Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ

БӨЖ

Тақырыбы: «Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек»

Орындаған :Акимжанова Марал

Тобы : ВС-303

Тексерген : Ахметжанов О. Н.

2015ж

Жоспар

  1. Буын шығу, сынық және оның түрлері
  2. Жануарлар сынығы кезіндегі диагностика
  3. Алғашқы ветеринариялық көмек

Сүйек тұтастығының бұзылуы - сыну деп аталады. Бұл механикалык күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады.

Сынықтардың жіктелуі.

Туа пайда болған сынықтар құрсақішілік кезінде қалыптасып, кездейсоқ жиі жағдайда, көпше түрде кездеседі және олар төлдің қаңқасының кемшіліктерінен болады. Туа пайда болған сынықтардан туу кезінде төлді шығаруға жұмсалған күштің әсерінен болған сынықтарды ажырата білген жөн.

Жүре пайда болған сынықтар жарақаттық және патологиялық болып екіге бөлінеді.

Жарақаттық сынық деп - белгілі күштің (механикалық) әсерінен сау сүйектің тұтастығының бұзылуын айтады. Ал патологиялық сынық болса сүйектегі әртүрлі аурулардан қалыптасатын зақымдалу мен қабыну, асқыну, шіру, т. б. өзгерістердің салдарынан дамиды (остемиелит, туберкулез, эхинококк, жаралы ісіктер) .

Сынықтарды ашық және жабық, - деп бөлудің зор маңызы бар.

Ашық сынық - деп жарақаттанған сүйек бөлігінің аймағындағы тері мен кілегейлі қабаттың тұтастығының бұзылуын айтады. Бұл сынықтар өте қауіпті болып саналады, өйткені ол уақытта залалдану мен қабыну қаупі жоғары болады. Тері қабатының зақымдануы - сынық тудырушы күштің әсерінен немесе өткір сүйек сынықтарының теріні зақымдануынан және сырқатты тасымалдау әсерлерінен де болуы мүмкін. Ашық сынықтар жиі жұмсақ тіндердің жаншылып, жыртылуымен қабаттасады.

Жабық сынықтар - инфекция үшін кедергі болып саналатын тері мен кілегей қабықшаларының жарақаттануымен қабаттаспайды.

Орналасу жеріне байланысты сынықтар:

Әсер етуші күштің ерекшелігіне (механизм) байланысты сынақтардың қалыптасуы

Сынықтың ауырлығына қарай

  • толық (сүйектің бүкіл түтастығының бөлігі бүзылуы),
  • толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы)

болып бөлінеді.

Сынық жазықтығы бағытының сүйектің ұзын бойымен қалыптасуына байланысты мынандай сынықтарды ажыратады:

а) Көлденең - егер сынық жазықтығы сүйек диафизінің бойынан көлденең өтсе. Сынық беттері тегіс емес, кетікті, бұжырлы, болады. Бұл сынықтар әлбетте тікелей әсер еткен жарақаттың салдарына байланысты болады. Кейде көлденең сынықтар ұзын бойлы жарылумен қабаттасып «Т»- немесе «V»- тәріздес сынықтар құрайды.

б) Ұзын бойлы сынықтар - егер сынық жазықтығы сүйектің ұзын бойымен сәйкес келсе.

в) «Спираль», «Винт» тәрізді сынықтар - егер сүйектің өзі ұзын бойынан бұралған болса, сынық жазықтығы «спираль» тәрізді болады.

г) Қиғаш сынықтар - егер сынық жазықтығы сүйек бойынан қиғаш бұрыш жасай өтсе. Бұл сынықтар ығысып, жылжығыш келеді.

http://www.moscow-vet.ru/userfiles/image002(3).jpg

Сынық белгілері:

-сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы) ;

- алдыңғы және артқы аяқ функцияларының бұзылуы - толық сыну кезінде анық, ал толық емес сыну кезінде және шаншылған немесе сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;

-алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінің қысқаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде) ;

  • алдыңғы және артқы аяқ сүйектері формасының өзгеруі (деформация-майысу) ;
  • зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (сипалап көру кезінде) ;
  • кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы - қолмен сезуге немесе естуге болады) ;
  • кейде дене қызуыньщ көтерілуі;

Буын шығуы - деп сүйек эпифиздерінің өз орнынан толық тайып кетуін айтамыз.

Кешіккен буын шығуы - оларға үш аптадан жоғары уақыт өткен шығулар жатады, оларға да операциялық ем қолданылады. Буын қабын ашып, буын беткейін ашық түрде орнына түсіреді, әрі қарай буын қабын құрастырып (артропластика), байланыс сіңірлерін қалпына келтіреді. Егер буынды қалыпқа келтіру мүмкін болмаса, еріксіз артродез операциясын жасайды. Артродез - буынды жою операциясы, буын құрастыратын сүйек беткейлерін қимылсыз қалыпта бір - біріне бітістіріп, жапсыру, бекіту жүргізіледі.

Әдетке айналған буын шығуы - көбіне алғашқы шығуды дұрыс салмаудан, жеткілікті жансыздандырмаудан, дұрыс бекітпеуден, байлап құрсаулаудың дұрыс болмауынан қалыптасады. Әлсіз қимылдан буын шығуы қайталана береді. Жиірек иық буынында анатомиялық құрылысына байланысты әдетке айналған шығу байқалады. Төсекте қозғалу кезінде, киіну, оқыс қимылдау кездерінде де әдетке айналған шығу пайда болады. Емдеу жолы - тек операциямен жүргізіледі.

Патологиялық буын шығуы. Патологиялық үрдіске байланысты шығу - буын құрылымының өзгеруінен (деструктивное), буын қабының созылып, кеңеюінен және салданудан (паралитическое) болып үш түрге бөлінеді.

Құрылымның өзгеруінен - буын құрастырған сүйек беткейлерінің бұзылуына байланысты қалыптасады.

Буын қабының кеңеюінен - буын қабының мөлшерден тыс, ішкі сұйықпен немесе іріңмен созылуына, кеңеюіне байланысты пайда болады.

Салданудан (паралитическое) - бұлшық еттің салдануға үшыруына байланысты, буынды қоршаған еттердің, сіңірлі байламдардың, шандырдың босаңсып кетуіне байланысты дамиды. Бұл патологиялық шығуды емдеу тек қана операция жолымен ғана жүргізіледі.

Жануарладың сынықтарын диагностикалау. Әдетте жануарлардың сынығын диагностикалау қарау арқылы жүргізіледі, бірақ рентгенологиялық зерттеулер жүргізу шартты болып табылады. Оны сынықтың түрін анықтап, одан әрі емдеу шараларын белгілеуге болады. Жануарларда сүйек сынғанда, сол мүшесіне салмақ сала алмайды, сынық маңындағы жұмсақ тіндерде ісік пайда болады, қатты ауырсыну байқалады.

Буын шыққанда және сүйек сынғандағы алғашқы ветеринариялық көмек. Сынған жерге және буын шыққан жерге шина салады. Оны буынның үстігі және астыңғы бөлігіне бекітіп қояды. Ашық сынықтар кезінде міндетті түрде таңу керек. Шина үшін қол астындағы материалдар қолданылады. Мысалыға: үлкен емес итке оралған журналды да қолдануға болады. Шинаны бинт немесе лейкопластермен бекітеді.

Қабырға сынған кезде, тері астынан шығыңқы болып тұрған сүйек ұштарын байқауға болады. Ауырсыну нәтижесінде жата алмайды, дем алғанда қорқақтайды. Ең алдымен дәкемен сынған бөліктерді тартып отырып орайды, бірақ тынысалуға кедергі жасамау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Сүйек сынғанда мен буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат
Сүйек сынуларында және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек. Сүйектің сынуы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz