Жаһандану туралы ақпарат


Сайлаубаева Ақбота
Жаһандану әлемдік саясаттағы дәстүрлі халықаралық қатынастарды мүлде өзгеріске ұшыратты. Атап айтқанда, заманауи халықаралық қатынастар халықаралық қатынастардың дәстүрлі (мемлекет) және жаңа (трансұлттық топтар мен коорпорациялар, индивидтер, қозғалыстар, халықаралық және қоғамдық ұйымдар және т. б. ) субъектілер арасындағы қатынастар негізінде құралды. Әлемдік саясат «бірполярлы» дүние жағдайында халықаралық қатынастар дамуының жаңа бір белесіне көтерілді. Жаһандану негізінде қалыптасқан қатынастардың жаңа тұрпатты жүйесін халықаралық дегеннен гөрі, әлемдік саяси жүйе деп атаған орынды тәрізді. Оның себебі, қазіргі таңда қалыптасып отырған халықаралық жүйені бұрынғы жүйелермен салыстырған айшықтап тұратын үш ерекше қасиеті айрықша байқалады. Біріншіден, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттары арасындағы шекара сызығының шайылу үрдісі жеделдей түсті. Бұл үрдістің қарқын алуына ортақ сыртқы саясат ұстануға тырысқан Еуропалық Одақ елдерінің біртіндеп ұлттық егемендігінен айырылуы мен бұрынғы КСРО және Шығыс Еуропа елдерінде жүріп жатқан демократиялану үрдістері ықпал жасауда. Екіншіден, халықаралық өзара әрекеттестік объектісі өзгерді: 90- жылдардан бері қарай жекелеген мемлекеттің ішкі мәселелеріне (демократиялық мәселелер, адам құқығы т. с. с. ) халықаралық қауымдастықтың араласуы жиі етек ала бастады. Үшіншіден, халықаралық реттеудің жаңа құралы ретінде «гуманитарлық интервенция» пайда болды. Вестфаль жүйесінен бері сақталып келе жатқан мемлекеттің ішкі істеріне қолсұқпаушылық дәстүрін бұзу қазіргі халықаралық қауымдастық үшін заңды құралға айнала бастады. Жаһандану үрдісі ғаламдық әлеуметтік жүйе дамуының объективті заңдылағын құра отырып, қуатты елдердің жаһандық қарым-қатынастарды өз мүдделеріне сай бейімдеуіне мүмкіндік берді. Алайда бұл құбылыс дүниежүзінде жаһандануға қарсы жаңа қозғалыстардың, антиглобалистер және альтерглобалистердің, пайда болуына әкеп соқтырды. Антиглобалистер өз қарсылықтарын жаһанданудың тек «адамзаттың бай бөлігі» үшін ғана тиімді, ал кедейлер одан әрі кедейлене беретіндігімен түсіндірді. Ал альтерглобалистер өз ұрандары ретінде әлемнің бай және әлсіз, кедей бөлігі үшін де тиімді, біршама ізгілікті, әр топтың мүдделерімен санасатын - «альтернативті жаһандануды» ұсынды. Қазіргі таңда халықаралық қауымдастықтың әлемнің әр түкпірінде орын алып жатқан шиеленістерге қатысты пікір алшақтығын тудырып отырған сол қақтығыстарды реттеу тәсілі, яғни гуманитарлық операциялар екендігі белгілі. Тұтастай интеграциялық кеңістік құруға бет алған ЕО елдерінің өзі кей мәселелерге қатысты ауызбіршілік таныта алмай жатады. Бүгінде гуманитарлық интервенцияны сыртқы саясатында айқындаушы бағыт етіп алған АҚШ пен Құрама Штаттары басты ойыншысы болып табылатын НАТО өз мүдделерін қанағаттандыру құралы етіп алуда.
Бүгінде әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастардың үстем факторына айналып отыр. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы тарихта бүл процесті ғылыми- техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады. «Жаһандану» терминін алғаш рет 1983 жылы «Гарвард бизнес ревью» журналында жарияланған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын. Осы ұғым арқылы ол «жаһандық фирмалар» деп аталған кәсіпорындардың жаңа нышандағы іс-әрекеті арқылы дүниежүзіндегі нарықтардың бірігуін атады. Оның пікірінше, жаһандану және технологиялар халықаралық қатынастарды анықтайтын басты екі факторға айналды. Сол жылы жарияланған «The Marketing Imagination» атты монографиясында Т. Левитт технологияларды «әлемді біркелікке қарай жылжуға итермелейтін қуатты күш» деп бағалады. Мұның арқасында жаңа коммерциялық шындық дүниеге келіп, барынша бірқалыпқа түскен өнімдер үшін жаһандық нарықтар пайда болады. Олардың көлемі мен ауқымын бұған дейін көзге елестету де мүмкін болмаған. «Жаһандану» ұғымының одан кейінгі дамуы белгілі жапон зерттеушісі және басқару стратегиясы саласындағы маман, осы сөздің барынша кең таралуына себепкер болған Кеничи Омаэнің еңбектерінен көрініс тапты. Өзінің «Триада билігі» («Tried Power») деген 1985 жылы жарық көрген кітабында, ол «Триада» деп ойша жасалған үшбүрышты, яғни АҚШ, Жапония және Батыс Еуропаның өздеріне жататын жағрафиялық аймақ бой- ынша құрылып, 600 млн. түтынушысы бар, әлемдік технология өнімінің 3/4 астамын тұтынатын нарықты атады. Аталған еңбегінде ол Триада елдерінде қалыптасқан жаңа нышанды қатаң бәсекелестік жағдайында өмір сүру үшін көпұлтты корпорациялар жаһандық көрегендікке ие болып, жаһандық өлшемде әрекет етуі тиіс деп көрсетті. «Жаһандану» термині 1980 жылдардың ортасынан бастап ақпарат пен коммуникация саласындағы жаңа технологиялардың күрт дамуы салдарынан капиталдың жарылыс бейнелі қозғалысы процесін, әрі қаржы, сондай-ақ биржалық нарықтардың интеграциясын бейнелеу үшін қолданыла бастады. Сонымен, 1980 жылдардың соңында «жаһандану» ұғымы экономикалық және қаржы саласына қатысты ғана айтылып келді.
XX ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи қабақ соғыстың аяқталуына байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп-қатерлер, біртұтас ғаламшарды ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара тәуелділіктің артуы «жаһандану» құбылысына экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси, тарихи, жағрафиялық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді. Француз ғылыми мектебінде «жаһандану» ұғымы екі мағынаға бөлінеді: мондиализация («ia mondialisation» француздың «le monde»- бейбітшілік деген сөзінен) және жаһандану («la globalisation») . Бұл арада «жаһандану» терминімен одан да кең жаһандық процесс - мондиализацияның экономикалық және қаржылық жақтарын ғана айтады. Паскаль Лороттың редакциясымен шыққан француздың «Мондиализация сөздігі» төмендегідей анықтама береді: «Мондиализация кедергісіз ғаламшарлық дамудың сатысын білдіреді, онда бәрі де жақын, қол жетерліктей, барлығы да бір-бірімен байланыста, осының жағымды нәтижесіндей өзара тәуелділік пен ынтымақтастық арта түседі. Бұл 1970 жылдардан бастап, әсіресе, 1980 жылдары қалыптасқан біздің әлеміміздің жай-күйі. Мондиализация, көрініп түрғанындай, интернационалданудың (елдердің және қызмет саласының бір бөлігін ғана қамтитын) соңы болып табылады, және жаһанданудан (кедергілер мен ара қашықтықтарды жоюдың үстіне ақпараттық технологиялардың көмегімен уақыт үғымын да жоюға алып келетін) ерекшеленеді». Әртүрлі дерек көздерін зерттеу мынаны көрсетеді: зерттеушілердің бір тобы жаһандану XX ғасырда емес, одан да ерте, Үлы жағрафиялық ашулар дәуірімен, ал енді біреулері оны тікелей ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерімен байланыстырады.
Филип Моро Дефарж өзінің «Жаһандану» («La mondialisation») деген кітабында еуропалықтар (Христофор Колумб, Васко да Гама) жасаған Ұлы жағрафиялық ашулар жаһанданудың басталуына негіз қалады - деп жазды, - яғни бүкіл жер шарын қамтыған әртүрлі байланыстардың пайда болуына әкелді. XIX ғасырдың жетістіктері - индустриялдық революция, көліктегі революция, сондай-ақ демографиялық өзгерістер жаһандану процесін жеделтумен қатар оның кеңеюіне әсер етті. XX ғасырдағы дүнижүзілік екі соғыс әлемдік геосаяси аренаның қалыптасуын бекіте түсті. Екінші дүние- жүзілік соғыстың аяқталуынан бастап, автордың пікірі бойынша, жаһандық үш сілкініс біртұтас жаһандық кеңістікті қалыптастыруға ықпал етті, бұлар: отарлаудың жойылу процесі; сауда, қаржы және технологиялар саласында жаһандық халықаралық алмасу жүйесінің пайда болуы; бұрынғы коммунистік мемлекеттер мен «үшінші әлем» елдерінің өзін-өзі қамтамасыз ету моделінің күйреп, халықаралық экономикалық қатынастарға қосылуы. Жаһанданудың түпқазықты сипаты ретінде - қаржының, адамдардың, технологиялардың, қызмет көрсету, ақпарат және идеялар ағымының орасан зор қозғалысын атауға болады -деп тұжырымдайды автор. Бұл құбылыстың әртүрлі аспектілерін зерттей келе, Кембриджде 2000 жылы шыққан өзінің «Жаһандану дегеніміз не?» деген кітабында Ульрих Бек, «Жаһандану - соңғы жылдары барынша кең тараған, көп ретте шындықтан алшақ болса да, пікір-таластарда негізгі сөз ретінде қолданылатын сөзге айналды, және алдағы жылдары да солай бола бермек. Алайда, дәл осы сөздің мағынасы барынша аз анықталған, сондықтан көп жағдайда орынсыз қолданылатыны да рас, соған қарамастан саяси тиімді ұғым болып табылады. У. Бектің ойынша, жаһанданудың бірқатар өлшемдерін ажырата білу қажет. Бұл орайда, олардың кез келген тізбесіне коммуникациялық технологияларды, экологияны, экономиканы, іс-қимылды ұйымдастыруды, мәдениет пен азаматтық қоғамды енгізу лазым. Автор «жаһандану» дегеніміз экономиканың, ақпарттың, экологияның, технологиялардың, мәдениетаралық жанжалдардың және азаматтық қоғамның әртүрлі өлшемдегі күнделікті іс-әрекеті үшін шекаралардың маңызы барған сайын азайып бара жатқанын білдіреді деп санайды. Ақша, технологиялар, тауарлар, ақпарат және уландырғыш заттар шекаралар жоқтай еркін «өте береді» . Экономистердің көзқарасы тұрғысынан, жаһандану «жаһанданған» экономиканың пайда болуы, онда ұлттық экономикалар алдымен бір- бірінен ажырайды, сосын тікелей халықаралық деңгейде келісімдер мен процестер жүйесінде қайтадан бірігеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz