Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты



Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чехғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, «Қорқыт атакітабында», ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелдерде, ертегілерде ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің философиялықтрактаттарында адамгершілігі мен білімі кемел адамды әділетті қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі «Кодекс Куманикус» сөздігі мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігінде де тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты тоқталған.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б.
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Конспект

ТАҚЫРЫБЫ:  Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның
мақсаты

ОРЫНДАҒАН: СӘКЕН Б.Қ.

ТЕКСЕРГЕН:КӘРІПБАЕВА Ш.Т.

СЕМЕЙ 2015

Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту,
тәрбиелеу теориясы; педагогиканың ү йренушілерге білімді, машық пен дағдыны
меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін
білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері
мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын
саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның
дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне
байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Дидактика терминін XVII ғасырда чехғалымы Я.А.Коменский өзі нің Ұлы
дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің
мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және
табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды
ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық
идеялары XVIII–XIX
ғасырлардағы швейцариялық педагог И .Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А. Дистер
вегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, әдеби
шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, Қорқыт
атакітабында, ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелде рде, ертегілерде ұрпақ
тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің
философиялықтрактаттарында адамгерш ілігі мен білімі кемел адамды әділетті
қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Иасауи адамның
өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге
болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі Кодекс Куманикус сөздігі
мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ит-түрк сөздігінде де тәлім-тәрбиеге
қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп
Баласағұни, Иүгінеки Ахмед, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық
дастандарында бала тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік
негіздеріне жан-жақты тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзия деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар
жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың
да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық
үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай
Құнанбайұлыболатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы
тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы
тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін
дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым
– Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз (қазақ)
хрестоматиясы, Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы
басшылық, т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан
сөз болады. XX ғасырдың басында балаларды оқыту, тәрбиелеу
мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауы тов, М.Дулатов,М.Жұмабаев, т.б.
кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы
әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары,
әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына
негіз қалады. Кейін оқыту теориясымен айналысқан педаго г ғалымдар
(Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік
дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты
тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның
зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.
Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір
дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие
жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті
шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.

Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары
Жоспары:
1. Негізгі дидактикалық тұжырымдама.
2. Дәстүрлі дидактикалық жүие.
3.  Педоцентристік дидактика.
4. Қазіргі дидактикалық жүйе.
1. Оқыту процесі психология-педагогика тұжырымдамаларына сүйенеді, оларды
дидактикалық жүйе не оқыту моделі деп атайды. Дидактикалық жүйеге
енетіндер: оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары. Бар жүйелерді
жинақтай келе, үшеуін бөлуге болады: дәстүрлі, педоцентристік және қазіргі
дидактикалық жүйелер. Әрқайсысының негізгі бағыттары, ғалымдардық теориясы
бар. Дәстурлі оқыту жүйесінде оқыту, мұғалім іс-әрекеті үстем орын алады.
Ол А.Я.Коменский, И.Песталоцци және И. Гербарттың дидактикасынан тұрады.
Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-
әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-
1932), В. Лай (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады.
2. Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Ол неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың (1776-1841)
есімімен байланысты. Оқыту мақсаты -оқушының ақыл-ой іскерлігін,
түсініктерді, ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру. Сонымен қатар
Гербарт тәрбиелеп оқыту принципін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу
орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне
баса назар аударды.
Гербарт оқыту процесін формалдық сатыларға бөлді. Олар: баяндау, түсіну,
жинақтау, қолдану. Бұл теория оқыту процесін ретке келтіріп,
ұйымдастырады.Мұғалімнің тиімді қызметін, түсіндіруден меңгеруге және
қолдануға дейінгі кезеңді жазып берді. Мүнан қазіргі уақыттағы барлық
сабақтардың логикасын көруге болады.
XX ғасырда ғалымдар бұл жүйені сөздік әдісінің көптігі, оқушыларды ақыл-ой
жұмысымен көп айналыстырмағаны, баланың қажеті мен қызығушылығын
ескермегені, өктемдігі, үшін сынады. Сондықтан XX ғасырдық басында жаңа
оқыту тәсілдері пайда болды.
3.  Педоцентристік тұжырымдама. Д.Дьюй оқыту процесін баланың
қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты
- баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның
тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту
смес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы. Оқыту процесі
құрылымы: іс-әрекет процесінде қиындықты сезу, мәселені тұжырымдау,
қиындықты жеңу, мәнін айту. Мәселені шешу үшін гипотеза ұсынып, оны
тексеру, алған білімге сөйкес пікірлер айту және іс-әрекет зерттеушілік
ойды туғызып, ғылыми ізденіске жол ашады. Әрине, мұндай тәсіл ақыл-ойды
дамытуға, экологиялық мәселені шеше білуге көмектеседі. Бірақ мұндай
дидактиканы шектен тыс барлық пәндерге және барлық деңгейге таратумен
келісуге болмайды. Оқуда тек оқушылардың қызығушылығына сүйену жүйелілікті
жоғалтып, материалдарды кездейсоқ іріктеуге әкеліп, оны терең талданады.
Мұндай оқыту өнімсіз, уақыт көп кетеді.
4. Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту
процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі
дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту
(П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер),
педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы.
Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нерсе бар. Көптеген
оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей,
оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету
дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары
сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім
мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты
басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық
қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады.

Бүгінгі таңда ғылыми еңбектердегі дидактиканың біртұтас жүйесіне қатысы бар
пайымдар талданып, жаңа тұжырым сараланды. Бұл салада қазақтың білім
академиясының жалпы білім институтының директоры, педагогика ғылымдарының
докторы, профессор, ҚЖМҒА-ның академигі Алма Есімбекқызы Әбілқасымованың
салиқалы ғылыми жұмысының құндылығына ерекше мән береміз.
Педагогика, Дидактика терминдерінің шығу генезисі - неміс ғалымы В.
Раткенің (1571-1635) тұжырым-түйіндерінен (Краткий отчет из дидактики или
искусство обучения Ратихия) бастау алып, оның жалғастық жүйесін чех
педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1679) 1657 жылы Амстердамда баспадан
жарық көрген Ұлы дидактикасы.
Модульдер мынандай жіктемеден тұрады:
- дәстүрлі;
- педагогикалы ыңғайға орталықтанған;
- жаңа жүйеге ыңғайланған.
Аталған модульдердің қоғамда алдырған тарихи іздері, шежіресі бар. Мәселен,
дәстүрдегі оқыту жүйесін құрған, оның теориялық-инструментальді қырларын
тәжірибеге қолданған авторлар - Ян Амос Коменский, И. Пестолоцци, И.
Гербарт.
Ал, екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульдің доминат-субъектісі
– Д. Дьюи, Т. Кершенштейнер, В. Лай. Бұлар - XX ғасырдағы педагогикалық
істің реформалық теориясын жасаған ғалымдар.
Үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульдің авторлары - Ц. Гальперин, Л.
Занков, В. Давыдов, К. Роджерс, Дж. Брунер, ресейлік 80-жылдардағы жаңашыл
педагогтер.
Бұл үш модульдің қайсысы озық, ілгерішіл деген аналитикалы сарындағы
заңды сұрақ өз-өзінен туары сөзсіз. Оған жауап былай болып жинақталып
беріледі:
- бірінші, дәстүрдегі модульдің негізгі мақсаты дәрісті жүргізудің әдісін
тізбелеу, сұрыптау, оқыту үрдісі.
- екінші, педагогикалы ыңғайға орталықтанған модульде студент қызметі
басыңқы, былайша айтқанда, студенттің оқу ғылыми (егер ол қабілет бар
болса) қызметін ұйымдастыру басты рөльде;
- үшінші, жаңа жүйеге ыңғайланған модульде аталған екі үрдістің басын қосып
қарастыру басым.
Нәтижесі - бір нүктеге келіп тоқтамай, толассыз үнемі үзіліссіз даму
әрекетіне бейімдеу. Соның ішінде, ұлттық, жалпы әлемдік психология негізіне
құрылған когнитивті психология (Дж Брунер), ассоциативті, перцетивті,
түйістеу деңгейліктері дамыған субьектіні сомдау көзделеді.
Ал осы аталған қабілет шығармашыл ойлау мүмкіндіктері тек ізгілікті
педагогиканың (К. Роджерс) тіректік нысанында өрбуі қамтылады.
Жаңа жүйеге ыңғайланған модульде қандай ой-түйіндердің қабаттары кездеседі?
Олар мыналар:
- программалап оқыту, проблемалы амал қарастыру, дамытпалы кеңістіктің
жүйесін туғызу, үлгілеу (Ц. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов және т.б.);
- педагогикалық ынтымақтастық топтар (Ш. Амонашвили, Т. Гончарова, Я.С.
Турбовской, М.Н. Скаткин және т.б.);
- педагогикалық технологиялар (К. Вазина, А.С. Границкая және т.б.).
Оқыту қызметінің ұғымы мен маңызы.
Оқыту - қарым-қатынас процесі. Мұның нәтижесі - басқару танымының
қалыптасуы, ал басқару танымының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайлы мәлімет
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты туралы ақпарат
Қазақстанда бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Педагогика ғылымының салалары
Пәндер