Жер мантиясының жоғарғы және төменгі бөліктері: мәртебе, құрам, тектоносфера тұжырымдамасы және минералдық тіркемелердің жіктелуі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі.

Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университеті.

СӨЖ

Тақырыбы : Төменгі және жоғарғы мантиясының мәртебесі мен заттардың құрамы. «Тектоносфера» тұжырымдамасы. Минералдар тіркемелер жіктелуі.

Орындаған:Хуантай А. Ж

Тексерген:Күдеринова Н. А

Семей- 2015ж

Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

3. Қорытынды бөлім.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Жер қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің жиынтығы тектоникалық процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоносфера деп аталады. Тектоникалық процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Жер бетіндегі биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің өзара байланысы Жер бедерін қалыптастырады. Жер бедерін түзуші факторларға Жер бетіндегі ауырлық күшінен туатын гравитациялық процестер, Жер - Күн - Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Жер бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып өзгертеді.

Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшіншіғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік(дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4, 1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4, 5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5, 975•1021 т, орташа тығыздығы 5, 517 г/см³, көлемі 1, 083 млрд. км³, ауданы 510, 2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4, 5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген. Жер Күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4, 5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. Жер қыртысында ерекше граниттік-метаморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған

Жердің мантиясы

Жердің келесі қабаты - мантия (гр. mantion -жамылғы) .

Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы югославиялық сейсмолог А. Мохоровичич анықтаған. Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900-2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.

Жоғарғы мантияның 250-300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оныастеносфера деп атайды. Астеносфераны құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді; сол себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды және магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді. Астеносферадан жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды. Литосфера қабығыжекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан құралады. Олар неміс геофизигі А. Вегенердің литосфералық тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста болады; бұл қозғалыс астеносфераның тұтқыр бетінде сырғу нәтижесінде жүзеге асады.

Минералдар

Жер шарындағы пайдалы қазбалардың 3/4 белігінің қалыптасуы шөгінді жыныстармен байланысты. Мұнай, табиғи газ, минералды тұздардың кен орындары шөгінді жыныстар таралған аудандарға ғана тән. Сол сияқты темір, марганец, алюминийкендері, шашыранды күйіндегі алтын, платина және алмас та үгілу нәтижесінде шөгінді жыныстар арасында жинақталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төменгі және жоғарғы мантияның мәртебесі мен құрамы, тектоносфера тұжырымдамасы және минералдық тіркемелердің жіктелуі
Жер қыртысының минералдық құрамы, минералдардың жіктелуі және Жердің ішкі құрылысы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры: тұжырымдамасы, құрамдас бөліктері және жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты: тарихы, сот жүйесі және судья мантиясының үлгісі
Дипломатия: тұжырымдамасы, түрлері және дипломатиялық мәртебе
Өсімдіктердің минералдық қоректенуі: даму тарихы, элементтік құрам және макроэлементтердің физиологиялық маңызы
Талаптың мағынасы, құрамдас бөліктері және жіктелуі
Маркетингілік ақпарат жүйесінің тұжырымдамасы мен құрамдас бөліктері
Компьютерлік желілер: анықтама, құрамдас бөліктері және жіктелуі
Магмалық тау жыныстары: жіктелуі, құрылымы және минералдық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz