Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәірм атындағы мемлекеттік университеті

Психология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс

Орындаған:Сатиева М. А

Топ: ПХ-315

Тексерген:Абдуллина Г. К.

Семей-2015ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аддиктивті мінез-құлық - интенсивті эмоциялардың дамуымен, кейбір заттардың немесе тұрақты сыртқы ортаның ықпалының әсерінен шынайы өмірден бас тартумен сипатталатын деструктивті мінез - құлық. Бұл процестің адамды баурап алатындығы соншалық, оның өмірін басқаруға көшеді. Адамдар өз сезімдерінің алдында әлсіз қалыпқа түседі. Ол адамның өмір шартының бұзылуына, отбасылық жанжалдардың туындауына, туыстары мен жақындарын жоғалтуына, күрделі эмоционалдық жағдайға тап болуына, стереотиптер мен әдеттердің күрт өзгеруіне алып келеді. Адамзат қоғамында түрлі сипаттағы девиантты жүріс-тұрыстардың көптеп таралуы мұны ғылыми тұрғыда талдап, биологиялық, медициналық және әлеуметтік жағынан қарастыруды талап етті. Адам санасын түгел жаулап алушы түрлі заттарға тәуелділіктер мен құштарлықтар ғылыми атуға ие болып, көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу объектілеріне айнала бастады. Мұндай психикалық тәуелділіктерге мысал ретінде маскүнемдік, нашақорлық, токсикамия, анероксия, булемия, клептомания құбылыстарын атауға болады.

Аддикция (ағылш. addiction - тәуелділік, жаман әдет) - адамның бір белгілі әрекетке сезінетін қалмайтын мұқтаждығы. Сондай-ақ, аддикцияны патологиялық құштарлық десе де болады, себебі бұл әрекет көбіне тұлғаны психикалық ауруларға және жеке немесе әлеуметтік қиындықтарға соқтырады

Терминді көбіне дәрілік тәуелділік, есірткіқұмарлыққа қолданылады. Алайда, қазіргі заманда басқа да химикалық емес тәуелділіктер көбейген[1], мысалы, Ғаламторға тәуелділік, ойын құмарлық, шопоголизм, психогенді артық тамақ жеу, фанатизм және т. б. Басқа жақтан, аддикция - адамның қоршаған ортаның қиындықтарына адаптация ретінде қабылдауға болады. Ең қарапайым аддикция нысандары - темекі шегу мен алкогольдік ішімдіктер. Олар адамды уақытша алдамшы ұнамды қалыпқа келтіреді. Қазіргі заманда аддикция - бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі.

«Интер­нет аддикция» қазір тек жастарда емес, үлкен адамдарда да бар. Өз орта­сында өзін дәлелдей алмай, қа­рым-қатынасқа түсе алмай жүр­гендер интернетті алданыш кө­реді. Таза психологиялық тұрғы­дан алып қарасақ, бұндай виртуалды әлемдер азамзат ба­ласына өте қауіпті нәрсе. Заман ағымына қа­рай, ад­дективті мінез-құлық деген ұғым пайда болды. Ал аддективті мінез-құлық - деструктивті мінез-құ­лықтың бір формасы. Бұл ауыт­қушылыққа әкеліп соғады. Басында жай қы­зығушылық туын­­­да­ға­ны­мен, уа­қыт өте келе, ол тә­уел­ділікке ай­налады», -дейді психо­логияи ғы­лымдарының док­торы Светлана Бердібаева.
Маманның айтуынша, вир­туалды әлеммен өмір сүру адамды жалғыздық сезіміне бөлеп, ол қоғамнан бөліне бастайды. Адамға әркез психологиялық жайлы жағ­дай керек.

Интернет-өмір осы «жайлылықты» сыйлағанымен, ол әлеуметтік-психологиялық бе­йім­де­луден алыстап кетеді. «Вир­туал­ды әлемде адамдар өзінің психо­логиялық жай-күйін жа­санды түрде өзгертеді, - дейді психолог. - Жасанды түрде алған жағымды эмоцияның барлығы да уақытша, ғұмыры қысқа дүние. Бұл әлем адамның уақыты мен күш-қуатын алған сайын, жеке өміріне, жұмы­сына кері әсерін тигізеді. Мәселен, студенттің оқу үлгерімі нашарлап, тұлғалық «Мен» концепциясы бұзылады да, өзін-өзі бағалауы төмендейді, сыни көзқарас жойы­лады. Же­лінің арғы жағында отырған адам­да да жа­сандылық басым. Сон­дықтан өз кемшіліктері мен ар­­тықшы­лық­тарын көре ал­майды».

Сонымен қатар, тәуелділікке ұшыраған жан ашуланшақ, тұйық болып, жалғыздықты жақсы көріп кетеді екен. Бірақ қазіргі кезде «ин­­тернет тәуелділік» деген проб­лема белгілі бір заңмен негізделiп, меди­циналық категория қатарына кіргізiлмеген. Светлана Бердібаева­ның әңгімелеуінше, бұл мәселе әлі толық зерттелмей жатыр. Сондық­тан адамдар оған көп мән бермейді екен. Осы орайда пси­холог әлеу­меттік желілердің пай­далы жағы бар екенін де жоққа шығармайды. Олар танымдық қа­рым-қатынас тұрғысынан ал­ғанда, өте тамаша құрал. Деген­мен «бетпе-бет оты­рып әңгіме айтқанға ештеңе жет­пейді» деп пайымдайды маман.

Әрине, бізде батыстағыдай интер­нетке тәуел­ділердің қатары көп емес. Бірақ та жылдан-жылға ин­тернет пайда­ланушылардың саны өскен са­йын, виртуалды әлеммен өмір сү­ретін жандардың қатары да қалыңдай бермек. Сондықтан оған көз жұма қарауға болмайды. Әсі­ресе, бұл өскелең ұрпақ үшін қа­уіпті. Бүгінде үйінде интернеті бар отбасыларда балаларының ай­налдыратын ермегі - компью­терлік ойындар мен әлеуметтік желілер. Светлана Қыдырбекқызы жаста­йынан виртуалды әлемге бойы үйреніп кеткен бала есей­генде ерік-жігері мықты тұлға болып қалыптасады деу қиын екендігін айта­ды. Осы орайда ол психо­ло­гиялық, медициналық тұр­ғыдан зерттеп, қоғамда оған белгілі бір статус беру керек екендігін алға тартады. «Ал ин­тернет тәуелділікке түспес үшін, адамның қолы бос болмауы, вир­туалды емес, шынайы достарды іздеуі керек» - дейді маман.

Маскүнемдік (алкоголизм) - спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі, ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң, кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады) . Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.

Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы - бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін, не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады - еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10-15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың жүйке клеткалары тұтастай зақымданады - алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.

Медицина мамандары шопоголизмді психологиялық ауру деп есептесе, енді бірі әдет деп түсіндіреді. Десекте, бұндай «дертке» негізінен нәзік жандар шалдығады. Олар сауда дүкендерін аралағанды жаны қалайды. Қызыққан затына қалайда қол жеткізеді. Яғни шопоголиктер өз қаржысын бақылап, белгілі бір мақсатқа жұмсамайды. Олар бір затқа қызықса, соны алуға тырысады. Тіпті қаржысы болмаса несие карточкасы арқылы қол жеткізеді. Әсіресе, жаңа тауардың жарнамасы шопоголиктерге қатты әсер етеді. Қалайда сол затты тұтынып көреді. Уақытының көп бөлігін дүкен аралауға, сәнді киімдер мен аксессуарлар алуға жұмсайды. Қолы қалт етсе, сән әлеміндегі соңғы жаңалықтарды жазған журналдарды ақтарады. Ақырғы тиынын соңғы үлгідегі киімдерді алуға жұмсайды. Құрбыларымен бас қосса, алған заттарын әңгімелейді. Сауда орнына кірсе, қажет болмаса да, қызыққан затын міндетті түрде алып шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы мәлімет
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайлы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жасау
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс жайында
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz