Диатомды балдырлар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Диатомды балдырлар

Орындаған: Аханова Б. Т

БТ-407

Семей 2015

Жоспар:

  1. Балдырлар
  2. Диатомды балдырлар
  3. Қорытынды

Балдырлар

Балдырлар (лат. Algae) - төменгі сатыдағы су өсімдіктері. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз да өседі. Балдырдың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Клеткасы негізінен бір ядролы. , диктиосома, рибосома, хромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және клеткалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофиттіБалдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae), криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta) . Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі. Клеткасында Балдырға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әр түрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік, дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамия, изогамия, анизогамия, оогамия ) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір клеткалы (бұған тек хара Балдыры жатпайды) . Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды. Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір клеткалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер Балдырдан шыққан деп есептеледі. Көптеген Балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, Балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңіз, мұхит жағалауындағы Балдыр - жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смола , бензин, керосин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.

  1. Жасыл балдырлар (Chlorophyta) ө
  2. Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)
  3. Диатомды балдырлар (Diatomeae)
  4. Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)
  5. Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)
  6. Цианобактериялар немесе Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)

Жалпы белгілері:

Денесі фотосинтездеуші қабаттан (талломнан) тұрады. Барлық түрі сулы ортада тіршілік етуге бейімделген. Формалары жəне өлшемі алуан түрлі.

Жалпы белгілері:Денесі фотосинтездеуші қабаттан (талломнан) тұрады. Барлық түрі сулы ортада тіршілік етуге бейімделген. Формалары жəне өлшемі алуан түрлі.:

Chlorophyta (жасыл балдырлар) бөлімі

Фотосинтетикалық пигменттер арасында хлорофилл басым; сондықтан олар жасыл түске боялған.

а жəне b хлорофилдер бар.

Көмірсуларды крахмал түрінде сақтайды (ерімейді)

Негізінен тұщы сулы өсімдіктер

Түрлердің əралуандылығы, мысалы, бір клеткалы, жіп тəріздес, колониялы, таллом тəріздес.

Phaeophyta (қоңыр балдырлар) бөлімі

Фотосинтетикалық пигменттер арасында қоңыр пигмент басым. Ол фукоксантин деп аталады. а жəне с хлорофилдер бар.

Көмірсуларды ерігіш ламинарин жəне маннит түрінде сақтайды. Сонымен бірге майларды да сақтайды. Барлық түрі - теңіздік

Жіп тəріздес жəне таллом тəріздес, ірі болып жиі кездеседі.

Euglenophyta (эвгленді) бөлімі

Фотосинтетикалық пигменттер арасында хлорофилл басым; сондықтан олар жасыл түске боялған. а жəне b хлорофилдер бар.

Көмірсуларды парамилон түрінде с ақтайды (крахмалға ұқсайды) .

Формасы тұщы сулы

Бір клеткалы жəне қозғалады.

Целлюлозалы клеткалы қабырғаның орнына пелликула орналасқан

Көздері бар жəне пульсі соғатын вакуолдері бар.

Жалпы белгілері:Денесі фотосинтездеуші қабаттан (талломнан) тұрады. Барлық түрі сулы ортада тіршілік етуге бейімделген. Формалары жəне өлшемі алуан түрлі.:

Мысалы:

Chlamydomonas -бір клеткалы, қозғалатын балдыр

Spirogyra - балдыр

Мысалы:

Fucus- таллом тəріздес, теңіз балдыры.

Laminaria- ірі, таллом тəріздес, теңіз балдыры;

Мысалы:

Euglena

Жалпы белгілері:Денесі фотосинтездеуші қабаттан (талломнан) тұрады. Барлық түрі сулы ортада тіршілік етуге бейімделген. Формалары жəне өлшемі алуан түрлі.: Viva-таллом тәріздес теңіз балдары.

Зор шаруашылық

Маңызы зор

http://media.eol.org/content/2013/11/30/04/20992_580_360.jpg

http://origin.ih.constantcontact.com/fs186/1108194123690/img/251.jpg?a=1115479069694

Диатомды балдырлар

Диатомды балдырлар (Dіatomeae) - бірклеткалы организмдердің айрықша тобы. Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар(Вacіllarіophyta) деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп кездеседі. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі. Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 - 2000 мкм) келеді, жеке немесе шоғыр (жұлдыз, тізбек, таспа, жіпше, бұта тәрізді) құрып тіршілік етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а және с хлорофиллдерінен және қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабығы қақпағы (эпитека) бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен тең екі бөліктен құралады. Қабықтағы саңылаулар арқылы сыртқы ортамен зат алмасу жүреді. Диатомды балдырлар негізінен екіге бөліну арқылы көбейеді, яғни аналық клеткадан әр бөліктің біріне эпитека, екіншісіне гипотека өтеді де, қалған жетіспейтін бөліктер жаңадан пайда болады. Сондай-ақ жыныстық (изогамия гетерогамия, оогамия) жолмен де көбейеді. Диатомды балдырлар су түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды. Шөгінді тау жынысы диатомит, негізінен, осы балдырлардың қабықшаларынан тұрады. Диатомды балдырлар юра кезеңінен белгілі. Бұлар жалтырауық балдырлар мен сары жасыл балдырлардан шыққан деп есептеледі. Кейбір ғалымдар Диатомды балдырларды қарапайымдыларға да жатқызады. Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ өнеркәсібінде, химия, медицина, құрылыста кеңінен қолданылады. Диатомды балдырлармен су жануарлары қоректенеді.

Диатомды балдырлар бөлімі

Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Диатомды балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діңдерінің қабықтарында және т. б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем сіңеді де қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен: үстіңгі эпитекадан және астыңғы гипотекадан тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайырылған, ал белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері - поралары және бос қуыстары болады. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен - каротиноидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай осбьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуі мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі: ұсақтанған особьтар бір-бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь пайда болады. Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан тау жыныстарының қалың қабаттары - диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде - динамиттер жасауға, дыбысты және ыстықты изоляциялағанда, металлдардың бетін тегістегенде, сүзгілер жасағанда қажетті материал ретінде пайдаланады. Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылыр класы (Реnnаtорһусеае), центрикалық диатомдылар класы (Сеntгорһусеае) . Бөлімінің негізгі туысының бірі- пиннулярия . Ол пеннатылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оны екі ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалындаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземның бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті хроматофорасы болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диатомды балдырлар (Dіatomeae)
Диатомды балдырлар туралы
Диатомды балдырлар бөлімі
Балдырлар түрлері
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау
Көк-жасыл балдырлар
Балдырларға жалпы сипаттама
Микробалдырлар
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz