Өзін-өзі танудың психологиялық негіздері



Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті, қоғамда болып жатқан нарықтық – экономикалық, саяси – идеологиялық және рухани — әлеуметтік өзгерістер оған белсене араласып, оның талартарын өз бетінше шеше алатын, ортаға бейімделгіш, шығармашылық көзқарасы бар, жан – жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру талап етеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні негізгі психологиялық мәселелердің біріне айналып отырған тұлға үшін өмірдің мағынасыздығы мен құнсыздығы, сондай – ақ, адамда кездесетін әр түрлі құбылыстардың алдын алу және өсіп келе жатқан ұрпақты өзін — өзі тәрбиелеуге үйрету қарқынды зерттеуді талап етеді. әсіресе, еліміздің өркениетті – техникалық дамуында қоғамның өндіргіш күші болып табылатын адам мүмкіндіктерін жан – жақты жетілдіру мен оның электронды жүйелермен өзара әрекеттестігін психологиялық зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктердің барынша дамуы, шығармашылық пен ұжымдық еңбектегі тұлғалардың өзара қатынастарын жақсарту, сонымен қатар оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технолнгияларын енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді шешу бірлескен іс — әрекеттегі тұлғаның өзін — өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді.
Адамның өзін — өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербенстігін дамыту туралы идеялар; отандық және щетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой – пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін — өзі тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аударылуда.
Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын, өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады. Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға «өзін-өзі тануы және ойлануы» тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген «Мен» бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда «Мен» түсінігі субъект ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан ойлана отыра «өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе мақұлдамайды».
1. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: «Рауан». 1996
2. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. М. 2002
3. Спиркин А.Г. Сознание и самоссознание. М., Политиздат, 1972
4. Қ. Жарықбаев, Ө. Озғанбаев «Жантануға кіріспе», А., 2000ж.
5. И.А. Зимняя «Педагогическая психология», М., 1997 ж. 397 б.
6. Кутумбаев «Психология успеха».

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Орындаған: Мухтарханов А
Тексерген: Серикбаева Н.Б

Семей - 2015ж
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Начало формы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Конец формы
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті, қоғамда болып жатқан нарықтық - экономикалық, саяси - идеологиялық және рухани -- әлеуметтік өзгерістер оған белсене араласып, оның талартарын өз бетінше шеше алатын, ортаға бейімделгіш, шығармашылық көзқарасы бар, жан - жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру талап етеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні негізгі психологиялық мәселелердің біріне айналып отырған тұлға үшін өмірдің мағынасыздығы мен құнсыздығы, сондай - ақ, адамда кездесетін әр түрлі құбылыстардың алдын алу және өсіп келе жатқан ұрпақты өзін -- өзі тәрбиелеуге үйрету қарқынды зерттеуді талап етеді. әсіресе, еліміздің өркениетті - техникалық дамуында қоғамның өндіргіш күші болып табылатын адам мүмкіндіктерін жан - жақты жетілдіру мен оның электронды жүйелермен өзара әрекеттестігін психологиялық зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктердің барынша дамуы, шығармашылық пен ұжымдық еңбектегі тұлғалардың өзара қатынастарын жақсарту, сонымен қатар оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технолнгияларын енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді шешу бірлескен іс -- әрекеттегі тұлғаның өзін -- өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді.
Адамның өзін -- өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербенстігін дамыту туралы идеялар; отандық және щетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой - пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік - психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін -- өзі тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аударылуда.
Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын, өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады. Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға өзін-өзі тануы және ойлануы тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген Мен бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда Мен түсінігі субъект ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан ойлана отыра өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Гегель бойынша Мен нидивидті білдіреді. Нақты, жеке индивидтің - жалпы Мен формуласының мағынасы ерекше. Жеке Мен тек қана өзге Мен қатынас арқылы анықталуы мүмкін. Гегель бойынша Мен -- рух. Ғылыми көзқарастан қарағанда, психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шекте әрі әр алуан. Мыналарын атап өтейік:
-- тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу;
-- өзін-өзі тану - ішкі үйлесімін және психологиялық кемелденуін табу ретінде;
-- өзін-өзі тану - тұлғаның өздігінен тану үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді.
Нақты Мен -- өзі туралы сезімі, ойы, ұмтылысы т.б. туралы түсінік жүйесі. Идеалды Мен - адамның болғысы келген Мені және оның уайымы мен тәжірибесі. Әлеуметтік орта - бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, қылық әдістері т.б. кіреді. Нақты Мен және Идеалды Мен пайда болған сәйкессіздіктен үрей сезімі, қылықтың бейімделген формалары, әртүрлі психологиялық мәселелер туады. Осыдан өзін-өзі тану -- өзінің тәжірибесін, терең уайымын меңгере алатын әдіс. Ол үшін тұлға өзін қалай қабылдайтыны, өзгелер оны қалай қабылдайтын себептерін ұғыну қажет. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғасы өседі, өздігінен жетіледі және өздігінен актуализациялау қабілетіне ие болады, сонда ғана өмір мәнін ұғынуға, өмір қуанышын сезінуге мүмкін.
Өзін-өзі тану сондай-ақ, пәнаралық тұрғыны да жүзеге асырады, барлық оқу пәндерін адам - құдай -- әлем контекстінде біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар өз бағдарламасында гуманитарлық білімді (философия, психология, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, тарих, әдебиет) және табиғат туралы білімді (биология, физика, астрономия) біріктіреді. Персонология қағидасы іске асырылады, барлық пәндер өзара адамға деген қатынас тұрғысынан байланысты болады. Ол өзінің ішкі әлемін сыртқа кескіндейді және керісінше, осылайша әлем тарихының барлық оқиғалары оның өз өмірбаянының оқиғасына айналады.
Жаңа қазақстандық философия Шығыс пен Батыс дәстүрлерін синтездей отырып, түріктік, мұсылмандық мәдениеттің өзіндік ерекшелігіне негізделген ұлттық философияның үлгісін жасауда. Қазақтың далалық өркениетінің антологиясы мен антропологиясы не таза Шығыс (пайымдау, өз-өзіне тереңдеу) не таза Батыс (іс-әрекет, әлемде әрекет ету) стратегиясына теңбе-тең келмейді. Көшпенділерге табиғатты аялап қорғау, онымен белсенді өзара әрекеттесу тән. Осыдан ақыл-парасат пен жүректің арасындағы ала ауыздықты білмейтін (ақылды жүрек пен ар намысты ақыл) тұлғаның ерекше үлгісі қалыптасады. Қазақтық халық педагогикасы осы бүтіндік қағидасын, жан мен тәннің, физикалық пен психикалықтың бірлігін өзектілейді: тіршілік күйбеңінен бас тарту емес (көшпенді өзінің қоректенуін қамтамасыз ету үшін самарқау медитация жасай алмайды), жоғары, өмірде мәнді рухани - адамгершіліктік бағдарлармен және бағыттардан тұратын белсенді шығармашылықтық іс-әрекетте болады.Сол себепті де халықтық педагогика, адамның тұтастай, денелік пен руханилықтың бірлігінде қалыптастыру мәселесін қояды. Бұл түріктік антология, антропология мен педагогиканың өзіндік құнды тәжірибесін еркін қазақстандық философия өзіне кіріктіреді, солайша адам тұлғасын түсінудің өзіндік қағидаларын анықтайды.
Өзін-өзі тану курсы жас ұрпақты жан-жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу мен оқытуға барлық мүмкіндік жасауда. Өзін-өзі тану курсы жылдан-жылға қарқын дамуда. Өзін-өзі тану пәні балабақшалар мен мектептерге эксперимент ретінде енгізіліп отыр, сонымен қатар республика бойынша 96 білім беру мекемелерінде оқытылатын болады. Өзін-өзі тану курсын үйлестіруші Республикалық Бөбек оқу-сауықтыру орталығы. Өзінің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде 2003 жылы ақпан айында құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты арқылы қажетті зерттеулер жүргізілді. Институтта Қазақстандық ғалымдар, мамандар адамның үйлесімді дамуын зерттейтін, жаңалық енгізетін әдіс-тәсілдерімен, Өзін-өзі тану курсының мұғалімдерін даярлау, қайта даярлау ісімен, оқу-әдістемелік, хрестоматиялық оқу құралдарын шығарумен айналысады.
Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және объектісі ретінде де көрінеді. Өзін-өзі танудың дамуы адамның практикалық іс-әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы үшін ерекше рөлге ие - адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі өзін-өзі тану мәселесі
Қажеттіліктерде тоқталып өттік
Мектеп психологының өзін-өзі тану мәселесі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде туралы ақпарат
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастыру
Өзін - өзі тану аспектісіндегі тұлға қалыптастыру механизмі
Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзін-өзі тануын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)
Пәндер