Диеталық тамақтану туралы ақпарат



1.Мазмұны
2. Диеталық тамақтану
3.Емдік диета
4. Кейбір ауруларға берілетін емдік диеталар
5.Пайдаланған әдебиеттер
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты) - тамақтың құрамы, өңделуі, дайындау тәсілдері, тамақ ішу мезгілдері және уақытына қарай тамақ қабылдау әдісі. Диета түрлері:
• Нольдік диета — адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета.
• Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары ақуызды, төмен көмірсулы диета.
• Вегетариандьіқ диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар:
o вегетариандық — балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер;
o веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын дажемейді;
o шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын бол- ғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді;
o жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;
o фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер. 
Емдік диета— тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы. Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған емдік диета түрлері бар:

құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты:
o ақуызды;
o майлы немесе көмірсулы;
o тұзсыз т.б.;
1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
2.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
3. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
4.Шарманов Т., Ахмет-Төре М., Емдәмтану терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, А., 1998;
5.Лечебное питание (учебно-методическое пособие под ред. Шарманова Т.), А., 1999.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Тақырыбы: Диеталық тамақтану

Орындаған: Текишева У.С.
Тексерген: Қасымов С.К.

Семей 2015ж

1.Мазмұны
2. Диеталық тамақтану
3.Емдік диета
4. Кейбір ауруларға берілетін емдік диеталар
5.Пайдаланған әдебиеттер

Диеталық тамақтану.
Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα -- тұрмыс салты) - тамақтың құрамы, өңделуі, дайындау тәсілдері, тамақ ішу мезгілдері және уақытына қарай тамақ қабылдау әдісі. Диета түрлері:
* Нольдік диета -- адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета.
* Аткинс диетасы -- XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары ақуызды, төмен көмірсулы диета.
* Вегетариандьіқ диета -- ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар:
o вегетариандық -- балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер;
o веганизм -- мал өнімдерінің ешқайсысын дажемейді;
o шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын бол- ғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді;
o жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;
o фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.
Емдік диета -- тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы. Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған емдік диета түрлері бар:

құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты:
o ақуызды;
o майлы немесе көмірсулы;
o тұзсыз т.б.;
химиялық құрамына қарай:
o жеңілдетілген;
o ықшамдалған;
o элиминациялық;
Емдік диетаның мақсаты -- қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдік диета беріледі, кейде арнайы емдік диета орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір емдік диетаның әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды
Емдік тағам - науқасқа басқа да емдік шаралар кешенімен бірге белгіленетін тағам. Гастрит, ішкі жара аурулары, тоқ ішектің қабынуы, бауыр аурулары үшін емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Станционарлық немесе емхана жағдайында қолданылады. Емдік тамақтануды дәрігер кеңесі бойынша және оның бақылауымен жүргізіледі, өз бетімен белгіленген тұрақты диета денсаулық үшін қолайсыз жағдайларға ұшыратуы мүмкін.
Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері
* Тағам үлесін (рацион), тамақ ішу режимін және оны кулинариялық өңдеуді әр адамға жеке белгілеу;
* Тағамдық рационның патологиялық процесс сипатына және сырқаттың жағдайы мен оның организімінің ерекшелігіне сандық (рационды азайту және көбейту) және сапалық (организмнің жекелеген азық-түлік пен тағамдық заттарды қабылдауын тоқтату немесе шектету) жағынан сәйкес келуін қадағалау;
* Теңестірілген (негізгі тағамдық заттардың неғұрлым үйлесімді арақатынасы) және физиологиялық жағынан құнды рациондар жасау болып табылады.
Емдік тағамдарда сандық және сапалық тамақ өзгерістері қолданылады. Мұнымен ас қорыту мүшесін механикалық және химиялық бұзылудан сақтауға, ауру мүшеге қолайсыз әсер ететін заттың түсуін шектеуге немесе сырқат организмге өте қажет және оның қызметін жақсартуға әсер етіп, қалыпты жағдайға келуіне жәрдемдесетін химиялық заттарды толықтыруға болады. Емдік тағамдар диеталық талаптарға сай, әр сырқаттың талғамын қанағаттандыратындай әр түрлі болғаны дұрыс. Егер тағам шектелетін болса, сырқат организмі оны жеңіл көтеретін болуын қарастырған жөн.Емдік тағам дайындау барысындағы кулинариялық өңдеудің ерекшеліктері.Емдік тағам дайындау азық-түлікті кулинариялық өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар:
* жүрек, бауыр, бүйрек ауруларына тұзсыз диета белгілеу;
o тұзсыз тамақ науқас адамның тәбетін жоймас үшін тамаққа қант, бал, лимон қышқылын, әр түрлі жеміс-жидек қосып, оған қышқыл не тәтті беру;
o кейбір тағамдарға әуелі қайнатылған, сонан соң қуырылған пияз қосу.
* үгілген тағамдарды пайдалану (пісірлген көкеністерді үккіштен немесе елеуіштен өткізу, жармаларды ұнтақтап алу);
* тамақты буға пісру (асқазан және ішек аурулары, жұқпалы аурулар және т.б.).
* тағам температурасы;
o ыстық тағамдар үшін ең қолайлы температура 60°С,
o салқын тағамдар үшін - 10°С.
Кейбір ауруларға берілетін емдік диеталар
* №1 диета (1а, 1б) - асқазанның, ұлтабар безінің жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда белгіленеді:
o тамақ су не буда пісіріледі де, көбінесе үгітілген күйінде беріледі;
o дайын тамақ температурасы - 60°С;
o тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет;
o күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г., углевод - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
o рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, тұздалған, сүрленген, маринадталған, ащы және қышқыл тамақтар, шикі көкөністер мен жемістер, ірі тартылған ұннан пісірілген нан, ашыған қамыр, құймақ, татымдылықтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары мен тұздықтар (соус), ақ қауданды мыңжапырақ, табиғи жидек пен жеміс шырындары, консервілер, оның ішінде үй жағдайында дайындалып консервіленген компоттар.
* №2 диета - гастритте - асқазан сөлінің қышқылы төмен болған жағдайда тоқ ішектің талаурауы, бас сақинасы (бұл арурулар тек асқынбаған жағдайда) кезінде белгіленеді:
o тамақ көбінесе суға немесе буға пісіріледі (кейде кейбір тамақтарды қуыруға болады), үстелге жақсы ұсақталған күйінде қояды;
o тамақты күніне төрт реттен аз ішпеу ұсынылады;
o күндік ас үлесі құрамы: белок - 100 г., май - 100 г., улевод - 400-450 г., ас тұзы - 12-15 г.
o ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың ем – дәмдік тамақтануы
Емдік тағам белгілеудің негізгі принциптері
Сарыағаш санаториясының қызмет көрсету сапасын бағалау
Диеталық өнімдердің классификациясы
Жұмыртқаларды тоңазытқышта
өсімдік қоспасымен байытылған функционалды бағыттағы жаңа сүзбе десерті технологиясын әзірлеу
Асқазан-ішек жолдарының секрециясын зерттеу әдістері
Диеталық тамақтану.
Тамақтану туралы ғылым
Диеталар сипаттамасы
Пәндер