
көбінесе сөйлемге қатысты. Осыған орай, түркі тілдері үшін синтаксистік
байланыстың қиысу деп аталатын түрін предикативті байланыс түрі деп атауға
болады.
Түркі тілдерінде матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздер
бір-бірімен жақ және жекелік-көптік жағынан үйлесіп айтылады. Мысалы, менің
кітабым деген сөз тіркесінің екі сыңары бірдей жекеше және бірінші жақта
тұрса, сенің кітабың деген сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Синтаксис туралы жалпы түсінік
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Сөз тіркесі синтаксисі
Пәндер