Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері жайлы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Айқышгүлді егістік, жемдік, көкеніс дақылдарының зиянкестері.
Орындаған: Есболова Жанар
Тобы:АГ-413
Тексерген: Мұхамеджанова Орынгүл
Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Көкеніс дақылдары зиянкестері
II. Негізгі бөлім
1. Жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын фитосанитариялық талаптар
2. Айқышгүлді дақылдардың зиянкестері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Көкеніс дақылдары зиянкестері
Көкөніс және бақшада дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауіптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады:шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар (ұлулар) . Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады. Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді.
Сәбіз шыбыны- Psila rosae L(Diptera Psiliade тұқымдасы) .
Шыбынның түсі қара, жылтыр, басы қоңырқай қызыл, төбесінде қара ұшбұрышты дағы бар, мұртшалары мен аяқтары күрең қара түсті. Қанаттары түссіз, жасыл реңді болып келеді. Денесінің ұзындығы 4-5 мм. Дернәсілдері жұқа, жылтыр, қоңыр сары түсті. Денесінің ұзындығы -7мм. Дернәсілдер топырақтың жоғарғы қабатында пупарийлерде(пілләда), кейде көкөніс қоймаларында, тамыр жемістерінде қыстайды. Шыбындардың ұшу мезгілі шетен мен алма ағашының гүлдеуімен сәйкес келеді. Ересек шыбындар гүлдеп келе жатқан шатыргүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің шырынмен қоректенеді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егісті пайдалану. Арам шөптерді уақытылы отау және сәбіз өскіндерін сирету. Топыраққа сапалы түрде жүргізілген өңдеу жұмыстары көктемде шыбындардың ұшып шығуын қиындатады. Сәбіз жер бетіне көктеп шыққаннан кейін 2-3 апта өткен соңәрқайсысы 10 өсімдіктен құрайтын 10-12 үлгі алынады. Бір өсімдікте 3-4 тен көп жұмыртқа табылған жағдайда химиялық күресу шаралары қолданылады. Инсектицидтерді «Тізім . . . » бойынша қолданылады.
Пияз шыбыны - Hylemyia antique Mg (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы) .
Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкті. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм, шамасында түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жінішкерген. Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыкканнан кейін (Мамырдың екінші жартысында) Ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күнен кейін дернәсілдер шыгып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгенен кейін тапырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен арақашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ-тен (1өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өндеу жүргізу қажет.
Пияздың ызылдақ шыбыны - Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)
Шыбын жасыл қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттарысұрғылт сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады. Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларына қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Ұрғашы жәндіктер жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымдануының салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шірігін массаға айналады. 18-25 күннен кейін ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.
Күресу шаралары. Пияз шыбынымен күресуге ұқсас.
Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы) .
Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бетінің ұзындығы -1, 2-2мм, түсі сарыдан бастап қара жасыл, тіпті қара болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді.
Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Тускенжапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді «Тізімге…» сәйкес қолдану.
Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. ( Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы)
Өрмекші кене өте ұсаққ, ұзындығы -0, 4-тен 0, 6 дейін болады. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда - 3 жұп аяқ болады. Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп калады және кенелер жолдың жетегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уакытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы ормек астына жұмыртка (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөнгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді.
Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдар (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымдайбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестіңалғашқы ошағы біліне бастағанда өсімдікке жыртқыш кенені - фитосейулюсті, яғнижыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс.
Жылыжай аққанаты -Trialeurodes vaporarium Wstw. (Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ) . Қиярды, қызанақты бұрышты салат жапырақтарын, бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1, 5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады. Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз -ақ жылжымалы сатысы болып табылады. Ересек дернәсілдері ұзындығы 0, 8-0, 9 мм-ге дейін жетеді, ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар, үстін қысқа түктер басқан, денесінің шетінде 2 жіпшесі болады. Ұрғашыларыақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобы мен салады, жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінді 10-20 данадан салады. Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес. 1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске айналады. Ұрықтықтық даму 7-12 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады.
Күресу шаралары. Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою. Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойфп отыру. Аз зақымдалатын дақылдарды өсіру. Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады, желімді торлар құрады. Ол үшін фанер кесіндісін алып, оны сары немесе ақ түске боялады, бұлар жәндіктерді тартады және оларды вазелинмен, бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды. Жәндіктер оған қонады да, жабысып қалады. Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатынасында энкразиялар жібереді.
Темекі трипсі- Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera отряды, Thripidae тұқымдамасы) Темекі өсімдітерін, қозаны, қытай бұршағын, қиярды, асқабақты, пиязды, картопты, гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды. Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1-мм шамасында ) ақшыл сары немесе қара қоңыр түстес. Дернәсілдері қанатсыз, ақшыл немесе қара қоңыр түстес. Дернәсілдері қанатсыз, ақшыл немесе жасыл сары түсті болып келеді.
Күресу шаралары. Дақылдарды кезектестіріп отырғызу және барлық өсімдік қалдықтарын жинау. Терең сүдігер жырту қажет. Пиязды егу алдында 45С суда 10 минут бойы залалсыздандыру, кейін салқын суда суыту. Өскіндер айналасындағы топырақты жиі қопсытып отыру. Инсектицидтерді тізімге сәйкес қолдану. Егін орағынан кейін жылыжайларды өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту. Дезинсекциялауүшін 50г/м2 есеппен күкіртті 1-2 тәулік бойы 18С ауа температурасын жағу арқылы қолдануға болады.
Көкөніс дақылдарын жіктеу. Жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын таңдау мен орналастыру - жер учаскесін игерудегі аса жауапты міндеттердің бірі. Жеміс ағаштары мен жидек бұталарын бақша дақылдары мен бүлдіргендерге көлеңке түсірмейтіндей етіп орналастыру қажет.
Жеміс ағаштарын ең дұрысы учаскенің солтүстік, солтүстік-батыс немесе солтүстік-шығыс бөлігіне орналастырған жөн. Дақылдарды бөлек отырғызу барысында олардың жарық сүйгіштігін ескеру керек және өсімдіктер оңтүстіктен солтүстікке қарай өсуі керек. Учаскенің солтүстік жағына алма және алмұрт ағаштарын, олардың арасына орта бойлы көшеттерді - шиені, алшаны, жидек бұталарын отырғызған дұрыс болады. Жидек бұталарын бақша қатарларының арасына, жүзімді - бақшаның оңтүстік немесе оңтүстік шығыс шекарасына қарай, шарбаққа жақын отырғызу керек. Жерді жырту алдында органикалық және минералды тыңайтқыштар себу қажет. Құмдауыт және қатпарлы болып келетін топыраққа қайта жырту алдында көң себу керек. Көктемде учаскені екі-үш рет тереңдігі 18-20 см етіп қайта өңдеп немесе күрекпен қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса тамыр кеміргіш арамшөптердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан қоңыз, бұзаубастан және т. б. ) мұқият теріп шығады. Көкөніс дақылдарын өсіру барысында жақсы тұқым себудің маңызы зор, бұл көп жағдайда өнім көлемін ғана анықтап қоймайды, оның тұтыну құндылығын да білдіреді. Тұқым алуды кейінге ысырып, соңына қалдыра бермей, ерте бастан ойлау керек. Оның негізі ретінде әрбір дақылдарға жоспарланған жер көлемін алу қажет. Тұқымдарды көп мөлшерде сатып алмаған жөн, өйткені (қиярды қоспағанда) барлық дақылдарды жаңа ұрықтардан өсірген жөн. Алынған ұрықты жылы жерде, кеміргіштер зиян келтіре алмайтын жерде сақтаған керек.
Көкөніс өсімдіктерін келесі негізгі топтарға бөледі:
1) жемістілер (қызанақ, қияр, кәді (баклажан), бұрыш, кәдіш (кабачок), асқабақ, асбұршақ, ірі бұршақ (бобы), үрме бұршақ (фасоль), соя және т. б. ) ;
2) тамыржемісті және түйнекжемістілер (сәбіз, шомыр (редька), шалғам (редис), шалқан (репа) және т. б. ) .
Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішіндегі тағы бір танымал түрі - алма.
Алма көшеттерін отырғызатын шұңқырларды ертерек әзірлеу керек, топырақтың отыруына уақыт қалдыру үшін оларды кем дегенде көшет отырғызардан бір ай бұрын дайындаған дұрыс. Шұңқырларды тереңдігі 60 см-ге дейін, диаметрін 1-1, 2 м-ге дейін, көшет отырғызылатын орынннан алынған топырақтарды органикалық тыңайтқыштармен араластырып қазады.
Технология. Жер учаскесін игере бастағанда еңбек құралдарын да ойластыру керек. Топырақты өңдеу үшін еңбектің дәстүрлі құралдары күрек, тырма, түрлі құрылымдағы қопсытқыштар мен отауыштар және т. б. пайдаланылады.
Технологияның барлық элементтерін тиімді пайдаланбай, жоғары өнімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсіл табу мүмкін емес. Бірақ кез келген көкөністі өңдеу технологиясына тән бірқатар заңдылықтар бар. Жеміс-көкөніс дақылдарының көпшілігіне ортақ талап - олардың мөлшерлеріне қарай ұрықтарын жұқа етіп жабу болып табылады (ұрықтарды бастырудың тереңдігі әдетте ұрық диаметрінен 3-4 есе үлкен болады. Бұл егістік топырағының қатпарын (2-4 см) өте тиянақты әзірлеуге ғана қатысты емес, ұзақ мерзім бойы ылғалдылықтың сақталу әдістерін қолдануға да байланысты (ұрық әдетте 2-3 аптадан соң өсіп шығады), еккеннен кейінгі суару қажеттілігі де осыдан туындайды. Көктемде тез қызатын, мейлінше жеңіл (құмдауыт немесе сазды) топырақ пайдалырақ, ал екінші жағынан көкөніс дақылдарының көпшілігі ылғалды жақсы көреді және тұқым өне бастағаннан өнімнің қалыптасуы үшін ылғалдылық аса қажет. Топырақтың ылғалдылығы басым, жылу жетіспейтін аймақтарда жерді күзде емес көктемде аударған дұрыс (жерді күзде аудару оңтүстіктегі қуаң жерлер үшін пайдалы) . Жылу мөлшері өте көп, ылғалдылық жетіспейтін қуаң өңірлерде топырақты күзде өңдеген дұрыс, өйткені жер күзгі-қысқы жауын-шашыннан ылғалды мол сіңіріп, көктемге жеткілікті түрде нығыздалуы керек. Бұлай жасаған уақытта көктемде ылғал аз буланып, топырақ температурасы да тез көтерілмейтін болады. Осылайша, көкөніс дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін (немесе олардың сорттары мен гибридтерін) ескере отырып, технологияның барлық элементтер кешенін мұқият орындау арқылы ғана өсімдіктің өсуі мен дамуы үшін және мол өнім алу үшін оңтайлы жағдай жасай аламыз.
Көкөніс дақылдары саңырауқұлақтармен, бактериялармен, вирустармен, фитоплазмалармен зақымданады. Аурулар жемістерді, сабақтарды, жапырақтарды, тамырларды, тұқымды зақымдап үлкен шығын келтіреді, өнім түсімін төмендетеді. Ауру өсімдіктердің жағдайын нашарлатады, жапырақтардың ассимиляциялық қабілеті төмендейді, өсімдіктердің өсуін тежейді және мүшелерін өзгеріске ұшыратады, кейде өсімдіктер өліп қалады.
Өсімдіктердің солуы топырақта ылғал жеткіліксіз болса, ауаның температурасы жоғарылап, сонымен қатар аңызақ жел соқса, жапырақтарға сабақтың өткізгіш түтікшелері арқылы тасымалданатын су жетіспегенде болады. Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады.
Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады. Қызанақтың төбе шірігі ауру өсімдік қолайсыз жағдайларда (күн ыстық болғанда және ылғал мен қоректік заттар жетіспегенде) өскенде пайда болады. Жемістің бетінде кейін қоңырланатын, суланған, қара-жасыл түсті дақ дамиды. Ал зақымданған ұлпа қыртыстанады, қатаяды, әрі құрғақ болады. Ылғал көп болғанда шіріктің сулы шірікке айналуы мүмкін. Ауруға көбіне алғашқы жемістер шалдығады. Бактериялық төбе шірігі пісіп келе жатқан жемістерде суланған дақтар түрінде білінеді. Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрылықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет.
Күресу шаралары: ауыспалы егістікті сақтау, өсімдік қалдықтарынан тазарту, тұқымды тек сау жемістерден алу, суару ережесін сақтау, төзімді сорттарды өсіру, өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда фунгицидтерді пайдалану қажет.
Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық
дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын
фитосанитариялық талаптар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz