Суық және ыстық басып емдеу әдістері. емдік балшықтар және емдеу әдістері жайлы



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Емдік балшықтармен және емдеу әдістері.
2.Ыстықтық.суықтықпен емдеу әдістері.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайданылған әдебиеттер
Малдардың сыртқы тері рецепторлары мен ішкі кілегейлі қабықтарына ыстықтық-суықтықтың термикалық,мехникалық және химиялық қасиеттері әсер ету арқылы пайда болған тіріркену жартылай миға берілуге негізделген табиғи емдік әдіс болып табылады.Ал бу қан тамырларын кеңейтіп,ылғалды жылудың ұзақ мерзімді етуімен кілегей қабықтарымен теріге белсенді гиперемия туғызады , щаруашылық тәжірибесінде көбінде балшықтармен емдеу іс-әркеттері үшін тұщы суды көбірек пайдаланады. Қазіргі кезде ыстықтық-суықтықпен және балшықтармен емдеу тек медицинада ғана емес,сонымен қатар малдәрігерлік тәжірибеде де кең өрісін тапқан, көбінде ауыл шаруашылығы малдарын ыстықтық-суықтықпен емдеу кезінде санитарлық баға беру ветеринария саласындағы ең басты профилактикалық маңызы бар шаралардың бірі болып саналады..балшықпен емдеу кезінде санитарлық-топографиялық бағалау жүргізу үшін мынадай негізгі сұрақтарға көңіл аударған жөн.
1.«Мал ауруларын патогенездік емдеу» К.Н. Қожанов, Х.Ж.Қажиев Алматы-2010ж.
2. Б. К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық). Алматы. 2008. 400 бет.
3.«Мал ауруларын патогенездік емдеу» К.Н. Қожанов, Х.Ж.Қажиев Алматы-2010ж. 94-100 бет аралығы.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Суық және ыстық басып емдеу әдістері. Емдік балшықтар және емдеу әдістері



Орындаған:Әбілова А.Қ.

Тексерген: Ахметжанов О.Н

Тобы: ВС-303

Семей 2015 ж.

Жоспар:

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Емдік балшықтармен және емдеу әдістері.
2.Ыстықтық-суықтықпен емдеу әдістері.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе
Малдардың сыртқы тері рецепторлары мен ішкі кілегейлі қабықтарына ыстықтық-суықтықтың термикалық,мехникалық және химиялық қасиеттері әсер ету арқылы пайда болған тіріркену жартылай миға берілуге негізделген табиғи емдік әдіс болып табылады.Ал бу қан тамырларын кеңейтіп,ылғалды жылудың ұзақ мерзімді етуімен кілегей қабықтарымен теріге белсенді гиперемия туғызады , щаруашылық тәжірибесінде көбінде балшықтармен емдеу іс-әркеттері үшін тұщы суды көбірек пайдаланады. Қазіргі кезде ыстықтық-суықтықпен және балшықтармен емдеу тек медицинада ғана емес,сонымен қатар малдәрігерлік тәжірибеде де кең өрісін тапқан, көбінде ауыл шаруашылығы малдарын ыстықтық-суықтықпен емдеу кезінде санитарлық баға беру ветеринария саласындағы ең басты профилактикалық маңызы бар шаралардың бірі болып саналады..балшықпен емдеу кезінде санитарлық-топографиялық бағалау жүргізу үшін мынадай негізгі сұрақтарға көңіл аударған жөн.

Балшықтармен емдеу әдістері.
Бұл емдеу әдісі ертеден келе жатқан су, минералды және органикалық заттардан тұратын қоспалармен емдеу әдісі.Шипалы балшықтардың құрамында антибиотиктерге, витаминдерге, гормондарға, ферменттерге, бактериофагтарға. гистаминдерге ұқсас қосылыстар болады. Кейбір газдар мен радиоактивті заттардың юолуы да мүмкін. Шипалы балшықтардың емдік қасиеттері осы қосылыстардың организмге тигізетін әсерлерімен сипатталады.
Қарапайым координаторлық миопатозда қозғалыс кезінде барлық аяқтарының әлсіздігі байқалады. Ауру бұлшық еттер босаңсыған, ауырсынбайды, көлденеңінде ошақты тығыздану байқалмайды. Фасцилярлы координаторлық миопатозда жазылған белгілер күштірек көрінеді. Қозғалыстың дискокоординациямен қатар жалпы әлсіздік, ақсау, т.б. анықталады. Зақымданған бұлшық ет сәл ауырсынады, оларда фибрилярлы тарту (жыьырлау) көрінеді, көлденнңінде түрлі көлемдегі тығызданулар (миогелоздар) сезіледі. Миофасцикулитте мипатоз бен миозиттің белгілері бірігеді.
Болжау. Миофасцикулиттен басқа мипатоз жағдайларында оң нәтижелі.
Емі. Себебін жойып, физиотерапевтикалық процедуралар қолданады. Бұл уқалау (массаж), жарықпен сәулелендірі, жылы сазбен, сапропель немесе озокеритпен аппликациялау, вапоризациялау, йод ионымен ионофорездеу. Қатты ауырсынғанда ірі қараға бұлшық етке 1:1000 - 8-10 тамшы адреналин қосылған 0,25-0,5% 150-200 мл новокаин ерітіндісін енгізеді. Адреналин шаршаған бұлшық еттің тонусын көтеруге әсер етеді, ал новокаин жүйке жүйесінің реакциясые қалыптастырады.
Клиникасы соғылуға ұқсас. Созылған жерде асептикалық қабыну дамып, ісінеді. Аурушаң. Аяқтың буындары, сіңірлері, бұлшық еттері созылғанда мал сылтып ақсайды. Күш түсірсе алғашында ақсау басылғандай болғанмен, содан соң ол аяғын мүлде баспай, қатты ақсап қалады.
Емі. Жануарға тыныштық беріп, жұмыстан босатады. Алғашқы күні суық басу керек. Екінші күннен бастап жылулық емдер қолданылады. Ол үшін қыздыратын камфора майы, Вишневскидің бальзамды майы, Алезан гельі сияқты майлар жиі пайдаланылады. Емдік балшықтарды пайдалану жақсы нәтиже береді. Малдың аяғы жарақаттанғанда ем өлшемді мацион жасатумен қоса жасалады.

Шипалы балшықтар 3 бөліктен тұрады:

+ Кристалл қаңқасы- минералды заттардың ерімеген ұсақ бөлшектері.
+ Коллоидты фракциясы- кристалл қаңқасының ұсақ бөлшектерін біріктіріп тұратын жартылай сұйық зат.
+ Шипалы балшықтың ерітіндісі(рапа)-минералды заттардың судағы ерітіндісі.Балшықтардың химиялық құрамы осы ерітіндінің аз-көптігіне тікелей байланысты.

Шипалы балшықтармен емдеу үшін әртүрлі ванналар,жапсыру(аппликация),орау әдістері,тік ішек, қынап арқылы тамподндар қолданылады. Емдеу жерлерінде табиғи жағдайға жуықтатылған,балшықтарды дұрыс сақтауға болатын арнайы,көлемді орындар болуы керек.Оларды әдейілеп жасалған ағаш күбірлермен,бет жағына рапа(тұздық) құйып сақтайды және тасымалдайды.Қыста жылы жерде сақтайды.Қолданар алдында су ваннасында 55°-қа дейін қыздырады. Малдың терісін жылы сумен жуып тазалайды да,құрғатып сүртеді.Қолданылған шипалы балшықты бөгде заттардан (ұсақ тастар,ұлутастардың қабыршықтары тазаланғаннан кейін,50-52°-қа дейін қыздырады да,оны суық балшықпен араластырыптепературасын 45°-қа жеткізеді.Бір рет қолданылған шипалы балшықты екінші рет қайта қолданбайды.
Қолдану ұзақтығы 1-1,5 ай,күн аралатып,әрбір сеансының ұзақтығы 30-40 минуттан.
Процедурадан кейін малды жылы сумен жуып,құрғатып,үстін жылылап ұстайды.
Емі саз балшық организмге физикалық,химиялық және биологиялық тиімділігі бар,жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі өте төмен,созылмалы зат.Сұр және сарғыш балшықтардың қасиеттері мен әсерлері шипалы балшықтардың әсеріне жуық.Құрамында Na,K,Ca,Mg - катиондары; C16 So-4 - аниондары; HCO-3, Fe- қоспалары кездеседі.
Емдік ретінде оларды ыстық және суық түрлерінде пайдаланады.Ол үшін саз балшықты қою кілегей тәрізді етіп сезеді де денеге жағу арқылы,немесе брезент дорбаға салып аяққа кигізу арқылы емлеуге болады.
Саз балшықты 30-минут сайын ауыстырып отыру керек және 48-сағаттан артық қолдануға болмайды.

Ыстықтық-суықтықпен емдеу әдістері.
Суық және ыстық арқылы қан тоқтату әдістері. Физика заңдарына сәйкес суықтық қан тамырын құрыстырып, өзегін жіңішкертеді, ал ыстық белокты бүрістіріп, қан ұю процесін тездетеді. Осыны ескеріп, маддәрігерлері қан тоқтатуға суықты кең қолданып келеді.
Суық су құйып, қар - мұзды қанап тұрған жерге баса қойса, тамыр өзегі тартылып, тромбының пайда болу процесі тездейді. Ішкі мүше тамырларынан қан кетсе, оны суық сумен жуып, оның үстіне мұз салып резеңке ыдыс қояды. Малдың дене қызуынан қойылған мұз тез еріп кете береді. Осыған байланысты мұзды жаңартып отыру керек. Сонда ғана қан тоқтайды, қансырау процесі азайады.
Сонымен қатар паренхималық органдар мен ұсақ қан тамырлардан қан акқан жағдайда, қайнап тұрған тұзды су пайдаланады, оның қан тоқтатар қасиеті бар.
Ағзы аралата тоқ жіберіп, денені қыздырып емдеу әдісін диатермия дейді. Жараланған қан тамырындағы қанды тоқтату үшін хирургиялық диатермия әдісі қолданылып, жылу беретін аспаптардың қуаты жоғары болғандықтан, тамыр күйіп, бүріліп қалады да, қан тоқтайды. Бұл әдісті ұсақ және орталай диаметрлі тамырлардан қан аққанда қолданады.
Бұл әдістің пайдалы жері сол - ол операция жасауды тездетеді, тамыр байлаудың қажеті болмай қалады.
Соңғы жылдары О.К. Скобелкиннің басқаруымен хирургия саласында жаңа бір жаңалық туды, ол лазер сәулесінің қасиетін пайдаланып, ірі операциялар жасау. Бұл әдістің ұтымды жері сол - лазер сәулесі тиген жерде қан ұйып, ағымы тоқтап, микробтар жойылып, жара іріңдемей тез жазылады.
Ал қан тоқтатуда В.С. Савельев ұсынған плазмалық скальпельдің келешегі зор.
Биологиялық әдістер. Бұл әдістер бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
а) қанап тұрған жарақатты операция кезінде малдың майы, бұлшық еті, фасция, іш май шарбысымен тығындау;
ө) витаминдер енгізу;
б) бұлшық етке жануардын қанынан алынған қан сарсуын егізу;
в) қанаған жерге қанның неше түрлі бөлшектерін енгізу (тромбин, қан тоқтататьш губка, фибриңдік пленка, биологиялық антисептикалық тығын);
г) қансыраған малға қан құю, қанның сұйық бөлімі, тромбоциттер массасы, антигемофильды глобулин А.
Қан ағып жатқан малға консервіленген қаннан 200-500 мг. құйса, ол қанды ұйытып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Суық пен ыстық басып емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері
Суық және ыстық басып емдеу әдістері. Емдік балшықтар және емдеу әдістері
Емдік балшықтар және емдеу әдістері. Суық және ыстық басып емдеу әдістері
Емдік балшықпен емдеу әдістері
Курорттар мен санаториялардың негізгі топтары
ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ
Суық және ыстық басып емдеу әдістері жайлы ақпарат
Санаториялық-курорттық емдеу
Пәндер