Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері



ЖОСПАР:

Статистика пәні , даму процестері және оны зерттеу әдістері .


1. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі статистиканың негізгі міндеттеріне не жатады .

2 . Стаистикалық органның ұйымдастырылу принциптерінің және оның негізін көрсетіңіз .

Статистикалық бақылау

3 . Статистикалық бақылаудың формалары және оған түсмініктеме беріңдер .
Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру .

1 . Мәліметтерді жинақтау және оның түрлері .
2 . Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері , деңгей аралығын анықтау .
3 . Қайта топтау және оның тәсілдері .

Нақты және қатысты шамалар . Статистикадағы графиктік әдіс .
1 . Нақтышама , оның мәні мен маңызы , түрлері , өлшем бірліктеріне түсініктеме беріңдер .
Статистика пәні және оны зерттеу әдістері .

Статистика пәні . Статистика қоғамдық құбылыстардың , процестің , өзгерістің көлемін , шамасын , деңгейін есептеу-санақ мәселелерін , өркендеп-дамудың қарқынын зерттейді . Мысалы , халықтың жалпы санын , оның жынысын , ұлттық құрамын , географиялық орналасу дәрежесін , кәсібі мен шаруашылық түрін зерттейді . Белгілі бір аумақтағы өндірілген өнімді , ұлттық табыс мөлшері , оның тұтынуға сақталған қорын , тасымалданған жүктің мөлшері мен санын тағы сол сияқты қоғамдық құбылыстардың сипатын анықтайды .
Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың , өзгерістің сан жөнінен қалыптасуының , өзгеруінің заңдылығын , олардың сапалық мәнімен байланыстыра зерттейді . Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігіне және ондағы еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін саралайды . Ғылыми-техникалықпен табиғи жағдаймен қатар жетілдірілген ғылыми-техникалық өндірістің тигізетін әсері белгілі . Агротехникалық шараны уақытында жүргізуімен жердің құнарлылығы және қолайлы ауа райы дақыл түсімділігін арттырады . Тиісті экологиялық норманы сақтамаған өнеркәсіп табиғатқа , қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізеді Мәселен , өнеркәсіптен бөлінген дұрыс тазартылмаған улы қалдық ауаны , суды былғайды . Мұның әсері өсімдік әлеміне , жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян келтіреді . Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын , олардың тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді . Қоғамдық өзгерістің табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың жетілуінің қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды .
Басқаша айтсақ , статистика пәні халықты , экономикалық және табиғи жиынтықтарды зерттейді . Бұл жиынтықтардағы өзгерістердің бағытын , заңдылығын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін немесе ғылыми қағида бойынша іріктеліп алынған өкілдерін зерттеуге қатыстыру керек .

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
Статистика пәні , даму процестері және оны зерттеу әдістері .

1. Нарықтық экономикаға өту кезіндегі статистиканың негізгі міндеттеріне
не жатады .

2 . Стаистикалық органның ұйымдастырылу принциптерінің және оның
негізін көрсетіңіз .

Статистикалық бақылау

3 . Статистикалық бақылаудың формалары және оған түсмініктеме беріңдер .
Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру .

1 . Мәліметтерді жинақтау және оның түрлері .
2 . Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері , деңгей аралығын анықтау .
3 . Қайта топтау және оның тәсілдері .

Нақты және қатысты шамалар . Статистикадағы графиктік әдіс .
1 . Нақтышама , оның мәні мен маңызы , түрлері , өлшем бірліктеріне
түсініктеме беріңдер .

Статистика пәні және оны зерттеу әдістері .

Статистика пәні . Статистика қоғамдық құбылыстардың , процестің ,
өзгерістің көлемін , шамасын , деңгейін есептеу-санақ мәселелерін ,
өркендеп-дамудың қарқынын зерттейді . Мысалы , халықтың жалпы санын , оның
жынысын , ұлттық құрамын , географиялық орналасу дәрежесін , кәсібі мен
шаруашылық түрін зерттейді . Белгілі бір аумақтағы өндірілген өнімді ,
ұлттық табыс мөлшері , оның тұтынуға сақталған қорын , тасымалданған
жүктің мөлшері мен санын тағы сол сияқты қоғамдық құбылыстардың сипатын
анықтайды .
Статистика жеке ғылым ретінде құбылыстың , өзгерістің сан жөнінен
қалыптасуының , өзгеруінің заңдылығын , олардың сапалық мәнімен
байланыстыра зерттейді . Өнеркәсіп орнын дамыту мүмкіндігіне және ондағы
еңбеккерлердің санына қарай жалақы қорына пайдаланылатын қаржы көлемін
саралайды . Ғылыми-техникалықпен табиғи жағдаймен қатар жетілдірілген
ғылыми-техникалық өндірістің тигізетін әсері белгілі . Агротехникалық
шараны уақытында жүргізуімен жердің құнарлылығы және қолайлы ауа райы дақыл
түсімділігін арттырады . Тиісті экологиялық норманы сақтамаған өнеркәсіп
табиғатқа , қоршаған ортаға орасан зор зиян тигізеді Мәселен ,
өнеркәсіптен бөлінген дұрыс тазартылмаған улы қалдық ауаны , суды былғайды
. Мұның әсері өсімдік әлеміне , жан-жануар дүниесіне өте үлкен зиян
келтіреді . Осылайша статистиканың бір саласы құбылыстың шамасын , олардың
тепе-теңдік қатынасын және өзгеру заңдылығын зерттейді . Қоғамдық
өзгерістің табиғи және техникалық дамуын және ғылым мен техниканың
жетілуінің қоғамдық өзгеріске қаншалықты ықпалы бар екенін анықтайды .
Басқаша айтсақ , статистика пәні халықты , экономикалық және табиғи
жиынтықтарды зерттейді . Бұл жиынтықтардағы өзгерістердің бағытын ,
заңдылығын анықтау үшін оның көптеген бірліктерін немесе ғылыми қағида
бойынша іріктеліп алынған өкілдерін зерттеуге қатыстыру керек . Айта
кететін жағдай , кездейсоқтық әдіспен өте аз бірліктері талданса , одан
алынған көрсеткіш даму заңдылығын қатынасын дәлме-дәл көретпеуі мүмкін .
Мысалы , Қазақстан Республикасында 1993 жылы туған әрбір 1000 балаға
шаққанда 28,8 бір жасқа толмаған бала шетінеген . Бұл , өкінішке орай ,
жоғары кеөрсеткіш . Ал бұл көрсеткіші бір аймақ бойынша ғана есептесек ,
10001000 болуы мүмкін . Егер бір өңірде туған жалғыз бала шетінеп кетсе ,
керісінше туған жалғаз бала тірі болса , 01000 болады . Қорыта айтсақ ,
құбылыс жиынтығының тән тұжырым жасауға болмайды . Статистикалық зерттеу
құбылыс иесінің барынша көп бірліктерімен айналысады . Сонда ғана құбылыс
иесі бірліктерінің көбіне тән нышанды қасиетті тауып , заңдылықты анықтауға
болады Халықтың ұдай дамуын , экономиканың нарықтық дәуіріндегі өзгерісін
зерттейтін статистиканың ықтималды ілімге негізделген бөліктері де кең
пайдаланып , өрісін кеңейтті . Ықтималды ілім қағидасын сүйенген
статистиканың күрделі әдістері әлеуметтік-экономикалық тәжірибенің
өзгерістерін зерттеуде кең қолданылады . Әсіресе халықтың әл-ауқатын ,
күнкөрісін , айлық табысын , тауардың сапасын , қауіпсіздендіру ісін
зерттеуде статистика үлкен рөль атқарады . Қазірде жалпы статистикалық
әдістің пайдаланылмайтын жері жоқ . Қауіпсіздендіру ісінде бәсекенің
мөлшерін , қаржылық , іскерлік тәуекелдіктің дәрежесін және сауда ісін
болжамдауда кеңінен қолданылады . Сонымен қатар , статистикалық күрделі
әдіс биологияда , психологияда , денсаулық сақтау , спорт саласында да
пайдаланады .
Статистиканың жалпы ілімінің , әсіресе ықтималдылық ілімінің тұжырымына
негізделген әдістері сан-қилы мақсатқа пайдаланылады . Статистикалық
әдістер қарапайым және күрделі болып екі түрге бөлінеді . Бұл оқулықта
экономикаға қатысты бар кез келген маманның жадында жүретін , күнделікті
тұрмыста көбірек пайдаланылатын статистиканың қарапайым әдісі көбірек
жазылған .

1 . Статистикалық әдістемелер мен зерттеу сатыларын түсіндір .
Әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірі жалғасуына қарай үш
сатыға бөлінеді :
а .статистикалық бақалау , яғни бастапқы мәліметтерді жинау
б .жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау , өңдеу ,
жинақтау
в .жинақталған , өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау
Осы көрсетілген әдістерінің жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе
зерттеу кезеңі деп аталады .
Статистикалық әдістеменің құрамына жалпылай және ішінара байқау , топтау
және тұжырымдамалары сипттама жасау ұғымдары кіреді .
Өмірдегі құбылыстың санын , оның сандық қатынасын зерттеу үшін ең әуелі
олар жайында мәлімет жинау керек . Экономикалық өмірде мыңдаған кәсіпорын ,
ұйым , мекеме үздіксіз жұмыс істеп тұрса ғана өнім , көрсетілген қызмет
заттай немесе ақшалай түрде айналымға шығады . Өнім өнідіруге , қызмет
көрсетуге кеткен жұмыс уақыты , шығарылған шығын жайында , еңбектің
өнімділігі , өнімнің , қызметтің құны , оның сапасы жөнінде мәліметтер
жинау қажет . Осындай мәліметтер жинауды статистикалық жалпылама байқау деп
атайды . Байқаудың мысалы ретінде халық санағын , темір жолдағы вагон
санағын келтіруге болады Жалпылама байқауда жиналған мәліметтерден тұжырым
жасау үшін , оны белгіленген ғылыми тәртіппен өңдеу керек . Өңдеудің
негізінде топтау алынады .
2. Статистикалық жиын дегенді қалай түсінесін ?
Белгілі жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көп бірлігін
статистикалық жиын деп атаймыз .
Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистикалық
заңдылық тұрғысынан тұжырым жасауға болмайды .
Халықтың бірлігіне – адам тұрғыдан , өнеркәсіптің бірлігіне – кәсіпорын ,
ауыл шаруашылығының бірлігіне фирма , жеке шаруашылық иесі жатады .
Адамның , кәсіпорынның , жеке шаруаның жалпы бірлігі статистикалық
жиынтықты құрайды . Статистикалық зерттеу мүддесінде жиынтық бірлігін (
немесе бірнешеуін ) тексеріп , статистикалық заңдылық жайында түйін жасауға
болмайды . Мысалы , бір топтың шәкірттерінің сабақ үлгерімін тексеріп ,
барлық топтың немесе мектептің , немесе институттың үлгерімі жөнінде
тұжырым жасауға болмайды . Өйткені бір топ біріңғай жақсы оқитындар немесе
нашар оқитынар болуы мүмкін . Зерттеу кезінде жасалған тұжырым ақиқат болуы
үшін жиынтықтың едәуірін кездейсоқ әдіспен іріктеу керек .

Ұлттық статистика агенттігінің ұйымдастыруы және оның негізгі
міндеттері .

1. Ұлттық экономикаға өту кезіндегі статистиканың негізгі міндеттеріне
не жатады .
Қазақстанның , ТМД –ның басқа да елдері сияқты , нарықтық қатынасқа Ұлттық
көшуі статистика мен есепке алуды түбегейлі қайта құруды талап етті .
экономикады қолданылатын статистикалық көрсеткіштердің жүйесін зерделеу ,
оларды есептеудің әдістемесін меңгеру , экономикалық дамыған елдердің
жинақтаған практикалық тәжірибесін игеру , статистика мен есепке алуда
пайдаланылатын халықаралық стандартты енгшізу қажет болды . Осының барлығы
1992 жылы Үкімет қабылдаған Есепке алу мен статистиканың халықаралық
практикада қабылданған жүйесіне көшудің республикалық бағдарламасына негіз
болды .
Бірінші кезектегі және негіз қалаушы міндеттер ретінде мемлекеттік
статистиканың жалпы әдіснамалық және ұйымдастырунегіздерін , аса маңызды
көрсеткіші жалпы ішкі өнім ( ЖӨ ) болып табылатын ұлттық шоттар жүйесінің
( ҰШЖ ) талаптарына сәйкес реформалау , оған ұлттық экономикалық қызметтің
негізгі сипаттамасы мәртебесін беру көзделді .
Республиканың статистикалық органдары біршама қысқа мерзім ішінде
статистика мен есепке алудың дүние жүзілік практикада қабылданған
әдіснамасына көшті , статистика органдарының техникалық базасын кешенді
жаңғыртуды қамтамасыз етті .
2 . Стаистикалық органның ұйымдастырылу принциптерінің және оның
негізін көрсетіңіз .
Қазақстан Республикасында статистикалық жұмыс мына төмендегідей ұйымдастыру
және әдістемелік негізде жүргізіледі :
- жалпы мемлекеттік статистика жүйесі болып құралып , статистика және
талдау жұмысы Экономика және сауда министірлігінің Ұлттық статистика
агенттігі арқылы тікелей басқарылады ;
Статистикалық мәліметтерді жинау , талдау , біріңғай ережелер және
әдістемелік жолмен жүргізіледі . Статистика мекемелері жергілікті
экономикалық мекемелермен тығыз байланысты . Министрліктерде және
ведомстволарда , кәсіпорындарда бөлімше немесе бірнеше қызметкер бұл іспен
айналысады . Оны ведемстволық статистика деп атайды . Қазіргі Қазақстан
Республикасында жалпы мемлекеттік статистикалық іспен Қазақстан
Республикасы Экономика және сауда министірлігінің Ұлттық статистика
агенттігі шұғылданады . Облыстарда , Алматы және Ақмола қалаларында
статистика басқармасы , ол басқа қалаларда , аудандарда – статистика
инспектурасы немесе есептеу орындары статистикалық іспен айналысады .
Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері
мыналар :
- статистикалық көрсеткіштердің жүйесін белгілеу және оның есептеу
әдістемелік мәселелерін шешу ;
- статистикалық есептемелерді жинаудың , оның мәліметтерін өңдеудің ,
құрастырудың тәртібін белгілеу және статистикалық есептемені жнтілдіріп
отыру және оған тиісті шара қолдану ;
Мемелкет органына және министірліктерге , ведомсволарға халық
шаруашылығының дамуы , экономикалық және әлеуметтік болжамдардың орындалуы
, еліміз экономикасының және мәдениетінің дамуы жөнінде , халық тұрмысының
жағдайы , халық шаруашылығына ғылымның және техниканың жетістіктерін енгізу
жайында , адам күшінің , материалдық және қаржылық мүмкіншілктерін
пайдалану жөнінде ақиқат дәлелді , сенімді мәліметтерді тиісті уақытында
беріп отыру ;
- статистикалық ақпаратты , мәліметтерді жан-жақты талдау оларды пайдалана
отырып , халық шаруашылығының әр түрлі есептік теңдестіктерін , әр түрлі
есепті талдауларын жасау ; статистикалық мәліметтерді жариялау , есептік
статистикалық жұмысты машина арқылы жүргізу , оны ұдайы жетілдіріп қолдану
жатады . Қоғамның әлеуметтік , экономикалық даму жайында статистикалық
мәліметтерді , ақпарларды қалың бұқарға , оқырмандарға әдейілеп шығарылатын
әр түрлі жинақтар , газеттер және журналдар арқылы жеткізу . Қазіргі
тәжірибеде республика , аймақ , аудан деңгейінде ресми түрде әр түрлі
көлемде , белгіленген бағдарлама бойынша ақпараттар жарияланып тұрады .
Әдетте , жыл , тоқсан , ай , тәулік мерзіміндегі қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуын сипаттайтын мәліметтер жарияланады .
Қазақстан Республикасының халық шаруашылық , мәдени-әлеуметтік салаларының
статистикалық жинақтары , халық санағы қорытындыларының жинақтары сияқты
мәліметтер жарияланып тұрады .
Кеңес уақыты кезінде елімізде , әсіресе , облыстар және халық шаруашылығы
салалары бойынша өте аз мәліметтер жарияланатын, соның өзінде өсіңкілік
қатармен қатысты шамада беріліп , пайдалануды қиындататын . Егемендік
алғаннан бері статистикалық жариялалылық сипатқа ие бола бастады .
Үстіміздегі статистика жылында жылнамалықтардан басқа еліміздің өнеркәсібі
, ауыл шаруашылығы , құрылысы қаржысы , шетелмен саудасы , еңбек және еңбек
қоры , демографиялық жылнама , ұлттық шот жүйесі , баға жөніде
жинақтар жарық көрмек .

2 .Біртұтас есеп жүйесі және стаистика туралы түсініктеме беріңдер .

Бақылауға қажетті мәліметтерді кәсіпорындардың ұйымдар мен мекемелердің ,
шаруашылықтардың , фирмалардың әр түрлі есептеу жолдар арқылы , яғни
оперативті жедел , бухгалтерлік есеп беру жүйелері арқылы жинақталады ,
өңделеді және талдау жасалынады .
Оперативті жедел немесе оперативті техникалық есеп .
Оперативті жедел немесе оперативті техникалық есептің негізгі мақсаты – сол
кәсіпорындардың , шарушылықтың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс
көрсеткіштеріне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі .
Бухгалтерлік есептің бұл түрі барлық кәсіпорындардың кооператив пен
ұжымдарда жүргізіледі . Бухгалтерлік есеп бухгалтерлік есеп арқылы барлық
кәсіпорындар бойынша ақша қаржыларының қозғалысын өндірілген өнімнің
өзіндік құнын , материалдық шығындар мен пайдалануын еңбек ақы мөлшерін
кіріс пен шығыс және тағы басқа көрсеткіштің нақты есебі жүргізіледі .
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – жүйелі түрде біріңғай ережелер мен
әдістерді қолдана отырып , шаруашылық операция туралы мәліметтерді
жинақтайды . Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады
және сол арқылы белгілі бір шешім қабылдайды . Есептің бұл түрінің негізгі
әдістері мыналар – бухгалтерлік баланс , тікеу , бағалау , калкуляциялау .
Статистикалық есеп – бұл есепте қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық процестердің барлық сандық көрсеткіштер мен сапалық жақтары
есепке алынады , жинақталады , өздеріне тән белгілеріне қарай топталады
және оған талдау жасалынады . Статистикалық есеп бухгалтерлік және
оперативтік жедел есептер арқылы құжат бойынша жинақталады . Статистикалық
есептің басқа есептерімен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері бар .
Олар : мәліметтерді жинау , топтау , өңду , талдау және нақты қатысты
орташа шамалармен бірге индекстік , баланстық , копеляциялық , графиктік
қолданылатындығы .

Статистикалық бақылау

1. Статистикалық бақылау дегенді қалай түсінесің ?
Статистикалық бақылау деп – қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен
процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама
бойынша ғылыми ұйымдастырылған жүйе тіркеу , жинау тәсілін айтады .
Бақылау – статистикалық зерттеулің алғашқы сатысы . Құбылыс , зат жөніндегі
бастапқы мәлімет байқау кезеңінде жиналады . Одан ол мәлімет жинақталады ,
өңделеді , талданады , зерттеледі , қорытынды жасалып , түсіндіріледі ,
қажет деп табылса , келешекке болжам да жасалынады . Қазіргі статистикалық
тәжірибеде байаудың әр түрлі тәсілі , жолы бар .
Статистикалық бақылау жүргізілген уақытында және бақылауға жиынтық бірлікті
қамту тұрғысынан екіге бөлінеді . Бақылау жүргізудің уақыты үзіліссіз (
ағымды ) , дүркін-дүркін және бір жолғы болып үш түрге бөлінеді .
Үзіліссіз ағымды байқауда туындаған құбылыс күнбе-күн , әрдайым , әрқашан ,
үнемі тұрақты жүргізіледі . Мысалы , кәсіпорында шығарылған өнім , берешек
, борышатр , адамның есеп айырысуы , туу мен өлім-жітім , некелесу ,
айырылысу үнемі бақылауға , тіркеуге , есепке алынып отырады . Дүркінді
бақылау арнайы белгілеген уақытта мезгіл-мезгіл жүргізіледі . Мысалы ,
қоймадағы бұйымның қалдығын мезгіл-мезгіл байқау . Шәкірттердің сабақ
үлгеруін семесрт сайын сараптау байқаудың осы түріне жатады .
2. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселесіне не
жатады ?
Бақылауға жататын құбылыстың тіркелуге тиісті нышанының тізбегі байқаудың
бағдарламасы балып табылады . Бағдарламаны дұрыс жасау үшін құбылыстың
сапалық негізін терең білу қажет . Бақылау бағдарламасы зерттеудің алдына
қойылған мақсатына , құбылыс бітімі негізіне тығыз байланысты .
Бағдарламаға құбылыстың негізгі нышаны түгелдей кіргені шарт .
Бақылау бағдарламасының өзіндік негізгі нышаны болады . Оған қоса негізгі
емес нышаны беріледі . Ол екі топқа бөлінеді .
Біріншісі – тану нышаны ( белгілері ) Екіншісі – бақылау нышаны .
Тану нышанына бағдарламадағы тұрғындардың жеке белгілері кіреді . Мысалы ,
нышанның аты -жөні , тұрағы , кәсіпорынның атауы , оның қай салаға кіретіні
, кімге бағынатыны , тағы басқа мәліметтер тану белгілеріне жатады .
Бағдарламаның тану белгілері бақылауды ұйымдасмтыруға , бақылау
мәліметтеріндегі көзге түскен қателерді жөндеу үшін керек .
Әлеуметтік зерттеу бойынша жүргізілген сауал иесінің аты-жөні көрсетілмейді
.
Сауал есептен тыс қалмауы немесе екі рет саналмауы үшін нөмір қойылады .
Бақылау нышаны тіркелген мәліметтің дұрыстығын анықтауға пайдаланады .
Мысал , халық санағының бағдарламасында адам жасы , білімі , отбасы
балаларының саны олардың жасы , білімі жайында сауалдар бар . Бұл сұрақтар
тану белгісінің де , бақылау нышанының да міндетін атқарады . Қазіргі
тәжірибеде сауалдың жауабы сараптауға , жинақтауға жеңіл болуы шарт . Ол
үшін жауап нұсқасына шартты белгі немесе код қойылады . Сауал-жауап бірнеше
түрлі болса , шартты белгі қолданылады .
Мұны санды жауап деуге болады . Санақта жас мөлшері жөнінде сұраққа нақты
толған жасы қойылады . Жұмыс істеген уақыттың мерзімін де сан белгісімен
көрсетіледі . Белгілі бір сауалға жауап балама жауап болса, ия немесе
жоқ деп жазасыз .
Сауалға жауап әр түрлі болатын болса , олар нөмірленеді . Жауапты дұрыс
сараптау үшін және жеңілдету үшін жауаптың нөмірленген нұсқасы беріледі .
Мұнда керекті нөмірді белгілейсің .
Бақылаудың бағдарламасын жасау – жауапты және күрделі іс . Ол бақылаудың
алдына қойған міндеттің бәріне жауап бере алатындай болуы керек . Мысалы ,
халық санағының бағдарламасы халақ шаруашылығын дамытудың келешегіне керек
деректер жиналуын қамтамасыз ету керек . Әсіресе , қазіргі нарықтық
экономикаға көш укезенінде санақ бағдарламасына кімнің қандай қарекет
жасайтыны , күн көрісінің көзі жайында , меншігіндегі қозғалмайтын мүлік
жөнінде сұрақтар кіргізілгені жөн .
Санақтың бағдарламасын жасағанда шетелдің , әсіресе экономикасы дамыған
елдің санақ бағдарламасын зерттеп , оны біздің жағдайымызға сәйкестендіріп
пайдаланған жөн . Бақылаудың құралына керек-жарақ , әдістеме кіреді . Басты
құралға – бланк сауал қағаз ( анкета ) жатады . Бланктің бір бағанасына
санақ бағдарламасындағы сұрақтар басылып , екінші бағанысан жауап
толтыратын орын қалдырылады . Бланктің жоғарғы жағында тану нышанына
жазылады .
Бақылау сұрағы толтырма парақ немесе толтырма тізбек түрінде болады .
Бақылау сұрағынан нақты жауап алынуы шарт . Бұл нұсқалар тәсілнамада
жекелей беріледі немесе бланктің екінші бетінде беріледі .
Байқылау жүргізер алдында оның мақсаты , не үшін қажеттігі жүргізу
бағдарламасы , байқылау жүргізілетін құбылыс , оның орны , байқылау бірлігі
анықталады .
Тәжірибе тұсында байқылау жататын құбылыс анықтау дегеніміз бақылау
бірлігін , жүргізілетін аумақты және уақытты алдын-ала белгілеу .
Тіркелеуге арналатын құбылыс нышанының біреуі бақылау бірлігі деп аталады .
Бақылау бірліктерінің жиынтығы бауқау құбылысын құрайды . Байқауда
құбылысты анықтау үшін оның шегін белгілеу қажет аса маңызды . Бақылау
шегінің құбылысының шегін белгілеу үшін тіркелетін құбылыс нышанының
шамасын анықтап алу қажет . Бақылау бірлігігін белгілеу – бақылауға жататын
жиынтық құрамына және тексерудің алдына қойған мақсатына тығыз байланысты .
Мысалы , өнеркәсіпті зерттеу керек болса , кәсіпорындар бақылаудың бірлігі
болып табылады . Ауыл шаруашылығының жағдайын білуге арналған бақылау
жүргізілсе , бақылау бірлігіне бақылау ұжымдық , жеке шаруашылық алынады .
Еңбек өнімділігін немесе жалақының шамасын , даму қарқынын зерттеу керек
болса , бақылау бірлігі ретінде еңбеккер алынады .
Байқаудың бірлігі кейде бір емес , бірнещеу болуы мүмкін . Мысалы , халық
санағын жүргізгенде байқау бірлігі ретінде отбасы және жеке тұрғын алынады
. Шаруа шаруашылығы – кәсіпорын , ұйым , мекеме бақылау нысанына жатады .
Бақылау нысанын анықтау үшін зерттелетін құбылыс жиынтығын ғылыми тұрғыдан
терең білу білу керек . Бақылау нысанын анықтау үш тұрғыдан жүргізілуі
керек .
Бірінші мағынасы , мәні , сапасы тұрғысынан бақылауға жататын нысанды
анықтау .
Екінші мағынасы – қай аумақта .
Үшінші – қай уақытта ( мезгілде ) нысан тіркелуі керек .
Бауқылау кезінде құбылыс шегін дұрыс саралауға көңіл бөлінуі қажет .
Мәселен , темір жолды байқылауға жататын құбылыс ретінде алсақ , оның
құрамындағы кейбір кәсіпорын халық шаруашылығының басқа саласына жатады .
Мұндайды негізгі ерекшелігіне , нышанына қарай тиісті салаға жатқызу керек
. Айталық , Бізде қолданылып жүрген заң бойынша кімнің сайлауға құқығы бар
? Қазақстанның 18 жасқа толған , сот орындары тарапынан алғанда , өз бас
бостандығына айырылмаған азамат сайлауға құқығы бар . Келтірілген екі нышан
сайлау құбылысының негізгі нышанына жатады . Мұнда 18 жас нышанның төменгі
шегі болып табылады . мұны шектеме деп атайды . Сайлаушылардың санын
анықтау үшін одан кейін оның қай аумақта байқылау бірлігінің тараған жерін
түгел қамту қажет .
Жиналуға жататын құбылыстың болған уақытын бақылау уақыты деп аталады .
Бақылау уақыты деп оны жүргізетін уақытты , басқаша айтқанда , құбылысты
тіркейтін уақытты айтады . Саны , жәйті үнемі өзгеріп тұратын нышан иесінің
бірлігін байқау үшін арнайы бір мезгіл белгіленеді .Оны статистикалық
тәжірибеде шартты мезет деп атайды .
3 . Статистикалық бақылаудың формалары және оған түсмініктеме беріңдер .
4 . Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдеріне не жатады ?
Статистикалық бақылау түрлері :
1. Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен
тіркеуге алынады .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау
Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистиканың жалпы теориясы
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Картографиялық құжаттарды тарих пәнінде оқыту
Интерпретациялық әдістер
Экономикалық талдау әдістері
Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
Демография ғылымының пәні мен әдістері
Пәндер