Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет
Әлемдік мәдениетке бетбұрған бүгінгі жаһандану кезеңіне тұспа тұс келген тіл тағдыры әр түрлі деңгейде дамып келеді. Қай кезеңде болмасын тілдің қадір-қасиетін жоғалтпай, әрбір сөзді өз мақсатында қолданып сөйлей білу, тіл тазалаған сақтай отырып, жауапкершілікпен қарау – адамзаттың парызы.
«Тіл мәдениеті – тілдің тазалығын, тілдің ережелерге сай жұмсалуын, сөйлеуші мен оқушысының тіл жұмсау реттілігін, дұрыстығын қарастыратын ғылым. Сөз бен сөзді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс тіркестіру, сөйлемді грамматикалық заңдылықтарға сәйкес әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрау, әдеби тілдің нормаларын сақтап, белгілі бір өлшеммен, белгілі бір қалыппен жазу мен сөйлеу тіл мәдениеті саласының зерттеу міндеттерінің қатарынан саналады».
Тіл – ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай жеткен асыл қазына. Тіл мүмкіндігі Қазақстанның егемендік алуымен бірге дербес ұлттық тіл ретінде қоғамның барлық саласында қанатын жайып, қолданыла бастады. Қазақ тілі – тек қарым-қатынас тілі емес, бүгінде халықаралық деңгейде іскерлік бағытта біршама мүмкіндіктерге ие болды.
Тіл мәдениетінің сапалық жүйесін қалыптастыруда ғалымдар М.Балақаев, Р.Сыздық зерттеулер жүргізіп, осы салада ғылыми тұрғыда өз үлестерін қосты. Жалпы тілші ғалымдар әдеби тіл нормасына қайшы келетін сөздерді, сөз тіркестерін қайталап, ретсіз қолдануға қарсы.
Тіл мәдениетінің тілді тұтынушылардың деңгейіне де қатысты болатынын А.Байтұрсынов былайша түсіндіреді: «Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі - құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескеннен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы».

CӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық қатынасқа іскерлік мәдениет.
Дайындалды: Рахимжанова Г.
Семей қаласы
2015
Әлемдік мәдениетке бетбұрған бүгінгі жаһандану кезеңіне тұспа тұс келген тіл тағдыры әр түрлі деңгейде дамып келеді. Қай кезеңде болмасын тілдің қадір-қасиетін жоғалтпай, әрбір сөзді өз мақсатында қолданып сөйлей білу, тіл тазалаған сақтай отырып, жауапкершілікпен қарау - адамзаттың парызы.
Тіл мәдениеті - тілдің тазалығын, тілдің ережелерге сай жұмсалуын, сөйлеуші мен оқушысының тіл жұмсау реттілігін, дұрыстығын қарастыратын ғылым. Сөз бен сөзді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс тіркестіру, сөйлемді грамматикалық заңдылықтарға сәйкес әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрау, әдеби тілдің нормаларын сақтап, белгілі бір өлшеммен, белгілі бір қалыппен жазу мен сөйлеу тіл мәдениеті саласының зерттеу міндеттерінің қатарынан саналады.
Тіл - ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай жеткен асыл қазына. Тіл мүмкіндігі Қазақстанның егемендік алуымен бірге дербес ұлттық тіл ретінде қоғамның барлық саласында қанатын жайып, қолданыла бастады. Қазақ тілі - тек қарым-қатынас тілі емес, бүгінде халықаралық деңгейде іскерлік бағытта біршама мүмкіндіктерге ие болды.

Тіл мәдениетінің тілді тұтынушылардың деңгейіне де қатысты болатынын А.Байтұрсынов былайша түсіндіреді: Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі - құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескеннен шығатын тетіктер бір-біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі - олардың бәрін білмей-ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы.
Сөзді ретімен дұрыс қолдануды А.Байтұрсынов сөйлеуші адамның танымына, білімі мен өмірде жинақтаған тәжірибесімен байланыстырады: Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіп пен қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару сөз шығару болады.
Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады.
Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.
Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. ...Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді.
Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі - әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.
Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.
Мамандар сөйлеудің мазмұнға сәйкес, мағыналы болуы үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:
- белгілі бір жағдаятқа қатыстылығы;
- мәселенің айқындалуына жаңа ой-пікірлердің әсері;
- ойды теңеулермен, терминдермен әсерлі жеткізу;
- қосымша пікірлердің қарастырылатын мәселеге қатысты болуы;
- сөйлеуші ұстанымы;
- сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланыс;
Пікірталас - қарастырылатын мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікір туғызу немесе сөйлеушінің өз пікірін дәлелдеу мақсатында шешім қабылдау, яғни, тілдік қарым-қатынас орнату. Қандай да бір мәселеде түрлі көзқарастардың түптің түбінде ортақтасатын кезеңі бар, ол - сөйлесуге деген қызығушылық. Бұл іскерлік сұхбаттың алғы шарты, сыпайылықтың этикет формулаларымен, аргументтердің ақиқаттылығымен көрінетін шынайылық пен әділдік, сенім білдірудің үлгілері. Пікірталастың мақсаты - екі тараптың ортақ шешім табуы.
Сұхбаттасуда адамның жеке басының мәдениеті, тәрбиесі көрініс береді. Пікірталасушылардың бір-біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі - әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс. Сөз әдебі - адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да - әдеп белгісі.
Тіл тазалығы - әр сөздің қолданылу аясын, бояуын, басқа сөздермен тіркесуін, мағыналық қызметін ескеру. Тілдік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін сақтау негізі ретінде қазақ халқының сөйлеу әдебіне байланысты мақал-мәтелдердің де орны ерекше:
Іскерлік қарым-қатынаста сөздің әсерлілігі, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі жұмыстың атқарылу барысына өз әсерін тигізеді. Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде тілімізге енген жаңа ұғымдар, атаулар, терминдердің атқаратын қызметі де ерекше. Кейбір жаңа сөздер әлеуметтік-тұрмыста қолданылса, кейбір терминдер белгілі бір салада айналысқа түседі.
Қоғамдық қызметі өскен тілдің сөз байлығы өсіп, тіл стилдік тұрғыдан сараланып, мағыналық өзгерістерге түседі. Олай болса, мемлекеттік тіл өмірдің әрқилы салаларына тәкелей қатысты болып келетін іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Саланың арнаулы сөздері мен терминдері, кейбір құжатқа тән сөз саптау ерекшеліктері тіліміздің дамуына өз әсерін тигізеді.
Қорыта келгенде, әр саладағы маман сөз байлығын игеру нәтижесінде кәсіби білікті іскер ретінде таныла алады. Іскерлік қарым-қатынаста тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін, рухани құндылықтарын айқындай алады.
Мамандыққа байланысты лексика
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымда, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты екендігін көрсетеді. Кәсіптік-техникалық лицейлер мен ЖОО бітірген жас буын - әрі болашақ маман, әрі ҚР өндірісін ілгері дамытатын кәсіпкер. Оның алдыңғы қатарлы маман болуы өз елінің тілін жоғары деңгейде білуімен де терең сабақтасады. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастыруда.
Тілді мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтары:
* тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады;
* кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады;
* қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі;
* қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер Қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады;
* күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты ісқағаздарды жазуды үйренеді;
* болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына, өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.
Осы тұрғыдан мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту - қазіргі уақыт сұранысынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Соңғы жылдары қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, ол зерттеулердің нәтижесінде кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды.
Қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың басты ерекшеліктерін анықтауда, тиімді әдістемесін ұсынуда әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш. Оразбаеваның бүгінгі күнде үлкен бір ғылыми-әдістемелік мектебі қалыптасқан. Ғалым теориялық және әдістемелік тұрғыдан тілдік қатынастың негізін қалаған еңбегінде сөйлесім әрекетінің түрлерін - оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп бөліп қарастырады. Солардың әрқайсысына байланысты Ф.Ш.Оразбаеваның ғылыми жетекшілігімен қорғалған кандидаттық диссертацияларды атап өтетін болсақ, С. Нұрғали айтылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2003), Г.Т. Бейсенбекова оқылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2001), Б.А. Ахметбекова мамандыққа қатысты сөздік жұмыстарының әдістемесін (2000), Г.К. Мұқашева мен М.Д. Жорақпаева әр түрлі мамандықтарға сай тыңдалым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2002), Ф.Ж. Абдразақова қазақ тілін шетелдік студенттерге жазылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесін (2003), А.М. Мұратбекова қазақ тілінің кәсіби бағытталған лексикасын жазылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесін (2003), Ә.Ә. Уабиева қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесін (2003) арнайы зерттеді. Сонымен қатар ғалымның шәкірттері тіл үйретудің т.б. өзекті мәселелерін, атап айтсақ, А.С. Досмурзаева тірек сызбалар арқылы (2002), Г.Т. Алдамбергенова мәтіндер арқылы құрылысшы мамандығына сәйкес оқытуды (1997), сондай-ақ тілді қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін де Н.Х. Шадиева қазақ мектептерінің 5-сыныбында лексиканы деңгейлік тапсырмалар арқылы (2002), А.К. Жанабилова тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясын (6-7-сыныптарға арналған) шығармашылық тапсырмалар арқылы, Ш.Қ. Құрманбаева қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (2009), С.Т. Садықова қазақ тілін дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы арқылы оқыту мәселелерін қарастырды. Ал ересектерге тілді оқытуға байланысты Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (2009) атты бірінші докторлық диссертацияны қорғаған педагогика ғылымдарының докторы Құрманбаева Шынар Қапантайқызы қорғады.
Қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеулерге тоқталатын болсақ, Б.Ш. Мешімбаеваның "Гуманитарлық бөлім студенттерін қазақша пікірлесім (диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдістемесі" (1999) атты ғылыми еңбегінде жоғары оқу орындарының гуманитарлық бөлім студенттерін пікірлесім арқылы қазақша сөйлеу тіліне үйрету әдістемесінің ғылыми негізі жасалды. Автор мамандыққа бағытталған пікірлесім арқылы сөйлесуді меңгертуде қолданылатын ұтымды әдіс-тәсілдерді анықтады, пікірлесімге қатысты қазақша сөйлеу тіліне үйретуде төмендегідей 3 кезеңді қамтуды ұсынды:
1. оқу процесіндегі пікірлесім;
2. шығармашылық пікірлесім;
3. шығармашылыққа бағытталғанпікірлесім құрастыру.
Зерттеу жұмысында сөйлесімді басқа ұлт өкілдеріне пікірлесім арқылы үйретуде тілдік жағдай тұңғыш рет тәжірибеде қолданылып, оның ұтымдылығы ғылыми негізде бірінші рет дәлелденді және пікірлесімнің жаттығулары екі үлкен топқа жіктеліп қарастырылды. Олар:
1. дайындық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz