Адам ауруын қоздырушы және өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар


СӨЖ
Тақырыбы:1) Адам ауруын қоздырушы дрожжилар
2) Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар
Орындаған:Тлеубаев Б. Б.
Тексерген:Мирашова Г. О.
Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 1 -дай түрі кездеседі.
Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Қалталы саңырауқұлақтарда аскоспраның түзілуі зигомицеттердің спорангиоспораларының түзілуі сияқты спорангия цитоплазмасының жыртылуы арқылы болмай, қалтадағы цитоплазманың бір бөлімінің ядролар маңына жиналып қабыққа орануы арқылы болады. Жалаңаш қалталыларда әрбір аскоспора жеке қоршалып жатса, жеміс қалталыларда аскоспоралар алғашқы ортақ мембранамен оқшауланады. қалтада аскоспора жұмсалмай қалған цитоплазма бөлімі - эпиплазмамен қоршалады. Аскоспора пісуге жақындаған уақытта гликоген қантқа айналып, қалтадағы тургор қысымын күшейтеді де, аскоспораны 1 мм-ден 10 см-ге, тіптен одан да артыққа лақтырады.
Көпшілік қалталы саңырауқұлақтардың жетілген қалталы кезеңі - телеоморфамен бірге жетілмеген конидия кезеңі - анаморфа болады. Ал екінші біреулерінде анаморфа стадиясы болмайды. Базидиялы саңырауқұлақтарда телеоморфа кезеңі базидий түрінде болады.
Қалта атқаратын қызметіне қарай протуникатты, эутуникатты болып екіге бөлінеді. Протуникатты қалта жұқа дифференцияланбаған, спора құрау мүшесі ғана болып есептеледі. Оның таралу қызметін атқармайды. Эутуникатты қалта қалың, арнаулы бейімделген мүшесі арқылы ашылады. Ол аскоспораның таралуына қызмет етеді. Эутуникатты қалта қабықшасының құрылысна қарай унитуникатты, битуникатты болып бөлінеді. Унитуникатты қалта жұқа бір қабаттан тұрады. Жоғарғы жағында әртүрлі құрылысты ашылатын апикальды аппараты болады. Битуникатты қалта екі қабаттан ішкі икемді созылғыш, сыртқы қатты қабаттардан тұрады. Спора піскен кезде сыртқы қабат жоғарғы жағынан бұзылып, ішкі қабат тургор қысымының әсерінен созылып аскоспораларды шашады.
Көпшілік күрделі құрылысты қалталы саңырауқұлақтарда арнаулы аналық жынысты мүшесі архикарп, аталық жыныс мүшесі антеридий дамиды. Аналық жыныс мүшесі екі бөлімнен тұрады. Төменгі кеңейген шар тәрізді бөлімін аскогон, жоғарғы цилиндр пішінді бөлімін - трихоген деп атайды.
Аталық жыныс мүшесі - антеридий цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. ол аналық жыныс мүшесіне тақап асылып өседі. Аталық, аналық жыныс мүшелері көп ядролы, жыныстық гаметаларға бөлінбеген. Жыныс мүшелері піскен кезде антеридий трихогинаның ұшы арқылы клетка ішілік затын аскогенге құяды. Жыныс ядролары бір-бірімен қосылмай жұп-жұбымен жақындасып дикариондар түзеді. Карпогамия процесі бірден жүрмей плазмогамия процесі жүреді. Аскогоннан қап пішінді тармақталған өсінділер одан аскогон гифалары өседі. Бір-бірімен жақындасқан әр жынысқа жататын дикариондар аскогондік гифаларға өтеді де, синхронды жолмен бөлінеді. Осы уақытта аскогон гифасының ұшы төмен ілгек сияқты иіледі де екі жерден перде пайда болады. Синхронды бөлінудің нәтижесінде пайда болған 4 ядроның екеуі аскогон гифасының төменгі - базальды жағында қалады. Ілгек базальды клеткаға қарай өсіп дикарион ядролары қалпына келеді. Аскогонның жоғарғы жағында дикарион клеткасы ұзарып өседі де, ядролар қосылып диплоидты ядро түзеді. Диплоидты ядро редукциялы жолмен үш рет бөлініп 8 ядро береді, оның әрқайсысының маңына цитоплазма топталып, одан 8 аскоспора түзіледі. Зигота қабығы қалтаға айналады. Күрделі құрылысты қалталы саңырауқұлақтардың даму циклында ұзақ гаплоидты, аз уақыт болатын дикарионды және өте қысқа диплоидты кезеңі болады. Аскомицеттердің ішінде гомоталды және гетероталды мицелий түрлері бар. Жыныс мүшесі дамыған мицелийлердің бір бөлімі, оның айналасына тоқылып жеміс денесінің тінін түзеді. Одан пішіні әртүрлі жеміс денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп аталатын тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде дамиды. Аскомицеттерді жемісті денесінің құрылысына қарай негізінен 4-ке бөлуге болады:
1) клейстотеций - тұйықталған жемісті дене, оның ішінде қалта ретсіз, ал күрделі құрылыстарында белгілі бір ретпен орналасады. қалта жемісті дененің жыртылуы арқылы сыртқа босап шығады;
2) перитеций - құмыра пішінді, жоғарғы жағында тар тесігі бар жартылай тұйықталған жемісті дене. қалта топталып жеміс денесінің түбіне орналасады. Спора піскен кезде жеміс денесінің түбінен қалта көтеріліп құмыраның мойнына келіп ашылып, аскоспораларын шашады. Бос қалта жеміс денесінің түбіне түседі де, оның орнын келесі қалта басады;
3) Апотеций - ашық, табақша пішінді жемісті дене. Қалта, оның үстінде гимений деп аталатын қабатта жеміссіз жіпше парафиздермен кезектесіп орналасады;
4) Жалған жемісті дене (псевдотеций - аскострома) ұрықтанудан кейін локула деп аталатын қуыстарда пайда болады. Мұндай жемісті дене жетілген кезде перитецийге ұқсас, алғашқы уақытта строма сияқты қалыптасады. Бірақ аскогон гифаларының ұлғаюы нәтижесінде строма тінін бұзып ығыстырады да қуыстар түзіледі
Ашытқылар - құрамына қант, азот, фосфор және басқа да минералдық заттар кіретін және еріген оттекпен қамтамасыз етілетін қоректік ортада тіршілік ете алатын бір жасушалы микроорганизмдер.
Ашытқы саңырауқұлақтары - бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседей ірі микроорганизмдер. Табиғатта кең тараған. Жасуша пішіні әртүрлі: дөңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушасының мөлшері 8-10 микронға тең.
Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Жасуша сыртында қабығы бар. Цитоплазмада ядро, вакуоль және басқа да (май, гликоген, валютин) заттары кездеседі. Ашытқы саңырауқұлағын адам қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады. Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлақтары да болады. Олар ауылшаруашылық өнімдерін зақымдап, едәуір зиянын тигізеді. Ашытқы саңырауқұлағының адам баласына пайда келтіретін түрлерін біз мәдени ашытқы саңырауқұлақтары деп атаймыз. Ашытқы саңырауқұлақтары өнеркәсіпте кең қолданылады. Олар қантты ашытып, көмірқышқыл газы мен спирт түзеді. Олардың бұл қасиеті нан ашытқы өндірісінде және спирт өндіруде, түрлі шараптарды, сыраларды, сүт тағамдарын даярлауда қолданылады.
Ашытқы саңырауқұлақтарында ақуыз және витаминдер (В. Д. Е) көп болады, сондықтан оларды қазір тамақ және мал азығын алу мақсатында кеңінен қолданады.
Ашытқы саңырауқұлағы көбінесе бүршіктену арқылы көбейеді. Бұлар спора түзу және жәй бөліну арқылы сирек көбейеді. Олардың кейбір түрлері жыныстық жолмен көбейеді.
1 сурет - Ашытқы саңырауқұлақтары
Бүршіктеніп көбейгенде, алдымен аналық жасушадан төмпешік пайда болады да, кейіннен ол үлкейіп бүршікке айналады. Одан кейін жас жасуша аналық организмнен мүлдем бөлініп кетеді. Қолайлы жағдайда бүршіктену екі сағатқа созылады. Көмірсу мен азотты қоректік затқа бай ортада ашытқы саңырауқұлағының бүршіктенуін жәй биологиялық микроскоптармен де көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz