Абайдың өмірі мен шығармашылығы



Абай Құнанбаев -ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай. Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
1. Абай. Энциклопедия. Бас редактор Нұрғалиев Р.Н. – Алматы, 1995. – 13 б.
2. Абай Құнанбаев. Шығармалардың екі томдық толық жинағы.– Алматы: Жазушы, 2005. – Т.
1,2.
3. Сүйіншәлиев Х. Абайдың эстетикалық көзқарасы //Қазақ әдебиеті. – 1980. -18 июль. - 10 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1-4
Тақырыбы: №1 Абайдың өмірі мен шығармашылығы.№2 Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелуі, жүйелену мәселелері. №3 Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы. №4 Абайдың эстетикалық тағылымы

Пәні: Абайтану тарихы
Тобы: Қ-217
Орындаған: Султанмуратова Ф.Қ
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С

Семей, 2015
АБАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Абай Құнанбаев -ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай. Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар" деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден - Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан - Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі" Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы' тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди', Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
Абайдың өмірбаяны. Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас", -- дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 -- 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.
Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан - ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі.
Абай шығармашылығы. "Өлді деуге сыя ма, ойландаршы, Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".
Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".
"Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.
Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады.
"С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген. Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.
Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады.
Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы атанады. Отырардан шықкан және Шығыстың екінші ұстазы атанған ғүлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда елеулі рөл аткарған.
Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик., эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. аbai.kz ақпараттық порталы
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. -- Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. -- 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
3. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: Арыс баспасы, 2004. -- 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
4. Абай. Энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, Атамұра баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

АБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ: ЗЕРТТЕЛУІ, ЖҮЙЕЛЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақ әдебиеттану ғылымы, оның ішіндегі іргелі үш саласы әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны ерекше қарқынмен өсіп-өркендеп келеді. Осы үш саланың ішінде әдебиет теориясы мен сынына қарағанда әдебиет тарихының ілгерілеушілігі мол деп қарауға болады. Әдебиет тарихын жасау, түгендеу жаңа дәуірге лайықталып, жаңаша көзқараспен пайымдалып жасалуда. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы -- әдебиет тарихының үлкен бір саласы -- Абайтану. Абайтану ғылымына академик Зәки Ахметов былай деп баға береді: Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды
Абайдың өмірі мен шығармашылық өнерін зерттеудің алғашқы өнімді кезеңі деп А.Байтұрсынов, К.Ысқақұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов, Ы.Мұстамбайұлы, Ғ.Тоғжанов секілді әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің зерттеу еңбектерін, мақалаларын атауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің Абай жолы эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына толық танытып, әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 жылы Ғылым баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
Кейінгі жылдарда абайтану ғылымы көптеген әдебиетшілер, тіл зерттеушілер, музыка мамандары және басқа ғылым салаларының өкілдерінің еңбектерімен толыға түсті. Абайтану ғылымына С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, З.Ахметов, Б.Ерзакович, М.Мырзахметов, Ғ.Есімов, Ж.Ысмағұлов т.б. ғалымдар салмақты үлес қосты.
Қазіргі кезде әдебиеттану және басқа қоғамдық ғылымдар идеологиялық қатаң қағидалардың тар шеңберінен шығып, кең құлаш жаюға мүмкіндік алған жағдайда абайтану ғылыми жаңа белеске көтеріліп жалғаса, толыға беруі керек. Абай шығармашылығының танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәнін жаңа қырларынан қарап, терең ашып көрсететін еңбектер ғана абайтану ғылымын байыта түспек 2.25.
Абайтану ғылымының тарихы бай, кемел, іргетасы мықты ғылым десе де болғандай. Осының бәрін ескере келгенде келесі бір жағдаяттарды толық аңғаруға болады.
Абайтану ғылымының негізін салушы, іргетасын қалаушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов десек қателеспейміз. Сол себепті ең алдымен ұлы ақынның шығармашылық мұрасын зерттеуге бар ғұмырын арнаған ғалымның кейбір еңбектеріне қысқаша болса да талдау жасап кеткенді жөн көрдік. 1997 жылы жиырмасыншы ғасырдың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толды. Осы мерекеге орай профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы мен тарих ғылымдарының докторы Ләйла Әуезовалардың құрастыруымен жарық көрген кітап Абайтану дәрістерінің дерек көздері 4 деп аталған екен. М.Әуезовтің бұл кітабының үлкен тарихи маңызы бар. Академик ғалымның Абай мұрасы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен көркем туындылары, олардың түрлі қолжазба нұсқалары мол. Ұлы жазушының абайтану саласында жарияланбаған, архив сөресінде сақталынып келген материалдарының өзі әлденеше кітап болатыны белгілі болып отыр.
Сондай-ақ Абай жөніндегі алғашқы екі кітабын аяқтағаннан кейін, Абай жайындағы көркем шығарма жазып жүрген ғалым 1950 жылы ақын өмірбаянының ең соңғы төртінші нұсқасын жазған екен және бұған сол кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуалы тарих талқысы, тағы да қайтадан жаппай етек алған қуғын-сүргіннің де әсері аз болды деп айта алмаймыз. Бұл кітап екі бөлімнен тұрады, Бірінші бөлімде Мұхтар Әуезов және Абай әлемі (алғысөз орнына), Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы деген екі зерттеу берілген, бұл екі зерттеудің авторы Мекемтас Мырзахметұлы, ал екінші бөлім жоғарыда айтқандай Абай ғұмырнамасының төрт нұсқасы жайында айтылған ол жөнінде сәл кейінірек, толығырақ тоқталамыз. Енді Мекемтас Мырзахметов зерттеулерінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталып көрелік. М.Мырзахметұлы Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы деген еңбегінде былай дейді: Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ақ, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле де бастады.
Абайдың ғылыми өмірбаянын ойдағыдай жазып шығару арқылы М.Әуезов келешекте абайтану саласында зор көлемде жүргізер зерттеу жұмыстары үшін табан тірер ғылыми негіздегі ірге тасын жасап алды. 1924 жылдың өзінде-ақ М.Әуезов Абай шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастырып, Абайдың қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын анықтап алуға ұмтылды. Абай, Шолпан журналындағы ақын жайлы пікірлері мен Орыс Географиялық Қоғамы Семей бөлімінің Абайға арналған салтанатты кешіндегі Қазақ әдебиетіндегі Абайдың орны деген баяндамасы -- осы әрекеттің айғағы. Бұл бөлімдегі келесі бір зерттеу де назар аударатындай, ол зерттеу Абайтанудың бірегей зерттеушісі деп аталады. Мекемтас Мырзахметұлы мұхтартану саласында да, абайтану саласында да жемісті еңбек етіп жүрген білгір ғалым. Сол себепті ғалым Мырзахметовтің әрбір пікірі салмақты, тиянақты, ойлы болып келеді. Мысалы: Үдере даму үстіндегі қазақ кеңес әдебиетінің ірі саласына айналып отырған абайтанудың негізін қалаушы ғұлама ғалым М.Әуезовтің Абай мұрасы туралы ұлан-ғайыр ғылыми зерттеулері туған әдебиет тарихында ерекше орын алатын бірегей қайталанбас құбылысқа айналып та үлгірді. Ұлы ақын мұрасының сыры терең болмысына бойлай еніп, ғылыми зертетулерімен бірге тарихи шындықты бойына дарытқан суреткерлік құдіретімен, көркемдік шындыққа айналдыру арқылы көркемөнердің көптеген жанрында теңдесі жоқ қайталанбас туындыларымен рухани жан дүниемізді айтарлықтай байытты 6.52.
Белгілі ғалым М.Мырзахметов М.Әуезовтің Абай мұрасы жайлы ұзақ жылдарға созылған шығармашылық ізденістері мен ғылыми зерттеулерін, көркем туындыларын бір-бірімен тығыз байланыста алып төрт түрлі іргелі салаға бөле отырып қарастыру қажеттігі сезіледі. Оларды бас-басына жеке түрде атап өтеді, санамалап көрсетеді.

1. Абайтанудың іргелі саласына айналып отырған ақын шығармаларының текстологиясы жөніндегі аса қиын да күрделі проблемаларын тұтас қамтитын Абай өлеңдерін жинау, екшеп толықтыру, тұңғыш толық басылымдарын дайындау, түсініктер жазудағы ізденістері мен осы саладағы арнаулы зерттеулерін қамтиды.

2. Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазу үстінде алғашқы биограф, тарихшы ретінде көптеген ақын замандастарымен бетпе-бет кездесіп, тікелей тілдесу, жүзбе-жүз әңгімелесу арқылы естеліктер жинау, жаздырып алу, соларға орай тарихи деректер көзін іздестіру әрекеті жатады.

3. Абайдың әдеби мұрасы жайлы арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын, негізінен сегіз түрлі проблема шеңберінде жүргізе отырып, әр жылдар айтылған ой-пікірлерін қорытындылау және де ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында абайтанудың арнайы курсы мен арнайы семинар сабақтарын өткізумен айналысу. Абай мұрасы жайлы зертетулерге басшылық ету, аспиранттар мен ізденушілерге жетекшілік ету өз алдына дербес бір мәселе.

4. Жоғарыда айтылған әр саладағы зерттеулердің ғылыми нәтижесіне сүйене отырып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы көркемөнер саласының әрқилы жанрында жазылған туындылары өз алдына бір әлемді құрайды. М.Әуезовтің ұлы ақын өмірі мен әдеби мұрасын зерттеу саласындағы бірегей табысы әрине XX ғасырдың көркем ойындағы қол жетпес шыңына айналған атақты Абай жолы эпопеясында жатыр.
Абайтану саласындағы бұл іспеттес орасан зор ғылыми шығармашылық ізденістердің сәтті аяқталуына айта берсек себептер көп. Бірақ осылардың ішіндегі елеулі буынның бірі - Абай мұрасы жайлы сан жылдарға созылған азабы мен қызығы мол ғылыми зерттеу еңбектері деп қарасақ, бір жағынан, Абай өмір кешкен әлеуметтік ортада туып, сол ортаның сыры мен шындығына жастайынан қанығып қалыптасуы да айтарлықтай орын алған. Балалық балдәурен шағында-ақ Абаймен дос-жаран, сыйлас болған атасы Әуез сүйікті немересінің рухани жан дүниесін Абай шығармаларымен ауыздандырып, ақын өлеңін түгелдей жатқа оқытып өсіруінде де біраз себептердің сыры жатса керек-ті. Өзі ұшқан ұясының Абаймен тікелей достық, туыстық қарым-қатынаста болуы, әсіресе атасы Әуездің Абай жайлы ел іші оқиғаларын толғайтын ұзақ сонар әңгіме-естеліктерінің бала Мұхтар санасына тайға таңба басқандай ізі қалып, өшпес әсер беріп отыруының айтарлықтай маңызы бар рухани қайнарға айналғаны да мәлім нәрсе. Бала жастан сырына қанығып өзі өскен әлеуметтік ортада Абайға қатысты қым-қуыт оқиғалар сыры ел арасында ұзақ жылдар бойы ұзын сонар әңгімелерге желі тартып, таралып жататын-ды. Осы әңгіме-естеліктерді елти тыңдаушылардың арасында бала Мұхтар да сол әңгімелер желісіндегі нелер бір ғажап ой-пікірлерді ой зердесіне тоқи жүретін. Жастық шақтағы әсер естен кетпей ұзақ сақталаныты себепті, Мұхтардың Абай мұрасының сыры мен ақын өміріне қатысты оқиғалардың терең мәні мен шындығын кейіннен Абай мұрасын зерттеушілердің бәрінен де жетік білуі, үздік дараланып шығуы да заңды еді. Бұл жағдайлар, бір жағынан, Абай мұрасын жинап, тереңдей зерттеуіне әрі Мұхтар Әуезовтің әлем әдебиетінің алтын қорына олжа салған ұлы туындысының сәтті аяқталуына зор септігін тигізді. Және де осы танымдары сол тұстың саяси-әлеуметтік сан салалы өмір болмысының тарихи негізі ретінде суреттеліп, жанданып жатты.
Абайды білмек парыз ойлы жасқа деп аталатын монографиялық еңбектің екінші бөлімі Абай ғұмырнамасы деп аталып, жоғарыда атап көрсетілгендей төрт түрлі нұсқаны қамтиды. Енді осы Абай ғұмырнамасы жайлы да кейбір мысалдар, дәлелдер келтіре кеткенді жөн деп таптық. Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасы (1927-1933) бірнеше тақырыпшаларды қамтиды, атап айтқанда Абайдың туысы мен өмірі, Абай туралы Көкбай ақсақал мен баласы, Тұрағұлдың естегілері, Абай жазған кейбір өлеңдердің қай кезде, не себепті айтылғаны туралы түсіндіру қосымшалар деп аталады. Абайдың туысы мен өмірінде Абайдың өмірі, шыққан тегі, өскен ортасы жайында көп деректер бар, соның ішінде ұлы ақынның әкесі Құнанбайға қатысты ғана бірер пікірді келтірсек, себебі күні кешегі кеңестік кезеңде Құнанбай жайында мүлдем теріс пікірде болғанымыз рас. Сол себепті М.Әуезовтің Құнанбай жайындағы дерек көздеріне назар аударсақ. Бүгінгі Семей уезіне қарайтын Тобықты Құнанбай тұсында Қарқаралы өкірігіне қарайтын. Приказ шыққаннан бергі салт бойынша бұл өкіріктің аға сұлтаны ылғи төре тұқымынан болып келген. Құнанбай тұсында аға сұлтан болған төрелер Бөкей нәсілінен: Құсбек, Жамантай, Абылай нәсілінен: Тобықты ішіндегі Шалғымбай деген төрелер болған.
Абайдың орасан зор ақындық қуат-күші өз шығармаларында қазақ өмірінің ең маңызды әлеуметтік мәселелерін көтере білуінен, қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің ой-арманын, түбегейлі мүддесін терең ұғып, сезіне білетіндігінен айрықша айқын көрінеді. Ақынның Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Сегіз аяқ, Ғылым таппай мақтанба, Болыс болдым, мінеки секілді таңдаулы көркемдік туындыларының қайсысын алсақ та оларға идеялық арқау болатын келелі мәселелер -- білімге, адал еңбекке, әділеттілікке шақыру, надандықты, артта қалу кесапатын айыптау, алауыдық пен керіс-тартысты, өкімет билігін теріс пайдалануды әшкерелеу екені бірден байқалады. Және осы идеялар ақын шығармалары тақырыбының ең басты, күрделі мәселелеріне жалғасып, солармен тұтасып, халықтың тағдыры, бүгінгісі мен кешегісі, поэзияның өмірдегі алатын орны туралы ойларымен сабақтас өріледі. Өйткені Абай поэзиясының басты тақырыптары, идеялық нысанасы ұлы ақынның әлеуметтік прогресс үшін, халықты өнер-білімге жеткізу үшін күресу мақсатынан туады. Халықтың ауыр тағдырын, өмір-тұрмысын ерекше шеберлікпен, нанымды көрсете отырып, Абай халықты қоғамдық асыл мұраттарға жетуге ынталандырады.
Ұлы Абай шығармашылығын, абайтану мәселелерін жан-жақты сөз еткенде назар аударатын мәселелер бар, ол Абайдың ақын шәкірттері, Абайдың ортасы, ақындық мектебі тәрізді құбылыстар. Мүның бәрі абайтану мәселесін тек тереңдете түсетіні сөзсіз. Бұл жайында академик Зәки Ахметовтің келесі бір пікірін келтіре кеткенді дұрыс деп санадық.
Абайды ұлы ізашар ақын деп қарағанда, оның шығармашылық дәстүрлерін дамытып жалғастырған ізбасар ақындар деп қазақ поэзиясының бір туар аса көрнекті қайраткерлерінен Шәкәрім, Сұлтанмахмүт, Мағжан, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовты алдымен айтамыз. Әрине, бұл топқа басқа бірталай ақындарды қосуға болады. Тікелей шәкірті болған балалары Ақылбай, Мағауия, немесе Абайдың айналасында болған, жақын жүрген Әсет, Көкбай ақындар туралы бұрынды-соңды айтылмай жүрген жоқ. Бұл -- өз алдына мәселе. Кең мағынасында Абай дәстүрлерін дамытқан деп, мысалы, Сәкен мен Ілиясты да, ал жеке бір қырларынан келсе М.Әуезовті де, кейінгі атақты ақындардың қайсысын болса да алып қарауға мүмкін екені талассыз. Біздің сөз етпегіміз -- нақтылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Абайтану ғылымы туралы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Пәндер