Дағдарыс жағдайларындағы психикалық өзгерістер жайлы


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірліг
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Дағдарыс жағдайларындағы психикалық өзгерістер
Тексерген: Абдуллина Г. К.
Орындаған: Жоламанова А
Пх-215
2015ж
Дағдырыс [кризис] - мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді.
Психологиялық дағдарыс - адамдардың психологиялық қалпының дағдарысы. Ол стресс күйінде білінеді, сонымен қатар сенімсіздікпен, болашақ үшін қорқуымен, жүмысымен қанағаттанбауымен, қобалжумен, уайымдаумен байқалынады.
Дағдарыстың формасының пайда болуына байланысты : анық, жасырынды болып бөлінеді.
- Анық дағдарыс-тез байқалатын және жылдам қолға алуға болатын дағдарыс.
- Жасырын дағдарыс-байқаусызда жүретін дағдарыс болып табылады. Сондықтан да ол қауіпті дағдарыс болып табылады.
Ағымдық мінезіне байланысты дағдарыс : терең, жеңіл болып бөлінеді.
- Терең дағдарыс-дағдарыстың өте қауіпті түрі. Ол көп шығынға алып келуі мүмкін.
- Жеңіл дағдарыс- керісінше нәтижесі жамандыққа алып келмейді, бірақ мұны да дағдарысқа жатқызамыз. Бұл дағдарыстың түрін алдын- ала көріп білуге болады.
Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады.
Бірінші дағдарыс (туылғаннан бір жасқа дейін ) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.
Екінші дағдарыс , бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады.
Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығарудабала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті- бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.
Үшінші дағдарыс «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.
Төртінші дағдарыс «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.
Бесінші дағдарыс жеткіншектік кезең-11-16 жас . Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:
- Балының жалпы оқу үлгерімі төмендейді
- Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.
Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.
Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді.
Бірінші нұсқа- негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-де көрініс табады.
Екінші типте- бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды.
Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20 %-де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.
Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жан-жалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz