«Жоқтау» өлеңдерінің көркемдік аспектілері



Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
2.1Жоқтау тарихы
2.2 Жоқтау түрлері
2.3 Жоқтау дәстүрінің ғұрыптық мәні
2.4.Жоқтау өлеңдердің тәрбиелік мәні
Қорытынды:
Қазақ халқының дәстүрінде тәрбиелiк iс-әрекеттер баланың туған күнiнен бастап, азамат болып, отбасын құрып, ел басқару iсiне араласқан кездерiнде, қала бердi адамды о дүниеге шығарып салуға дейiнгi салт-дәстүрлерде (құда түсу, үйлену, шiлдехан, бесiкке салу, қарын шашын алу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу, тiл ашар, бастаңғы, мал бағу, көшiп-қону, жауға аттану, естiрту, жоқтау, жаназалау, жетiсi, қырқы, бейiт тұрғызу, жылын беру т.б.) кездесетiн ырымдар мен жол-жораларда iске асырылады. Яғни адам баласы туғаннан о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң бесiгiнде тербеледi. Ол халық тәрбиесiнiң өмiршеңдiгiн, үздiксiз жүргiзiлетiн процесс екенiн көрсетедi. Сондықтан да адам баласы дүниеге алғаш келген күннен о дүниеге аттанып кеткенше (пәниден бақиға дейiн) халықтық тәрбиенiң құшағында өмiр сүредi. Халықтық ырымдар, жол-жоралар жиналып келiп ұлттық салт-дәстүр рәсiмдерiнiң бәрi белгiлi бiр мақсатты көздей iске асырылып, ол ойлар өлең-жырмен өрнектеледi.
1. «Мың бір мақал; Жиырма үш жоқтау.»-Алматы:Қазақстан 1993ж 44-45 б
2. Т. Арынов «Боздағым» Қазақтың жоқтау жырлары. – Алматы, «Жазушы» 1990. – 5-11б.
3. Т. Арынов «Жырмен қаланған ескерткіш» (Жоқтау өлеңдерінің шығу тарихы) Қазақстан әйелдері. № 1 – 26 б.
4. «Егеменді Қазақстан» №90-93 12 Наурыз, 2010 жыл
5.Болат Құрманғажыұлы. “Қар¬ға адым жерде қаза бар”
6. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.
7.Ж. Қ.Жакупова Жоқтау жанры // ҚазҰУ хабаршысы. 2005. № 4 – 168-169б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

Реферат
Тақырыбы:
Жоқтау өлеңдерінің көркемдік аспектілері

Орындаған: Аманжолова Ә.А
Тексерген:Жүндібаева А.Қ


Семей 2015
Жоспар:
Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
2.1Жоқтау тарихы
2.2 Жоқтау түрлері
2.3 Жоқтау дәстүрінің ғұрыптық мәні
2.4.Жоқтау өлеңдердің тәрбиелік мәні
Қорытынды:

Қазақ халқының дәстүрінде тәрбиелiк iс-әрекеттер баланың туған күнiнен бастап, азамат болып, отбасын құрып, ел басқару iсiне араласқан кездерiнде, қала бердi адамды о дүниеге шығарып салуға дейiнгi салт-дәстүрлерде (құда түсу, үйлену, шiлдехан, бесiкке салу, қарын шашын алу, тұсау кесу, атқа мiнгiзу, тiл ашар, бастаңғы, мал бағу, көшiп-қону, жауға аттану, естiрту, жоқтау, жаназалау, жетiсi, қырқы, бейiт тұрғызу, жылын беру т.б.) кездесетiн ырымдар мен жол-жораларда iске асырылады. Яғни адам баласы туғаннан о дүниеге аттанып кеткенше халықтық тәрбиенiң бесiгiнде тербеледi. Ол халық тәрбиесiнiң өмiршеңдiгiн, үздiксiз жүргiзiлетiн процесс екенiн көрсетедi. Сондықтан да адам баласы дүниеге алғаш келген күннен о дүниеге аттанып кеткенше (пәниден бақиға дейiн) халықтық тәрбиенiң құшағында өмiр сүредi. Халықтық ырымдар, жол-жоралар жиналып келiп ұлттық салт-дәстүр рәсiмдерiнiң бәрi белгiлi бiр мақсатты көздей iске асырылып, ол ойлар өлең-жырмен өрнектеледi.
Өлiктi естiрту, жоқтау, жөнелту рәсiмдерiмен байланысты туған өлең-жырларда да тәлiмдiк мақсат көзделедi.
Ертеден бері келе жатқан салт өлеңдерінің бір түрі - жоқтау екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов: Жоқтау өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға айтылады. Өлген адамның әйелі, иә қызы, иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, өлгенінше бастарына түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі сөз - жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді. Сондықтан жоқтау ақын лұғатты келеді [1, 308 б.], - деп түсініктеме береді.
Өмір бар жерде өлім де бар дейтін халқымыз өлгенді дәріптеп, еске түсірумен қатар тірі шағында еткен еңбегі мен жасаған жақсылығын кейінгіге үлгі ету мақсатында туындаған жоқтау дәстүрінің тамыры тереңге жайылған.
Ал қазіргі кездегі жоқтаудың мәні өзгеріп бара жатқандығы бәрімізге мәлім. Әсіресе қарапайым халық арасында не тәрбиелік мәні жоқ, не жоқтаушы адамның тындырған ісі, бала-шағасына қалдырған өсиет-мұрасы айтылмайды. Ұйқас қуып, дауыс шығарды деген атты ғана ойлайтын болдық.
Жұмыстың негізгі мақсаты жоқтау өлеңдердің бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, қазіргі кездегі жоқтау өлеңдердің сипатын, тәрбиелік мәнінің жоғалып, жаттанды қара өлең түріне айналып бара жатқандығын ашып көрсету.
1.1 Жоқтау тарихы
Жоқтаудың дәл қай кезде туып, дәл қай кезде хатқа түскенін нақты айту қиын. Десек те, осы қастерлі дәстүр көшпелілер өмірінде басқа ешбір халыққа ұқсамайтын, өзіндік бағытта, тосын бір жолда қалыптасты, дамыды. Академик Ә. Марғұлан: Жоқтау әдебиеттің ең ескі түрі. Оның шығуы үй ішінде, қауым ортасында болған игі адамдардың дүниеден көшкеніне өкініп, оларды еске түсіру ретінде айтылған жыр. Жоқтау Орхон жазуларының түбегейлі аялғысы, -- дейді. Бұдан түйер ойымыз, этнографиялық сипаттағы тасқа қашап жазылған дастандарымыз жоқтаудың көне үлгісі ретінде көрінеді.
Жоқтаудың ежелгі үлгілері үнді эпосы "Махабхаратада" да, Гомердің поэмасы "Илиада" да, Мысыр жырларында да кездеседі. Жоқтау үлгісіндегі жырларды ежелгі грек трагедияшылары, сондай-ақ Рим ақындары Катулл мен Вергилий де жазған.
Сонау сақ - тар мен ғұндар дә - уі - рі - нен бастап-ақ біз - дің түркі бабаларымыз қайтыс болған адам - ды жоқтап, дауыстап жылап жерлеп кел - ген. Бұл ата дәстүріміз бізде күні бүгінге дейін сақталып қалған.
Жоқтау жырлары ежелгі түркі халықтарына ортақ басқа әдеби мұраларда да кездесіп отырады. Соның бірі - оғыз-қыпшақ дәуірінің (8 - 9 ғасырлар) ескерткіші "Қорқыт ата кітабындағы" Дирсеханның жалғыз ұлы Бұқашты анасының жоқтау жыры. Осындай жоқтаулар ауыз әдебиетіндегі "Қобыланды батыр", "Алпамыс батыр", "Ер Тарғын" сияқты қаhармандық эпостарда, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек" сияқты ғашықтық жырларда да ұшырасады. Бұл жоқтау батырдың ел-жұртынан амалсыз айырылған кезінде, жау қолына түсіп дұшпанынан қорлық көрген кезінде туыстарының қайғысымен аралас суреттеліп отырады. Жоқтаудың бізге жеткен көне үлгілері халық тарихындағы болған оқиғалармен сабақтас. Осындай оқиға Қодан тайшының атақты жоқтауымен байланысты халық жадында сақталып қалған. Қара қыпшақ Қобыланды Әбілхайыр ханның қазысы, арғынның әділдігі үшін Ақжол аталған биі Дайырқожаны өлтіреді (1456). Сонда әкесі Қодан тайшының қаза болған ұлының сүйегін айналып жүріп айтқан, "Қара қыпшақ Қобыландыда, Нең бар еді, құлыным" деп басталатын жоқтау арада сан ғасыр өтсе де халық жадында сақталып қалған. Дайырқожа өлгеннен кейін Жәнібек, Керейлермен бірге Шу бойына көшкен Қодан тайшы Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне өз үлесін қосқаны тарихтан белгілі. Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша, жоқтауды марқұм болған адамның артында қалған әйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да туыстарының әйелдері айтады. Ел ішіне кең тараған жоқтау жырлары негізінен айтар ой сарыны, ұйқасы, образды сөз кестесі жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Елге қадірлі, беделді адамның қазасын лайықты жырмен жоқтау оның артындағы қалған ел-жұртына салмақты сын болған. Әдетте, жаттанды сөздермен көпке белгілі жоқтау үлгілері ондай кезде жаңаша айтылып, мазмұны жағынан толығып отырады. Ел есінде сақталған осындай жоқтау үлгілері ауызша тарап, көпшілігі кейінгі ұрпаққа жеткен. Осындай жоқтаулардың бірі - "Мамайды шешесі Қараүлек ананың жоқтауы" (1559). Қараүлек ана Мамайдың бойындағы асыл қасиеттерін терең жеткізіп, осындай адам өлген соң елдің келешегі не болады, орнын кім толтырады деп тебіренеді. Жоқтаудың айтылған уақыты да, ондағы адамдардың өмір сүрген дәуірі де тарихи деректерге сәйкес. Атақты Қаз дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтау жыры да (1758) - аяулы азамат есімін қастерлеп, кейінгіге оның ісін жоқтау жыры арқылы жеткізе білудің жарқын үлгісі. Қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға "ой, бауырымдап" ат қойып шауып келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі. Жаз күндері қаралы ауыл көшіп-қонғанда, үй жығып жатқанда дауыс салып жоқтау айтылады. Таң сәріден тұрып, жүк артып болып, көш жолға шығар алдында да жоқтау айтылған. Мұның бәрі - қайтыс болған адамның соңғы күндері өткен, соңғы рет жүріп-тұрған жерін, қоныстанған жұртын қимай, сол атамекені мен қайтқан адамның арасындағы үзілген байланыстың қайғысын жария етуді білдіреді. Баратын жеріне жеткенше қаралы көш жоқтау айтуды жалғастырып, сол мұңды, зарлы қалыптарымен келесі қонысқа жеткенше ешқайда бұрылмай жүре беретін. Жолда кездескен ауыл қаралы көштің қонақасын көтеріп алатын болған. Сондай-ақ жоқтау қаралы хабарды кеш алған сыйлы адамдар келгенде де айтылады. Жоқтаудың созылыңқырап айтылатын, ғасырлар бойы қалыптасқан әр түрлі сарыны бар
Елім деп еңіреп туған ерлерін, қол бастаған батырларын, ту көтерген ұлдарын ардақтау бағзы заманнан келе жатқан салт. Жоқтау - түркі халықтарында ежелден тұрмыс-салтымен бірге келе жатқан көне жанр.
Түркі қағанаты дәуірінің сөз шеберлері де белгілі қоғам қайраткерлері, батырлары қайтыс болғанда көне дәуірлерден қалыптасқан дәстүр бойынша жоқтап, олардың еліне еткен қажырлы іс, еңбектерін, ерлікке толы батырлық жорықтарын көлемді жырға айналдырумен қатар, оларға ескерткіш орнатып, жазып қалдыруды, санадан өшірмеуді дәстүр еткен.
Көне түркілер заманында (V-VIII ғасырларда) тасқа қашалған дәйектердің көбінде жеке батырлар, ел басқарған, жорық жүргізген айтулы сарбаздар, олардың ерлігі, өмірі суреттелсе, сол жорықтарда қаза тапқан әрі ақылды, әрі батыр ұлдары (Күлтегін, Білге Қаған т.б) арналған жоқтаулардың бірен-сараны бүгінде сақталған.
Жоқтаудың әлеуметтік, идеялық тұрғысынан қарағанда, қазақ қауымының ислам дінін місе тұтпай, толық мойындамай өткені бірден білінеді. Оның сыры мынада. Сонау көне замандардағы түркі кезеңінің өзінде (V-VIII ғасырларда) түркі тайпаларынан өлген адамға қатты қайғырып, өлген адамның тумалары шашын жұлып, бетін тырнап, құлағын кесіп, өздерін қорлайтын әдет болған. Оның мәнісі өлген жақсы адамның артында қалып, онсыз сүрген өмірде не мән бар? -- деп қараудан шыққан. Бұған ешкім тыйым салмаған. Сондай-ақ, Иорданның еңбегінде Еділ (Атилла) патша қайтыс болғанда ғұндар қайғыра отырып, той өткізген. Бір-біріне кереғар көрінетін шаралардың өткізілуін ежелгі адамдар өздерінше түсінген. Той - марқұмды сыйлау, ал, спорттық ойындар - әскерилердің ойыны емес, марқұмның тірі кезінде көңіл көтеру мақсатында жасаған істері ретінде енді оның құрметіне бағышталып өткізілген.
Осылайша бір үзіліп, бір жалғанып келген жоқтау айту дәстүрі күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.

1.2 Жоқтау түрлері

Жоқтаулардың күй жоқтау, ән жоқтау, жыр жоқтау деп аталатын түрлері кездеседі, -- деп жоқтау тарихын жік-жікке бөліп, жете меңгеріп, зерттеген ғалым Тоқтар Арынов жоқтауды үш түрге бөледі. Біріншісі, өлген азаматтың балалары (көбінесе қыздары) шығарған, солар айтқан жоқтаулар; Екіншісі, өлген азаматтың анасы не жұбайы шығарған жоқтаулар; Үшіншісі, белгілі бір ақын, жыраулар шығарған жоқтаулар; [5;] Мұң-шер әндері -- Жоқтау, Жылау, Дауыс деп түрліше аталғандарымен, бұлар адамның қазасына байланысты келетін азарлы рәсімдер.
Ақ некелі әйелдің азаматы дүниеден озғанда, шашын жайып жіберіп жоқтау айтады. Өйткені әу бастағы жұптық нышан - қос бұрым тарқатылуы тиіс. Мұнда сенсіз енді мен де жоқпын деген ақ, адал жарының өліміне өкініш қана емес, оның өр тұлғасына деген үлкен құрмет жатқан жоқ па?
Сол сияқты қазақтың салтында ақтай жоқтау деген дәстүрде кездеседі.
Мысалы құда түсіп, қалыңдық атастырылып, қалың төленіп, екі жақ келісімге келеді. Сөйтіп бұл жағдай жұрттқа белгілі болады. Екі ортада құдалық рәсімдер, барыс - келіс басталады. Күйеу жігіт ұрын барған кездер де болады. Осындай жағдайлардан кейін тағдырдың жазуымен күйеу жігіт қайтыс болса, әдет заңы бойынша оны оң жақтағы (өз үйінде отырған қыз) қалыңдық та жоқтайды. Бұл қазақ дәстүрінде белгіленген, оны ақтай жоқтау деп атайды. Бұл үшін қалыңдықты ешкім кінәлай алмайды. Ұлттық көне заң бойынша әлгі қалыңдық өзі атастырылған жігіттің ағасына немесе інісіне қосылады.
Біздің қазақ өлімге барып келген адамнан: Жақындарынан кім қатты жылап тұр?, - деп міндетті түрде сұрайды ғой. Қайтқан адамға қабырғасы қайысып, оның қадірін білдіретін жоқтау айтқан адамның сөзі біразға дейін жұрт аузында жүреді. Бұл - қазақта ғасырлардан келе жатқан жоралғы. Бұрындары тіпті ағайыны қайтыс болса, алыстан ой, бауырымдап, ат қойып айғайлап келетін дәстүр де болған

1.3 Жоқтау дәстүрінің ғұрыптық мәні
Қазақта басқа ұлттар мен ұлыстарда мүлде кездеспейтiн бағалы, құнды асыл дәс - түр - лерiмiз бар. Солардың бiрi - қайтыс болған адамды жоқтау салты. Өлiм жайлы суық хабарды естiген ел сол үйдегiлерге көңiл айта барады. Олар жоқтаушыларға ерекше көңiл аударады. Жоқтайтындар көбiнде қайтыс болған адамға ең жақын қыз-келiншектер, ақ самайлы аналар болған. Егер әйелдер жоқтау бiлмесе, арнаулы жоқтаушыларды шақырып келiп отырғызады да, қалғандары соларға қосылып жоқтасқан. Олар бастарына қаралы жаулық салып, жасқа толы жанарларын орамал-шыттарымен қалқалап еңiреседi.
Мұнда көшпелілер әйелдерінің мінез-құлқы, ақыл-ой дамуы мен ақпейіл қасиеті айқын көрініп отырған. Бұл, әсіресе, ошақ отбасысы қайтыс болған кезде ерекше байқалады. Тегі жағынан ақсүйек сұлтандардан шыққан немесе қоғамда көрнекті орын алатын қазақтардың қазасында жылап-сықтап, жоқтаумен өлең айтылады. Мұнда марқұмның түрлі қасиеттері жырланады. Жесірдің күйеуін, қызының әкесін, немесе қарындасының ағасын жоқтап өлең айтуын қазақтар жылау, иә болмаса жоқтау деп атайды, бұл халық поэзиясын алғаш ғылыми тұрғыдан жүйелеген шығыстанушы Әбубәкір Диваевтың жоқтауға байланысты берген пікірі. Бұдан басқа жоқтау дәстүріне байланысты зерттеліп, жинаққа енген еңбектер мен шығармаларда аз емес.
Жыл бойына созылатын жоқтаудың негізгі міндеті - ол өлген адамның қоғамдағы алған орнын дәріптеу, көрсеткен еңбегін құр жалаң тізіп шығу деген жадағай ұғымынан анағұрлым тереңде жатыр. Адам өлсе де, оның жаны тірі, ол біздің не айтып, не ойлап отырғанымыздың бәрін біледі. Сондықтан оның аруағына тиісті ғайбат сөздер айтпау керек. Өйтсең-ақ болды, өлген адамның киесі атады, бір пәлеге душар етеді деп түсінген. Сондықтан, өлген адамды жоқтаудың мазмұны - бірыңғай мақтауға құрылатын себебі де содан. Ас кезінде жоқтаудың көлемі де ұлғайып, мағынасы да мазмұнды бола түседі. Қазақтар жоқтауды жоқтау үшін айтпаған. Оны биік дәрежелі көркем өнер сатысына көтеріп айтқан. Сол арқылы о дүниеге кеткен адамды өлтірмей, оның тарихы азаматтық болмысын көркем сөзбен бейнелеп берген.[2;40-41]
Жоқтау барлық адамның жан дүниесiн тебiрентетiн, сай-сүйегiн сырқырататын, егiлтетiн болуы керек. "Өлеңмен жер қойнына кiрер денең" деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жоқтау әсем дауысты әйел - дердiң айтуымен құлаққа жетсе, күңiренген жұрт ұйып тыңдап, ерiксiз егiледi."Өлiм сынға барады" деген. Сынның бiрi - жер - ошағы қоңырсымай қалды делiнсе; енді бiрi жоқталмай қалуы.
Яғни бұдан шығатын қорытынды, кез келген әкеден не шешеден немесе туған бауырынан айрылған жас бала оның қандай адам болғанын, елдің алдындағы қадір қасиетін, қалдырған ұлағатын сол жоқтауды тыңдай отырып ұғынады.
Жоқтау сияқты салтпен байланысқан шер өлеңінің барлығы қазақ елінде өлең өнері қаншалық қасиетті, қадірлі сөз болғанын білдіруден басқа, тағы бір бағалы жері болған. Ол бағасы: қайғыға душар болған жанкүйер әйелге жанынан өлең шығаруды міндет қылғаны, жақыны өліп, жүрегіне қаяу түскен әйел өзінің қайғылы күйін білдіріп, бойына біткен өнері болса сынға салып, өлең шығарып көру керек. Салт бойынша өлікті қадірлеу, жыл уағына шейін жоқтау, сол жыл уағына шейін қаралы болып отыратын әйелге ақындық өнерін еріксіз қадірлі қылып, еріксіз соны іздетеді. Салтқа бағынудан өлеңшілікке, әншілікке бойсұнып, сол өнердің жолына еріксіз салынуды керек қылады. Рас, мұнымен қазақ әйелінің бәрі бірдей ақын болып кеткен жоқ.Өз жанынан шығара алмаған әйел өлікке арналған өлеңді жақынына шығартып алып та жыл бойы айтатын болады. Бірақ осы салттан ақындық сияқты қасиетті қадірлейтін шарт туатынын ғана айтамыз.
Жоқтауда қазаның себеп-салдары және сол тұстағы әлеуметтік жағдайларда көрініс тауып отырады. Жоқтау өлендері от басы, ошақ қасының ғана мұң-зарын қамтып қоймай, халық қайғысымен қабыстыра жырланатынын көреміз. Бұл ерекшелік жоқтаудың тарихи мәнін арттыра түседі. Әсіресе жоқтау өлеңдеріндегі Ақ сұңқар құстай ұшқыр қып, Арманда кеткен асылым, Соғып тұрған дауылым, Толған айдай халқыңа, Асқар таудай паналап, Құйма алтындай сабынан т.б. тіркестер бірден-бірге көшіп жүретін оралымдар десек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоқтау өлеңдердерінің көркемдік аспектілері
Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері
Тұрмыс-салт жырларының жанрлық түрлері мен зерттелуі
Абай өлеңдерінің ерекшелігі
Жерлеу салт өлеңдері
Махамбет поэзиясында сөздердің стильдік - мағыналық қолданысы
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Пәндер