ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: 1. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. 2. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. 3. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.

Орындаған : Алтынбекова А. С

Тексерген: Пазылова А. М

Жоспар:

I. Кіріспе

ІI. ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері.
1. 1 Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.

ІІI. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату.

ІV . Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық - саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық - ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер - білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет құрғанымызда ел қамын ойлап, сол жолда өздерінің саналы ғұмырын сарп еткен азаматтардың ұлт -азаттық қозғалысының тарихын қайта парақтап, шынайы түрде «ақтандақтарының» бетін ашып жаңа заман талабына сай зерделеудің маңызы зор. «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді. Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ», - деп жазған болатын. Сонымен қатар, аталмыш еңбекте былай деп жазылған: «қазақ халқының кейбір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты, ұлттық амандығы үшін олар тарихтың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды». ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса құндылығымен, маңыздылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз. Өйткені, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оның жемісті дамуына барынша ат салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерілеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді.

1. 1 Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында.

ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясында бұрқ-сарқ қайнап жатқан саяси оқиғалар қазақ даласына да жетіп, ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды; ұлттық сана-сезім оянып, ұлттың ұлт болып өмір сүруіне негіз болатын рухани таяныштар ізделіне бастады. Рухсыз ұлттың басқа халықтармен терезесі тең өмір сүре алуы - неғайбыл. «Тарихын жоғалтқан жұрт - жоғалған жұрт» (М. Дулатов. «Қазақ», 1915, №155) . Сондықтан да қазақтан шыққан зиялы азаматтар мамандықтары басқа болғандықтарына қарамастан, халықтың ұлттық сана-сезімін ояту, қалыптастыру мақсатымен, қазақтың азаматтық тарихын, әдебиетін, мәдениетін зерттеуді өз қолдарына алды. Осы кездерде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Х. Досмұхамедовтің, С. Торайғыровтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, С. Сәдуақасовтың, М. Әуезовтің, Р. Мәрсековтің, Қ. Кемеңгеровтің, Ы. Мұстамбаевтың, С. Қожановтың, С. Сейфуллиннің, т. б. «Қазақ», «Айқап», «Сана», «Лениншіл жас» секілді басылымдарда жарияланған материалдарында қазақ әдебиетінің тарихын жасауға тікелей қатысты алғы шарттар жасалынды. Бұларды болашақта жасалар әдебиет тарихының дайындық материалдары, яғни «шикізаты» деуге болады. «Біз, - деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, -өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан ұрпақпыз. Зерттемесек, жазбасақ, жарияламасақ кім не таниды? . . . 2. Алаш арыстары мұрасының жарық көруі Баба қазақ «Жақсы сөз жан семіртеді» деп тектен тек айтпаған. Ал Алаш арыстары бір бірінен «жан семіртетін» сөздерді аямаған. Сондай-ақ «болар елдің балалары бірін-бірі батырым» деп, қолпаштап жатса, қанекей. Әйтсе де әрдайым «болар елдің балаларының» іс-әрекетін жасай бермейміз. Осыдан екі жыл бұрын интернет-форумда әлдекім «Бөкейханов өзіне ерген қазақтың қолынан іс келетін оқыған жігіттерін большевиктерге қарсы қойып, барлығын соққыға жықтырды, оған ерген жігіттердің барлығы республика құрылған кезде басқару ісіне араласа алмай, далақтап қалды. Өз қателіктерін түсінген соң, олар жабыла естелік жазып, Бөкейхановты қарғап-сілей бастаған» деп жазды. Бір қызығы, Ә. Бөкейханды «қарғап-сілеген» бірде-бір алаштықты кездестірмейсіз. Керісінше кейбір алаштықтар оның алдында өзін кінәлі сезінетінін жазған. Оған Әлімхан Ермековтың: «Қадірлі Әлеке! Менің бұрынғы қызметімнің бір үлкен артықшылығы - достарыммен кездесіп тұруға аса қолайлы еді: қазір мен олардан көз жазып қалдым, тіпті хат-хабар алысатындарым да азайып кетті. Әлеке, әсіресе сіздің алдыңызда өзімді өте кінәлі санаймын. Сізді көптен бері сағынып жүрмін, бірақ та Сізбен жүздесуге еш мүмкіндігім болмады, ал хаттың сөзі мені қанағаттандырмайды, сондықтан да жазудан бойымды аулақ ұстаймын», - деген сөзі дәлел. Жалпы ұлт көсемі жайлы жазылған мұндай естеліктер жетерлік. Біз солардың бірнешеуіне назар аударып көрсек. Мәселен, Қошке Кемеңгерұлы: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған - Әлихан. Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды» десе, ал Әлкей Марғұлан: «Адайлар Бөкейхановтың халқының алдындағы орны толмас қызметін тани біледі екен. Сондықтан оны аса жоғары дәрежеде құрметтеді. Өздеріңіз білетін шығарсыз, қазақ тек ең құрметті қонағына тай әлде құлын сойып қарсы алады. Әрине, бұл өмірде өте сирек болатын жағдай. Себебі, жылқы баласының сүйкімділігі соншалық, оны союға ешкімнің көзі қимайды және батылы бармайды. Ал құлынның терісінен жарғақ жасайды. Сондықтан жарғақ киген қазақ ілуде біреу ғана болар. Жарғақ - қазақ киімінің төресі», - дейді. Сонымен қатар Ә. Бөкейханға жыр жазып, жүрекжарды лебізін өлеңмен жеткізген ақындар болды. Олардың ішінде К. Жанатайұлы «Қарағым, жалғызымсың қазақтағы, Ұл тумақ сендей болып аз-ақ тағы» деп жырласа, өзінің үзеңгілесі А. Байтұрсынұлы «Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай, Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!» деп Әлекеңді тұлпарға теңеген. Осы ретте Ә. Бөкейханның өзге алаштықтарға айтқан жылы пікірлерін тілге тиек етсек. Ол А. Байтұрсынұлына жазған хатында «Алтынсарының баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң, жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, соның ісін жасарың хақ», - дейді. Осы сөзді жазу арқылы ол А. Байтұрсынұлын Ы. Алтынсаринмен қатар қойып отыр. Яғни, бұл «Өсер елдің балалары бірін-бірі батыр» дейді дегенге келеді. Сондай-ақ Әлихан «Елдесім (Омаров - Ж. С. ) жолдастың физикасына сын жазайын десем, газетке - үлкен, журналым жоқ болып, делдал болып тұрмын. Елдесім жақсы жігіт. Бұрын да жақсы еді. Енді онан да сүйікті болып кетті» дей келе, «Бір күні Шәңгерей маған: «Мен сені жақсы көрем! Білесің бе?», - деді. Мен: «Жоқ», - дедім. Шәңгерей: «Сен шын қазақсың ба? Сені қазақ деп жақсы көремін», - деді. Физиканы оқып қарасам, Елдесім де қазақ екен», - дейді. Айтпақшы А. Байтұрсынұлы туралы М. Әуезовтің айтқанына назар аудармау мүмкін емес. Заңғар жазушымыз «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр» деп Ахаңа жоғары баға береді. Жалпы Алаш арыстарының бір-біріне айтқан сөздерінен олардың араз болмағанын аңғарамыз. Тіпті араз болған күннің өзінде кейін келе түсінісіп отырған. Мәселен Сәкен Сейфуллиннің досы Абдолла Асылбеков өзінің 1937 жылы 31 шілде күні тергеушіге берген жауабында: «Сейфуллинмен 1934 жылы кездескенімде ол: «Кеңес өкіметіне қарсы күресті дәл қазірден бастау қажет. Тек көнтақы шенеунік қана безеріп отыра алады, ал әрбір саналы адам бұған көніп, қол қусырып отыра алмайды. Бұрын қандай топтың мүшесі болғанына қарамастан, кім өзін қазақ халқының нағыз ұлымын деп санайды, солардың барлығы да кеңес өкіметіне қарсы күресте бірігуі тиіс. Сен екеуміз, Асылбеков жолдас, алашордашылардың кез келгені екеуімізге: халық үшін деп кеңірдектесіп едіңдер, сол халқың қырылып жатыр ғой десе, не дейміз? деп маған сұрақ қойды», - дейді. Жасыратын несі бар, С. Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-мемуар-лық романында алаш арыс-тарына сын айтып, пікір білдір-ген. Ал оның А. Асылбековке: «Алаш азаматтарына не бетімізді айтамыз?», - деген мағынадағы жоғарыдағы сөзі алаш арыстарын түсінгендігін аңғартады. Ол «Бұрын қандай топтың мүшесі болғанына қарамастан» «кеңес өкіметіне қарсы күресте бірігуі тиіс» деді. Бірақ тым кеш еді. Әйтсе де С. Сейфуллин өмірінің соңында алашордашылардың жолының дұрыс екенін ұқты. Осыдан кейін қалайша «Алаш арыстары араз болған» деп айтамыз 3. хх ғасыр басындағы әдеби жанрлардың дамуына алаш арыстарыныңүлесі XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады. Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады. XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы - «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. 4. Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы - 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. [1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған. Шығармалары:Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. [7] Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы - «Маса» (1911) . Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. 5. Міржақып Дұлатұлы (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipriҚостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) . Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушыЫбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Міржақып Дулатұлы - әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы-ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды. Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды. Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады. М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды. 6. Сұлтанмахмұт Торайғыров (28. 10. 1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысыУәлиханов ауданы - 21. 5. 1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) - ақын, ағартушы. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Шығармасы: Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 - 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
ХХ ғ. басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz