Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлар

Орындаған: Тоқтарова С

Аграрлық факультеті. ОЗ-407 топ

Тексерген: Қуантқан Б. Қ

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар

I. Кіріспе

1. Экономикалық жүйе және даму кезеңдері

II. Негізгі бөлім

2. Экономикалық жүйенің дамуына әсер етуші жағдайлар немесе факторлар

3. Қазақстандағы экономикалық жүйенің даму алғышарттары

Экономикалық жүйе - экономикалық өнімдерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастарды нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.

Кеңестік кезеңде мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.

Даму кезеңдері

І. Формациялық көзқарастар тек маркстік теорияға тән. Маркс үш тармақты классификацияның іргетасын қалады.

Ежелгі (көне замандағы) формацияға - алғашқы қауымдық қоғам мен азиаттық өндіріс әдісі жатады. Бұлардың ішіндегі ең тартымдысы- азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізін- ұжымдық меншік арқылы жерге иелік ететін және үй шаруашылықтарында өнеркәсібі қалыптасқан, егіншілікпен айналатын қауым құрайды, бұл оларға нарыкқа бармай- ақ патриархалды шарушылық шеңберінде өздеріне қажет игіліктерді өндіріп, қажеттіктерін толық қанағаттандыруға мүмкіндіктер жасады. Табиғатты кеңінен түбегейлі меңгеру және елдің қорғаныс қабілетін күшейту үшін, өзара экономикалық оқшауланған қауымдардың мүмкіншіліктерін біріктіру қажеттігінен, өз қолдарына әскери және экономикалық биліктерді жинақтаған, патшалы (деспоттық) мемлекеттер пайда болды: олар жерді өз меншіктеріне айналдырып, рента мен қосымша құнды және т. б. иемденді.

Өндіріс әдісі дегеніміз- өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың сипатын қоғамда үстемдік етуші өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасы анықтайды. Мұнда материалдық өндірістің даму деңгейіне баса назар аударылады, бір сатыдан екінші сатыға ұласатын - жекелеген, әрбір жүйенің тұрақсыз болуы, ондағы өндіріс тиімділігінің дәрежесіне байланысты болады.

II. Өркениетті көзқарастар - өркениеттің (цивилизацияның) сатылап алмасуына негізделген адамзат тарихын біртұтас алып зерттейді. «Цивилизация» - латын сөзі civillis- «азаматтық, қоғамдық» деген мағына береді. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен ауқымын (мысалы, ежелгі, азиаттық, еуропалық) анықтау үшін пайдаланылады. Өркениетті көзқарастар жалпы адамзат проблемаларының өзара байланысы мен тәуелсіздігінің күшейе түсу фактілеріне, бүкіл адамзаттың ортақ мұраларына, яғни оларды- ұлттық, таптық мүдделерден жоғары бағалауға негізделеді. Бұл теория өз дамуының алғашқы баспалдақтарындағы міндеті- жүйені құрайтын белгілерді іздестіру болып табылады. Кейбір экономистер осыған орай еңбек өнімділігін арттырудың жаңа белестері ретінде өркениеттік революцияларды зерттеуді ұсынады. Ауылшаруашылығында алғашқы рет өркениет революциясы болды (ол 6- 8 мың жыл бұрын болған) . Бұдан кейін өнеркәсіпте болды (ол 20 ғ. ортасынан басталады) . Ол халықты адам қажеттіктеріне қызмет көрсететін сфераларға (сауда, қызмет көрсету, білім беру, ғылым, мәдениет, басқару және т. б) ауыстырады. Сонымен қатар өркениетті көзқарастармен шектен тыс әуестенсе, егер түрлі елдер мен аймақтардың өз ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескермей, оларды жалпы схемамен бағаласа, онда оның кемшілігі.

III. Қоғамдық индустрияның даму деңгейіне байланысты классификациялау негізінде үш экономикалық жүйе сараланады: индустриялы, постиндустриялы, неоиндустриялы (ақпараттық қоғам) .

IV. Өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасына және шаруашылықты басқару тәсілдеріне қарай жіктеу негізінде экономикалық жүйенің төрт типі сараланады: дәстүрлі, нарықты, аралас, әкімшіл- әміршіл.

Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модернизация-жапондық феномен ретінде
Автоматтандырылған ақпараттық оқыту жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғышарттар мен жағдайлары
Ұйымды басқару функциялары
Аралас экономика
Құқық функциялары
Құқықтық мемлекеттің қағидалары
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz