Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
В.М.Катанскийдің жүйеленуіне сәйкес (1981)барлық су өсімдіктері өзінің морфологиялық және экологиялық-биологиялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей экологиялық топтарға бірігеді:
1.Гидрофиттер –нағыз су өсімдіктері:1)Суға батып тұратын болса-батып тұратын гидрофиттер.
- Толығымен суға батып тұратын өсімдіктер,барлық тіршілік айналымы суда өтеді.
- батып тұратын, бекінбейтін ,судың тереңінде жүзетін өсімдіктер.
- батып тұратын ,бекінетін,әр түрлі тамыр жүйесі мықты өсімдіктер(рдесты, уруть, элодея, лобелия)
2) судың жоғарғы бөлігінде өсіп жүретін болса-жүзгіш гидрофиттер.
- Еркін жүзетін,бекінбейтін өсімдіктер(ряска малая, водокрас, сальвиния)
- жүзгіш жапырақтары бар,бекінетін өсімдіктер(кувшинка, кубышка, рдеси плавающий, болотноцветник, гречиха земноводная)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
Орындаған:Нурсеитова а
Тексерген:Айтқалиев Б.М
семей 2015
Су және су жағалауындағы өсімдіктердің экологиялық топтарына
сипаттама
В.М.Катанскийдің жүйеленуіне сәйкес (1981)барлық су өсімдіктері өзінің морфологиялық және экологиялық-биологиялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей экологиялық топтарға бірігеді:
1.Гидрофиттер - нағыз су өсімдіктері:1)Суға батып тұратын болса-батып тұратын гидрофиттер.
- Толығымен суға батып тұратын өсімдіктер,барлық тіршілік айналымы суда өтеді.
- батып тұратын, бекінбейтін ,судың тереңінде жүзетін өсімдіктер.
- батып тұратын ,бекінетін,әр түрлі тамыр жүйесі мықты өсімдіктер(рдесты, уруть, элодея, лобелия)
2) судың жоғарғы бөлігінде өсіп жүретін болса-жүзгіш гидрофиттер.
- Еркін жүзетін,бекінбейтін өсімдіктер(ряска малая, водокрас, сальвиния)
- жүзгіш жапырақтары бар,бекінетін өсімдіктер(кувшинка, кубышка, рдеси плавающий, болотноцветник, гречиха земноводная)
2. Гелофиттер(гидрогигрофиттер)сулы батпақты жерде өсетін өсімдіктер:
Су және су жағалауындағы өсімдіктерінің су қоймалары типологиясымен байланысы
Адамзат ықылым заманнан бері ірі және кіші өзен аңғарларын мекен еткен, өз өмірлік қажеттілігіне өзеннің суын, арна маңы, орталық, террасса маңы және террасса ҥсті жайылмасының өсімдік жабынын пайдаланып келген.
Бүгінгі таңда планетамыздың күре тамыры - өзендер, олардың аңғарының өсімдік жабындары антропогендік қыспаққа түсуде. Өзен аңғарының қайсыбір генетикалық зонасының өсімдік жабынын алсаңыз да, бұзылмаған, тың қалпындағы қауымдастықтар өте аз пайызда кездеседі. Соның ішінде, су тоғандарының өсімдік әлемі қайталанбас ерекшеліктерімен, сұлу пейзажымен, су жағасы саумал ауасымен адамға позитивті көңіл-күй сыйлап, өмірге деген құлшынысын арттырады.
Су тоғанындағы өсімдік әлемінің тіршілік ету жағдайлары- өзіндік бір ерекше құбылыс. Олар, әрине, құрлықтың өсімдіктері тәрізді климатқа тәуелді болмайды. өсімдікке қажетті оттегі жапырақтың ауаға жанасатын мүшелерінің бетінде орналасатын, лептесік арқылы өтеді. Ал, су астындағы мүшелеріне, бұл газ өсімдік мүшелерін торлап жатқан, ауа өткізгіш жолдар арқылы өтеді.
Су қоймаларының өсімдік әлемі алуан түрлі. Бойында қоректік заттардың сақталуына қарай су тоғаны, көл және су қоймасының 3 түрін ажыратады: олиготрофты, автотрофты, мезотрофты.
Олиготрофты деп минералды заттарға зәру, таза су тоғанын айтады. Бұлар өсімдікке де кедей болып келеді.
10.Батпақты жердің өсімдігі - нағыз жасыл мүктер туралы айтыңыз
Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 23 бөлігі судан құралады. Ал құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.
Шымтезек мүгі - сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау-жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрлі болады:
1. ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар;
2. ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. Жасыл жасушаларда фотосинтез үдерісі жүреді және олар арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық заттар өтеді. Екіншісі - өлі, түссізжасушаларының қабырғаларында көптеген саңылаулары бар, сәл ірілеу, онда су қоры жиналады. Бұл жасушалардың тек қабықшалары ғана сақталған. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақтан; батпаққа айналуына себепші болады.
Мүктер - тұщы су қоры. Батпақты жерлерде мүктер судың жиналуына қатысады.
Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. Ол - бір үйлі өсімдік. Өте ылғалды жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те аталады. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады.
Шымтезек мүгі жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюі споралар арқылы жүзеге асады.
Шымтезек - өте пайдалы өсімдік. Одан шымтезек, шымтезектен спирт, карбол қышқылы, балауыз, парафин өндіріледі. Шымтезек батпақты жерде тұщы судың жиналуына себепкер болады.
Шымтезек мүгі ғаламшардың құрлық бетінде 1 % аумақты алып жатыр. Ол - тек шымтезек көзі ғана емес, тұщы су қоймасы және аумақта судың орнығу тәртібін реттеуші. Жазғы және қысқы жауын-шашынды губкаша сіңіріп, батпақтағы су топыраққа, одан ағып шығып үлкен өзендердің көзіне айналады.
≪Жоғары сатыдағы су өсімдіктері және перифитон≫ модельін талдау
Қаптап өсу (Обрастание, перифитон; гр.'реп' -- айналасында, жан-жағыңда, phyton -- өсімдік) -- суды ортадағы имараттар мен заттектердің, денелердің (кит денесінің беті, кеме корпусының, порт имараттарының, қабырғаларының, құбырлардың және т.б.) өсімдіктекті, жануартекті және микроскоптык организмдермен қапталуы. Мысалы, аквариумный ішкі қабырғасында жұқа қабықтың түзілуі. Қаптап өсу кеме жылдамдығын баяулатады, су астындағы имаратгарды бүзады және т.б. Қаптап өсумен күресу үшін беттерді улы бояумен сырлайды, улы ерітінділермен немесе ыстық сумен жуады, кейде қарапайым механикалық тәсілдерді колданады. Қаптап өсуді биозақымдалуға жатқызады. Мүны инженерлік немесе қолданбалы биология зерттейді
≪Жоғары сатыдағы су өсімдіктері мен басқа су қоймада мекендеушілер≫
жүйесі қалай жұмыс жасайды?
Су өсімдіктерінің бір экологиялық топтан екінші бір су айдынына ауысқан кезде олардың тереңдіктегі өсуі алмасады осыдан су жағалап өсетін өсімдіктерді келесідей топтарға бөледі:
1. Жағаға жақын өсімдіктер;
2. Жерге жақын өсетін өсімдіктер;
3. 3 м тереңдікте өсетін биік өсімдіктер;
4. 3 м тереңдікте өсетін жартылай жатаған өсімдіктер;
5. Жатаған өсімдіктер;
6. Су үсті лугасы;
Әр су айдынының өзіндік ерекшеліктері мен өсімдіктерінің таралуына қарамастан, олар флоралық құрамымен алып жатқан аумағымен таралуына байланысты ерекшеленеді. Бұл жерде маңызды ролді судың темрературасы мен жарық режимі, гидрологиялық, гидрохимиялық, морфометиялық көрсеткіштері және т.б. факторлар ойнайды. Осылар су өсімдіктерінің қай түрге жататындығын және қолайлылығын анықтайды.
Жоғары сатыдағы су өсімдіктерін қорғау және мал азықтық маңызына сипаттама
мен ақпа сулы ортадағы өсімдіктердің тұтас өсуін және нақты су өсімдіктерін зерттейтін ғылым десек те болады. Су ортада өсімдіктердің тұтас өсуі, су ақпасының, су қоймаларының өсімдік жабынының өсуінің дамуын қалыптастырады. Көп жағдайда су өсімдіктері макрофиттер әр түрлі систематикалық топтарға қарайды және экологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Судағы өсімдіктер ондағы улы заттардың қаупін төмендетеді
Гидроботаниканың зерттеу объектісі.
И.М.Распопов гидроботаниканың зерттеу обьектілеріне мыналарды жатқызады: су және су макрофиттері деп есептейді. Макрофиттер дегеніміз- көзге көрінетін, ірі, жасыл өсімдіктер. олар әр түрлі систематикалық топтарға қарайды. Кейбір ғалымдар макрофиттердің құрамына төменгі сатыдан хара балдырларын қосады. Әр ғалымның өзіндік су өсімдіктерін жүйелеу әдістері бар. Бірақ барлығы мағыналас болып келеді. Қазіргі кездегі ғалымдардың көзқарастары бойынша су өсімдіктері мынадай классификацияға жіктеледі: Гидатофиттер- көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер.(элодея, көзшшек, шылаң, балдырлар) Гидрофиттер- жартылай суда, яғни өзен, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер.(қамыс, қоға) Гигрофиттер- ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер (тропикалық өсімдіктер).
Су және су жағасында кездесетін Қоғалар тұқымдасы
Жалпы сипаттамасы және ботаникалық сипаттамасы
Қоға (Typha) - дара жарнақтылардың қоға тәрізділер тұқымдасына жататын өсімдік. ҚазақстанныңТобыл, Есіл, Ертіс, Зайсан, Балқаш, Алакөл, т.б. өзен-көлдердің жағалауларында және Қызылорда,Ақтөбе облыстарында кездесетін 7 түрі бар. Соның ішінде Қызылорда облысының Сырдария өзеніменШиелі ауданынан басталып Қызылорда қаласының батысына қарай қоға және жіңішке жапырақты қоға көп кездеседі. Биіктігі 3 - 4 м, сабағы ұзын және жуан төселмелі, батпақты-сулы жерлерде өседі. Жапырағы жалпақ, таспа пішінді, сабағынан ұзын болып келеді. Бір үйлі, гүлі ұсақ дара жынысты, желмен тозаңданады. Гүл шоғы - собық. Маусым-тамыз айларында жемістенеді. Жемісі жаңғақша, ұшуға бейімделген қанатшасы болады. Қоғаны арқан, жіп, ыдыстар жасау және құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Тамырында крахмалы көп болғандықтан ондатра, құндыз, жұпар тышқан, т.б. үшін құнды азық.
Шылаңдар тұқымдасы. Су және су жағасында кеңінен таралған түрлері
Шылаң (Potamogeton) - өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық су өсімдіктері. Жер шарында кең тараған, 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында (тұрып қалған суларда, ағысы баяу тұщы суларда немесе тұзды суларда) кездесетін 21 түрі бар. Бұлардың көпшілігі су астында, 2,5 - 3 м тереңдікте тоғай құрып өседі, кейде жоғары жапырақтары су бетінде қалқып жүреді. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, масақ гүлшоғырына топталған, негізінен су астында дамиды; протогиниялы(гүл аналықтары аталықтарынан бұрын пісіп жетіледі). Көбінесе желмен, кейбір түрлері сумен тозаңданады. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі жаңғақша немесе сүйекше тәрізді. Шылаңдардың барлық түрі - тұщы су флорасының негізгі құраушылары. Су түбіндегі шылаңдар түзген тоғайларға көптеген балық түрлері уылдырығын шашып, майшабақтары тіршілік етеді. Кейбір түрлері ондатрдың, кәмшаттың және су құстарының қорегі болып табылады. Кейде шылаңдардың ну тоғайы кеме қатынасына кедергі жасайды.
Тек қана екі ортамен, су және топырақпен байланысқан. Олардың сабақтары су астына мүлдем сҥңгіп орналасады. Бұлар шылаң туысының өкілдері. Мысалы, үшкіржапырақты шылаңды (Potamogeton perfoliatus) - өте кең таралған су ӛсімдігі. Бұл өсімдіктің ұзын, тік сабағы су тҥбіне тамыры арқылы мықты бекініп тҧрады. Сабақ бойында дөңгелек - жүрек тәрізді жапырақтары кезектесіп орналасады. Шылаң ҥнемі судың ішінде өседі және тіршілік етеді. Тек қана гҥлдеу кезеңінде, өсімдіктің қысқа бос масақша тәрізді гҥл шоғыры қайтадан судың астына кетеді де, одан бертін келе тұқым пісіп жетіледі.
Су және су жағасында кеңінен таралған Кірпібас тұқымдасыкелтіріңіз. Жалпы сипаттама
Кірпібас тұқымдасы (Sparganіaceae) - суда және батпақта өсетін көп жылдық өсімдіктер. Негізінен субарктикалық, қоңыржай және субтропиктік аймақтарда таралған. 1 туысы, 20 түрі бар. Облыстың барлық аумағында өсетін жалғыз туысы - кірпібас (Sparganіum), оның 4 түрі өзен жағалауында, су басқан шалғында өседі. Әсіресе жабайы кірпібастың (Sparganіum sіmplex) айрықша маңызы бар. Биіктігі 10 - 100 см. Сабағы бұтақтанып біткен. Жапырағы қос қатарлы, кезектесіп орналасқан, таспа пішіндес, түбінде қынабы бар. Гүлі дара жынысты, ұсақ, жұмыр гүлі қою, шар пішіндес, оның аталық гүлі жоғары, ал аналығы төмен орналасқан. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, шілде - қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - жаңғақ. Дәнімен су құстары қоректенеді.
19. Нимфей тұқымдасы . Кеңінен таралған түрі
Тұңғиықтар тұқымдасы (Nymphaeaceae) - көп жылдық, қосжарнақты өсімдіктер. Негізінен суда өседі. Жер шарында кең тараған, 6 туысы, 60 (кейбір деректерде 90) түрі бар. Тұңғиықтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілік түріне гетерофиллия (су бетінде жүзіп жүретін және су түбінде өсетін жапырақтар) тән. Бір ерекшелігі - өсімдік ұлпаларында ауа өтетін қуыстар болады. Бұл қуыстарда газ алмасу процесі жүреді және олар жапырақтарды су бетінде ұстап тұрады. Гүлдері дұрыс, ұзын гүлсағағында орналасқан, күлтелері өте көп. Көбінесе қоңыздар арқылы тозаңданады. Жемісі - жидек тәрізді көп жапырақ. Негізінен вегетативті жолмен көбейеді. Қазақстанның барлық су айдындарында (Арал теңізінде ғана болмайды) 2 туысы: тұңғиық және сарытұңғиық бар. Тұңғиық (Nymphaea) туысының жапырағы дөңгелекше келген, астыңғы беті қызғылт, ұзын сағақты, су бетінде қалқып жүреді. Гүлі дара, ірі (диам. 3 - 30 см), гүл сидамы ұзын, көбіне 4 тостағанша жапырақты, гүл желегі көп, ақ, қызғылт, көгілдір түсті. Туыстың республикада 2 түрі: ақ тұңғиық және кіші тұңғиық бар. Тұңғиықтың тамыры мен дәнін су құстары, кәмшат, ондатр, жұпар тышқан, т.б. су жануарлары қорек етеді, әсемдік үшін қолдан да өсіріледі.
Астық, Қияқөлең дер тұқымдастарының су флорасында кездесетін негізгі түрлері. Су және су жағасында кеңінен таралған түрлері
Қамыс (Phragmіtes) - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика менАнтарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Ph. communіs). Оның биіктігі 0,8 - 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс - су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті,сірке қышқылы,қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет. Борық қамыс, қант қамысы (Saccharum) -- астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсетін 12 түрі белгілі. Оның мәдени түрі Борық қамыс (S. offіcіnarum) Оңтүстік-шығыс Азиядан тараған. Биіктшгі 6 м-ге дейін, сабағының жуандығы 5 см-дей болады. Жапырағы ұзын, жалпақ, сабаққа кезектесіп орналасады. Борық қамыс қалемше арқылы көбейеді. Жылына 3 -- 5 рет орылады. Оның сабағында 16 -- 18% сахароза болады. Борық қамысты қант,спирт, т.б. өндіруге, малға жем ретінде пайдаланады.
Қазақстанда оның бір түрі -- жабайы Борық қамыс (S. spontaneum) Сырдарияның тоғайлы алқаптарында, кейде тау етегінде, өзен жиегінде, егінжайда, арық жиектерінде кездеседі. Биіктігі 2 м-дей, сабағы қатты, бірақ өзегі борпылдақ, жапырағы жіңішке, ұзын болады. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Мамыр -- шілде айларында гүлдейді. Сабағында 2 -- 4% сахароза болады. Жабайы Борық қамысты балғын кезінде мал сүйсініп жейді, сүрлемге салуға болады. Сабағынан ши тоқиды, жапырағынан арқан еседі, ширатып қапшық жасайды. Оның өңдеуден кейінгі қалдығын құрылыс материалдарын дайындауға және отын ретінде пайдаланады.
Өлеңшөп, немесе айрауықтар -- астық тұқымдастардың жабайы өсетін бір туысы, көпжылдық шөп өсімдігі, биіктігі 0,5 -- 1 метрге дейін болады. Барлық түрлері -- 150. Мұның бұрынғы КСРО-да есетіні 50 шамалы. Негізгі түрлері: батөлең, ақ өлең, қандауыр өлең, сазөлең, Лангсдорф өлеңі т. б. Өлеңшөп малға онша жұғымды болмайды, өйткені оның құрамында небәрі 5 проценттей ғана ақуыз бар. Өлеңшөп (Scіrpus) - қияқөлеңдер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда 250-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанда Сырдария, Тобыл - Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Балқаш - Алакөлойысында, Іле, Шу алабындағы өте ылғалды жерлерде, батпақты шалғында, кейде суда өсетін 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні - қара Өлеңшөп (Scіrpus lacustrіs). Оның биіктігі 2,5 м-дей, төселмелі тамыр сабақты, сабағының жуандығы 2 - 3 см, беті тегіс, жұмыр болады. Жапырағы таспа пішінді. Гүлдері қосжынысты, протогиния(гүл аталықтарының аналығынан ертерек пісіп жетілуі) жиі байқалады. Гүлшоғыры - сыпыртқы. Негізінен тамыр сабақтары арқылы, кейде тұқымынан да көбейеді. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі - үш қырлы жаңғақша. Қара Өлеңшөп кейде көл бетін жауып кетіп, шымтезекке (торф) айналады. Сабағын түрлі тоқыма бұйымдар жасауға, жылу ұстағыш құрылыс материалдарын және сүрлем дайындауға пайдаланады. Химиялық әдіспен қарамай, спирт, сірке қышқылы дайындалады. Кейбір тропиктік түрін, мысалы, Титикака көлінде (Орта Анд тауы) өсетін Калифорния Өлеңшөпінен үндістер өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін "қамыс аралдарын" (оған картоп егеді) тоқиды. Жергілікті халық дәрілік өсімдік ретінде қолданады. Сонымен қатар Өлеңшөп қалың өссе, суармалы егіс дақылдарына зиян келтіреді.
Ароидниктер, Құртқашаштар, Балдыршөп тұқымдастары. Су және су
жағасында кездесетін негізгі түрлері
Ароидниктер. Аққанат , калла (Calla) - шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында (Қазақстанда да) өсетін 1 түрі - батпақ Аққанат (С. palustrіs) бар. Осы түрді Солтүстік Қазақстандағы Қамысты көлінің жағасынан 1958 ж. алғаш рет С.Арыстанғалиев жинаған. Оның биіктігі 10 - 35 см.Тамыр сабағы жуан, бөлшектенген, жатаған. Жапырақтары ұзын сағақты, пішіні жүрек тәрізді (ұзындығы 16, ені 11 см). Көктемнің басында аппақ жабынмен жабылған гүлшоғыры, кейін қызыл жемісі бар, жеке гүлдегі бірігіп өскен тығыз, қысқа жемістер тобы алыстан көз тартады. А-тың жемісі негізінен су құстары арқылы таралады. Улы өсімдік. Оңтүстік Африкада өсетін зантедесхия (Zantedeschіa) деген туыстың кейбір түрлерін калла деген атпен оранжереялар мен жылыжайларда қолдан өсіреді. Аққанат - гүлімен көз тартатын,әдемі жалпақжапырақты бөлме және бақша гүлі.Кернейсекілді аппақ гүлі тамырдан тіке шығып,жоғарыға бағыттала орналасқан. Алғаш мәдени түрге енгендерінің түсі ақ болғандық-тан өсімдікті "аққанат" деп атаған. Бірақ оныңгүлінің түсі сары, қоңыр, күлгін,қызыл,сия көк,жасыл болатын да сұрыптары бар.Елімізде көбіне гүлі ақ жәге күлгін түстісі қолданыста.Жылына 1 рет, 40-50күндей гүлдейді. Ұзақгүлдеу үшін гүлдеп болған гүлсабағын қырқыпотырады. Ашық күн көзіне және құнарлы,ылғалды,топырақта жақсы өседі.Жас көшетінмолынан суғарып,тұрақты қоректендіреді.Гүлдеп болған соң күзге таман тамыртүйнегінөткір пышақпен бөлу арқылы көбейтеді. Жиібөлуге болмайды.
Батпақ аиры- Шалшық суларда, өзендердің бойында кездеседі. Жапырақтары бірден көзге түседі, қылыш тәрізді болып келеді, жағымсыз иіс шығарады. Бұл Еуропадан келген өсімдік. Тіршілік формасына келсек: біржылдық, шөптесін, тамырсабақты өсімдік. Бұл өсімдіктің қосалқы тамыры лайға бағытталып өседі және бұл тамыр қоректік заттарды сіңіреді. Тамырсабақтың үстіңгі бетінде жоғары қарай бағытталған қабыршақты жерлерінен өркендер түзіледі. Бұл жапырағы мен сағағы.Тамырсабағының көлденең кесіндісінде сыртқы қабық және ішкі қабық бөлінеді.Көбінесе вегетативті жолмен көбейеді. Сабақтың бойында 700-800 гүл кездеседі. Гүл шоғыры-собық. Жақсы дамыған жабыны болады. Қазақстан территориясында кездесетін осы өсімдіктердің тозаңдары тозаңқапта нашар дамыған.Тұқымбүршіктері нашар дамыған.
Құртқашаш (Іrіs) -- құртқашаш тұқымдасына жататын өсімдік. Қоңыржай, субтропиктік аймақтар мен Солтүстік жарты шарда 250-ден аса түрі белгілі.Қазақстанда құмды, шөлді және шөлейт жерлерде, далада, тау бөктерінде, ормандарда өсетін 8 түрі бар.Биіктігі 20 -- 200 см. Жапырағы сүйір, гүлдері қос жынысты, ірі болады. Гүл серігі ұзын түтікшелі және иіліңкі 6 бөлікті (оның 3-еуі ірі, сыртын жұмсақ түк басқан). Аталығы -- 3, сыртқы бөлігінің түбінде тұратын ұзынша тозаңқаптары таспа пішінді. Жатыны -- 2 ұялы. Бал арасымен тозаңданады.Сәуірден шілдеге дейін гүлдеп, жеміс береді. Жемісі -- көп тұқымды қауашақ. Тұқымы жел арқылы таралады. Сары Құртқашаш (І. flavіssіma) -- дәрілік өсімдік, жоңғар Құртқашашы (І. songarіca) жапырағынан щетка жасау үшін ірі талшық алынады. Альберт құртқашашы және Людвиг Құртқашашы (І.Ludwіgіі) -- өте сирек кездесетін эндемиктер, қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Балдыршөп тұқымдасы, балық оты (Lemnaceae) -- су бетінде қалқып немесе су ішінде өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 2 туысы (балдыршөп, тамыршөп), 3 түрі (кіші, үшқұлақты, бүкір балдыршөптер) Тобыл, Есіл өзені бойында, ағынсыз не ағыны аз, тұщы суларда өседі. Жапыраққа айналған сабағының ұзындығы 3 -- 10 мм, ені 2 -- 3 мм-дей, сопақша немесе домалақ пішінді болады. Жапырақтары жойылып кеткен не жұқа қабыршақ түрінде сақталған, сондықтан Балдыршөп тұқымдасының денесі жапырақтың да, сабақтың да, кейде тамырдың да қызметін атқарады. Бір не бірнеше тамыршасы болады. Балдыршөптер сирек гүлдейді. Өте ұсақ гүлдері дара жынысты. Аталық және аналықгүлдері бір жерде топтасып гүлшоғырын құрайды. Олар өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Өсімдік денесінің төмен жағындағы қалташықтарының ішінде кішкене тақташалар түзіліп, кейін олар бөлініп, жеке өсімдікке айналады. Балдыршөп тұқымдасының құрамында 24-тей протеин, 17 -- 20-тей клетчатка болғандықтан, оларды балықтар мен су құстары қорек етеді. Халық медицинасында дененің қызуын басатын дәрі ретінде пайдаланылады.
Тарандар, Тұңғиықтар, Мүйізжапырақ тұқымдастарының су
экожүйесіндегі негізгі түрлеріне сипаттама
Тарандар тұқымдасы. Түрлерінің жалпы саны 900-дей (40 туыс). Түрлерінің шыққан жері Орталық жөне Оңтүстік Америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бүталар, шөптер)Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда, бүталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарьшың түп жағын түтік төрізді жапырақ қынапшасы- раструб жауып түрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірііуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буыңдары көп жағдайда жуаңдап ісіетен болып келеді, буьш аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Гүлдері үсақ, гемициклді немесе циклді, өдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3 -- 6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі -- жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6 -- 9 (3 -- 8). Гинецейі ценокарпты 3 (2 -- 4) жеміс жапьірақшалардан түрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді -- 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.
Таран туысы (горец). 280-дей түрлері бар, БОР-дың флорасыңда 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасьшан бастап Австралияға, оңтүстік Африкаға (Кап жері) жөне Чилиге (космополид туысы) дейін таралған.
Мүйізжапырақ (Ceratophyllum) - мүйізжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық су өсімдігі.
Қазақстанда барлық өңірлерге тараған 5 түрі бар. Олар өзен аңғарларында, суы тұщы өзен-көл жағалауларында өседі. Биіктігі 0,5 - 1,5 м-дей, тамыры болмайды, су бетінде қалқып жүреді. Сабағы көп бунақты, жіңішке бұтақты келеді. Жапырағы таспа пішінді, бірнеше бөлік болып тілімденген, шоқталып орналасады. Гүлі өте ұсақ, оның ақшыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz