Қолданбалы геодезия туралы жалпы түсінік.пландық инженерлік-геодезиялық торлар.пландық толықтыру торларын жобалау.триангуляция жобасының дәлдігін бағалау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: Қолданбалы геодезия туралы жалпы түсінік. Пландық инженерлік-геодезиялық торлар. Пландық толықтыру торларын жобалау. Триангуляция жобасының дәлдігін бағалау
Орындаған : Шаяхметов Е.
Тексерген: Аубакирова С. М.
Семей 2015 ж.
Мазмұны
- Қолданбалы геодезия туралы жалпы түсінік
- Пландық инженерлік-геодезиялық торлар
- Пландық толықтыру торларын жобалау
- Триангуляция жобасының дәлдігін бағалау
Қолданбалы геодезия туралы жалпы түсінік
Қолданбалы геодезия - ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, кұрылыс жабдыктарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т. б. инженерлік жұмыстар кезінде атқарылатын геодезиялык жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері кең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптарын қолданады.
Геодезия пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады: - жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде аныктау; - тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу; - республикамыздың корғаныс мұктаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселері жатады. Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, фотограмметрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өндеуде осы күнгі ғылыми математикалық өндеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әр түрлі цифрлы және электронды машиналар қолданылады.
Физика геодезияны электроникамен және электротехникамен қатар оптикалық, оптикалык-механикалық және электронды- оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар қүрастырылады. Географияны білу жер бедерін қүрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру зандылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жерді зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның зандары мен аспаптарын пайдаланбай, мүндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалык сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді. Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялык өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты күрылыстары (метро, кабельдер, қүбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілері) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта эскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылады.
Пландық инженерлік-геодезиялық торлар
Пландық инженерлік-геодезиялық торлар триангуляциялық, полигонометриялық, сызықтық-бұрыштық, трилатерациялық түсірістер және геодезиялық құрылыс торы түрінде бейнеленеді.
Пландық инженерлік-геодезиялық торлардың дәлдігіне, тығыздығына, тұрақтылығына талаптар әр түрлі. Бұл ізденіс жұмыстарында, жобалауда, құрылыста және инженерлік үймереттерді эксплуатациялау кезінде орындалатын есептер әр түрлілігімен түсіндіріледі. Ережеге сәйкес инженерлік- геодезиялық торлар олардың толықтырылу мүмкіндігін, негізгі бөлу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін дамуын және 1: 500 масштабтағы топографиялық түсірілімді ескере отырып жобаланады. Бірақ та, үймереттер бағытталуына және өлшеміне, ауданның физика-географиялық шарттарына байланысты бұл торлардың қолдану сферасы кеңейеді. Инженерлік-геодезиялық торларды тұрғызу кезінде мемлекеттік тіректік торлар қолданылады.
Мемлекеттік геодезиялық торлардың дамуы жалпыдан жекеге принципі бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік пландық геодезиялық торлар 1, 2, 3, 4 класстарына жіктеледі, олар өзара бұрыштар және арақашытқтықтарды өлшеу дәлдігімен, торлар қабырғалар ұзындығымен және даму кезектілігінің ретімен ерекшеленеді.
Пландық мемлекеттік тор дәлдігі түсірілімдік жұмыстарды ірі масштабтарда бірыңғай координаталар жүйесінде есептеуге негізделген.
Геодезиялық пландық негіздеудің мемлекеттік торлары 1, 2 разрядты полигонометрия және триангуляция толықтыру торларымен толықтырылады.
Инженерлір геодезиялық торларды тұрғызу аумақтар ізденісінде және үймереттерді жобалауда, қалалар мен елді мекендердің бас жобасын құруда, техникалық жобаларды және өндірістің, гидротехникалық, транспорттық үймереттердің жұмыстық сызбаларын құрастыруда қажеттілігі туады. Жобалау ірі масштабты пландарда жүзеге асады. Геодезиялық торлардың дәлдігіне жоғары талап 1:1000, 1:500 масштабты түсірілімдерде көрсетіледі.
Қала шекараларында 4 классты, 1, 2 разрядты полигонометрия кеңінен қолданылады. Торлардың толықтырылуы кезінде полигонометриялық жүрісті жолдар бойынша жүргізіледі, ал полигонометриялық пунктердің ғимараттар қабырғасында бекітілуі геодезиялық белгілер сақталуын жоғарылатады.
Пландық толықтыру торларын жобалау
Берілген пункттер пландық және биіктіктік негізде инженерлік-геодезиялық тірек торлары құрылады. Инженерлік-геодезиялық мұндай тірек торлары құжаттарды құру үшін, суретке түсіру кезінде, кез келген ғимаратты салуда бөлу жұмыстары үшін, деформациялар мен шөгінділерді анықтау үшін керек. Сонымен қатар топографиялық түсірістерде, инженерлік-геодезиялық жұмыстар өндірісінде негіз болып табылады. Пландық торларды құрар алдында геодезиялық жұмыстардың жасалу жобасымен міндетті түрде таныс болу керек. Биіктік және пландық торлар төбелері арнайы жергілікті аймақта белгілермен бекітілген геометриялық фигуралардың негізін құрайды. Торларды құрудағы барлық тірек нүктелері аймақтың негізгі нүктелеріне сәйкес болуы тиіс.
Пландық толықтыру торларында белгіленген торлар мемелекеттік координаттар жүйесіне негізделген шартты координаттар жүйесінде болады және белгілен торлар шамалары жалғыз ғана болуы мүмкін. Мұндағы инженерлік-геодезиялық торлар фугуралардың шамалы мөлшерінде немесе полигон тектес болып орнатылады. Торлардың негізгі формасы жұмыс жасалған аймақтың аумағымен, объектілер немесе объектілер тобының формасымен анықталады. Торлар пункттеріне оларды эксплуатация кезінде күрделі шарттарда қолдануға тұрақтылық жағдайы бойынша жоғары талаптар қойылады.
Объектінің жоспарланған ауданына және құрылыс технологияларына байланысты инженерлік-геодезиялық торлар бірнеше кезеңде құрылуы мүмкін. Соның ішінде суретке түсіру немесе бөлу жұмыстары үшін триангуляция немесе сызықтық-бұрыштық торлар ары қарайғы толықтырулар үшін полигонометриялық және теодолиттік жүрістер негіз бола алады. Өлшегіш құралдардың дамуы көбінесе тірек торларды құрудың әдісін таңдауды анықтайды. Электронды тахеометрлердің шығуы мен кең таралуы сызықтық-бұрыштық торлар мен полигонометрияның жиі қолданылуына әкелді.
Мемлекеттік геодезиялық тор пландық және биіктік болып бөлінеді, оның әрқайсысы төрт класқа жіктеледі. Пландық тор триангуляция, полигонометрия және трилатерация әдістерімен құрылады. Биіктік тор геометриялық нивелирлеу әдісімен құрылады.
Геодезиялық толықтыру торлары геодезиялық торлардың тығыздығын арттыру үшін қызмет етеді және олар былайша бөлінеді:
а) триангуляция әдісімен салынатын 1- және 2- разрядты толықтыру торлары;
б) полигонометрия әдісімен дамытылған 1- және 2-разрядты толықтыру торлары;
1-класты мемлекеттік пландық геодезиялық торлар полигон түрінде тұрғызылады, ол триангуляция қатарлары немесе полигонометрия жүрістерін түзеді. Полигон аумағы 800 километрге жуық, ал оның қабырғалары 200 километрден аспауы керек. Полигон төбелерінде жұп астрономиялық пункттерді (ендік, бойлық, азимут) анықтайды. Триангуляция түйіндерінің шеттерінен базис қабырғаларына өлшеу жүргізеді.
2-класты пландық геодезиялық торлар 1-класты полигон ішінен толық триангуляция торы түрінде немесе полигонометрияның қиылысқан жүрістері жүйесі ретінде тұрғызылады.
3- және 4-класты тор пункттері жоғарғы класты тор қабырғаларына сүйенген үшбұрыштардың жеке жүйесі түрінде тұрғызылатын триангуляция әдісімен анықталады.
Жалпы толықтай негізде өндірістегі қалалар, ірі құрылысы бар энергетикалық обьектілердің аумағында құрылатын инженелік-геодезиялық тірек торлар бөлу жұмыстарының аумағын құрай отырып құрылыстарды орынды, тиянақты қолдануды реттеп отырады.
Заңдық күштегі нормативтік құжаттармен актілердің қазіргі талаптарына сәйкес қалалар аумағында арнайы торлар құрылмайды. Инженерлік торлар үшін басты рөлді ортақ перспективалық жоспар бойынша құрылған мемлекеттік геодезиялық торлар алады.
Инженерлік құрылыстары бар және жоқ қалалардың, поселкелердің және өндірістік кәсіпорындардың территорияларындағы геодезиялық тірек торларды, олардың ары қарайғы толықтыруының және 1:500 масштабта топографиялық суретке түсіруді негіздеу үшін даму мүмкіншілігін есепке ала отырып жобаланады.
Қалалар аумағында неғұрлым перспективалық триангуляция және трилатерацияның торларына қарағанда координаттық және дирекциондық бұрыштарды анықтаудың дәлдігінің көп қоры бар сызықтық-бұрыштық торларды құру болып табылады. Бұған қоса сызықтық-бұрыштық торлардың типтік фигуралардан біршама алыс қажетті дәлдікті сақтай отырып құруға болады.
Мемлекеттік пландық геодезиялық тор пункттері жерге арнайы жерасты белгілерімен-центрлермен бекітіледі, ол белгілер ұзақ уақытқа тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді. Физикалық-географиялық жағдайға және жерге байланысты центрлердің әртүрлі конструкциялары және жерге орнату тереңдігі таңдалынады. Көршілес пункттердің арасындағы көріністі қамтамасыз ету үшін сыртқы геодезиялық белгілер орнатылады, олар ағаш немесе металл сигналдар мен пирамидалар. [4]
Толықтыру торлары мемлекеттік геодезиялық торлардың пункттері мен қабырғалары арасында жүргізіледі. Толықтыру торларының пункттері тұрақты белгілермен бекітіледі. Толықтыру торларын тұрғызу және оның дәлдігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер төменде көрсетілген.
Әр учаскеде геодезиялық торларды дамытуға байланысты мынадай жұмыс құрамы орындалады:
1. Ірі масштабты карталар бойынша геодезиялық торлардың жобасын жасау;
2. Барлау-жобаның жердегі жағдайын анықтаудан тұрады, яғни пункттердің, биіктік белгілердің орналасуын, жобадағы көрсеткіштерді тексеру;
3. Геодезиялық белгілерді тұрғызу және центрлерді жерге орнату;
4. Сызықтық, бұрыштық және астрономиялық өлшеулер жүргізу;
5. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу, оның негізінде геодезиялық пункттердің координаттары есептелінеді.
Геодезиялық торларды жобалау кезінде берілген физикалық-географиялық жағдайда экономикалық жағынан ең тиімді әдістерді қолданады.
Қала территориясында төрт класты, 1- және 2-разрядты полигонометрия кең қолданылады. Торларды толықтыру кезінде полигонометриялық жүрістер жолдар бойымен жүргізіледі, ал полигонометриялық пункттерді ғимарат қабырғаларына бекіту - геодезиялық белгілердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Трилатерация түріндегі геодезиялық негіз қалалардағы торларды тұрғызуда кең қолданысқа ие бола алмады. Ол бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, үш қабырғасы да өлшенген трилатерация үшбұрыштарында қосымша өлшемдер болмайды, оның нәтижесінде ешбір теңдеу шықпайды. Екіншіден, трилатерация торлары тор қабырғаларының қажетті бағытын бермейді, бұл пункттердің жылжуы мен тордың дәлдігіне әсерін тигізеді. Үшіншіден, қала жағдайындағы өлшеудің көп көлемі жарық ұзындық өлшеуішімен өлшеу кезінде қолайсыз жағдайлардың туындауына әкеледі. Қолайсыз жағдайларға температураның ауытқуы, қала жағдайындағы қысым мен ылғалдылық, территориялардың электр желілерімен қамтылғандығы және тығыздығын айтуға болады.
Түсіру геодезиялық негізі пландық және биіктік негізіне байланысты жекелей және бірігіп дамиды.
Түсіріс негізін дамыту мақсаттары:
- геодезиялық торлардың берілген масштабтағы топографиялық түсіріс өндірісі үшін қажетті тығыздықты беретін торларды толықтыру;
- әртүрлі сипаттағы және қолданыстағы геодезиялық негізді құру-іздестіру, ғимарат жобасын жерге шығару, өзен көлбеулерін өлшеу, жер қолданысының шекарасын анықтау және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz