Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін, өсімдіктерді (импорттау, экспорттау және әуе, су, темір жол көліктерімен) тасымалдау және ветеринариялық – санитариялық бақылау


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Бөж

Тақырыбы: Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін, өсімдіктерді (импорттау, экспорттау және әуе, су, темір жол көліктерімен ) тасымалдау және ветеринариялық - санитариялық бақылау

Орындаған: Талапқанқызы М

Тексерген: Сүйелменов Ш. Қ.

Топ:ВС-203

Семей 2015

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Жұмыртқа ұнтағы, меланж, альбумин және жұмыртқа өнімдерін кедендік аумақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар
  2. Өсімдік текті азықтарды кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар
  3. Тағамдық жұмыртқаны кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау ( орын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
  4. Экспортқа және импортқа жіберілетін өнімдерді тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
  5. Жануартекті өнімдердің және шикзаттардың барлық түрін ( темір жол, су, әуе, автокөліктермен ) тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық- санитариялық талаптар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

ҚР шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүргізуде шекарадағы ветеринарлық қадағалау пункттерінің ветеринарлық дәрігерлері барлық халықаралық әуежай желілерінде, шет елдік және басқа да жоспарланған теңіз және өзен қайықтарын, шекарадан өтетін темір жол және барлық көлік түрлерінің қосымша тексерісінен өтеді. Қазақстан порттарына келген соң теңіз көліктерімен барлық жануар түрлерін, жануар текті өнім және шикізатты шығаруға (енгізуге), сонымен қатар жолаушылардың шет елдерден әкелінген (ҚР Ветеринария Департаменті көрсеткен кейбір ерекше жағдайларды ескермегенде) ет өнімдерін қолдануға тыйым салынады.

ТМД және алыс шетелдерден келетін жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті өнімдер мен шикізаттарды импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы нұсқаулыққа» оқшаулау мен ветеринарлық өңдемелеу өткізіледі, бұдан соң одан әрі жүру құқы бойынша ветеринарлық куәлік беріледі. Инфекциялық жұқпалы аурулармен ауру, не күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады.

Негізгі бөлім

Жұмыртқа ұнтағы, меланж, альбумин және жұмыртқа өнімдерін кедендік аумақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар

Кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдауға жұмыртқа ұнтағы, меланж, альбумин және жұмыртқа өнімдері тек дені сау құстардан алынған және жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтан шығуы керек. Соның ішінде:

  • Тұмау ХЭБ Кодекісіне сәйкес міндетті түрде декларациялауға жатады- соңғы 6 ай бойы;
  • Тұмаудың басқа вирустары - шаруашылықта соңғы 3 ай бойы;
  • Құстың Ньюкасл ауруы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
  • Орнитоз, парамиксовирусты инфекциялар, тауықтардың инфекциялық бронхиті, Гамборо ауруы және т, б. - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

Кедендік одақтың аумағында енгізуге келесі өзгерістері бар жұмыртқа өнімдері жіберілмейді:

  • Ораманың бүтіндігі бұзылған, органолептикалық көрсеткіштерінде өзгерістері бар ;
  • Сальмонелла мен басқа бактериялық инфекцияның қоздырғыштарымен себеленген;
  • Химиялық заттармен және ион мен ультра күлгін сәулелермен өңделген;

Жұмырытқадан жасалған немесе құрамында жұмыртқа бар өнімдер патогендік микроорганизмдерді жою мақсатымен міндетті түрде қайта өңдеуге жатады. Жұмырытқадан жасалған өнімдер адам тағамына жарамды, сатылымда шексіз сатылуы керек.

Жұмыртқадан жасалған өнімдердің микробиологиялық, химико-токсикологиялық және радиобиологгиялық көрсеткіштері кедендік одақтың территориясында белгіленген ветеринарлық -санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.

Өсімдік текті азықтарды кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар

Кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдауға жануарларға арналған өсімдік шикзаттарынан жасалған азықтар (жемшөп азығы соя бұршағы, күнбағыс т, б. ) жатады, олар келесі жұқпалы аурулардан сау әкімшілік аумағынан шығарылады:

  • ІҚМ, жылқы, түйе обасы, африкалық, классикалық шошқа обасы, аусыл, қой мен ешкі шешегі, жоғары патогендік тұмауы -әкімшілік аумағында соңғы 12 ай бойы;

Азықтар тек қайта өңдеу кәсіпорындарынан тасымалданады. Олар жануарларға уытты болмау керек, азықтардың құрамында 1% жоғары фузариозбен зақымдалған астықтар мен бекітілген шамадан көп пестицидттер, микотоксиндер мен ауыр металдар болмау керек.

Жемшөпті астықтарда және басқада азықтық заттарда шекті жіберілетін нормалар:

Бұршақ
Бұршақ: А) токсикалық элементтер:
:
Бұршақ: Сынап
: 0, 02
Бұршақ: Кадмий
: 0, 1
Бұршақ: Қорғасын
: 0, 2
Бұршақ: Мырыш
: 0, 3
Бұршақ: Б) микотоксиндер:
:
Бұршақ: Афлатоксин В1
: 0, 05
Бұршақ: Гексахлорциклогексан (альфа, бетта, гама- изомерлер )
: 0, 5
Бұршақ: ДДТ Және оның метоболиттері
: 0, 05
Бұршақ: Сынапорганикалық пестицидтер
: Жіберілмейді
Бұршақ: 2, 4 Д қышқыл, оның тұздары, эфирлер
: Жіберілмейді
Бұршақ: Зиянкестермен зақымдануы
: Жіберілмейді
Соя бұршағы
Соя бұршағы: А) токсикалық элементтер:
:
Соя бұршағы: Сынап
: 0, 02
Соя бұршағы: Кадмий
: 0, 1
Соя бұршағы: Қорғасын
: 0, 5
Соя бұршағы: Мырыш
: 0, 3
Соя бұршағы: Б) микотоксиндер:
:
Соя бұршағы: Афлатоксин В1
: 0, 02
Соя бұршағы: Т-2 токсин
: 0, 06
Соя бұршағы: Зеараленон
: 0, 1
Соя бұршағы: Охратоксин А
: 0, 05
Соя бұршағы: Уреаза белсенділігі
: 0, 1-0, 2
Соя бұршағы: Нитраттар саны
: 450 - ден көп емес

Барлық жоғарыда аталған өнімдерде жалпы бета-белсенділігінің саны 600/1 кг беккериден аспауы керек. гендік модификацияланған компоненттсіз өндірілген өнімдердің құрамында 0, 5 % тіркелмеген линиялар немесе 0, 9%тіркелгн линиялар жіберіледі.

Тағамдық жұмыртқаны кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау ( орын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар

Кедендік одақтың аумағында және тараптар арасында тасымалдау тағамдық жұмыртқан дені сау құстардан алынған және жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтардан шығуы керек. Соның ішінде:

  • Тұмау ХЭБ кодекісіне сәйкес міндетті түрде декларациялвауға жатады - соңғы 6 ай бойы;
  • Тұмаудың басқа вирустары - шаруашылықта соңғы 3 ай бойы;
  • Құстың ньюкасл ауруы- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
  • Орнитоз, парамиксовирусты инфекциялар, тауықтардың инфекциялық бронхиті - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

Тағамдық жұмыртқа адам тағамына жарамды, сатылымда шексіз сатылу керек. Тағамдық жұмыртқаның микробиологиялық, химико-токсикологиялық және радиобиологгиялық көрсеткіштері кедендік одақтың территориясында белгіленген ветеринарлық -санитарлық талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.

Экспортқа жіберілетін өнімдерді тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау

Қр мемлекеттік шекарамында жануартекті өнім мен шикзатты және фуражды экспорттау және импорттау кезінде ветеринарлық -санитарлық қадағалуды дұрыс ұйымдастыру мақсатында ветеринарлық бекеттер жүйесі құрылған. Мұндай бекеттер халықаралық тасымалдаумен айналысатын ірі әуежайларда бар.

Жануартекті өнім мен шикзатты жануар ауруынан сау шаруашылықтарынан әкелсе ғана, кіргізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Ауылшаруашылық өнімдерінің, шикзат және фураждың экспорт импорт операцияларыы ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің қадағалауымен жүргізіледі.

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін және т, б, тағамдық өнімдерді экспортқа жіберерде аурудан сау шаруашылықтан шығуы тиіс.

Жануартекті (жұмыртқа) өнімдерді және шикзаттарды импорттау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалау

ҚР - на шет елдерден жануартекті өнімдерді және шикзаттарды импорттап әкелу ҚР АШМ ветеринария комитетінің рұқсатымен аурудаан сау шаруашылықтардан жүргізіледі.

ҚР импорталатын өнімдер сатушы базасында карантинде болуы керек. ҚР-на үнемі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тексерісінде болған ет комбинаттарында сойылған, аурулардан сау жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін енгізуге болады.

ҚР тағадық маққсатта импортауға жұмыртқаны 2 ай бойы оба, құс пастереллезі және т, б. құстың жұқпалы ауруларынан сау шаруашылықтарынан алынады.

Жануартекті өнімдердің және шикзаттардың барлық түрін тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық- санитариялық талаптар

ҚР- ның ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, өңдеуден өткеннен соң ғана жіберіледі. Темір жол, су, автокөлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады.

C:\Users\Fora\Pictures\PhotoDirector\mmexport1447837817202.jpg C:\Users\Fora\Pictures\PhotoDirector\mmexport1447837791727.jpg C:\Users\Fora\Pictures\PhotoDirector\mmexport1447837861260.jpg

C:\Users\Fora\Pictures\PhotoDirector\mmexport1447837798329.jpg C:\Users\Fora\Pictures\PhotoDirector\mmexport1447837763999.jpg

Жұмыртқаларды темір жол көлігімен тасымалдау

Жануартекті өнімдер тез бұзылатын өнімдерге жатқызылады. Сондықтан тез бұзылатын жүктерді темір жолмен тасымалдау кезінде сыртқы ауаның жоғары немесе төмен температурасынан қорғалуы керек. Тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға тек қана тасымалдау жағайына, сапасына, орамада жазылған стандартқа және техникалық шарттарға сәйкес болса ғана ормасы бүтін, мықты, таза, бүтін, ақауы жоқ жіберіледі. Жұмыртқа өнімдері темір жолмен, темір жол көліктерінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тасымалданады.

Жұмыртқаларды тасымалдау . Балауса жұмыртқаларды тез бүлінетін өнім сияқты тасымалдайды. Балауса жұмыртқалар 2 С градуста төмен емес температурасында, мерзімі 30 тәуліктен артық емес сақталады. Тоңазытылған жұмырытқаларға 30 тәуліктен артық сақтағандар жатады. Жұмыртқа бүлінуін көбіне қабығы астында өсетін зең саңырырауқұлақтары тудырады. Сондықтан сақтау камерасының ылғалдығына аса назар аудару керек. Бір айдан астам уақыт сақтағада аударып отыру керек. Көктемде басылған жқмыртқа ұзақ сақтауға келмейді.

Тағамдық тауық жұмыртқаларын орталарына ағаш үгіндісін немесе картон қағаз қойып жәшікте тасымалдайды. Жұмыртқа өнімдері( меланж, жұмыртқаның ағы және сарысы ) саңылаусыз ақ қаңылтырдан жасалатын ыдыста қатты жәшікке салып тасымалданады. Жұмыртқа өнімдері артылар алдында, олардың температурасы 6 С градустан жо5ары болмауы керек.

Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін су көліктерімен тасымалдау кезінде ветеринарлық -санитариялық бақылау

Жануартекті өнімдерді (жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері) теңіз, өзен көліктерімен тасымалдайды. Бұл мақсатта арнайы төмен температурамен қамтамасыз етілген, жүкке арналған, жүкке арналған рефрижераторлы бөлімдері бар кеме және баржаларды қолданады. Рефрижераторлы кемелерден басқа, механикалық желдеткіштері бар су көліктерін де қолдануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шикізат өнімдері
Темір жол ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
Салқындатылған ет және ет өнімдерін автокөлік құралдарымен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар және оларды жақсарту шаралары
Экспорт және импорт кезінде жануарларға, жануартекті өнім мен шикізатқа қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Жануарларды тасымалдауға қойылатын жалпы ветеринариялық-санитарилық талаптар
Жануарларды тасымалдау шарттары
Жануарлар ауруларының қоздырғыштары
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Ветеринарлық-санитарлық қадағалау негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz