Ресми хаттар – іскерлік және коммерциялық. коммерциялық корреспонденциялардың негізгі. құжаттардың тілі мен стилі – құжаттағы тіл формулалары, сөз этикеті


Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ № 5
Тақрыбы: Ресми хаттар - іскерлік және коммерциялық. Коммерциялық корреспонденциялардың негізгі. Құжаттардың тілі мен стилі - құжаттағы тіл формулалары, сөз этикеті.
Тексерген: Самиева Г. Т.
Орындаған: Калиева Қ. Ж.
Семей қ. 2015 ж.
Ресми-іскерлік стилдің негізгі мақсаты
Ресми-іскерлік стилдің негізгі мақсаты - бітісуге келісуге қол жеткізу және адамдардың мінез құлқына, жүріс-тұрысына әсер ету болып табылады.
Ресми-іскерлік стилдің өзіне тән стилдің белгілері және стилистикалық нормалары туралы айтқанда, функционалды стиль функционалды варианттар жиынтығымен көрінетін абстракция екендігін ұмытпаған жөн.
Бұл варианттардың әр қайсысы шамада барлық стильге тән жалпыны жүзеге асырады немесе оған бүтіннің бөлігі ретінде қатысы болады. Міне осылай функционалды стилдің ұсақ түрлерін ажырату қажетті екендігі бұрыннан ақиқат болады.
Бұндай түрлері біз “шағын стилдер” деген дәстүрлі терминмен айтамыз (сонымен қатар кейде басқа да терминдер қолданылады: “шағын жүйе”, “жанр”) . Функционалды стилистиканың басқа да көптеген мәселелері сияқты ресми - іскерлік стилдің сандық және сапалық құрамын анықтау мәселесі әр алуан түсіндіріледі.
Қазіргі қолда бар ресми-іскерлік стилдің шағын стилі классификацияларының ішінде ең сәтті жасалғаны Гальпериннің ұсынған класификациясы болып табылады.
Гальпериннің ұсынған классификациясы тілдің стилистикалық сфераларды толығырақ қамтиды және оған қоса әрекеттердің салалары бойынша ресми - іскерлік сфералардың бөлінуін дәл көрсетеді. Бірақ автор “іскерлік құжаттар” шағын стиліне коммерциялық кореспонденциясы мен анықтамалар, бұйрықтар, өтініштерді жатқызады: коммерциялық корреспонденцияның басқа іскерлік құжаттардан елеулі айырмашылығы бар.
Біріншіден, ол экономикалық қатынастардың айырықша кең сферасын қамтамасыз етеді, яғни экономикалық қатынастың айырықша кең сферасына қызмет етеді.
Екіншеден, ол өзіне тән коммуникация мақсатымен жазбаша диолог әдісімен келісімге қол жеткізу бойынша ерекшеленеді.
Испан тіліндегі коммерциялық хаттардың стилдік белгілер туралы айта келе, Емельяненко Е. М. өз еңбегінде іскерлік құжаттардың бір шағын стильінің орнына екі шағын стилді бөліп көрсетеді.
1) әкімшілік - кеңселік
2) коммерциялық корреспонденция
Т. П. Зорина, коммерциялық хат үшін ең бастысы ресмилілік, содан туындайтын, коммерциялық сыпайылық, айқындылық, қисындылық маңызды. Екіншіден, соған байланысты; дәлдік, ықшамдылық / кейде оны қысқартылған деп те атайды және мазмұнының іскерлік тұрғыда болуы.
Ресмилік-хаттардың бір түріне ғана тән - іскерлік хатқа соның ішінде коммерциялық хатқа ғана тән жалғыз стильдік белгі.
З. И. Ховакая іскерлік корреспонденцияны ресми-іскерлік стил шеңберіндегі жанр ретінде қарастырады.
Т. П. Зоринаның пікірінше коммерциялық хаттардың стильдік белгілері әр алуан тілдік стилистикалық амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Атап өткеніміздей, қандай да болмасын стилдік белгінің іске асуы, нақтылы түрде көрсетілуін - тілдік амал - тәсілдердің өзара бірге әрекет жасауы арқылы ағана қол жеткізуге болады; соңғылары, өз кезектерінде кейбір стилдік белгілерді жүзеге асыруға қатыса алады.
Мысалы: терминдерді және іскерлік стандарттарды қолдану - айқындылыққа, ресмилілікке, мазмұнының іскерлік тұрғыда болуына жағдай туғызады.
Бүгінгі таңда, жаңа информациялық парадигмалардың пайда болған дәуірде және жасанды ақыл, ой мен компьютірлендірілген қарым-қатынас дамыған және ғылым мен тахниканың интерграциясы заманында терминологиялық лексиканың тілдегі рөлі үздіксіз дамуда.
Көптеген зерттеушілер профессионалдық сөздерді, терминдердің стильдік эквиваленті деп есептейді. Ресми сөйлеу стилі әрқашанда бейтарап. Бейтарап стиль ешқандай баға беру элементтерінсіз, объективті, фактілі хабарды береді; яғни хабарды сол күйінде береді. А. А. Гришушинаның пікірінше, стил бейненің аса маңызы дербес формасы және әр халықтың ойлау тәсілі болып табылады. М. В. Колтуновтың көзқарасы бойынша, басқарушының, менеджердің профессионалдық сөздері тілді жете білушілікті меңзейді. Ауызша және жазбаша іскерлік сөйлеу тілінің жалпыға түсінікті жанрларын игеру дағдысы маңызды профессионалдық дағдылардың қатарына жатады. Іскерлік хаттардың мәтіндерінде ауызекі сөйлеу тілінің тіркестері жиі кездеседі. Сөйлемдерді қисынды құрудың заңдары бар. Олар әсіресе іскерлік қағаздар тілі үшін өте маңызды және өзіне тән универсалды сөздермен танылады:
1. Айтылған пікір қайшы болмауға тиіс.
2. Пікір, пайымдау дәлелсіз құрғақ сөз болмауға тиіс. Кез - келген дұрыс ой басқа ойлармен аргументтерге негізделген болуға тиіс. 3. Мәтіндегі трансформацияда, түр өзгертуде айтылған пікір нақты мазмұнды өзгертпеуі керек, басқаша айтқанда, ол түп нұсқалы болуы керек.
Материалдарды зерттеу іскерлік мәтіндердің әдеби тіл қатарына кіргендігін көрсетті. Б. А. Ларин оларды әдеби тілдің ажыратылмайтын бөлігі деп санады. В. В. Виноградовтың пікірінше, іскерлік жазу тілі көрсетілген схемадан түсіп қалған, және көне орыс әдеби тілі тірлігінің шеңберінде жатқызылмаған.
Коммерциялық корреспонденциясы өзінің негізгі праметрлері бойынша диологқа ұқсайтын болғандықтан диолог оның имманенттік қасиеттерінің бірі бола алады.
“Кіріспе” коммуникативтік бөлігінде адресаттың байланысқа түсуіне түрткі болатын тәсілдер (сөздер, тіркестер) қолданылады. Бұл бөлімді сипаттау үшін ынталандыру хатының түрткі болатын (сезімді оятатын, ықпал етуші) мотивтерінің ерекшеліктерін және коммуниканттардың бірінің іс- әрекетіне жауап беретін реакция хаттың айырмашылықтарын есепке алу
қажет. Хат жазысуға түрткі болған мотивтердің мөлшері өте кең, ауқымды болуы мүмкін. Олардың мынадай түрлері жиі кездеседі: адерсаттың әр түрлі хабарлар алуы оның өз пікірі және тілге болып табылады.
Колтунова өз кітабында орыс тіліндегі корреспонденцияны 2-ге бөледі: а) іскерлік, б) коммерциялық. Коммерциялық хаттар коммерциялық келісім жасауда және іске асыруды заңды құқығы бар адамның атынан жазылады және оның заңдық күші болады. Коммерциялық хаттар өнімді сату, өткізу және жабдықтау мәселесін шешеді.
Іскерлік корреспонденцияның таза коммерциялық түрлеріне төмендегідей хат түрлері жатады: сұраныс хат, талап хат, ұсыныс хат, айып хат және осы хат түрлеріне берілетін барлық жауап хаттар.
Іскерлік хатар ұйымдастыру мәселесін хұқықтық мәселелерді, корреспонденттер арасындағы экономикалық қатынас мәселелерін шешеді.
Іскерлік хаттың хұқықтық статусы - іскерлік хаттар әрқашанда ресми хабарлау болатындығымен түсіндіріледі. Іскерлік хаттағы хабарларға протоколдық сипат тән.
Сонымен, коммерциялық хаттар - бұл мәтін, басқаша айтқанда, грамматикалық жағынан жақсы ұйымдастырылған, семантикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі нақты коммуникативтік бағыты бар және ресми-іскерлік функционалды стилге тән шығарма болып табылады. Коммерциялық корреспонденция тілі автордың жеке дара индивидуалды үлгісінің пайда болуына жол бермейтін стилдік біркелкілікпен сипатталады (яғни комерциялық корреспонденция жазудың белгілі бір тәртібі бар) ;
Коммерциялық хаттың жазылу стилі.
Тең дәрежеде, өзара негізделген қарым-қатынас формалды түрде де, формалды емес тұрғыдан да жүзеге асырылу мүмкін. Коммерциялық хатты жазуда жеке адамның қабылдануына есептілік бағытталған ресми тілді қолдану онша лайықты болмай шығады.
Одан гөрі күнделікті достық қарым-қатынас түріндегі сөз хат мазмұнына сенімділік арттырады. Ол қисындылығымен ғана емес, қысқалығымен де, эмоциялығымен де, нақтылығымен де әсер етеді.
Поль Соппер “Сөз өнерінің негіздері” деген кітабында сөздің айырықша болуы ойдың, идеяның айырықша болуынан дегенді айтады. “Ой соқылығы, - дейді ол - өзіндік сөйлеуде ерекше сезімді”. Оның пікірінше, ерекше әсерлі болатындар - сезімдік қабылдауға бағытталған сөздер мен сөйлемдер.
Іскерлік хаттар осы кезеңге дейін байланысты ең көп тарған түрі болып келеді. Телекс, телефон, компьтерлік байланыс өте тез, жылдам іске алайда хаттың да өз артықшылығы бар: ол көлемі, арзандығы, әсер, заң тұрғысынан тыңғылықтылығымен маңызды.
Шет елдерде хаттың формалды жағына ерекше көңіл бөледі. Өйткені әріптесіңмен қарым-қатынасыңды ұшықтырмас үшін - хабар алму этикетін қатаң сақтау керек.
Іскерлік хаттар фирма немесе ұйымның деректемелері бар арнаулы қағазға жазылады. Оның сыртқы түрі фирманың өзіндік бет-бейнесін береді, сондықтан оны безендіру ұсақ-түйегіне дейін ойластырып жазылады. Іскерлік қағаз тіліндегі хаттың міндеті түрде болуға тиіс келесі тізбесі - хат арналған адамның аты-жөні әр мемлекетте аты жөнін жазудың әр-түрлі дәстүрі қалыптасқан, бірақ көбінесе алдымен атын содан кейін тегін жазу қалыптасқан “Мырзаға”, “Докторға” деген арнаулар және басқалары міндетті түрде қысқартылған түрде беріледі. Одан кейін қабылдаушы жұмыс істейтін фирманың мекен-жайы жазылады; үйдің нөмірі, көше аты. Ең соңында қала, штат, пошта индексі және елдің атауы жазылады. Толық мекен-жайы, мысалы былай жазылады:
К, Лепинсин мырзаға,
«Тампелла пауэр ник»
Бас диреторына,
109, Лапинти Тампере, 33 101
Финляндия (6, 71)
Жіберуші фирманың деректемелерінен кейін жіберілген күні көрстіледі. 12. 05. 97 деген сияқты, қысқарту түрі халықаралық тәжірбиеде қолданылмайды. Хаттың жазылу уақыты төмендегідей үлгіде беріледі: 12 май, 1997 ж. АҚШ . . . алдымен айын, одан кейін күнін көрсету қалыптасқан май 12, 1997.
Хаттың өзі сол жақ жоғарғы бұрышында мекен-жайды жазумен басталатыны айтылған болатын. Одан кейін төменде азат жолсыз сол жақтан сыпайы түрдегі арнау жазылады. Ол дәстүрлі мынадай сөздерден тұрады: “Қыматты (тегі) + мырза (немесе ханым) немесе Қымбатты (тегі) +доктор”.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz