И.в.сталин, ф.рузвельт, у.черчиль – саяси тарихи тұлғалар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: И. В. Сталин, Ф. Рузвельт, У. Черчиль - саяси тарихи тұлғалар.
Орындаған: Тоқтарова А.
Топ: ИЯ - 311
Тексерген: Санкайбаева П. С.
Семей қаласы - 2015 жыл
Жоспар:
- Иосиф Виссарионович Сталин (Джугашвили) .
- Франклин Делано Рузвельт - орны бөлек президент.
- Уинстон Черчилль - XX ғасырдағы британдық ұлы саяси қайраткер.
1. Сталин, шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович, 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршылы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» атты грузин социал - демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП - ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иленеді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП - ның ОК - не мүшелікке сайланды. 1912 - 13 жылдары Санкт - Петербургте жұмыс істей жүріп, «Звезда және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП - ның ОК бюросының құрамына және «Правда» редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 1917 жылы қарашаның 8-де болған 2-ші съезінде Ұлт істері халкомы ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 жылмен 1922 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. 1918 - 20 жылдардағы Азамат соғысы кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік - Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б) П ОК Пленумы Сталинді ОК - нің Бас хатшысы етіп сайлады. Осы қызметте 31 жыл 1953 жылға дейін отырды. КСРО - ны құруға белсене қатысты. . Алғашқы кезде «автономияландыру», яғни бүкіл республикалардың РКФСР - ге автономия құқығына енгізу жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1922 жыл желтоқсанда болған 1-ші съезіне жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б) П - ның 1924 жыл мамырда болған 13 - съезі Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын - сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жауы» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жауы» жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды. Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті.
И. Сталиннің бастамасымен БК(б) П Орталық Комитетінің 1935 жылғы ақпан пленумына КСРО-ның 1924 жылғы Конституциясын өзгерту мәселесі қойылды. 7-сайланған КСРО Орталық Атқару Комитетінің бірінші сессиясы 1935 жылғы 7 ақпанда Конституцияның жаңа мәтінін жасап, КСРО Орталық Атқару Комитетінің бекітуіне тапсыру үшін И. В. Сталинді төраға етіп Конституция комиссиясын құрды . 1936 жылғы 11 маусымда КСРО Орталық Атқару Комитетінің Президиумы жаңа Конституция жобасы туралы Сталиннің баяндамасын тыңдады. И. Сталин “ССР Одағы Конституциясының жобасы туралы” баяндамасында: “Бұл дәуірдің ішінде қоғамымыздың құрылысында да терең өзгерістер болды. Өнеркәсіп саласында капиталистер табы жоғалды. Ауыл шаруашылығы саласында кулактар табы жоғалды. Товар обороты саласында купецтер мен спекулянттар жоғалды. … біздің елімізде жұмысшы табы, шаруалар табы, интеллигенция қалды. Совет өкіметі орнағаннан бергі жылдар ішінде бұл әлеуметтік топтардың өздері де орасан өзгерді”, - деді. Конституция комиссиясы тапсырған жоба мақұлданып, КСРО Конституциясының жобасын қарау үшін Кеңестердің Бүкілодақтық съезі шақырылсын деген қаулы алынды. 1936 жылғы 12 маусымда КСРО Конституциясының жобасы баспасөз бетінде талқылауға ұсынылды. Конституцияны “талқылау” деген аты болмаса, “Жеңген социализмнің сталиндік конституциясы” (“Правда”, 12 июнь 1936 ж. ), “Кадрға ерекше көңіл бөліп, тәрбиелеп отыру керек” (“Социалды Қазақстан”, 30 наурыз 1936 ж. ), “Сталиндік Конституция және большевиктік баспасөздің міндеттері” (“Социалды Қазақстан”. 15 желтоқсан, 1936 ж. ) және басқа да мақалаларда “Мемлекет жұмысындағы, кадр мәселесіндегі сталиндік стил” үшін күрес, үгіт-насихат жалғасын тапты. Сталиннің “Біздің партиямыз қамал - оның есіктері тек лайықты кісілер үшін ғана ашық болады” деген сөзі саяси ұран әрі іске басшылық болып саналды. Сталиндік Конституция жобасына сын пікір болған жоқ. 1936 жылдың 5 желтоқсанында Кеңестердің Бүкілодақтық VІІІ төтенше съезі И. Сталиннің баяндамасынан кейін оны бірауыздан бекітті. КСРО Конституциясы негізінде Қазақ автономиялы республикасы одақтас республика болып қайта құрылды. Осыған орай Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясын жасау қажеттігі туындады. 1937 жылғы 9 ақпанда Қазақ КСР-і Конституциясының жобасы талқылау үшін баспасөзде жарияланды. 1937 жылдың 21-26 наурызында Алматы қаласында өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық төтенше Х съезі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті. Кеңестердің Бүкілқазақстандық төтенше Х съезінің делегаттары И. Сталинге алғыс хат жолдады. Хаттың мәтіні баспасөзде жарияланды. Хатта: “Біздер, халықтың қалап сайлаған адамдары… бүгін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекіттік. …Қымбатты ұстаз, көсегесі көгерген қазақ халқының шын жүректен берілгендік және сүйіспеншілік сезімін қабыл ал, қазақ халқы коммунизм орнату ісіне барлық күшін, барлық жігерін жұмсайды, жаулар шабуыл жасаған күнде біз ұлы, тамаша социалистік Отанды кеуде төсеп қорғауға әзірміз деген сертімізді қабыл ал” деп жазылды. Сталиндік Конституцияның жетістігін халыққа түсіндіру науқаны мерзімді басылымдарда жалғаса берді. Барлық облыстық партия комитеттеріндегі жауапты адамдар, газет редакторлары басылымдарды мезгілімен шығарып, БК(б) П Орталық Комитеті нұсқауларын тыңғылықты орындауды қамтамасыз етті. Қоғамдық ғылымдар саласын партиялық саясатқа бағындырудың теориялық негізін салған “БК(б) П тарихы қысқаша курсының” шығуы елде ерекше үгіт-насихаттық саяси науқанға ұласты.
мәселелері Сталин жолдастың тікелей қатынасуымен шешілді”, деп жазды.
Сталиндік зорлық-зомбылық ақырында тарихи жеңіліске ұшырады. Сталиндік жүйенің 30 жылдық тарихындағы КСРО-дағы адам шығыны, Романовтар әулетінің 300 жылдық тарихындағы адам құрбандығынан бірнеше есе көп. Әлем тарихында ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 миллион адам қырылып жойылыпты. Солардың 110 миллионы, немесе шамамен үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне тиеді. КСРО-да 1917-1987 жылдары 62 миллион адам жойылған. Сондай-ақ адамдарды жойқын қырғаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы айтатын болсақ, бұл тізімнің ең басында Сталин тұр. Оның мойнына 42, 6 миллион адамның қаны жүктеледі.
2. АҚШ тарихындағы ең атақты президент және осы лауазымға қатарынан төрт рет сайланған көрнекті мемлекет қайраткері - Франклин Делано Рузвельт. Ол 1882 жылы 30 қаңтарда АКШ-тың Нью-Йорк штатындағы Гудзон өзенінің жағасындағы Хайд-Паркте дүниеге келді. Балалық кезінде Франклиннің достары болмады, оның орнын Рузвельттер әулетінің көптеген тұқымдары толтырды. Бірақ олармен достар ретінде тіл табысу қиынға соқты. Франклиннің жеке күтушісі және үйде окытатын мұғалімдері болды. Әке-шешесі де оған жаксы білім мен тәрбие берді. Франклинге Еуропада кен тараған неміс және француз тілдерін үйретті. Рузвельттер отбасындағы бай кітапхана да Франкпиннің жас кезінен бастап-ак кітап окуға құмарлығын оятты. Марк Твен, Редьерд Киплингтердің шығармаларымен катар жас Франклин Альфред Тайер Мэхеннің де кітаптарын кызыға окыды.
1896 жылы Франкіин Гротондағы жергілікті элитаның балалары оқитын Эндикотта Пибоди мектебіне барады. Одан кейін атакты Гарвард университетіне оқуға түседі. Бұл жерде ол көптеген достар табады, әртүрлі студенттік клубтарға мүше болады, университет газетімен де байланыс жасайды. 1904 жылы Колумбия университетінің заң факультетінде оқуын одан әрі жалғастырады. Бірак АКШ-тың болашақ президенті бірнеше емтиханды тапсыра алмай, бакалавр дәрежесіне ие бола алмайды. Дегенмен де Франкіин 1907 жылы адвокаттар коллегиясына кабылданып Нью-Йорктегі сол кездегі атағы шығып тұрған «Картер, Ледиярд энд Милберн» фирмасына жұмысқа орналасады. Таусылмайтын машақаты бар адвокаттык қызмет Франклинді қызыктыра қоймайды, ол үлкен саясатқа араласудың жолдарын іздейді.
Франклин Рузвельт 1905 жылы Элеонора Рузвельтке үйленеді. Элеонора Франклинге бесінші атадан қосылатын туысы және 1901 жылы АКШ-тың жиырма алтыншы президенті болып сайланған Теодор Рузвельттің жакын карындасы болатын. Элеонораның бай жасауы мен сол кездегі ел президентіне күйеу бала болуы да онын қызметтік өрлеуіне септігін тигізеді. Бірак ол биік мансапка туыстық жолмен емес, өзінің еңбексүйгіштегімен, батыл ерік-жігерімен, алдына қойған максатына ұмтылумен және табандылығымен жетуді алдыңғы орынға койды.
1921 жылы тамыз айында Франклиннің одан кейінгі тағдырына ыкпал еткен трагедиялық окиға орын алады. Суык суға кұлаған Франклинге полиомелит ауруы жабысады, екі аяғы сал болып қалады. Тағдырдың бұл жазғанына үлкен жігерлікпен күрескен Франклин 1922 жылдың көктеміне қарай, орнынан тұрып, аз-аздап балдакпен жүруді үйренеді, 1928 жылы мүгедек арбасымен жүруді менгереді және өзіне қандай да бір аяушылық білдіруге тиым салады. Аталған трагедия Франклинді одан әрі жігерлендіре түседі және өзінің алдына қойған максатына жетудегі күш-жігерін жинақтайды.
1928 жылы демократтар партиясы атынан дауысқа түскен Ф. Рузвельт Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланады. Бұл жеңіс оған оңайлықпен келген жоқ еді. Ол сайлау алдындағы үш аптада мүгедектік арбасымен екі мың шакырымдай жол жүре отырып сайлаушылар алдында елуден астам рет сөз сөйлейді. Аз ғана басымдықпен келген жеңіс Франклиннің күш-қуаты мен белсенділігін және халық алдындағы беделін одан әрі нығайтады. Рузвельт бай саяси тәжірибе ғана жинактап қоймады, әртүрлі этникалық, әлеуметтік, діни және каржы-шаруашылық топтарының өкілдерімен ортак тіл табысуды да үйренеді.
Ф. Рузвельттің штат губернаторы болып сайлануы АКШ-тың экономикалық өрлеуінің ең биік шынына жетуімен тұспа-тұс келеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы АҚШ экономикасынын дамуына қолайлы мүмкіндік туғызды. Еуропанын дамыған елдерімен салыстырғанда екінші дүниежүзілік соғыс барысында АКШ-та ешкандай қирап-бүліну болған жок. АКШ-тағы 1861-1865 жылдардағы азамат соғысынан кейін бұл елде соғыс әрекеттері жүрген жок еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейін Еуропаның ірі елдері АКШ-тан қарыз алды. Бұл жылдары АҚШ экономикасының дамуындағы сапалы өзгеріс - өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі болды. Ел өнеркәсібінің үштен екісі ірі монополиялык одақтарға бірікті. 1922-1929 жылдар аралығында ғана өнеркәсіп өнімінің көлемі 78 %-ға өсті. 1922-1929 жылдар АКШ экономикасынын «гүлдену жылдары» деп аталды.
Ф. Рузвельттің Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайлануынан кейін 6 ай өткенде 1929 жылы 29 қазанда бүкіл әлемді тітіреткен «ұлы құлдырау» басталды. Сейсенбі күнгі Нью-Йорк биржаларындағы қаржылық құлдыраудан бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыстың уақыты басталды.
1932 жылғы президенттік сайлауға дейінгі саяси кызметінде Ф. Рузвельт әлеуметтік әділдік және қоғамды ізгілендіру мәселелерінде мықты болғанымен экономикалық проблемаларды шешуде тым білікті емес-тін. Американдыктардың басым көпшілігі сияқты Рузвельт те экономиканың кенеттен құлдырауының болу мүмкіндігін алдын-ала көре алмады. Губернаторлық лауазымының алғашқы күндерінде-ақ Рузвельт штаттағы шаруашылық дамуы түрақты, аландайтын ешкандай негіз жоқ деп мәлімдеген еді.
1929 жылдың күзінен басталган әлемдік экономикалық дагдарыстын зардаптары бірінші дүниежүзілік соғыстың шығынынан да асып түсті. Дүниежүзілік экономикалық даму XX гасыр басындағы деңгейіне дейін төмендеді. Бұл дагдарыс АКШ экономикасын ерекше қатты күйзелтті. Экономикалық дамудың жоғары шыңында түрган ел бір сәтте-ақ үлкен құлдырауды бастан кешті. 1929 жылдан 1932 жылга дейін Доу Джонс индексі 381, 17 сатыдан 41, 22 сатыға дейін төмендеді. Осы жылдары АКШ-тың өнеркәсіп өндірісі 46 %-ға қысқарды. Ішкі жалпы өнім 103 млрд. доллардан 58 млрд. долларга дейін кеміді. Автомобиль өндірісі 80%, темір балқыту 76%, прокат 74%, көмір өндіру 42% қысқарды. Жүз мыңнан астам өнеркәсіп және сауда фирмалары, жиырмаға жуық темір жол компаниялары күйреді. Мындаган банктер мен фермерлік шаруашылықтар күйзеліске ұшырады.
¥лы қүлдырау басталганнан кейін Ф. Рузвельт республикалық партиядан сайланған АКШ президенті Герберт Гуверді және онын әкімшілігін батыл сынга алды және мемлекет пен халык арасында жаңа «қогамдык келісім» жасауга шакырды. Ф. Рузвельт аз камтылгандарга көмек колын созатын әлеуметтік мемлекетті жақтады. 1930 жылы Рузвельт Нью-Йорк штатына екінші мерзімге губернатор болып сайланады. 1928 жылғы сайлауда ол бар болғаны 25 дауыс артықшылығымен жеңіске жетсе, бүл жолы 700 мыңнан астам артык дауыс жинайды.
Гувердің елді экономикалық дағдарыстан алып шығу әрекетінен ешнәрсе шыкпайды. Сондықтан да Рузвельттің маңайындағылар одан президенттік сайлауга өз кандидатурасын үсынуды талап етеді. Рузвельт те елдегі саяси ахуалдың тамырын басып көріп, 1932 жылғы президент сайлауына түсуге бел байлайды және өзінің интелектуалды командасын - «ақыл-ой тресін» күрады. Олардың арасындағы ең атақтылары және Франклинге жақын болғандары профессор Раймонд Моли мен Сэм Розенман болады. Олар партиянын сайлау алдындағы жалпыұлттык бағдарламасын жасайды. Республикалык партиядан елдің сол кездегі президенті Г. Гувердің кандидатурасы үсынылады.
1932 жылы 30 маусымда Чикагода демократтар партиясынын съезі басталады. Күн тәртібіне партия атынан ел президенттігіне үміткер үсыну қойылады. Бірінші турда Рузвельт қажетті дауыс жинай алмайды. Екінші және үшінші турлар да күткендегідей нәтиже бермейді. Сол кезде Рузвельттің сенімді өкілдері Техас штатының делегациясын бастап келген сенатор Гарнерге екі жаққа да тиімді мәміле ұсынады. Аталған мәміле бойынша Гарнер Рузвельтті қолдайтын болса, оны вице-президенттікке алуға келісім беретіндігі айтылады. Осыдан кейін съезд төртінші турда Рузвельтті өздерінің кандидаты етіп сайлайды.
Ф. Рузвельт сайлаушыларды «Америкаға сенуге, біздің жеке жауапкершілік дәстүрлерімізге сенуге, біздің мекемелерімізге сенуге және әркімнің өз-өздеріне сенуіне» шақырды. Американдыктар ұлы құлдыраудан Рузвельттің ғана алып шыға алатынына сенді. Демократтар президенттік сайлауда ғана емес, екі палата сайлауында да жеңіске жетті. Женіске жеткізген сайлаудан кейін Рузвельт өз үкіметін құрады. Корделл Хэл мемлекеттік хатшылыкка тағайындалса, Луис Хоув Рузвельттің «жеке штабын» басқарады.
1933 жылы 4 наурызда президенттік лауазымға кірісу рәсіміне арналған инаугурацияда елдің 32-ші президенті Франклин Делано Рузвельт баласының иығына сүйеніп тұрып АҚШ халқының атынан салтанатты сөз сөйлейді (оған дейінгі президенттер өз партиясының атынан сөйлейтін) және бүкіл халық алдында Американы құтқаруға уәде береді және өз уәдесін орындауға батыл түрде кіріседі. Елдің қаржы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелерді шешу үшін шұғыл шаралар қабылданады. Бұл шаралар Рузвельттің «жаңа бағыты» деген атауға ие болады.
9 наурызда Рузвельт Конгресті шақырып өзіне төтенше өкілеттікттер беруін талап етеді. Президенттік қызметінің алғашқы он бір күнінде Рузвельт Конгрестен оның 70 жылда өткізген заңынан да көп заңды өткізе алады. «Төтенше жағдайдағы банк қызметі туралы» шұғыл заңын алғашқы отырыста-ақ қабылдатады. Барлық банктердің акша операцияларына төрт күндік каникул жарияланып, елдегі барлык банкілер жабылады. Алтын мен күмісті сыртқа шығаруға тиым салынады. Бұл тапсырманы орындамағандарға үлкен көлемде айып салынып, ірі банктердін ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Ал екі аптадан кейін елдегі банктердің үштен екісі өз жұмыстарын кайта бастайды. Президенттің сол кездегі кызметтестерінің бірі айтқандай «капитализм сегіз күн ішінде құтқарылады».
Ф. Рузвельт 31 наурыз күні Конгреске Азаматтык консервация корпусын кұру туралы заң жобасын өткізеді. Бұл шараның қабылдануы 250 мың жұмыссызға жұмыс береді. Мыңдаған адамдар ұлттык парктер мен ормандарда жұмыс істеді. Бұл корпус арқылы 2 миллионнан астам жастар жұмыс тапты. 1934 жылы қаңтарда коғамдық жұмысқа тартылғандардың саны 5 миллионға жетті, 20 миллион адам жәрдемақы алды.
Сәуір айында «үй қожайындарына несие беру туралы» Актіге кол қойылды. Бұл акты аркылы күйзеліске ұшыраған мындаған үй кожайындары құтқарылды. Оларға төмен пайызбен 2 миллиард доллар көмек көрсетілді. 1933 жылы 19 сәуірде долларға девальвация жүргізіліп инфляция бақылауға алынды.
Мамыр айында ашыққандар мен жұмыссыздарға көмек беретін Федералдык төтенше әкімшілік құру туралы Заңға қол қойылды. Сонымен бірге «Банктер кызметі туралы», «Экономика туралы», «Фермерлік борышкерлерді қайта қаржыландыру туралы», «Ауыл шаруашылығын қалпына келтіру туралы», «Өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы», «Бағалы қағаздар және биржалык акциялармен сауда жасаудағы адалдык» туралы заңдар қабылданды. Осылайша ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі өнім өндіру мен оны реттеу мемлекеттік бақылауға алынды. Банктерді күйреуден сактайтын және акшалар мен бағалы кағаздармен сауда жасауда алыпсатарлықты болдырмау үшін Федералдык сақтандыру компаниясы құрылды.
Рузвельттің жарлығымен елдің ішкі кажеттілігне жарайтын азык-түлік өнімдерін сыртка шығаруға тиым салынды. Азаматтык жұмыстар әкімшілігі құрылып, 30 мыңнан астам жоба іске асырылды, оларда 4 миллионнан астам адам жұмыс істеді. Жаңа жолдар, көпірлер, ауруханалар, стадиондар, әуежайлар және тағы басқалардың құрылыстары басталды. Казакстандағы 2009 жылдан бастап колға алынған «Жол картасы» бағдарлмасы осы жылдардағы тәжірибеден алынған еді.
Кәсіпкерлер ассоциациясы бүкіл өнеркәсіпті он жеті топка бөлді. Әрбір топ «Адал бәсеке Кодексін» жасады. Кодекс бойынша әрбір кәсіпорыннын өндірістік өнім көлемі, жалакы көлемі, апталық жұмыс уакытынын ұзақтығы, өнімді өткізу рыногы, бірыңғай баға саясаты белгіленді. Президент әкімшілігі 746 Кодексті бекітіп, индустрия мен сауданың 99 %-ын қамтыды.
1933 жылы ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң кабылданды. Бұл заң бойынша өзінің шығаратын өнімдерін: мактаны, бидайды, жүгеріні, сүтті, етті өндіруді азайткан фермерлерге мемлекет өтем төлейтін болды. 1933 жылы фермерлердің келісімі бойынша бидай, жүгері, мақта егетін егістік жерлердің алаңдары қыскартылды. Бұл шара қолданылғаннан кейін 5 миллион гектарлык мақта отырғызатын аймақ тың жерге айналды. Фермерлер өнімінің бір бөлігі жойылғаннан кейін ауылшаруашылык өнімдерінің бағасы өсті. Бұл үшін оларға сыйакылар берілді. Фермерлерге несие беру туралы заң кабылданып ол іске аса бастағаннан кейін-ақ фермерлердің қарыздары азайды. Жалпы алғанда ауылшаруашылык өнімдерінің бағасы көтеріліп, фермерлер қайыршыланудан құтқарылды. Ауылшаруашылық проблемасы осылай шешілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz