Шабындықтар мен жайылымдарға минералды заттарды енгізу


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Шабындықтар мен жайылымдарға минералды заттарды енгізу
Орындаған: Жақанова Н. М.
Тексерген: Сагындыков С. Н.
Тобы: АГ-313
Семей 2015ж
Жоспар:
1. Дәнді өсімдіктерді тыңайту.
2. Калийлі тыңайтқыштың мөлшері
3. Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар мөлшері
4. Пайдаланған әдебиет
Тыңайтқыштарды енгізу - шалғындықтарды жақсартудың ең тиімді тәсілі, олардың өнімділігін 2-5 есе арттырады. Оптималды тыңайтқыш дозаларын енгізу арқылы шабындықтар мен жайылымдардан 1 га жерден 14 т дейін кепкен өнім алуға болады, өнімділігі жағынан басқаларын басып озады.
Тыңайтқыштардың мөлшерін ботаникалық құрамы мен шөпті қолдану, өнімділігі мен суландыру деңгейіне байланысты анықтайды.
Дәнді өсімдіктерді тыңайту. Шалғындардағы негізгі тыңайтқыштар болып: азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар есептеледі. Орман зонасындағы табиғи шалғындарда дәнді және дәнді - шөпті өсімдіктер көп кездеседі. Оларға негізгі азотты тыңайтқыштар әсер етеді. Олар өнімділікті көбейтіп, ботаникалық құрамын, жемнің сапасын өзгертеді.
Шабындықтарда 1 кг азотты тыңайтқыш 1 га жерге енгізу 12-13, жайылымдарда 15-20 жем бірлік өндіреді. Негізгі норма жайылымдарда 90-180 кг д. в/га, шабындықтарда 180-200 кг д. в/га. Азотты тыңайтқыштың жылдық мөлшері жайылымдарға тегіс бөлінеді. Жайылымдарда оптималды мөлшер 60 кг д. в/га, натрийдің артық жиналуын туғызбай(ПДК-500 мг NO3 1 кг жайылымдық шөп) . Шабындықтарда шөпті кеш фазада қолданады, сол себепті азотты тыңайтқыш мөлшері 70-90 кг га болуы мүмкін. Екі реттік шабындықтарда табиғи ылғандандыру кезінде 60-70% бірінші ретте, 30-40% екінші ретте енгізеді. Көктемдік кезеңде азотты тыңайтқышты шөп өсе бастағанда енгізеді. Далалық аймақта азотты тыңайтқышты бір рет көктемде немесе күзде енгізеді.
Азотты тыңайтқыш әсерінен бұршақ тұқымдастары мен әр түрлі шөптер бөліне бастайды. Азотты тыңайтқыштың мөлшерін арттырған сайын нитрофильдердің мөлшері арта бастайды.
Шабындықтар мен жайылымдарда барлық азотты тыңайтқыштардың әсері жоғары, бірақ ыстық құрғақ күндері көктемгі жерден азотты тыңайтқыштың жоғалуы мүмкін.
Фосфорлы және калийлі тыңайтқыштар мөлшерін топырақтағы осы элементтердің қозғалмалы формаларымен есептеледі. В. Р. Вильямс ұсынысы бойынша топырақтағы қозғалмалы фосфор мен ауыспалы калийдің мөлшерін фосфорлы (Р2О5) және калийлі (К2О) тыңайтқыштың өнімнің санына байланысты енгізу керек. Топырақтардың орташа тыңайуы үшін фосфордың жайылымдағы мөлшері: 90-110 мг/кг P2O5 және калийдің -100-120 мг/кг К2О. Топырақтағы тыңайтқыштардың аз болуында мөлшерді 20-30% ға көтереді, топырақтағы Р2О5 және K2O арттыру үшін және керісінше, көбейіп кетсе 20-30% ға азайтады.
Мәдени жайылымдарда калийдің қайтарымы мал нәжісі көмегімен жүзеге асады, мөлшері 100 кг К2О/га .
Калийлі тыңайтқыштың мөлшері 120 кг/га болса азотты тыңайтқышпен бірге енгізеді, жемдегі артық калий мөлшерінің болмауы үшін (3, 6 % К2О) . Жеткілікті суландыру жүрген аймақтарда фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізу күзгі және көктемгі кезеңде бірдей болады. Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштарды көктемде енгізер болса оларды азотпен араластырады, бұл енгізу шығындарын үнемдейді. Жеңіл топырақтарда және жайылымдарда күзде және көктемде калийдің жоғалуы мүмкін, себебі олар топырақтың астыңғы бөлігіне шайылады.
Фосфорды және калийді жеке -жеке қолдану өнімділікті небәрі 0, 2-0, 4 т/га көтереді, бұл тиімсіз, сондықтан оларды азотпен бірге енгізеді.
Табиғи шалғындарда далалық аймақта калийлі тыңайтқыш қолданбайды, бұршақ- дәнді шабындықтар мен жайылымдарда 30 кг К2О/га және 30-90 кг Р2О5/га енгізеді. Таулы аймақтарда топырақ калиймен жақсы қамтылған, фосформен азырақ. К2ОГ мөлшері Таулы шабындықтар мен жайылымдарда 0 -ден 60 кг/га дейін өзгереді, ал Р2О5 мөлшері 30-дан 60 кг/га дейін.
Фофорлы тыңайтқыштарды екі еселенген немесе суперфосфат, преципитат, аммофос, нитрофос, азофоски түрінде енгізеді.
Қышқыл топырақта фосфорлы ұнтақ енгізеді. Ол шөпке тікелей сінбегенмен қышқылмен араласып жайылым шөптері үшін тиімді болады.
Калийлі тыңайтқыш ретінде негізінен калий хлориді және калий тұзы қолданылады, каинит, карналит, карбонат - азырақ қолданады. Бұл түрлердің бәрі бірдей әсер етеді.
N: P: K арақатынасы тыңайтқыштарда 3:1:1, 5 мөлшерінде. Дәнді шөптер жақсы суландыру кезінде минералды тыңайтқыштардан 50-70% азот, 10-30% фосфор 60-70% калий қолданады.
Минералды тыңайтқыштар енгізу үшін МВУ - 0, 5 А, МВУ -6, РУМ-5503, КСА-3 машиналары қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz