Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары



Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі жарыққа шыққаннан бергі дәуірде кең көлемде қарастырыла бастады.
Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің және оның элементтерінің объективті болмыстығы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі. Тілдік бірліктердің таңбалық қызметіне олардың адамның танып білу әрекетінің нәтижелерін жалпылап білдіру қасиеті мен адамның қоғамдық-тарихи тәжірибелерінің қорытындыларын тіркеу және сақтау қасиеті енеді. Тілдің таңбалық сипатына, ақыр аяғында, тілдік элементтердің мағыналарға ие болу нәтижесінде белгілі бір ақпаратты беруге бейімділігі, қатынас жасау процесінде коммуникативті және экспрессивті қызмет атқаруы енеді. «Демек, «таңбалық» деген термин, онымен синонимдес «семиотикалық» деген термин сияқты, көп мағыналы, оған әртүрлі мазмұн ендіріледі және табиғи тілге қатысы жағынан тілдік элементтердің басқа 4 түрлі қызметіне: белгілеу қызметі(репрезентативті қызмет), жалпылаушы қызмет(гносеологиялық қызмет), коммуникативті қызмет және прагматикалық қызметке қатысты бола алады. Тілдің ойлаумен, танымның логикасымен және механизмімен тікелей байланысы, адам баласы тілінің объективті дүниенің көп түрлі сипатының күллісін белгілеудің әмбебап жүйесі ретінде қызмет ететін ерекше қасиеті – осының бәрі тілдік таңбалық аспектісін әр басқа ғылымдардың ( философияның, семиотиканың, логиканың, психологияның, тіл білімінің және т.б) зерттеу предметіне айналдырады.
Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерін айқындауда таңбаның қызметінің сипаты негізге алынады. Осыған орай, тілдік таңбаның типтері делініп мыналар саналады:
а)дифференциялаушы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұлар – фонемалар.
ә)дифференциялаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұлар – грамматикалық морфемалар, тілдік бірліктердің синтаксистік байланыстары мен семантикалық байланыстарының моделдері.
б) әрі дифференциялаушы қызметке, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар. Бұлар – сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.
1. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы -2002ж, 664бет
2.Т.Қордабаев «Жалпы тіл білімі» Алматы – 1999ж, 195бет

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ
Тақырыбы: Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары

Орындаған: Әбілмажинова Ж.С.
Тексерген:Самекбаева Э.М.
Тобы: ФИ 403

Семей 2015ж
Тілдің таңбалық сипаты

Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн де Куртенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің Жалпы лингвистика курсы атты еңбегі жарыққа шыққаннан бергі дәуірде кең көлемде қарастырыла бастады.
Тілдің таңбалық табиғаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің және оның элементтерінің объективті болмыстығы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы және олармен жанама түрде байланысу дәрежесі ескеріледі. Тілдік бірліктердің таңбалық қызметіне олардың адамның танып білу әрекетінің нәтижелерін жалпылап білдіру қасиеті мен адамның қоғамдық-тарихи тәжірибелерінің қорытындыларын тіркеу және сақтау қасиеті енеді. Тілдің таңбалық сипатына, ақыр аяғында, тілдік элементтердің мағыналарға ие болу нәтижесінде белгілі бір ақпаратты беруге бейімділігі, қатынас жасау процесінде коммуникативті және экспрессивті қызмет атқаруы енеді. Демек, таңбалық деген термин, онымен синонимдес семиотикалық деген термин сияқты, көп мағыналы, оған әртүрлі мазмұн ендіріледі және табиғи тілге қатысы жағынан тілдік элементтердің басқа 4 түрлі қызметіне: белгілеу қызметі(репрезентативті қызмет), жалпылаушы қызмет(гносеологиялық қызмет), коммуникативті қызмет және прагматикалық қызметке қатысты бола алады. Тілдің ойлаумен, танымның логикасымен және механизмімен тікелей байланысы, адам баласы тілінің объективті дүниенің көп түрлі сипатының күллісін белгілеудің әмбебап жүйесі ретінде қызмет ететін ерекше қасиеті - осының бәрі тілдік таңбалық аспектісін әр басқа ғылымдардың ( философияның, семиотиканың, логиканың, психологияның, тіл білімінің және т.б) зерттеу предметіне айналдырады.
Тіл білімінде тілдік таңбаның түрлерін айқындауда таңбаның қызметінің сипаты негізге алынады. Осыған орай, тілдік таңбаның типтері делініп мыналар саналады:
а)дифференциялаушы қызметі басым тілдік таңбалар. Бұлар - фонемалар.
ә)дифференциялаушы қызметінен теңдестіруші қызметі басым таңбалар. Бұлар - грамматикалық морфемалар, тілдік бірліктердің синтаксистік байланыстары мен семантикалық байланыстарының моделдері.
б) әрі дифференциялаушы қызметке, әрі жалпылаушы қызметке ие таңбалар. Бұлар - сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер.
Тілдің таңбалық табиғаты шартты таңбалар жүйесінен басқаша болады.Тілдің таңбалық жүйесіне таңбалардың басқа жүйелерімен, мысалы, жол бойының белгілерінің жүйесімен, сандардың жүйесімен немесе әскери дабылдардың жүйесімен бірдей деп есептеуге болмайды. Бұлардың кейбір ортақ жақтары бар екені күмәнсіз. Таңбалардың аталған жүйелерінің бәрі дебірдеме жайында хабарлаудың құралы ретінде қызмет атқарады.Бірақ мұның өзі оларды бірқатарға қойып, тепе-тең деуге негіз бола алмайды.Бұлардың арасында үлкен және түбірлі айырмашылықтар бар. Тіл - ойды білдірудің, пікір алмасудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Оны қоғамдағы күллі адамдар өмірдің, іс - әрекеттің барлық саласында қолданады. Ал басқа таңбалар жүйесінің қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз болады. Тілдің көптеген басқа таңбалар жүйесінен тағы бір айырмашылығы сол: ол мазмұндығана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның хабарланатын жайға қатысын, қалайқарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, эмоцияның т.б. түрлерін де білдіреді. Тіл логикалық ойлаумен ғана емес, сонымен бірге адамдардың психикалық дүниесімен де байланысты болады.
Шарты таңбалардың жүйелері тілге қатысты көмекші құралдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің жүйелік, құрылымдық, таңбалық сипаттары туралы ақпарат
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ежелгі дәуір тіл білімі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Тілдің танбалық сипаты туралы ақпарат
Графикалық лингвистиканың негізгі ұғымдары
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Пәндер