Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары



Қазіргі қазақ прозасының жай-күйі, шама-шарқы, бағыт-бағдары туралы пікір айту, болжам жасау аса қиын. Біз ғасырлар тоғысқан, жаңа мыңжылдықтар орын алмастырған, заманалар ауысқан кезеңге дөп келдік. Ауылдан көшіп – қалаға, қағаз бен қаламнан көшіп – компьютерге етене ене бастаған жұрт әлі де табалдырығын аттаған жаңа әлемге бой үйрете алмауда. Бұған, әдебиет пен әдебиетшіге, жазушы мен кейіпкерге көңіл бөлгісі келмейтін, шығармашылық адамдардың жай-күйін жасауға құлықсыздық танытып отырған нарықтық заманды қосыңыз. Постиндустриялық қоғамның қозғалыс атты дүлей желі кітап жазғызбақ түгілі, жазылған кітапты оқуға деген уақытты аяусыз жұтып жатыр. Кейде сол дауылды желмен ығып, әлдеқайда сабылып бара жатқан жоқпыз ба деп те ойға қалам. Қала деген толассыз қозғалыс өзенінің арындаған ақпарат ағынына қарсы тұрар күш жоқ. Қазіргі қазақ прозасының жаңа қатарға қосылып келе жатқан өкілдері, алдымен осы заңдылықты қабылдауы керек деп ойлаймын. Біз іргетасы енді қаланып, әр жерден бой көрсетіп келе жатқан «қалалық» прозаға қолдау көрсетуі¬міз керек. «Қалалық проза деген – жұтаң, тамырынан ажыраған, одан қалса, топыраққа табаны тимеген проза, әдеби ағымдардың швед үстелінен шыққан постмодернизм табағы» сынды жаңсақ пікірлерге ұрынбау керек. Қалалық проза – кезекті баспалдақ қана, келесі кезеңнің табалдырығы, проза сарайындағы ашылуға тиісті есіктердің бірі. Оның да өзіндік құнарлы тілі, қанық бояуы, аңқыған жұпары, шалқыған әуені, тамылжыған мезгілі бар. Ең бастысы, ол – біздің дәл қазіргі уақытымыздың сипаты. Жазушының басты мақсаты – өз ғасырын, өз заманын жырлау емес пе, өз мыңжылдығының жаңғырығы болу емес пе?! Сол үшін де жас қаламгерлер туған ауылын қалай сүйсе, соншалықты мейіріммен қаланы да сүюі қажет, қабылдауы керек. Жүрегіне жазиралы жазықтық пен кеңдікті, көзіне көкжиекті ұялатқан, қаны мен сүйегіне ұлтының құндылықтарын сіңірген талапкерлер қаланы да тақырып қып алу керек. Сан қырынан суреттеу керек. Бүге-шігесін ашу керек. Тіпті, қаламмен емес, ноутбукпен жазса да. Қаланы жан-жүрегімен қабылдаған жазушы ғана оның әдемілігін байқайды.
Қазіргі қазақ прозасы экспериментке зәру. Эксперимент дегеніміздің өзі – жаңашылдыққа құштарлық емес пе?! Бүгін жасалған эксперимент нәтижесіз аяқталуы мүмкін. Тіпті, жылт етіп жанып, қайта сөнген жарықтай-ақ болсын. Оның нәтижесі, ертеңгі күні, не ғасыр соңында, не қайсыбір замандарда ұлы жаңалыққа айналмасына кім кепіл?! Бізге 1927 жылы «Огонек» журналының Бас редакторы Кольцовтың идеясымен, Александр Грин, Исаак Бабель, Леонид Леонов сынды беделі бел қайыстырар 25 жазушының бірін-бірі жалғап жазып шыққан «Большие пожары» атты ұжымдық романы, Серб жазушысы Милорад Павичтің ілгеріден кейін оқығанда басқа оқиға, соңынан алдына қарай оқығанда, тіпті басқа оқиға желісі шығатын, оқырманға романның жүзге тарта шешімін қатар ұсынып, қалағанын таңдауға мүмкіндік беретін роман-сканворды сынды, сонымен қатар, әлем әдебиетіндегі ребус-кітап, гипертекст, пошымы мен мазмұны, құрылымы жағынан түрлі экспериментке түсетін әдеби пазлдар, мозайкалар сияқты туындылар керек.
1. Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері.
Автореферат.-Алматы, 2004,13-6
2. Литературная энциклопедия терминов и понятий. Главный редактор
и состовитель А.Н.Николюкин. Москва, 2003, с.834
3. Майтанов Б. Қаьарманның рухани әлемі. Зерттеулер.-Алматы;
Жазушы, 1987, 86-6
4. Достоевский Ф.М. 0 Русской литературе. Москва, 1987,-с.88
5. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 2002, 36-6
6. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.
Алматы:Санат, 1996.,3-6
7. Әбдікова Қ. Ж.Аймауытов романдарындағы тұлға концепциясы.
Алматы.1997
8. Иезуитов А. Проблемы психологии в эстетике и литературе//
Проблема психологии в советской литературе Л.: Наука, 1970,с.52
9. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы,
Ғылым.1991, 155-6

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (Эссе) Көркем шығармадағы психологизм.(Реферат) Тарихи тақырыптағы қазақ романдары.(конспект)

Орындаған: Әубәкірова Л.К.
Топ: Қ-211
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.

Семей, 2015жылы
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер.
(Эссе)
Қазіргі қазақ прозасының жай-күйі, шама-шарқы, бағыт-бағдары туралы пікір айту, болжам жасау аса қиын. Біз ғасырлар тоғысқан, жаңа мыңжылдықтар орын алмастырған, заманалар ауысқан кезеңге дөп келдік. Ауылдан көшіп - қалаға, қағаз бен қаламнан көшіп - компьютерге етене ене бастаған жұрт әлі де табалдырығын аттаған жаңа әлемге бой үйрете алмауда. Бұған, әдебиет пен әдебиетшіге, жазушы мен кейіпкерге көңіл бөлгісі келмейтін, шығармашылық адамдардың жай-күйін жасауға құлықсыздық танытып отырған нарықтық заманды қосыңыз. Постиндустриялық қоғамның қозғалыс атты дүлей желі кітап жазғызбақ түгілі, жазылған кітапты оқуға деген уақытты аяусыз жұтып жатыр. Кейде сол дауылды желмен ығып, әлдеқайда сабылып бара жатқан жоқпыз ба деп те ойға қалам. Қала деген толассыз қозғалыс өзенінің арындаған ақпарат ағынына қарсы тұрар күш жоқ. Қазіргі қазақ прозасының жаңа қатарға қосылып келе жатқан өкілдері, алдымен осы заңдылықты қабылдауы керек деп ойлаймын. Біз іргетасы енді қаланып, әр жерден бой көрсетіп келе жатқан қалалық прозаға қолдау көрсетуі - міз керек. Қалалық проза деген - жұтаң, тамырынан ажыраған, одан қалса, топыраққа табаны тимеген проза, әдеби ағымдардың швед үстелінен шыққан постмодернизм табағы сынды жаңсақ пікірлерге ұрынбау керек. Қалалық проза - кезекті баспалдақ қана, келесі кезеңнің табалдырығы, проза сарайындағы ашылуға тиісті есіктердің бірі. Оның да өзіндік құнарлы тілі, қанық бояуы, аңқыған жұпары, шалқыған әуені, тамылжыған мезгілі бар. Ең бастысы, ол - біздің дәл қазіргі уақытымыздың сипаты. Жазушының басты мақсаты - өз ғасырын, өз заманын жырлау емес пе, өз мыңжылдығының жаңғырығы болу емес пе?! Сол үшін де жас қаламгерлер туған ауылын қалай сүйсе, соншалықты мейіріммен қаланы да сүюі қажет, қабылдауы керек. Жүрегіне жазиралы жазықтық пен кеңдікті, көзіне көкжиекті ұялатқан, қаны мен сүйегіне ұлтының құндылықтарын сіңірген талапкерлер қаланы да тақырып қып алу керек. Сан қырынан суреттеу керек. Бүге-шігесін ашу керек. Тіпті, қаламмен емес, ноутбукпен жазса да. Қаланы жан-жүрегімен қабылдаған жазушы ғана оның әдемілігін байқайды.
Қазіргі қазақ прозасы экспериментке зәру. Эксперимент дегеніміздің өзі - жаңашылдыққа құштарлық емес пе?! Бүгін жасалған эксперимент нәтижесіз аяқталуы мүмкін. Тіпті, жылт етіп жанып, қайта сөнген жарықтай-ақ болсын. Оның нәтижесі, ертеңгі күні, не ғасыр соңында, не қайсыбір замандарда ұлы жаңалыққа айналмасына кім кепіл?! Бізге 1927 жылы Огонек журналының Бас редакторы Кольцовтың идеясымен, Александр Грин, Исаак Бабель, Леонид Леонов сынды беделі бел қайыстырар 25 жазушының бірін-бірі жалғап жазып шыққан Большие пожары атты ұжымдық романы, Серб жазушысы Милорад Павичтің ілгеріден кейін оқығанда басқа оқиға, соңынан алдына қарай оқығанда, тіпті басқа оқиға желісі шығатын, оқырманға романның жүзге тарта шешімін қатар ұсынып, қалағанын таңдауға мүмкіндік беретін роман-сканворды сынды, сонымен қатар, әлем әдебиетіндегі ребус-кітап, гипертекст, пошымы мен мазмұны, құрылымы жағынан түрлі экспериментке түсетін әдеби пазлдар, мозайкалар сияқты туындылар керек.
Әдеби процесс үздіксіз жүре береді. Сондықтан да проза тоқырауға ұшырады деген жаңсақ пікірді де түбегейлі жою керекпіз. Қазіргі қазақ прозасы қарыштап, ғарыштап кеткен поэзияға қарағанда оқ бойы алда тұр. Оқырман талғамы жетпей жатыр деп емес, талғамы жетсін, жетпесін, оқитын адам таба алмай қалдық. Тіпті, зиялы қауымның өзі бірін-бірі оқымайды. Проза жарнаманы ұнатпайтын жанр, оны көпшіліктің алдына жылтылдатып шығара да алмайсың.
Қазақ прозасы - өте биік, қазыналы, бағасыз. Сон - дықтан да әлем әдебиетінің теңдесіз бөлшегі, бір қабыр - ғасы, биік белесі, жас та болса жапырағын жайған бұтағы бо - лып отыр. Бізде тек аударма жоқ, оның да өзіндік себеп - тері бар: мұншалықты құнарлы тілді аударуға ешқай тілдің тісі батпайды. Бізді әлем халықтары танымай отырғаны сондықтан. Бұл олқылықтың орнын толтыру керек. Біздің де Маркестарымыз бар, біздің де Хемингуэйлеріміз бар. Аудармамен айналысу керек. Орыс, ағылшын, француз, қы - тай, оңтүстік америка елдерінің тілінде сөйлеуіміз қа - жет.
Және тағы бір айта кететін жағдай, интеллектуалды әде - биетпен қатар, бұқаралық әдебиетті дамыту аса қажет. Жасөспірімдерге арналған мультфильмдердің, комикстер - дің, фэнтези жанрындағы дүниелерге жүлде қоры жоғары байқаулар жариялау керек.
Ал енді қаламақы мәселесін қоя тұрып романға тоқталсақ. Роман - күрделі де қиын жанр. Бұл жанрға келетін майталман, көпті көрген жазушыларымыз. Соның бірі кешегі Қабдеш Жұмаділовтың Дарабоз романы. Тақырыптық жағынан бұл таза тарихи шығарма. Қабанбайды алқын-жұлқын, ретті-ретсіз жекпе-жектерге қатыстырмай, кәдімгі сабырлы ақыл иесі ретінде суреттейді. Қабанбайдың білек күшінен гөрі ақыл қайраты басым. Қалың қауымның мұндай әдеби әдісті жатырқап қабылдағаны байқалады. Өйткені, оқырмандарымыздың талғамын атыс-шабысқа әбден кәніктіріп алған жайымыз бар. Қабдеш одан бас тартқан. Ол жауын ақылымен жеңген батырды бейнелеген. Шындығында да, қанша ержүрек болса да, батыр бір оқтық. Ал Қабанбай - ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның алғашқы шайқасынан бастап атқа қонып, елу жыл бойы ақ туын көтеріп жүріп, қазақты қара қонысына қондырып барып, барлық тауын жастанған ел тұтқасы. Ресей мен Қытай империясының әскеріне тосқауыл қою үшін, ең бастысы, ақыл-айла керек. Абылайдың бас қолбасшысының парасаты да ханға лайық болғаны лазым. Ал ретті тұсында жайрататын жауды аямай-ақ жайратып береді. Батырдың ойлы бейнесі арқылы Қабдеш Жұмаділов қазақ тарихындағы көмескі жайлардың көлеңкелеріне ой сәулесін жіберіп, соны толғана отырып, санадан өткізуді, шындықты бүркемелемей бүгінге жеткізуді мақсат еткен. Бұл - толған, толысқан, ұлттық рухани тұлғаға айналған Қабдеш Жұмаділовтің туған ұлты туралы толғанысы. Ойлы, пайымды, елдігімізді үнемі еске түсіріп отыратын байсалды шығарма. Өткен ғасырдың 60-80 жылдар аралығында дүниеге келген қазақ прозасына зер салып қарап отырсақ өнер адамының тұлғасын. Оның ішінде әсіресе ақындар тағдырын арқау еткен көркем шығармалар біршама. Осы дүниелердің көркемдік деңгейі, тақырыпты қамту тереңдігі, тілі және жазылу стилі әркелкі бола тұра, барлығына ортақ бір сипаттың басым түсіп жататындығын аңғармау мүмкін емес. Ол - осынау туындылардың жақсы ма, жаман ба, әйтеуір түптеп келгенде қазақ өнеріне, қазақ мәдениетіне бір адамдай еңбегі сіңген, жалпы қазақ руханиятының ұлы тарихында үлкенді, кішілі өз орындарын айқындай алған, әр ғасырда әр түрлі тағдыр кешіп, сонысымен ел жадында қалған қайталанбас тұлғалардың туған әдебиетімізден орын алуы, төл әдебиетімізде бейнеленуі дер едік.
Әдебиетімізде бейнеленген осынау тұлғалардың арасында, әрине қазақ поэзиясының Абайға дейінгі асқар шыңы, ең бастысы, ұлт азаттығын ту етіп көтерген қайталанбас қайраткер, ақын Махамбет Өтемісұлы тағдырының терең, әрі әр қырынан көрінуі кездейсоқтық емес. Қазақ қаламгерлері неге Махамбет образына көбірек орын берген? Не үшін оның қайсар жырларына қайта-қайта оралып отырған? Осының сыры неде? Осыған жауап іздесек, алдымен тарлан қаламгерлер Тәкен Әлімқұловтың атақты Қараой әңгімесі, Әнуар Әлімжановтың Махамбеттің жебесі атты романы, кейінірек дүниеге келген Берқайыр Аманшиннің Махамбеттің тағдыры, Нәбиден Әбуталиевтің Қайран нарын, Марат Мәжитовтың Барлыбай түбіндегі ән, тағы басқа да қаламгерлердің туындылары ойға оралады. Бұл туындылар несімен қымбат, несімен қадірлі. Авторлары қандай көркемдік ізденістерге қол жеткізе алды. Махамбеттің күрделі тұлғасын көркемдік тұрғыдан жинақтауда, сол тұстағы зұлымдық пен сатқындық үстемдік құрған заман шындығын шынайы жеткізуге қай қаламгер қандай суреткерлік әдіс-тәсілдерге қол артқан екен. Соған бір сәт назар тоқтатсақ, алдымен, Махамбеттің өмірі мен заманы туралы көркем шығармалардың ішінде Т.Әлімқұловтың Қараой әңгімесі айрықша дара тұрады. Қараой жер атауы. Қаралы оқиға да осы жерде өтеді. Әңгімеде Махамбет өмірінің соңғы сәттері сөз болады. Ең бастысы, мұнда қайсар ақынның ешкімге бас имеген асыл рухы асқақ көрінеді. Ешқашан, керек болса хан, сұлтан алдында да төмендемеген, аласармаған ар намысы соңына түскен көп тобырдың қолы жетпес биікте қалады.
Уақыт өтсе де, қоғам дәуіріндегі өзгерістер болып жатса да, ескермейтін тақырыптар болады. Ол прозадағы адам, қоғам, табиғат ұғымдары. Сонау Абай жолынан бастау алған тарихи шығармалармен қоса, 1970-80 жылдар әдебиетіндегі прозамыздың, оның ішінде роман жанрының үлкен роль атқарып, салмақты жүк көтергені белгілі. 60-шы жылдардың екінші жартысында М.Әуезов дүниеден өткен соң, көш бастар дара тұлға табылмай, рухани дүниеміз бір мезет күңгірт тартып қалған шақта, өзінің тарихи миссиясын атқару үшін әдебиетке жаңа бір толқын келді. І.Есенберлинді алға салған бұл топтың ішінде М.Мағауин, Ә.Тарази, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров, Қ.Ысқақов т.б өздерінің соны ізденістерімен, әдебиетке әкелген жаңалық, еңбектерімен ерекшеленді. Осы орайда 60-80-ші жылдардағы қазақ прозасы қоғамның даму туралы концепцияларындағы өзгерістер мен үйлеспеушіліктерді бейнелеп, адамның рухани дүниесі мен жалпы тәрбие шыңырауында жатқан тереңде қазыналы қатпарларды игеруге ден қойғаны мәлім - деген А.Исмакованың пайымдауы сөзімізді түйіндегендей [3]. Аталған кезеңдегі қазақ романдары адам мен адам болып жаратылғаннан бергі мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді, сол арқылы да әдебиетіміздің таным мәселелерін ала келуімен ерекшеленеді. Қаламгерлер Адамды зерттей отырып, сол адамның бойындағы алуан түрлі сипаттарға үңіле білді. Соның нәтижесінде қоғамның бет-бейнесіне, қыр-сырына үңілуге күш салды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. -- Алматы: Жазушы, 1983. -184 бет.
2. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. -- Алматы: Санат, 1996. -336 бет.
3. Майтанов Б. Мұхтар Әуезов - суреткер. - Алматы: Әл-Фараби, 1996. - 124 бет.
4. Майтанов Б. Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы. -- Алматы: Қазақ университеті, 2001. -52 бет.
5. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру,
бейвербалды ишараттар, заттық әлем). Монография. Алматы: Алаш, 2003.
Тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Суреткер һәм шындық дүние арақатысы - көркем шығарма өткен дәуірден сыр тарта ма, жаңа дәуірді бейнелей ме, - қашанда әдебиеттану ғылымы мен сын саласының күн тәртібінен түсіп көрмеген мәселе. Актуальділігі, зәрулгі бүгінгі тәуелсіздік және демократия заманында тіптен артып отыр.
Тарихи шындықты көркем жинақтаудың биік үлгісі - Мұхтар Әуезовтің жаһанға әйгілі Абай жолы роман-эпопеясы. Абайдай дана тұлғасын бейнелеген туындыда қазақ халқы ұлттық бет-әлпеті ерек, жан жүрегі жарқын поэзияға бөленген халық екені терең де тебірентер шыншылдықпен суреттелді. Социалистік реализмнің таптық принципімен санасуға мәжбүр болып, Құнанбайдай алыпты жағымсыз герой санатына жатқызып, мейірімсіз қаталдығын айыптағанымен, ұлы жазушы бұл кейіпкерінің асқақ, айбарлы, ауқымды характерін көкейден кетпейтіндей етіп кескіндеді.
Мұхтар Әуезов сонымен бірге Абай жолы романының қалай өрнектелгені жөнінде Как я работал над романами Абай и Путь Абая атты арнайы мақала жазып, тарихи шындықтан көркем шындық қорытудың алуан-алуан аспектілерін, қыры-сырын пайымдады.
Мұхтар Әуезов мектебі, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин сияқты жазушылардың құнарлы тәжірибесі көркем шындық проблемасының эстетикалық және методологиялық мәселелерін диалектикалық бірлікте шешу қажет екенін алға тартады.
Көркемдік жинақтау көзі - объективтік шындық. Сол шындықтың типтік құбылыстарын көре білу, түйсіну бар да, оны эстетикалық игеру бар. Өмірдің кенеулі, қарымды объективтік құбылыстары мен сол құбылыстар туралы субъективтік түсініктерін типтік образда ұштастыра білетін талант иесі ғана көркем шындық кесенесін тұрғызбақ.
Типтендіру құралы шындық дүниеден көрген білгенді сол күйінде түсіре салатын фотоаппарат емес. Типтендіру өмір фактілерін іріктеуден бас алады. Көркем сөз өрнегіне елеусізі емес, елеулісі, мәнсізі емес, мәндісі түсірілмек. Шындық дүниені хаос, абсурд, бытықы-шытықы бірдеңе ғып таңбалайтын модернизм көбіне ақиқат ауылынан алшақ қонады.
Модернизм - ХХ ғасырдың басында құрала бастаған эстетикалық концепция. Модерн - француз сөзі. Ең жаңа, заманауи (новейший, современный) деген ұғым береді. Реалистік дәстүрлерді аяқасты ететін бұл ағымның жаңашылдығын қандайлығын анықтауда, ескеретін, көңілше күйткі жайлар аз емес.
Қайсыбіреулер біздің классикалық әдебиетіміздегі типтендіру құралдарын, кейіпкердің өмір сүретін ортасын, ішкі жан дүниесін - ой-парасатын, психологиясын, арман-қиялын суреттеудегі жемісті, сапалық табыстарын, сана ағымы, ішкі монолог, ішкі диалог сияқты тәсілдерін, неге екенін, модернизм мен постмодернизмге теліп жүр. Ондайлардың жазу-сызуды тексерулері көбіне әдебиет терминдері сөздігіне ұқсайды. Шет елдік көркем шығармалардағы соны сипатты бейнелейтін терминді әдебиетіміздің кез келгенін кезеңінен іздеп әуреленеді.
Шығарманың әлдебір үкілі жетістіктерінен постмодернизм нышандарын іздеу - бос әуре. Өйте берсең, тіпті халық поэзиясынан да модернистік дүние сезіну модустарын тауып алуға болар еді. Ұшады қара торғай қанат қағып, астына қанатының маржан тағып. Бұны поэтикалық метафоризм екен деп, ХХ ғасырдың постмодерндік терминін көне поэтикаға телуге бола ма?. . Бұлайша қателесудің төркіні белгілі: эстетикалық нышандардың тарихилық принциппен диалектикалық арақатысын елемеушілік кінәратынан, тарихилық (историзм) принципімен мүлде санаспаудан шығады.
Мұхтар Әуезов Абай бейнесін сомдау үстінде сан алуан көркемдік тәсілдерге жүгінген. Абайдың үлкен жиындарда сөйлеген сөзін монолог түрінде берсе, Өлсем орным қара жер сыз болмай ма өлеңі туар шақтағы шабыт-күйін ішкі монолог арқылы жеткізген. Заңғар жазушының туындылары - дүниетаным, факт шындығы мен тарих шындығы, ойдан қосу секілді категориялар мен эстетикалық құндылықтарды тығыз байланыста қолданудың үлгісі.
Тарихи романды тексеруде сыңаржақтылыққа ұрынбау жағын ойласуға керек. Гипершынайылық деталь, этнопсихологиялық тыйым, гипертекст, интертекст, қара юмор деген сияқты дефиницияларды қаптатып, оқыған шығармаңның бәріне оңды-солды тықпалай бергенше, сол жаңашылдықтың әдеби дамудың қай сатыларында өркен жая бастағынын зерделеу, былайғы әдеби дамуымызға пайда-зиянын таразылау әлде қайда тиімді.
Шет елдегі орыс жазушысы Владимир Набоковқа бүгінгі посмодернистер құдайдай табынады. Ал сол Набоковтың шығармаларын оқығың келмейді.
Тәуелсіздік дәуірінде туған тарихи романдардың алғашқы қарлығаштарының бірі - сақа жазушымыз Қалмұқан Исабайдың Шоң би роман-трилогиясы (1995).
Бұл шығарма алғашында Серт, 1991), Шоң би (1993) деген атаулармен жарияланды. Тақырыбы ортақ туындылар бір кітапқа біріктірілгенде бас геройы - Шоң бидің атымен аталды.
Қалмұқан Исабай - ізденімпаз, зертқұмар жазушы. Қашанда соқасын түрен тимеген тыңға салады.
Шоң би роман-трилогиясы Қазақ елі тарихының бұрын зерт назары түсе қоймаған ақтаңдақ салаға сәуле түсіреді. Жоңғар соғысынан кейінгі 50-60 жыл бізде неге дұрыстап зерттелмеген? - деді ол романның жазылу тарихы жайлы әңгіме қозғалғанда.- Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында жеңіп мерейі үстем болған халық неліктен кенет бодандық қамытын киіп сорлаған? Мен романымда осы сауалға жауап іздедім. Өзімше таптым деп ойлаймын. Тапқан-таянғанымды Шоң бейнесінде жинақтадым.
Бұрын әдебиетімізде ізі түсе қоймаған құбылысты қалам ұшына алып суреттеуге құштарлық - Қалмұқан Исабайдың шығармагерлік стилінің етенелі қасиеті.
Жазушының Айқыз романы (1967) бейбіт қазақ ауылдарын өртеп, жұртын қанға бояп білгенін істеп жүрген орыс казачествосы эскадронын атқа отыруға жарамсыз етіп масқаралаған қазақ қызының образын сомдайды.
ХVІ ғасырда казак-орыс атаманы Ермак Сібір хандығын күйреткенін, кейін Көшім ханның тұтқиылдан соққан шабуылына ұшырап, қашпақ болғанда Ертіс өзеніне кетіп өлгенін білетінбіз. Ал, сол Көшімнің тоғыз әйелінінің біреуі, қазақ қызы Сүзгі Ермак дружиналарына қырғын соғыс салғанын жазушының Алматы ақшамы газетінде жариялаған Сүзгі біздің апамыз (2005) атты эссесінен оқып білдік.
Жуырда Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хаты мен сый-сияпатын алған Қалмұқан Исабай , - майдангер жазушы да. Жолдас комендант (1982) романы, Комендант атты роман-дилогиясы (1998)-тың айыру іспетті туындылар.
Академик Қаныш Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналы құрылысшыларының марапатталған тізімінен жазушы Қалмұқан Исабайдың есімін кездестіріп кезінде қайран қалғанымыз бар. Ол алда-жалда отставкадағы полковник мундирін кигенде омырауында соғыстағы ерлігі үшін алған орден, медальдарымен бірге канал құрылысында айлап, жылдап жаяулап жүріп проблемалық очерктер шоғырын, экологиялық тақырыпты роман тудырған творчестволық ерен табысы үшін алған Еңбек Қызыл Ту ордені жарқырайды.
Югославия Халық-азаттық армиясының қатарында неміс-фашист оккупантарына қарсы соғысып жүріп батальон командирлігіне дейін көтерілген Бейсен Райысов есімін алғаш рет Қалмұқан Исабай қаламынан туған шығармадан білдік.
Халық геологы Қосым Пішенбаевтың Екібастұз көмір кенін алғаш ашқан еңбегін дәлелдеп, көміршілер қаласының көшесіне атын бергізген, орталығына қола ескерткіш қойғызған да ізденімпаз жазушы, жампоз Қалекең.
Тоталитаризм тұсында би - қанаушы үстем тап өкілі саналды. Ұлтымыздың белді биінің атын ол кезде тұтас шығармаға тақырып етіп қою былай тұрсын, мұндай тұлғаны қатардағы жағымды кейіпкер етіп көрсетудің өзі қиынның қиыны болатын.
Роман-трилогияның Шоң би деген аталымның өзінен-ақ, саптыаяққа ас құйып, сабына қарауыл қоятын Кеңес заманының келмеске кеткені, Қазақ елінде күрт өзгерістер басталғаны, көркем шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім проблемасы социалистік реализмнің таптық принципінен енді өзгеше талдап шешілетіні аңғарылады.
Бұл өзгешелік Исабай романынан бұрынырақ жарық көрген, ұлттық рухы жағынан тақырыбы ағайындас жазушы Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер атты тарихи трилогиясымен (1976) салыстырғанда айқынырақ байқалып қалады.
Ілияс Есенберлиннің тарихи романдарының көксейтін идеясы Қазақ елінің ұлттық береке-бірлігі болды. Уыты зәрлі уақытының адам айтқысыз зор қысымына қарамастан, жазушының көңіліне түйгенін, ойлаған ойын дәйекті және ұтымды етіп жүзеге асырғанын білеміз. Өзгешелік дегенде, Есенберлинге қатыстысы - бұл жазушының социалистік реализмге иіліп сәлем беруге мәжбүр болған тұстарын еске алып отырмыз. Автордың көркемдік шешімімен көбіне жанаса бермейтін таза публицистикалық сарынды мына бір толғамы тәріздес:
Иә, қазақ даласына Россияның келуі, қайта оралмас тарихтың өктемді желісін жылдамдата түсті. Бұл кезде хан, сұлтандардың, ру басы батыр, билердің кешегі қолындағы алмас қылышы, басыбайлы құлы - импрам - қара бұқара, енді өзінің күшін анық сезініп, қазақ деген айбарлы жұртқа айналған. Ұлы орыс халқымен бірігіп, бұл жұрт өзін қанаушы тапқа, феодалдық қоғамның үстемдігін жүргізетін уәкілдері хан, сұлтан, бай-манаптарға, олардың қорғаны Россия патшаларының отарлық саясатына қарсы күрес жолына шыға бастаған. Сана-сезімі ояна түскен, кешегі көшпелі ел, өздерін тағы да алмас қылыш етіп қолдарына ұстап, өтіп кеткен хандар заманын қайта орнатпақ болған Абылай ұрпақтарының жанталастарын да, қанды әрекеттерін де ұға түскен. Мұраттарына жету үшін олар бұл жолдан басқа жаңа жол іздеуге кіріскен .
Шоң - әрі ру басы, әрі би. Сөйте тұра бұл кейіпкер Көшпенділер роман-трилогиясының жоғарыда келтірілген толғамында жерлеп сыналған жағымсыз, жексұрын герой типтес емес. Себебі түсінікті. Екі роман-трилогияның жариялану заманы екі басқа.
Тәуелсіздік және демократия заманында өнер мен шындық арақатысы жаңа тұрпатты сипат алған. Көркем әдебиет коммунистік диктат, бұйрық, қақпайлаулардан, идеялық жүген-құрықтан құтылып, еркін тыныстады. Сөз бостандығы көркем творчествоның демократиялық сана сезіммен жарасымды ұласуына жол ашты. Қалмұқан Исабай автор ретінде қиындық кешсе, ол тек қалам ұстау өнерінің ауыр азапты жолына ғана байланысты еді. Абайша айтқанда, сөз өнері қиыннан қиыстырар даналықты талап етпек.
Шығармагерлік өріне аяқ басқанында алдында көлбеңдеген құзар тау - тарихи шындық, асуын таба білмесе алдырмайтынын жазушы ерте бастан білді. Жоңғар соғысында жеңіп шыққан халық қалайша бодандық қақпанына түсті? - деп өзіне өзі қойған сауалына жауапты ілезде, оп-оңай тауып ала қойған жоқ. Тиісті тарихи құжаттарды парақтауы, архивте ұзақ жылдар бойы көз майын тауысып сарылып отыруы, жазылуы бар - осының бәріне Қалмұқан Исабай бүгіндер тоқсан жыл тұғырына көтерілген жасының аттай қырық жылын сарп еткен.
...Шамасы өткен ғасырдың отызыншы жылдарының бел ортасы болуға керек. Он бес, он алтылардағы балаң жігіт Қалмұқан Баянауылдың Сабындыкөлі жағасында қармақпен балық аулап отырған. Бір уақытта қайдан сап ете түскенін екі-үш казак-орыс жігіті қасына жетіп келіп қармағын тартып алып, өзін төмпештеп жыларманға келтіреді. Сонсоң жағада тұрған қайыққа отырып, көлдің ортасына қарай беттейді. Әлден уақытта аяқ астынан әлгіндегі майда шуақ ашық аспан ала құйын желдетіп, көлдің астан-кестенін шығарады. Таудай толқын жаңағы қайықты қаңбақ құрлы көрмей аударып су түбіне жібереді. Ішіндегілермен бірге.
Қалмұқан соғыстан оралып келгенінде, қаламгер атанып Алматыға қоныстанғанында, зейнетке шыққанында жыл құрғатпай Баянаулаға соғып кететін. Келген сайын сол баяғы қармақ салып балық аулап отырған кезі есіне орала беретін. Нешеме қилы ой келетін басына. Сол кездегі казак орыстар мен жергілікті тұрғындардың қарым-қатнынасы, басқа да жайлар мазалай беретін. Мені жаз, мені жаз дейтін нешеме түрлі оқиғалар басынан жүйткіп өтіп, ақыры Шоң би атты трилогиясының өрнектелуіне себепші болған.
Көркем шығарма қашанда қалам иесінің өмір тәжірибесімен астасып жатады ғой. Алтын бесік туған жердің тау-тасын, әр шоқысын, сай-саласын автордың бес саусағындай білетіні туындының поэтикалық әрін арттыруы үстіне бұл өңірдегі күллі Қазақ елінінің тағдырына тікелей қатысты зор тарихи оқиғалардың шынайы суреттелуіне аз қолқабыс еткен жоқ.

Тарихи тақырыпқа деген қызығушылықтың артуы, халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалардың көптеп дүниеге келуі, бір жағынан, ұлттық сезімнің күшеюіне байланысты өз мүмкіншілігін сезіну, бүкіл адамзат тағдырын бейнелейтін тарихи шығармашылыққа өз үлесін қосу болса, екінші жағынан, өткен дәуір елесіне бүгінгі күн биігінен қарап, кешеден бүгінге жету соқпағының бастауында не тұрғаны туралы ой сүзгісінен өткізе отырып, жан-жақты бейнесін жасау жатқандығында. Бұл, әрине, ұлттық әдебиеттің өсіп-өркендеу биігіне байланысты болатыны да шындық. Дей тұрғанмен, қазіргі әдебиеттегі тарихи тақырып туралы сөз еткенде оның бастау-көзі көне фольклор мен ежелгі әдебиетте жатқандығын естен шығармау ләзім. Тарихилық мәселесі тарихи тақырыпқа жазылған қазіргі дәуір әдебиетіне ғана тән емес, тіпті халық ауыз әдебиетіне, фольқлорлық шығармаларға да қатысты болатыны белгілі. Ол туралы фольклорист-ғалымдар Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев еңбектерінде жан-жақты талданған. Өзімен бірге сөз бостандығын, еркіндігін қоса ала келген тәуелсiздiгiмiздiң көк байрағы азат ел аспанында желбiрген күннен бастап-ақ, тарихқа, мәдени асыл мұраға жөн-жосықсыз шабуылдау өзiнен өзi демiгiп тыйым тапты. Есесiне жасампаздық шығармагерлiк еңбекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығармалардағы психологизм
Көркем шығармадағы психологизм
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Көркем шығармадағы психологизм. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер
Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет
Қазақ прозасының зерттелуі
Көркем шығармадағы психологизм жайлы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті
Пәндер