Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы



1. Әдебиеттану ғылымы. сөз өнерін зерттейтін ғылым
2. Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы
3. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы
4. Қазақ әдебиеттану ғылымы
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, бүкіл ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатын тану мүмкін емес.
1) З.Қабдолов «Сөз өнері» Алматы: «Қазақ университеті» баспасы.
2) З.Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» Алматы – 1970ж, «Мектеп» баспасы.

Пайдаланылған электронды сілтемелер тізімі:
1) Akikat.kazgazeta.kz «Ақиқат» ұлттық-қоғамдық саяси журнал. «Фольклор мен әебиет байланысының теориялық бастаулары»
2) El.kz «Қазақ әдебиеттнау ғылымы»

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

Реферат
Тақырыбы: Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы

Орындаған: Қасымбекова А.А.
Тексерген: Жундибаева А.К.
Тобы: ФИ -403

Семей 2015
Жоспар:
1. Әдебиеттану ғылымы- сөз өнерін зерттейтін ғылым
2. Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы
3. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы
4. Қазақ әдебиеттану ғылымы
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.
Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, бүкіл ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатын тану мүмкін емес.
Әдебиет тарихы, жек алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың болсын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзіме сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Әдебиет тарихын зерттеушілерге ең басты талап дәл осы тұрғыдан қойылады.
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық - көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстэтикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандардың байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ - ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы - қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой - пікірдің озғын өкілі.
Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа жанама тараулары да бар. Олар - текстология, историография және библиография.
Текстология - әдеби туындылардың тексін (мәтінін) зерттеп, танудың принциптерін мен әдістемесін жинақтайтын арнаулы ғылыми пән.
Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы.
Библиография - көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы
Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың "Ән кітабы", "Құбылу кітабы", ежелгі Мысырдағы "Ағалы-інілі екеу туралы ертегі", байырғы Вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 -- 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның "сәбилик" философиясы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 -- 322 ж.) "Поэтикасына" келіп ұласады. Ал "Поэтика" -- күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында -- ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабидің (870 -- 950) әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі -- адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. Әл-Фараби -- дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның "Музыканың ұлы кітабы", "Поэзия канондары" т.б. зерттеулері -- бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. Әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің "Поэтикасын" талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Мәселен, "Комедия -- деп түсіндіреді ол, -- арнаулы өлшемі бар поэтикалық жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кеспірсіз мінездері сықақ етіледі" (әл-Фараби, "Логикалық трактаттар", А., 1975, 535 бет). Бұл кәдімгідей қалыптасқан, көп ретте дәл және тұрлаулы теориялық тұжырым. Батыс Еуропадағы әдеби-эстетикалық ілімнің әбден жетіліп, ғылым мен өнердің дүр сілкінген, дүрілдей дамыған тұсы -- қайта өркендеу (ренессанс) дәуірі екенін Италия суретшісі Леонардо да Винчи, француз философы Рене Декарт, эстетигі Никола Буало, ағартушысы Дени Дидро еңбектерінен көріп-білуге болады. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғылым, шыншыл өнер жолында ортағасырлық схоластикаға қарсы нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер. Осыдан былай қарай неміс ағартушылары Готхолд Лессинг пен Иоганн Гердер әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға -- қалың бұқара арасына алып шықты. Әдебиеттанудың ендігі дамуы Иммануил Канттың эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі -- абсолюттік идея, абсолюттік рух деп білген Гегельдің атышулы тридасына барып тіреледі. Ресейдегі эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау 10 ғасырдағы библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі риторикалар мен пинтикаларға көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде бұл мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі сипаты тұрғысынан уағыздап, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теориялық жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс демократтары В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Д.Н.Писаревтің есімдерін атап өтеміз. Өйткені олардың эстетикалық ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, бүкіл дүние жүзі парасат әлеміндегі бір биік болып табылады. Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстетикалық пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш. Уәлихановтың, атақты ағартушысы Ы. Алтынсариннің, ұлы ақыны А. Құнанбаевтың алатын орындары айырықша. "Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан" Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады. Бұл ретте, Шоқанның өзі "дала Илиадасы" деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы "Манастың" бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлаңғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздеп-тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы -- саф таза сұлу поэзия екенін, қазақ тілі араб тіліндей бояма, күлді-балам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі -- соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір. Нәтижесінде оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде пайымдап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрі сипаттама беруі -- әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Қазақтың болашақ Әдебиеттануының алғашқы кірпішін Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы бағытта ол қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ақындардың ақыны А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғыл. трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Десе де нағыз реалистік поэзияның үлгісін көркеткен шыншыл ақынның, ғасырлар бойғы қазақ өлеңінің игі дәстүрін тың өріске, соны сатыға көтерген жаңашыл ақынның тамаша шығармашылық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өнбойында желі тартып жатыр. Сонымен, сайып келгенде, қазақ топырағындағы әр тұста әр сипатта көрініс тапқан қоғамдық-эстетикалық ой-пікірлердің шын мәніндегі жүйелі әдеби ғылымға айналуы -- Абайға дейін емес, Абайдан кейін болған процесс. 1905 жылы Ә. Бөкейханов жазып, жариялаған "Абай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы туралы мәлімет
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы
Мұхаметжан Қожаcбайұлы Қаратаев – әдебиет сыншысы
Әдебиеттану ғылымының ғылым салаларындағы орны мен даму тарихы жайлы
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Пәндер