Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы жайлы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: « Жылқылар мен түйелердің гигиенасы

Қойлар мен ешкілердің гигиенасы »

Орындаған : Тәтіғали А.

Тексерген : Садуакасов М. С.

2015ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Түйе гигиенасы

2. 2. Жылқыларды жұмысқа пайдаланудың гигиенасы

2. 3. Қой, ешкі малдарының гигиенасы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Түйе гигиенасы

Түйе өсіріп, одан өнім өндіру - еліміздегі мал шаруашы­лы­ғының дәстүрлі салаларының бірі. Қазақстанда бұл саланың тарихи дамуына жайылымдық жерлердің жартысынан астамын шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы себеп болған секілді. Өйткені, түйе - шөлге өте шыдамды түлік түрі. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа малдарға қа­рағанда тиімді түлік түрі болып табылады. Түйе шаруашылығына орынды жұмсалған қаржы 5-6 есе­ге дейін табыс әкелетіндігі ғылы­ми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

Түйе өсіріп, одан өнім өндіру - еліміздегі мал шаруашы­лы­ғының дәстүрлі салаларының бірі. Қазақстанда бұл саланың тарихи дамуына жайылымдық жерлердің жартысынан астамын шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы себеп болған секілді. Өйткені, түйе - шөлге өте шыдамды түлік түрі. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа малдарға қа­рағанда тиімді түлік түрі болып табылады. Түйе шаруашылығына орынды жұмсалған қаржы 5-6 есе­ге дейін табыс әкелетіндігі ғылы­ми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі. Әрі сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан, ұзақ мерзімге сақталады (300С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды) . Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсеткен. Сонымен бірге, асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майлы­лығы 5, 5-7, 0 пайызды құрайтын 4-6 литр, ал бір маусымда 1200 литр сүт өндіріледі. Дара өркешті таза тұқымды аруана маясы­нан бір тәулікте майлылығы 3, 5-4, 2 пайыз болатын 12-15 литр, ал бір маусымда 3500 литр сүт өндіруге болады.

Түйе малынан сапалы ет өнді­ріледі. Тағамдық қасиеті және құнар­лылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес. Өзіндік құны арзан түйе етін өндірудің бас­ты жолы түйені жайып-семірту екен­дігі ғылыми-өндірістік тәжі­ри­белердің нәтижесінде дәлелденді.

Түйені өсіру. Түйе - сүтқоректі жануар. Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер (аруана) кең тараған. Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бас­тысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Сауу, су беру, түйе жүнін қырқу автоматтандырылған болса, одан әрі түйе асырау айтарлықтай жеңілдей түседі.

Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Қалың терісі күндізгі қа­пы­рықтан және түнгі суықтан қор­ғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерек­шеліктеріне ие. Ересек түйелердің таза­ салмағы орта есеппен 600-630 кг. тартады, бір түйеден орта есеп­пен 5 кг. жүн қырқылады.

Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы түйе өсіруді ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Міне, осы ет бағытында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түркімен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80-120 килоға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51, 7-52, 5 пайызға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55-58 пайызға жетеді.

Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым-шілде, ал жас буыршындарды қараша-желтоқсан айларында етке өткізген орынды.

Түйе азығы. Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жей­ді, ал қыста оларды пішенмен қорек­тендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәу­лігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.

Түйені көбейту - мал шаруашылығында экономикалық ең тиімді сала. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.

Екі өркешті түйенің буаздығы, ал боталарды сүтпен емізу ұзақтығы 6 ай, көбею кезеңінің басталуы 3-5 жас. Бір өркешті түйенің буаздық уақыты 12-14 айды құрайды, ботасын емізу ұзақтығы - 5-6 ай, аталығының көбеюге жетілуі - 4-6 жас, ұрғашыларынікі - 3 жас.

Түйенің 100 аналығынан орта есеппен 34-37 бас төл алуға бо­лады. Түйе өсуді 7 жаста тоқ­тата­ды. Салқын күндері боталар­ды аналықтарынан бөлек жылы қораларда ұстайды және қоректендіру үшін оларға тәулігіне 6-7 рет жібереді.

Жылқыларды жұмысқа пайдаланудың гигиенасы
Жылқыларды негізгі үш түрлі шаруашылық жұмыстарына пайдаланады: міну, жеңіл-орташа және ауыр жұмыстарға жегу және теңдеу.
Жылқыларды мініп, көбінесе малдарды жайғанда, бір жерден бір жерге айдағанда (көшкенде, етке айдағанда), ауыл аралық қатынастарда және спортойындарында (бәйге, жорға, кедергілерден секіру т. б. ) пайдаланады.
Жеңіл жұмыстарға жегіп пайдалану кезінде жылқыға өз салмағының 10 % ауыр жүк тартпауы керек және жұмыс уақыты 4 сағаттан аспай, барлық жүретін жолының қашықтығы 15 км артық болмауы керек. Мұндай жеңіл жегу жұмыстарына жас тай, құнандарды, кәрі (14 жастан асқан) жылқыларды, құлынды биелерді, тууына екі ай қалғанға дейін буаз биелерді пайдаланады.
Құлындағаннан кейін екі айдан соңғы биелерді, орташа жеңіл жұмыстарға (тасымалдау, жырту, тырмалау, шөп шабу т. б. ) жегіп, ауырлығы өз салмағынан 13-15 % аспайтын жүктерді 25 шақырым жол жүргізіп, жалпы жұмыс күннің ұзақтығын 6 сағаттан асырамай пайдаланады.
Ауыр жұмыстарға аттарды, айғырларды, қысыр биелерді пайдаланып, тәулігіне 9 сағат, 35 шақырым жол қашықтығы, жүгінің ауырлығы өз салмағының 20 % асырмауын қадағалап отырады.

Жылқыларды тең артып пайдалану таулы, жол қатынасы нашар жерлерде кездеседі. Жылқы үстіне теңделген жүктің ең жоғарғы салмағы өз массасының үштен бір бөлігінен артпауға тиіс. Тиелген теңнің салмағының 75 % жылқының қабырға жағына, ал 25 % арқасына түсуі керек. Тиелген жүк ілгері-кейін жылжып және бір жағына қарай ауып кетпейтіндей етіп, мықты бекітілген болуы қажет. Әсіресе тау ішінде біресе өрге, біресе еңіске қарай жүргенде, жүк қозғалса, жылқының арқасын жарақаттап, жауыр жасап, мазасын кетіріп, төзімділігін төмендетеді. Жылқыға жүк дұрыс тиелген болса, сағатына 2-5 км, күніне 16-36 км дейін жол жүреді.
Жылқының жұмыс күші және төзімділігіне, оның денсаулығы, жасы, салмағы, жұмыс режимі, күндік реті, азықтандыру жағдайы, қолданылған жабдықтар, хамыт-саймандардың дәлдігі т. б. елеулі әсер етеді.
Жылқылардың тиісті функционалды дайындығы жеткіліксіз болса, олар ауыр жұмыстардың кезінде тез шаршап, қозғалыс жүйелерінің қызметтері бұзылып, денесінен артық мүшелерде терімен бірге тұз шығып, демігіп, жүрек соғысы, қан айналысы бұзылады.

Жас жылқыларды мініске, жегінге жұмыстың мөлшері мен ауырлығын біртіндеп асыра отырып үйреткен жөн. Жылқыны мініспен жегінге үйретудің негізі организмнің физиологиялық мүмкіншіліктерін біртіндеп кеңейте келе, олардың қан айналысы, тыныс алу, қозғалыс рефлекстерін ретке келтіре отырып, жұмысқа деген күшін жоғарғы шамада пайдалану болып саналады.
Жылқыларды үйрету жыл бойына тұрақты түрде жасалып, олардың конституциялық ерекшеліктерін, тұқымын, жасын, жынысын, физиологиялық жағдайын салыстыра отырып, белгілі бір мезгілдерде жүргізу керек.
Жұмыс жылқыларын пайдалану кездерінде оның физиологиялық шамасынан артық жүк салып, ұзақ жол жүріп, әсіресе ауа райының қолайсыз өте суық немесе ыстық мезгілдерінде, қинауға болмайды.

Жылқылардың денсаулығының қалыпты жағдайда екендігін көрсететін белгісі - дене температурасы болып саналады. Жылқының қалыпты жағдайдағы дене температурасы 37, 5-38, 5ºС болса, жұмыс кездерінде 39ºС дейін жоғарлайды, ал ауыр салмақ түскенде одан жоғары көтеріледі. Сондықтан олардың дене температурасы 40 ºС дейін көтерілсе, жылқылардың денсаулығының бұзылып, нормадан ауытқығандығын көрсетеді де, ондай жағдайда жұмыстан босатып, тиісті шара жасау қажет. Жұмыстан шаршаған жылқылардың белгісі болып, олардың айдауға, бұрылуға, айғай-шуға жауабының (реакциясының) төмендеп, селқос жағдайда болып, терлеп, тыныс алуы жиілеп, қан тамырларының соғысы шапшаңдап, дене температурасы жоғарлап, жүрісі шатқаяқтап, аяқ, иық бұлшық еттері дірілдеп, азықтан бас тартып т. б. саналады.
Жылқылардың жоғарғы жұмыс қабілеттері оларға арналған хамыт-саймандар, ертоқымдардың дұрыс таңдалып, белгілуіне байланысты болады. Бекітілген хамыт-саймандар жұмыс атына размерлері бойынша сәйкес келмесе, олардың денесіне жарақат түсіріп, тынысын тарылтып, жұмысқа қабілетін төмендетіп, кейде ауруға шалдығуының себебі болады.
Қой, ешкі малдарының гигиенасы

Қойларды төрт түрлі жүйелерде ұстайды: тұрғызып-жайып, жайып-тұрғызып, жайып және жыл бойына тұрғызып қолда ұстайды.
Тұрғызып-жайып ұстау. Мұндай жүйеде қойларды жылдың ұзақ уақытын қолда тұрғызып, ал шамалы мезгілін жайып күтіп-бағады. Қолда тұрғызып көбінесе қойларды қыс айларында азықтандырып, серуендететін алаңы қаралған қораларда ұстайды. Ашық алаңдардың (база) ішінде азық науаларын орнатып, су ішетін астаулармен тұз салатын орындар белгіленеді. Ауа райының қолайлы кездерінде базаға шығарып азықтандырып, түнгі жатар кезде қораға қамайды. Ал күннің жылынған мезгілдерінде жайып-бағады.

Жайып-тұрғызып ұстау тәсілін - табиғи жайылымдары бар аймақтарда қолданады. Біздің еліміздің көптеген жерлерінде мал жаятын, әсіресе ұсақ малдар жайылатын жайылымдар жеткілікті кездеседі де оларды қыс кездерінде қар көп баспайды. Мұндай аймақтарда ауа райының қолайсыз кездерінде пайдалану үшін жеңіл, үш қабырғалы, төбесі жабылған қоралар немесе буылған қамыс, талдардан жасалған, төбесі қазақ үйше тоқылған-катондар тұрғызылады. Үш қабырғалы қораларда да, сол сияқты катондарда да қалың, құрғақ төсеніштермен қамтамасыз етілуі керек. Қысқы айларда нашар, әлсіз, ауру малдарды көректендіру үшін азық қорын дайындайды. Қысқы немесе ерте көктемгі мал төлдету кезінде саулықтарды қозылары мен алғашқы айда ұстау үшін, табындағы малдың 30-35 % шамалап жылыланған қора соғылады.

Жайып ұстау тәсілі - жайылым жерлерге бай аймақтарда қолданып, малды жыл бойына жайып тек қыстың суығында, ерте көктемде қоздаған малдарға қатаң және құрама азықтар дайындайды. Мұндай жыл бойы қойларды жаю мен күтіп-бағуға оңтүстік жылы аймақтар қолайлы болады.

Тұрғызып қолда ұстау тәсілі - егін шаруашылығымен шұғылданып, мал жаятын жерлері жоқ аймақтарда қолданылады. Мұндай жағдайда қойларды қораларда ұстап, ал оларға азықты жасанды, екпелі шөптерден дайындайды. Жайылымға малдары тек серуендеу үшін ғана бостады. Жазда оларды қоршалған алаңдарда азықтандырып, ал қыста қораларда көректендіреді. Қораларды қыстың жайсыз, суық мезгілдерінде және төл алатын кездерде пайдаланады. Қойларды жылы, ылғалды және тығыз қораларда ұстауға болмайды, өйткені ондай жағдайда малдар әлсізденіп, жүнінің өсуі бөгеліп, тұяқ аурулары пайда болып, резистентілігі төмендеп ауруға жиі шалдыққыш келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы туралы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Мал гигиенасы
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Үй жануарларының арғы тегін жан - жақты зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz