Макроэкономика үлгілердің экономикалық мәні
Жалпы, экономикалық ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Микроэкономика – фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді тірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады.Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің «денсаулығын » зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады. Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде-бір үлгі макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Макроэкономика үлгілердің экономикалық мәні
Орындаған:Акатаева.М.А
Тобы:ГУ-409
Тексерген:Қуантқан.Б.Қ
СЕМЕЙ 2015ж
Жалпы, экономикалық ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: микроэкономика және макроэкономика. Микроэкономика - фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын таңдауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика - экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді тірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады.Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштерді экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің денсаулығын зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады. Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде-бір үлгі макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады.
Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:
1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өндірісі ана емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;
3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика - макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
4. Макроэкономикалық зерттеуде негізгі үш әдіс қолданылады. Олар: 1) агрегаттау, 2) модельдеу, 3) тепе - теңдік принципі
Жалпы ұлттық өнім - бір жыл ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті болдырмау үшін оған аралық өнімді кіргізбейді. Оларға қайта өңдеуге немесе соңғы тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған өнімдер жатады. ЖҰӨ -ді есептеу кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған барлық шығындарды қосу арқылы және табыстар ағыны арқылы өлшенеді.
Шығындарға тұтынушылық шығындар , мемлекеттік сатып алулар, жалпы инвестиция және таза экспорт жатады.
:: Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.
:: Инвестицияларға шығындар (І) - бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.
:: Мемлекеттік шығындар (G) - тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т.б.) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.
:: Таза экспорт (Хп) - бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.
Сонымен, шығындар бойынша ЖҰӨ - бұл елдегі барлық төрт шығындардың қосындысы:
ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn
Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың қосындысын алады. Факторлық табыстардың төрт компанентін ажыратады: жалақы, рента, пайыз және пайда.
:: Жалақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т.б. жатады.
:: Рента жерді, ғимаратты, тұрғын үйді арендаға беру нәтижесінде үй шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.
:: Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша , несиелер бойынша пайыздар.
:: Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері алатын пайда.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар.
Бірінші - кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады - баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда баға деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбек ақы қарастырылады. Осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді.
Екінші - белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж.Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем - тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды. Бұл көзқарастар түбегейлі әртүрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс - үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі - тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айырықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Марк "жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz