4-7 ғасырлардың бірінші жартысындағы византия империясы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 4-7 ғасырлардың бірінші жартысындағы Византия империясы.

Орындаған: Ахмер С. К.

Тобы: ИЯ-411

Тексерген: Бақытжанова А. Б.

Семей 2015ж.

Жоспар:

1. Византия империясының қалыптасуы, оның территориясы және тұрғындарының этникалық құрамы.

2. Византиядағы қалалар, қолөнер мен сауданың дамуы.

3. I Юстинианың патшалық құруы.

4. Қорытынды. Византия империясының әлсіреуі.

Византия империясының қалыптасуы, оның территориясы және тұрғындарының құрамы. Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлінуі (395ж. ) нәтижесінде, өз алдына дербес мемлекет ретінде пайда болған Византия қолөнер мен сауданың дамуы, саны көп сәулетті қалаларының өркендеуі мен мәдениетінің көркеюі жөнінен Батыстан әлдеқайда басым түсті. Рим империясының шығыс аймақтарының эканомикалық және саяси мәдени жағынан ерекшеленіп оқшаулануы, әсіресе 4 ғасырда анық көрінді. Сондықтан 330 жылы император 1 Константин Босфор жағалауындағы көне мегарлық отар ел Византияны империяның астанасына айналдырды. Жаңа астана оның негізін салушы император есімімен Константинополь аталды. Константинопольдің астанаға айналуына оның алып жатқан орнының қолайлылығы себеп болған еді. Өйткені бұл жерде Европадан Азияға, Қара теңізден Эгей тіңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары тоғысатын, сонымен бірге бұл қала құрлықтан да теңізден де қоршалған әскери-стратегиялық орталық еді.

Византия империясының құрамына Балкан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африкадағы Киренайка, Месопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Кипр, Крит, Родос және Шығыс Жерорта теңізінен тағы басқа аралдары, Қырымның Оңтүстік жағалауы және Батыс Кавказдағы бірқатар тірек пункттер, Аравияның кейбір аудандары, ал 5 ғасырдан бастап Иллирик және Далмация енді. Эллиндендіру мен романдандыруға көбінесе қала халқы ұшырап отырды да, ао Византияның тайпалары мен халықтарының көпшілігі өздерінің жергілікті тілі мен дәстүрін, мәденитетін сақтап қалды. Алайда империяның сан түрлі тұрғындарының арасында гректер басым болып, грек тілі елде кең таралып отырды.

Византиядағы қалалар, қолөнер мен сауданың дамуы . 6 ғасырда қалалар елі атанған Византияда қолөнер мен сауданың дамуы Батысқа қарағанда жоғары деңгейде көоінді. Темір, алтын, мыс, мәрмәр қорының молдығы тау-кен өндірісінің дамуына ықпал етті. Қару-жарақ, қолөнер және ауыл шаруашылығы құралдарын өндіру ісі өрістеді. Сондай-ақ құрылыс заттары әйнек және тоқыма бұйымдары, әсіресе нәзік талшықты жүн маталар мен жібек мата шығару жақсы дамыды. Әсіресе, елдің астанасы Константинополь ерекше көзге түсті. Оның шеберханаларынан шыны ыдыстар, алтын, күміс жалатылған зергерлік бұйымдар, жүн және жібек маталар шығарылды. Қолайлы сауда жолының бойында орналасқан империя астанасы Константинопольды К. Маркс Шығыс пен Батыс арасындағы «алтын көпір» деп атаған еді. Византия империясының Константинопольден басқа Египетте Александрия, Сирияда Антиохия, Солтүстік Месопотамияда Эдесса, Финикиада Тир мен Бейрут, Кіші Азияда Эфес, Смирна, Никея, Никомидия, ал империяның еуропалық бөлігінде Фессалоника мен Коринф сияқты ірі сауда орталықтары болды. Византия елінің әлеметтік-эканомикалық өркендеуіндегі өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Біріншіден, Батысқа қарағанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде бірқатар артықшылықтары болды. Өйткені Византия империясының территрориясына енген елдердің байырғы диқаншылық өнері мен егіншілік мәдениетінің деңгейі жоғары болды. Екіншіден, елдегі жердің басым бөлігі императорлық қазына мен шіркеу меншігінде болып, ірі жекеменшік жер иелерінің елде аз болуы еді. Үшіншіден, жерге иелік етуші ерікті шаруалар саны көбейді. 5-6 ғасырларда Дунай жағалауындағы аймақтар-Фракияда, Македонияда, Кіші Азияның орталық аймақтарында ерікті шаруалар қауымдарының шаруашылықтары кеңінен дами бастады.

Алайда, 5 ғасырдың аяғы 7 ғасырдың бас кезінде Византияда құлдық өндіріс тәсілі дағдарысқа ұшырады. Елде иесіз жерлер көбейіп, аграрлық мәдениет туралап, суландыру жүйесі бұзылды. Әр түрлі ұсақ жер иелерін қанауға негізделген ірі жер иеленушілер көбейді. Патронаттар кең тарала бастады. Енді патронаттарға бас еркі бар құлдар ғана емес, көптеген ерікті жер иелеріде ірі жер иеленушілерге тәуелді күйге түсті. Демек, елде феодалдық қоғамға тән феодалдық қоғамдық қатынас барған сайын орнығып келе жатты. 7 ғасырдағы феодалдану үрдісінің айқын көрінісі ретінде империяның шығысындағы Египет, Сирия, Палестина елдерінде тап күресіөрши түсті. Бұл елдеоде үстем тап- ірі жер иеленушілер «қарақшылар» деп атаған қашқын колондардың езушілерге қарсылығы күшейді.

Сонымен елдің экономикалық құлдырауы, әлеуметтік- саяси дағдары және 7 ғасыр басындағы азамат соғысы империяның әлсіреп, елге славяндардың баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. Славян тайпалары 7 ғасырдың басында-ақ Фракия, Македония, Греция, Далмация және Истрия жерлеріне, ал 7 ғасырдың ортасында бүкіл Балкан түбегіне орнығып алды.

I Юстинианның патшалық құруы. 6 ғасырдың ортасында 1 Юстинианның билігі кезінде Византия империясы гүлденіп дами түсті. Юстиниан Македонияда кедей иллирия жанұясында дүниеге келеді. Ағасының өлімінен кейін Юстиниан алып империяның өктем билеушісіне айналды. Юстиниан тұсында елдің ішкі саясаты мемлекетті орталықтан басқаруды күшейтуге, елдің эканомикасын нығайтуға, жаңа сауда жолдарын ашып, сауда ісін дамытуға бағытталды. 6 ғасырдан бастап металл өңдеу ісі күшейе бастады. Юстинианның аграрлық саясады ірі шіркеу жерлерімен бірге жер иеленушілердің орта тобының жерлерінің ұлғаюына да қолдау көрсетті. Юстиниан билігі тұсында Рим құқығын реформалау ісі жүргізілді. Византия қоғамының ілгері дамуына кедергі болып отырған әлеуметтік -экономикалық қатынастар жүйеіне түпкілікті өзгертулер енгізіп, ескі құқықтық нормаларды жаңарту қажет болды. Трибониан бастаған белгілі заңгерлерден құралған комиссия қысқа мерзім ішінде аса үлкен жауапкершілікпен «Азаматтық құқық заңдар жинағын» шығарды. 534-565 жылдар аралығында Юстинианның өзі шығарған заңдары кейін осы «Азаматтық құқықтар жинағының» төртінші бөлімі ретінде құрастырылды да, ол «Новеллалар» деп аталды. Император Юстинианның тұсында кең түрде жүргізілген құрылыстар, жауоап алу жорықтары, мемлекеттік басқару аппаратын ұстау, салтанатты император сарайларының салынуы үлкен қаржы шығынын қажет етті. Юстинианның сыртқы саясаттағы көздеген басты бағыты Батыс Римді қалпына келтіру еді. Саяси мәні зор осы ойын жүзеге ауыстыру үшін Юстинианға Батыс Рим империясының территориясында пайда болған варварлық жаңа мемлекеттерді бағындыру қажет болды. Осы мақсатпен 534 жылы Византия әскерлері ең алдымен Солтүстік Африкадағы вандалдар мемлекетін талқандады. Бірақ бағындырылған аймақтардағы құлиеленушілік қатынас пен Римнің салық жүйесінің қалпына келтірілуі жергілікті халық наразылығын тудырды. Әсіресе, Италиядағы остготтар корольдігін бағындыру Рим империясын орасан зор шығынға ұшыратты. 535 жылы жазда аз ғана әскерімен Велисарий Сицилия аралын басып алып, Оңтүстік Италия арқылы елдің ішкі жағына кіре бастады. Италияндық құлиеленуші ақсүйектер мен ортодоксольдық діндарлар көмегі арқасында 536 жылы Рим империясының көне астанасы Римді жаулап алады. Италияны жаулап алумен бірге Юстиниан Испаниядағы вестготтарға қарсы соғыс ашып, Пиреней түбегінің оңтүстік - шығыс бөлігіндегі бірқатар тірек пунктерді басып алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ВИЗАНТИЯ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Византия мемлекетінің құрылуы
Византия қалаларының құлдырау себептері
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Византия тарихының кезеңдері
Ортағасырлық Византия қалалары
Шығыс елдеріндегі феодализм дәуіріндегі медицина
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Романдық өнердің стильдік формалары
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz