Ғали Ормановтың табиғат туралы өлеңдерінің әдеби талдауы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СОБӨЖ

Тақырыбы: Ғали Ормановтың табиғат жайлы өлеңдеріне әдеби талдау

Орындаған: А. Қ. Тоқсанова

Тобы : КЯ-409с

Пән: 1940-1960 жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы

Тексерген: А. О. Тоқсамбаева

2015-2016 оқу жылы

Семей қаласы

Ғали Ормановтың табиғат жайлы өлеңдеріне әдеби талдау

Ғали Орманов табиғат көріністерінің шағын картиналарын ұтымды жасау арқылы адам сезімін тап баса суреттеу, өмір туралы философиялық ойларын таныту ақынның көптеген жыр жинақтарына ортақ қасиет. Табиғат жайлы, адам мен табиғаттың арақатынасы жайлы жазылған бір топ өлеңдері-Ғалидың ғана емес, осы жанрдағы қазақ әдебиетінің зор табысы. Ғали өлеңдерінде лепірме екпінді сөздер кездеспейді. Ақын заман асқақтығын, көңілдің көтеріңкі күйлерінің өзін шынайы, биязы сырласуға түсіреді де, қарапайым шындықты дауыс көтермей-ақ көз алдыңызға жайып салады .

Талантты ақынның табиғат жайлы өлеңдері түрлі көркемдік ерекшеліктерге толы тамаша туындылар. Солардың біразына тоқталып өтсем:

Түз бораны

Төңіректі / шырт бүркеп, // а

Соғады / түз бораны. //б

Бұрқырайды / ақ түтек, //а

Көрсетпей үй, /қораны. // б

Қарайғанды/ жым-жылас, // а

Қымтайды /қар астына. . // б

Сол боранға/ мызғымас //а

Сүйсінесің/ малшыға. //б

Үйге кірсең, / жел дүлей, // а

Жұлқылайды /есікті. // б

«Соқыр, мылқау»/ әңгідей// а

Елемейді/ ол түкті// б

Арпалыса/ жүгіріп, // а

Азынайды, /ұлиды// б

Алай-түлей/ үйіріп, // а

Қуады/ әппақ құйынды. // б

Кенет ешбір/ жоқ дыбыс, //а

Шаршағанға/ ұқсайды //б

Ақ жамылып, /тым-тырыс, // а

Айналаңа /ұйықтайды . . . //б

Бұл өлең 7 буыннан, 2 бунақтан, 20 тармақтан, 5шумақтан тұрады.

Абаб -шалыс ұйқасына, суреттеу тәсіліне құрылған.

Өлеңде кездесетін көркемдегіш тәсілдер: Эпитет, теңеу, кейіптеу, ассонанс, аллитерация

Эпитет : дүлей жел, әппақ құйын

Теңеу: «соқыр, мылқау» әңгідей

Кейіптеу: бұрқырайды, шырт бүркейді, қымтайды, жұлқылайды, елемейді, арпалыса жүгіреді, азынайды, ұлиды, үйіреді, қуады, шаршайды, ұйықтайды.

Ассонанс: Арпалыса жүгіріп,

Азынайды, ұлиды

Алай-түлей үйіріп,

Қуады әппақ құйынды

Ақ жамылып, тым-тырыс

Айналаңа ұйықтайды. (А дауысты дыбысы әр жолдың басында қайталанып келген)

Аллитерация: Қарағайды жым-жылас,

Қымтайды қар астына. . (Қ дауыссыз дыбысы әр жолдың басында қайталанып келген)

Сол боранға мызғымас,

Сүйсінесің малшыға (С дауыссыз дыбысы әр жолдың басында қайталанып келген)

Тау сыйы

Көкірегі/ көк орай// а

Көз жіберші / тауыма// б

Көк шашақты/ қарағай, //а

Қандай ұқсас/ бауына!//б

Сырғи аққан /бұлағы, //а

Сыңғырайды/ күмістей//б

Судыраған /құрағы//а

Құбылады/ пүліштей//б

Желпи ескен/ самалы//а

Және ұқсайды/ жібекке//б

Жан біткенге/жағады//а

Дәрмен беріп/ жүрекке//б

Сен де сонда/ қыдырып, //а

Дамылдауға/ шығарсың. //б

Бұлағына/ сіміріп, //а

Бұлбұл әнін/ тыңдарсың//б

Күні күлген/ төбеңде, //а

Тау тынысын/ байқарсың. //б

Байығандай/ өлеңге, //а

Бәлкім тасып/ қайтарсың!//б

Бұл өлең 7-8 буыннан, 2 бунақтан, 20 тармақтан, 5шумақтан тұрады.

Абаб -шалыс ұйқасына, суреттеу тәсіліне құрылған.

Өлеңде кездесетін көркемдегіш тәсілдер: Эпитет, теңеу, кейіптеу, аллитерация

Эпитет : көк шашақты қарағай, сырғи аққан бұлағы, судыраған құрағы ( мұнда барлығы екі сөзден құралған күрделі эпитеттер)

Теңеу: күмістей, пүліштей

Кейіптеу: күні күлген, құбылады

Аллитерация: Көкірегі көк орай

Көз жіберші тауыма.

Көк шашақты қарағай,

Қандай ұқсас бауына!

Желпи ескен самалы

Және ұқсайды жібекке

Жан біткенге жағады

Сырғи аққан бұлағы,

Сыңғырайды күмістей

Судыраған құрағы.

Бұлағына сіміріп,

Бұлбұл әнін тыңдарсың

Байығандай өлеңге,

Бәлкім тасып қайтарсың!

Тайырдың қайыңы

Балбыратқан/ жер бетін /жылы көктем, //а

Дүниеге /май қандай/ нұрын төккен!//а

Жібек құсап/ желпісе/ жерді желі//б

Күлімдейді/ масайрап/ күні көктен. //а

Бақты аралап/ келімін/ әдейі мен, //а

Саф ауамен/ сағынған /аламын дем. //а

Құлағымда /көктемнің/ тұр тынысы, //б

Құстың қилы/ құбылған /әуенінен!//а

Жамырап тұр/ жан-жақты/жас қайыңдар, //а

Жаз деміне/ бәрі де/ жастай құмар. //а

Кенет тоқтап, / біріне/ қалдым қарап, //б

Еске түсіп/ өткен бір/ жақсы ай, жылдар. //а

Тұрдым әбден/ жерінен/ танып оны, //а

Сонда ақынның/ өзі еккен /анық оны. //а

Желге еркелеп/ желпінген/ жапырақтарын, //б

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғали Ормановтың табиғат лирикасының әдеби талдауы
Ғали Ормановтың өмірі мен әдеби мұрасы
Ғали Ормановтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдерінің текстологиялық талдауы және басылымдық вариациялары
Ғали Ормановтың табиғат лирикасы: Жетісудың көркем суреттері мен жүрек әуені
Ғали Ормановтың шығармашылығы: өмірбаяны, лирикасы және тарихи тақырыптар
XIX ғасырдағы қазақ арнау өлеңдерінің әдеби сипаты
Қазақ өлеңдерінің құрылысы: әдебиеттің тегі мен түрлері, әдеби әдіс-бағыттар және әдеби үдеріс
Арнау өлеңдерінің жанрлық табиғаты: диалогтық құрылым мен тарихи-әдеби негіздері
М. Әуезовтің Қазақтың әдеби тілі туралы мақаласының тілтанулық-тарихи талдауы
Ғали Орманов: естеліктер мен поэтикалық бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz