Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу туралы



Адамның даралығын көрсететін (қабілет, мінез, темперамент, қызығу) кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де орайлас көрініп отырады. Әр адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі ретінде темперамент саналады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күй ерекшелігінен де, эмоция сезімдерінен де жақсы байқалып отырады.
1.Байшукуров А.К. Психогенетика; Учебное пособие.- Алтаты: Қазақ университеті, 2008.
2.Байшукуров А.К. «Психогенетика»2008.ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу

Орындаған:Каденова М.И
Группа:ПХ-415
Тексерген:Абдуллина Г.К

Семей 2015 жыл
Адамның даралығын көрсететін (қабілет, мінез, темперамент, қызығу) кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де орайлас көрініп отырады. Әр адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі ретінде темперамент саналады. Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күй ерекшелігінен де, эмоция сезімдерінен де жақсы байқалып отырады.

Темперамент (лат. т. ауд. Temperamentum - бөлшектердің тиісті қатынасы) - тұлғаның психикалық құбылыстарының динамикасын сипаттайтын тұлғаның тұрақты индивидуалды қасиеттерінің заңдық қатынасы..
Темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темпераменттің әрқилы қасиеттері заңдылықтар негізінде белгілі бір құрылымды түзеді. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді.
Темперамент туа пайда болғанымен, адамның бүкіл өмірі барысында көптеген өзгерімтерге ұшырайды. Біз бір темперамент типін жақсы, ал басқасын-жаман деп айыра алмаймыз, себебі әрқайсысының ерекшеліктері орасан зор. Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын айырып, жаманынан айырылуға күш салуы керек. Өз темпераментін білуі керек, себебі ол басқалармен қарым-қатынаста, іскерлік барысында орасан зор септігін тигізеді.
Адамның даралығын көрсететін (қабілет, мінез, темперамент, қызығу) кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де орайлас көрініп отырады. Әр адамның жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі ретінде темперамент саналады. Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күй ерекшелігінен де, эмоция сезімдерінен де жақсы байқалып отырады.
Индивидке тән динамикалық қасиеттер бір-бірімен байланысып өзіндік бір құрылымды түзеді. Психиканың өзіндік индивидуалдық және табиғи шартталған динамикалық құбылыстар жиынтығын темперамент деп атайды. Темперамент қасиеттерін адамның тұлғалық қасиеттер қатарына шартты түрде ғана кіргізуге болады, көбінесе олар биологиялық шартталған және туа пайда болатындықтан оның даралық ерекшеліктерін құрайды. Ол ағза, тұлға және танымдық процестер арасындағы көпір ретінде жұмыс атқарады.

Неміс психиатры Э. Кречмер индивидтің психикалық құрылысы оның дене құрылымына сәйкес деген. Бұл конституциялық типология теориясының мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты 4 конституционалды психикалық тип белгіленген:

Көне грек медигі Гиппократ (б.з.д. V ғ.) ілімі бойынша, ағза күйі негізінен оның ішіндегі сұйықтықтың мөлшер қатынасына тәуелді деген (қан, лимфа, өт). Бұл сұйықтықтарды араластырғандағы шығатын пропорциялар грекше красис деп аталады. Бірнеше ғасырлар өткен соң римдік емшілер бұл түсінікті латынша temperamentum деді (бөліктердің керекті сәйкестігі), осыдан темперамент сөзі шыққан. Кейіннен антикалық дәуірде адамның психикалық ерекшелігі осы красис немесе темпераменттен, яғни пропорциялардан тәуелді екендігі мойындалды. Римдік анатом және дәрігер Клавдий Гален (б.з.д. II ғ.) темпераменттің алғаш кеңейтілген классификациясын 13 типке бөліп берді. Кейін 4 типке дейін қысқартылды.
Ерте кездегі темпераменттің органикалық негізі туралы деректер қазір тек тарихи қызығушылықты тудырады. Алайда индивидуалдық құрылымы әр түрлілігімен сипатталатын психиканың динамикалық құбылыстарында типтік варианттарды байқауға болады.
Көп ғасырлар бойы психиканың динамикалық құбылыстар тұрғысынан айырмашылық себептерін түсінгісі келген көптеген гипотезалар шықты. Гуморальдық жүйелерге назар аударылды. Неміс философы И. Кант (18 ғ. аяғы) темпераменттің табиғи негізі болып қанның индивидуылдық ерекшелігі саналады деген. Бұған жақын орыс педагогы, анатом және дәрігері П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темперамент қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Бұл теорияға сәйкес қан айналымның жылдамдығы мен күші әр түрлі стимулдарға жауап ретінде ағзаның индивидуалдық қозу және реакция ұзақтығына байланысты.
Неміс психиатры Э. Кречмер индивидтің психикалық құрылысы оның дене құрылымына сәйкес деген. Бұл конституциялық типология теориясының мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты 4 конституционалды психикалық тип белгіленген:
Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
Пикник - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
Атлетик - бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемделуі қиын. Иксотомик - денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбінесе майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды. Дене құрылымының типі мен кейбір психикалық қасиеттерді химиялық құрамымен, ішкі секреция бездері бөлетін гормондармен шартталған деген. Американдық ғалым У.Шелдон да индивидуалдық психологиялық ерекшелігі мен гормондар жүйесімен реттелінетін дене ерекшелігі (эмбриологиялық белгілер) арасындағы тікелей байланысты көрсетті.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу мен тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады. Мысалы, күшті темпераменттің бірі - ұстамсыз тип - жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу жайлы
Темперамент пен мінез құлықты психогенетикалық зерттеу туралы ақпарат
Қиын балалар ұғымының мәні
Мінез туралы ұғым
Дифференциалды психология
Психогенетиканың қалыптасып дамуы туралы ақпарат
Мінездегі типтілік пен индивидуалды ерекшелігін зерттеу
Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын зерттеу
Жекелік айырмашылықтар ұғымы
Пәндер