Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері


Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекетті университеті
Педагогика факультеті.
СӨЖ№5
Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның
теориялык негіздері.
Орындаған: Рахметолла Г.
Тобы: П - 305
Тексерген:Дуйсембекова Ш. Д
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Инновациялық оқыту түсінігі
2. Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері
3. Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдану.
Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет» дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.
«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.
Жаңашылдық - нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты -оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу. Инновация көпсалалы, кең қолданыста. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады.
Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда (неология, аксиология, праксиалогиялық жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады. Жаңа парадигмаға көшуде қазіргі таңдағы отандық және шетелдік зерттешілер еңбектерінде ғылыми негіздердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми, әдіснамалық бағыттары басшылыққа алынады. Зерттеуші ғалым Ф. Янушкевич «жаңа техналогиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес, оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналу қажет, сонда ғана сапа болады» дейді. Бұл пікірге қосылуға болады. Өйткені педагогтің жеке тұлға қалыптастырудағы іс-әрекетінің басты материалы - педагогикалық техналогия. Сондықтан мектепте жүргізілетін ғылыми - әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндет айқындалса, бұл мектепте оқу - тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз. Ал оқу тәрбие үрдісінің техналогиясы - оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістер жүйесі. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін инновациялық педагогикалық техналогияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақтытәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді. Ұлы ойшыл ғұлама әл-Фараби «Адам бойындағы ең үлкен қасиет - қабілет өмірді түсіну, қанағаттұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық» деген. Ғұламаның осы өмірлік ұстанымы бүгінгі білімнің басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады. Сонымен инновациялық технология дегеніміз - педагогтың білімі, білігі, иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет жиынтығы, мұндағы қажеттілік, қабілет, нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Білім беруді дамыту үрдісінің әлемдік үрдіске кірігуі, дамыған елдердің стандартына деген ұмтылыс қоғам дамуындағы қажеттіліктерді туындатып отыр. Педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құру және оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып, білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды.
Оның негізгі құрылымдары мыналар болып табылады:
-тұжырымдамалық негізі:
-мазмұндық бөлігі:
-әрекеттілік бөлімі-техникалық үдеріс.
Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты. Педагогикалық шарттарға, ең алдымен, педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын, т. с. с. жатқызуға болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады. Сабақты оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерін пайдалана отырып сабақ өткізуге болады. Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуін мына кестеден көруге болады.
Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуі
Оқушы іс-әрекетін белсендіруге негізделген педагогикалық технология
Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқаруға негізделген педагогикалық технология
Оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіруге негізделген педагогикалық технология
- Тірек белгілері мен тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы
- (В. Ф. Шаталов) ;
- Ойын технологиясы;
- Проблемалық оқыту технологиясы;
- Жаңа ақпарат-коммуникативтік технологиясы;
- Витагенді оқыту технологиясы
- (А. С. Белкин) ;
- Тренингтік технология;
- Интеграциялау технологиясы;
- Өздігінен даму технологиясы
- (М. Монтессори) ;
- Дамыта оқыту технологиясы
- (Л. С. Выготский), Л. В. Зенков, ДДавыдов) .
-Бағдарламалап оқыту;
-Саралап оқыту технологиясы(В. В. Фирсов, Н. П. Гузик) ;
-Жекеше оқыту технологиясы (А. С. Границкая, В. Д. Шадриков)
-Оза отырып оқыту технологиясы(С. Н. Лысенкова) ;
-Топтық және ұжымдық оқыту технологиясы(И. Д. Первин,
В. К. Дьяченко) ;
-Компьютерлік оқыту технологиясы;
-Модульдік оқыту технологиясы;
-Мультимедиялық технология;
-Жобалау технологиясы.
-Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П. Э. Эрдниев) ;
-«Мәдени диалог» технологиясы;
-«Экология және диалектика» жүйесі(Л. В. Тарасов) ;
-Ойлау іс-әрекетін кезеңімен қалыптастыру теориясын жүзеге асыратын технологиясы
(М. Б. Волович) ;
-Сатылай кешенді талдау технологиясы (Н. А. Оразахынова) ;
-Бейнетехнология.
Жаңа педагогикалық технологияны қолдана отырып, оқытуда төмендегідей басты ұстанымдарды ескеру қажет.
- Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу.
- Оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуы.
- Оқытуда туындаған экологиялық, экономикалық, әлеуметтік проблемаларды т. б анықтап, оны түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу.
Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жағаша мұғалім болып шығады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. Қазақстан мектебі №4, 2006 жыл
2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау.
Алматы 2004 жыл
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім. Қазақстан мектебі, №4, 2008 жыл
4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. Алматы 2007 жыл
5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. Алматы 2008 жыл
Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекетті университеті
Педагогика факультеті.
СӨЖ№6
Тақырыбы: Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері
Орындаған: Рахметолла Г.
Тобы: П - 305
Тексерген:Дуйсембекова Ш. Д
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Тренингтер қолданудың әдістемелері
2. Іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері
Тренинг дегеніміз - шеберлік пен машықты қалыптастыратын жаттығулар жиынтығы деген пікірді ұстанушылар да бар. Дегенмен, бүгінде қоғамда тренингке сұраныс күннен күнге артып келеді. Мысалы, адамның өзіне-өзі сену тренингі, келісім жүргізу тренингі, сауда тренингі, топ құру тренингі, шиеленіссіз іс-әрекет тренингі және т. б.
Тренинг термині ағылшын тілінің training (тура мағынасында - «жаттығу») сөзінен алынған. Бұл күнде «тренинг» - интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асатын, яғни оқытушы мен оқушының (дұрысын айтқанда - үйренуші мен бағыттаушының) бірлесе жұмыс атқаруына негізделетін заманауи оқыту формасын білдіреді
Тренингтік әдістемесінің маңызы: Тренинг барысында индивидуалдық және топтық үрдістер араласып отырады. Сондықтан тренинг әдістері негізінен үш деңгейде жүзеге асады:
- топ арасындағы жеке қатысушымен болатын қатынас әдісі: әдетте, ол индивидуалдық психологиялық кеңес беру жұмыстарының техникаларын көрсету мақсатында топтың бір мүшесі мен жүргізушінің диадалық өзара әрекеті;
- топпен бірге - біртұтастық әдіс: мұндай жағдайда ұстаз топтың барлық мүшесі біріге отырып орындайтын тапсырма береді. Сонымен қатар шағын топтарға да тапсырма берілуі әбден мүмкін;
- топтың құралдары арқылы жекелеген қатысушыға бағытталады. Бұл деңгейдегі жұмыс әуеліде бірінші әдіске ұқсауы мүмкін, бірақ, бұл жерде оқытушы топтың ресурстарын қатысушылардың бір немесе бірнешеуіне ықпал етуі үшін жасырын қолданады
Мысалы, тренингте түрлі оқиғаларды бастан кешіру қажет. Оқиғасыз тренингтің мәні де жоғалады. Ал дін тақырыбында оқиға жетерлік. Оқиғамен жұмыс істеу үшін кейбір ғалымдар мынадай кезеңдерді бөліп көрсетеді:
- идентификация, оқиғаны өмір ағымынан ажыратып алу, яғни, қандай оқиға және ол қайда орын алды? деген сияқты сұрақтарға жауап беру;
- интерпретация, оқиғаның себебін, шарттарын, салдарын анықтау, түсіндіру;
- квалификация, оқиғаны келешек контекстіне қойып көру. Оның пайдасы мен зиянын салмақтау.
Тренингті, бір жағынан, толыққанды оқыту үрдісі деп те айтуға келмейді, өзінің аты айтып тұрғандай, көп жағдайда, тренинг - бұл бар, белгілі ақпаратты адамның игеруіне ыңғайлы формада ұсынудың бір түрі. Тренинг - адамды қандай да бір қабілетті немесе машықты (навык) игеруге жаттықтырудың бір түрі десе де болады. Қалай дегенмен, тренинг әдісі - бұл күндегі ең тиімді оқыту формаларының бірі. Семинар-тренинг - бұл тренинг әдісін пайдалану арқылы адамға жаңа ақпаратты, жаңа білімді немесе біліктілікті игертудің тиімді түрі. Семинар-тренингтің өзге оқыту түрлерінен артықшылығы да осында. Яғни ол адамға ақпаратты беріп қана қоймайды, сол ақпаратты игеріп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Семинар-тренинг барысында оқытушы мен оқушы жаңа ақпаратты бірлесіп талқылайды («семинар») әрі практикалық жаттығулар негізінде алынған білімді іс жүзіне асырудың жолдарын қарастырады («тренинг») .
Кез келген тренинг бірнеше бөлімде жүргізіледі. Бірінші бөлім - дәстүрлі кіріспе бөлімі. Кіріспе бөлімінде қатысушылармен танысу, тренинг ережелерін бекіту және қатысушылардың күтетін нәтижелерін айқындау шаралары жүзеге асырылады.
- Қатысушылармен танысу.
Тренингке қатысушылармен танысуды интерактивті ойындар түрінде жүзеге асыруға болады. Мысалы , қатысушыларға шағын доп немесе алма беріледі. Допты бірінші болып алған қатысушы өзі туралы айтып береді, содан кейін қолындағы допты (алманы) келесі қатысушыға лақтырады. Допты қағып алған келесі қатысушы дәл алдындағы әріптесі сияқты өзі туралы айтып береді, сөйтіп, танысу шарасы ең соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.
- Ережелерді бекіту.
Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі. Тренингтің бастапқы кезеңінде бекітілген ережелер қатысушылардың жұмыс күні бойындағы тәртібін айқындайтын басты құжат. Мысалы, ең қарапайым ережелердің бірі - «қалта телефондарының даусын сөндіріп қою» ережесі.
Ережелерді жазу шарасын «ой ашар» («мозговой штурм») әдісімен жүзеге асыруға болады. Әрбір қатысушы қабылдайтын ережелерге қатысты өз пікірін білдіреді.
- Күтілетін нәтижелерді айқындау.
Тренингке қатысушылардың тренингтен күтетін нәтижелерін айқындап жазып қоюдың маңызы өте зор. Бұл жұмыс күнінің қорытындысын шығару үшін және қатысушылармен кері байланыс орнату үшін ең қажетті құрал.
Күтілетін нәтижелерді жазу шарасын да «ой ашар» («мозговой штурм») әдісімен жүзеге асыруға болады. Әр қатысушы өзінің семинар-тренингтен не күтетіні туралы айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz