Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау туралы мәлімет


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау .

Орындаған:Рустамова М. Р Тексерген:Муратбаев Д. М

Тобы:ВМ-401

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

2. 1. Қанның сілтілік қорын анықтау.

2. 2. Қанның қышқылдық сиымдылығын анықтау.

2. 3. Қан сарысуындағы каротинды анықтау.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қан- қызыл түсті сұйық зат. Ол плазмадан және қан торшаларынан тұрады. Қан торшаларына қанның қызыл түйіршіктері(эритроциттер), ақ түйіршіктері(лейкоциттер) және қан табақшалары(тромбоциттер) жатады.

Қан құрамының шамамен 60 пайызы плазмадан, 40 пайызы қан түйіршіктерінен тұрады. Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері дене массасының 5-8 пайызы шамасында. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, малдың физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады.

Организмдегі қан айналымдағы және қордағы қан болып бөлінеді. Қан мөлшерінің жартысынан сәл көбірегі қан тамырларында айналымда болады да, қалған бөлігі қор ретінде қан қоймасы(депосы) деп аталатын арнаулы органдарда сақталады.

Қан- құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері салыстырмалы тұрақты биологиялық сұйық. Қан, лимфа және ұлпа аралық сұйық бүкіл дене торшаларын, ұлпаларын шаймалап жататындықтан олар организмнің ішкі сұйық ортасы болып аталады.

Қан арқылы торшалар мен ұлпаларға қажетті қоректік заттар мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу нәтижесінде пайда болған қажетсіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады. Бұл тұрғыда қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан торшаларға глюкоза, амин қышқылдары, май, минералды заттар, су және оттегі сияқты заттарды жеткізіп, одан несепнәр, несеп қышқылы, аммиак, көмір қыщқылы сияқты ыдырау өнімдерін алып шығады да, оларды бөлу мүшелеріне жеткізеді.

Тоқтаусыз айналымда болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де, жылу реттеуші қызмет атқарады. Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді.

Қанға қорғаныстық қызметте тән. Ол қан құрамында лейкоциттер мен әр түрлі қозғағыш дененің болуына байланысты. Лейкоциттер фагоцитоз процесіне бейім келеді де, қорғаныш денелер организмге өткен микробтарды, олар бөлетін уытты заттарды залалсыздандырып, бөгде белоктарды ыдыратады, сөйтіп организмге түрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет- иммунитет береді.

2. 1. Қанның сілтілік қорын анықтау.

Қазіргі уақытта қышқылдық - сілтілік тепе - теңдікті анықтайтын жетілдірілген және рН анықтауға мүмкіндік беретін, көмір қышқылының парциялдық қысымын (рСО 2 ), сілтілік қорды (СО 2 қосып алу мүмкіндігі), бикарбонаттың өзін, стандартты бикарбонатты, буферлі негіздерді және плазманың жалпы көмір қышқыл газы құрамын анықтау кезінде жеттілдірілген болып табылатындары Зиггард - Андерсон (1963), модифицирленген Аструп (1956) әдісі. Бірақ Аструп жүйесі аппараттары қымбат, пайдалануы күрделі болғандықтан, көптеген лабораториялардын иелігіне тиімсіз. Осы себептерден малдәрігерлік тәжірибеде қышқылдық - сілтілік тепе - теңдіктің жағдайын қазіргі кезде қан плазмасының сілтілік қорын (Ван Слайк немесе И. П. Кондрахин бойынша) немесе қанның қышқылдық сыйымдылығын (плазманың, қансарысуының) анықтау қорытындыларына қарап бағалайды.

Сау малда қан плазмасының сілтілік қорын (СО 2 көлемдік процентімен) Ван Слайк әдісімен анықтағанда мына аралықтардағыдай болады: ірі қарада - 50-60; қойда - 45-54; ешкіде - 48-52; жылқыда -50-65; шошқада - 48-60; итте - 0-60; тауықта - 48-52.

2. 2. Қанның қышқылдық сиымдылығын анықтау.

Қанның қышқылдық сыйымдылығын Неводов әдісімен, ал қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығын Зельтман және Климеш әдістерімен анықтайды.

Қанның қышқылдық сыйымдылығын Неводов әдісі бойынша анықтау. Стаканға НСІ (тұз қышқылы) 0, 01 н ерітіндісін 10 мл құйып, оған 0, 2 мл қан қосып, мұқият араластырады. Ашық түсті қоңырқай сұйық пайда болады, оны NaOH күйдіргіш натрийдің 0, 1 н. ерітіндісімен лайланып, ұлпа түзілгенше титрлейді. Тексеру кезінде тұз қышқылы (НСІ) 0, 01 н. ерітіндісінен 10 мл алады, оған 2 тамшы 1 % қосып, күйдіргіш натрийдің 0, 01 н. ерітіндісімен ашық - қызғылт түске боялғанша титрлейді.

Есептеуді мына формула бойынша жүргізеді:

20150924_200628[1]

Мұндағы X - қанның қышқылдық сыйымдылығы, 100 мл мг; а - тексеру кезінде титрлеуге жұмсалынған күйдіргіш натридің 0, 1 н ерітіндісі мөлшері (ерітіндіні дұрыс дайындағанда 1 мл болу керек), мл; b - қанмен тәжірибедегі күйдіргіш натридің 0, 1 н ерітіндісінің титрлеуге кеткен мөлшері, мл; 4 - 1 мл мөлшердегі NaOH күйдіргіш натридің 0, 1 н ерітіндісі құрамындағы NaOH мөлшері, мг; 0, 2 - зерттеуге алынған қан мөлшері, мл; 100 - 100 мл қандағы қанның қышқылдық сыйымдылығын есептеуге арналған коэффициент.

Қанның қышқылдық сыйымдылығын СИ бірлігімен (халықаралық бірлік) (ммоль/л) мына формула бойынша анықтайды:

20150924_200656[1]

Мұндағы Х - қанның қышқылдық сыйымдылығы, ммоль/л; 1000 -1 мл қанның қышқылдық сыйымдылығын 1 л қанға аударуға арналған коэффициент; 40 - NaOH күйдіргіш натрийдің салыстырмалы молекулярлық массасы.

Қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығының мөлшерін Вельтман және Климеш, Н. А. Раевский модификациялаған әдістер бойынша анықтайды. Диаметрі жобамен бірдей екі пробиркаға 2 мл 0, 5 % NaCI ерітіндісін құйып, оның әр қайсысына 2 тамшы ализарин С қызылдың 1 % ертіндісін қосқанда сары түске боялған сұйық пайда болады. Сол пробиркаларың біріне 0, 2 мл зерттелетін қан сары суын құйғанда, сұйық шие түсіне ұқсас қызыл түске боялады. Екінші пробирканы бақылау үшін алады (қан сарысуынсыз), оған НСІ 0, 01 н ерітіндісін қосып араластырады.

Бірінші пробиркадағы сұйықты НСІ 0, 01 н ерітіндісімен бақылаудағы пробирка түсіндей болғанша титрлейді.

Есептеуді мына формуламен жүргізеді:

20150924_201551[1]

Мұндағы Х - қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығы, мг 100 мл; а - титрлеуге жұмсалынған НСІ 0, 01 н. ерітіндісінің мөлшері, мл; 0, 4 - 1 мл 0, 01 н. НСІ ерітіндісіне эквиваленті NaOH мөлшері, мг; 0, 2 - зерттеуге алынған қан сарысуы мөлшері, мл; 100 - 100 мл қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығын аударуға арналған коэффициент.

Қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығын мына формула бойынша анықтайды (ммоль/л) :

20150924_201626[1]

Мұндағы, Х - қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығы ммоль/л; 10001 мл қан сарысуының қышқылдық сыйымдылығын 1 л аударуға арналған коэффициент; 40 - NaOH салыстырмалы молекулярлық массасы.

Қанның қышқылдық сыйымдылығының орташа көрсеткіштері (100 мл мг) : ірі қарада - 460-580; қойда - 460-520; ешкіде - 380-520; жылқыда - 500-600; шошқада - 500-600; итте - 450-550.

Қанның қышқылдық сыйымдылығы мына ммоль/л аралықтарда болады: ірі қарада - 115-145; қойда - 115-130; ешкіде - 95-130; жылқыда - 125-150; шошқада - 125-150; итте - 110-135.

Қышқылдылық - сілтілік тепе - теңдік бұзылған кезде ацидоз (қышқылдылықтың көп болуы немесе негіздердің жетіспеушілігі, немесе алкалоз, базеоз (негіздік - сілтілік заттардың көптігі) болуы мүмкін. Егер ацидоз немесе алкалоз рН - тың өзгеруінсіз болса, онда оларды компенсирленген, ал егер рН - өзгеруімен болса - компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз және алкалоз газды (тыныстық) және газсыз (метаболдық) болуы мүмкін.

Газды ацидоз организмде өкпенің желденуі азайған кезде (бронхиалды астма, өкпе эмфиземасы) көмір қышқылы көбеюінен болады. Газды алкалоз өкпенің шектен тыс көп желденуі кезінде (организм шектен тыс ысынғанда, энцефаломиелиттер) байқалады.

Метаболдық алкалоз организмде сілтілердің шектен тыс жиналуы көп құсқанда (тұз қышқылының азаюы), фибринозды пневмонияда, селикозда, қант қызылшасын көп бергенде, ұлтабар түйілгенде, пироплазмозда және басқа аурулар кезінде болады. Метаболдық алкалоз организмде зат алмасу процестерінің бұзылуы, малға қышқылды және бұзылған азықтарды, құрама азықтарды көп бергенде, нашар азықтандырғанда, мал тұратын жерлердің нашар желденуі, инсоляция (күн сәулесінің) жетіспеушілігі немесе жоқтығы, рахит және остеодистрофия, ұлтабар алды қарындар атониясы, бронхопневмония, қызба, қабынулар кезінде, кетоз, төлдеуден кейінгі парез, төлдер диспепсиясы, жүрек - қан тамыр ақаулары және тыныс алу жетіспеушілігі, сәуле ауруы, нефрит, қант диабеті (сусамыр), эклампсия және т. б. ауруларда кездеседі.

2. 3. Қан сарысуындағы каротинды анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау туралы
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау жайлы мәлімет
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау жайлы
Сұр қойларының қанындағы ферменттер белсендігі
Органдар биохимиясы жайында
Бүйректің эндокриндік қызметтері
Клиникалық энзимология
Бауыр ауруларының түрлері
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz