Үндістан және оның халқы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Үндістан және оның халқы
  3. «Үндістан» атауының пайда болуы
  4. Үндістандағы танымал өнер
  5. Үнді асханасы
  6. Үнді тарихы
  7. Қорытынды
  8. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өз еліңмен қатар дүние жүзі елдерін, оның ішінде Азия мемлекеттерін білу біздің парыз. Азия мемлекеттерінің ішінде сан жылдық тарихы, этникалық нәсілі, өзіндік салт-дәстүрі бар, Оңтүстік Азиядағы Үндістан түбегінде орналасқан- Үндістан мемлекеті.

Үндістан - өзінің мыңжылдық тарихында өне бойына қызықты оқиғалар мен таңдай елестетуге болмайтын бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады.

Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж-Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарына айналған.

\

Үндістан туралы не білесіз?

Үндістан және оның халқы:

Үндістан халқы 17 негізгі тілде сөйлеседі және мұнан бөлек байырғы тұрғындар мен заманауи тұрғындарға таныс 844 диалект бар.

Соңғы 10 000 жылда Үндістан ешбір елдің аумағына басып кірмеген.

Осындан 5000 жыл бұрын жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі көшпелілікпен айналысып, орманда өмір сүргенде Үндістан тұрғындары Харапптық өркениетті ойлап табады.

"Үндістан" атауы Инд аталатын өзенге байланысты берілген. Бұл өзен ең алғашқы қоныстанушыларды бауырына басқан көрінеді. Кейде өзен "Шинду" деп те атала береді.

Үндістан шахматтың, алгебраның, геометрияның, көптеген математиканың, гауһар тастардың, сандардың, йоганың отаны саналады.

Үндістанда басқа елдерге қарағанда почта жәшіктері әлдеқайда көп екен.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1372328643.jpg
Үндістандаға ең үлкен жұмыс беруші - Үндістан теміржолдары . Ол жерде шамамен 1 млн. -нан астам адам жұмыс істейді.

Әлемдегі ең алғашқы университет б. з. д. 700 жылдары Үндістанда салынған. Онда 10, 5 мыңнан астам студенттер келіп, алпыстан көп пәндерді оқыған екен. Ал Наланда аталатын IV ғасырда соғылған тағы бір университет білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Адамзат тарихындағы тұңғыш медицина мектебі - Аюр-веда осыдан 2500 жылы бұрын Үндістанда ашылды.

Әлемдегі ең үлкен Бейли көпірі (Гималай) Үндістан аймағында 1982 жылы соғылды.

Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды.

Үндістан адам өлтіру бойынша көшбасшылық танытып отыр. Орта есеп бойынша, соңғы жылдары онда 32 719 адам өлтірілген.

Үндістандағы қала көшелерінде сиырлар еркін жүре алады. Олар сиырды сәттілік нышаны ретінде қабылдап, қасиет тұтады.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1372328660.jpg

Үндістандағы ең дамыған әрі танымал өнер - би.

Көптеген үнді әйелдері өздерінің күйеулерінің атын атамайды. Бұл оған деген құрметсіздік саналады. Және олар күйеулеріне балаларының әкесі ретінде ғана қарайды.

Жесір атану жамандықтың белгісі, оларды әйел жақсы болса күйеу өлмес еді деп айыптайды екен. Үлкен әйелдер жесірлерді "күйеуін жеп қойған" деп айыптайды. Жесірлерге жаңа үйленгендердің қасында жүруге, әлеуметтік шаралардың айналасында жүруге тыйым салады.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1372328779.jpg

Үндістанға барар алдында сіз бен біздің келісім ретінде жасайтын "бас изеу" ишарамыз оларда керісінше жасалатындығын біліп алған жөн. Біздің "бас шайқауымыз" оларды келісімді білдіреді. Үндістер сөйлескенді бастарын өте көп қимылдатады. Мұны екі тұрғынның бір-біріне қарап отырып айтқан әңгімесінен байқауға болады.

Оларда еркек пен еркек арасындағы достық өте жақсы қалыптасқан. Олар көшеде бір-бірімен құшақтасып, қол ұстасып жүре береді. Бастапқыда көзге оғаш көрінгенімен, кейінірек, мұндай достықтың ешқандай жамандықпен байланысы жоқ екенін мойындайсыз.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1372328733.jpg

Үндістан асханасы өте дәмді әрі сондай ащы келеді. Даяшыдан бұрышсыз тағам сұрағанның өзінде, ащы тағамды қанағат тұтуға тура келеді. Олардағы ең танымал тағам - Meals (әртүрлі дәмдеуіштер қосылған күріш банан жапырағына салынып беріледі) . Үндістанда ананас, папайя, банан және мандариндер өте танымал. Алманың бағасы өте жоғары.

Үндістанда таңғы ас, түскі ас және кешкі ас уақытпен бөлінген. Таңғы асқа берілетін тағамдарды кешкі асқа әкелдіре алмайсыз. Түске ас 12-15 аралығында, сонан кейін сағат 19:00-ге дейін барлық дәмханалар жабылады.

Көптеген мекемелер ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, шағын қонақ үйлерде ақша төлесеңіз, ыстық су құйылған бөшкелерді әкеліп беріледі.

Үндістан халқы әжетхана қағазын қолданбайды.

Ыстық ауа-райының әсерінен адамдар өте ерте оянады. Сағат жетіде қала көшелері лық толы болады. Түске таман көше күрт тынышталып, сағат бестен кейін тіршілік қайта қайнайды.

Сари - ең көп таралған әйелдер киімі. Жас жігіттер футболка мен джинсы шалбар кигенді құп көреді. Ал егде жастағы кісілер лунги аталатын үлкен матаны оранып жүреді.

Тауарлардың немесе сарайлар мен саябақтарға кіру бағасы жергілікті тұрғындарға қарағанда сырттан келген туристерге қымбат айтылады.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1372328755.jpg

Бұл елде кір жуғыш машинасы бар отбасы өте сирек кездеседі. Олардың көпшілігі кірді қолымен немесе өзенге жуады.

Үндістанда бензин бағасы өте қымбат және қызметкерлердің бағасы төмен келеді.

Көптеген той-домалақтар алкогольді сусындарсыз өткізіледі, дастарханға вегетариандық тағамдар мен тәттілер қойылады.

Үндістан халқы кез келген туристің есінде мейірімді, мұқият, жомарт адамдар ретінде сақталады. Олар сізге кез келген уақытта көмек қолын соза алады.

Тарихы

Академик Н. И. Конрад «Қайта өрлеу (ренессанс) дегеніміз- әлем­дік гуманизмнің дәуірі. Ол VIII-XII ғасырларда Қытайда басталып, IX-XV ғасырларда Орта Азия мен Иран және оған іргелес жатқан Үнді­стан жерінде жалғасып, XIV-XVI ғасырларда Еуропада аяқтал­ды», деп жазады. Ал осы шығыс­тық ренессанста ислам дінін қа­был­даған түркілердің алатын орны айтарлықтай. Мысалы, X ғасыр­дың соңында түркілердің Ауған­стан, Шығыс Иран және Солтүстік Үндістанда Шығыстағы ең күшті империя Ғазнауилердің мамлюктік сұлтандығын құрғанын, сол елдерде сауданы өсіріп, экономиканы да­мытып және қала құрылысын өр­кендеткені туралы К. Э. Босворт: «XI ғасырдың басына дейін түркі­лер Египеттің шығысынан Үнді­станға дейінгі жердегі барлық мұ­сыл­ман елдерінің әскери және мем­лекеттік мекемелеріне терең еніп кетті» дейді.

Көне мәдениет бесігінің бірі -Үндістан тарихында түркілер ізі тай­ға таңба басқандай анық көрі­не­ді. Тіпті Үндістандағы көршілері танып, олармен дипломатиялық қа­тынас орнатқан алғашқы мемлекет - Дели сұлтанатын да осы Ғазнауи түркілер құрапты. Ал атағы шар­тарапқа тегіс тараған Ұлы Моғол империясының негізін қалаған 1483 жылы Ақсақ Темірдің баласы Омар Шайхыдан туған Бабыр болса, Ба­бырдың шешесі - Құтлық Нигар ханымның өзі Моғолстан ха­ны Жү­ніс­тің қызы болатын. Бабыр және қазақ тарихының шамшырағы Мұ­хаммед Хайдар Дулатидың шешелері - бірге туған, апалы-сіңлілі адам­дар еді. Демек, Бабыр мен Мұ­хаммед Хайдар бөле болып келеді.

1494 жылы Омар Шайхы қай­тыс болғанда, Ферғана әмірінің ба­л­асы Бабыр небары 11 жаста бола­тын. Осылайша Ферғана әмірлігіне жасөспірім кезінен кіріскен Ба­быр­ға қарсылас-бақталас та, тақталас та көп болатын. Алдымен әкесінің інісі Самарқан әмірі Ахмет мырза көз алартса, бір жағынан екінші бір туы­сы Жиһангердің де Ферғана әмір­лігіне таласқысы келетін. Осын­дай кезеңде қаһарымен жаһанды қай­мықтырған Ақсақ Темір құрған алып империя әлсіреген тұста тарих сахнасына тағы бір тұлға келген болатын. Ол - Дешті Қыпшақ ханы Әбілхайыр тұқымы Мұхамед Шайбани еді. Міне, осы Шайбаниден же­ңіліп, Ферғанадан ығысқан Ба­быр алдымен Кабулды алып, Ба­дах­шанға қоныс тебеді. 11-12 жа­сы­нан ат үстінен түспеген Бабыр Үнді­стан­ға билік жүргізуге дайын­дала­ды. 14 жыл әскерін қайта құ­рып, зең­біректер жасап, соғыс так­ти­ка­сын жетілдіре береді. Осылай­ша, 1526 жылдың қарашасында 12 мың кісілік қолымен Пенжабқа, одан Делиге аттанады. 1526 жылы сәуір айын­да тағдыр шешкен ұрыс бо­лып, Дели сұлтаны Ибрагим Лоди­дың 40 мың әскерін жеңеді. Тарихта Ұлы Моғол империясы атанған мемлекет бастауы осы жыл­дардан алынады.

Үш ғасыр бойы үнді мәде­ниетінде түркілік өрнек салған Бабыр ұрпақтарының ізін Үндістан астанасы Дели шаһарынан молы­нан табасыз. Делиге келген адам соқпай кетпейтін қасиетті бір жер бар. Ол - Бабыр баласы Хумаюн (Ғұ­майын) жерленген кесене. Хумаюн тағдыры да қайталанбас тағ­дыр. Бабыр өлген соң 9 жылдан кейін ауған әскери басшысы Шерхан Делиді басып алып, Хумаюн 16 жыл бойына Пәкстанды кезуге мәж­бүр болады. Сол жерде 1542 жы­лы Үндістан тарихында ұлы Ак­бар атанған баласы дүниеге келеді. Араға жылдар салып Қызыл­бас шахының қолдауымен 1555 жылы Дели мен Кабулды қайтып ала­ды. Ертеден жеткен әфсана бо­йынша, 1556 жылы қолында ұста­ған кітаптары бар кітапхана бас­пал­дағымен түсіп келе жатқан патша құлағына азан үні шалынады. Намазға асығып, баспалдақтан жедел түсемін деген Хумаюнның ая­ғы тайып кетеді. Сөйтіп, басы жа­рылған патша бірнеше күннен кейін қайтыс болады. Тағдырдың бұй­рығы деген осы шығар, көзі тірісінде осы жерге кесене тұрғы­за­мын деген ойын оның жесірі Хамида-Бегім іске асырады. Кесене­нің 7 метрлік биік іргетасының өзі тастан қашалған өрнек. 47 метр биіктікке құлаш ұрған қызғылт тастан тұрғызылып, мәрмәр таспен әдіп­телген Хумаюн кесенесінің ай­на­ласындағы гүлзарлар, хауызд­ар мен саябақ ертегідегі иранбақтай елестейді. Хумаюн жесірі 8 жыл бойына тұрғызған ғимарат бұл күндері ЮНЕСКО қорғауына алынған.

Үндістан күні әуе айналғандай күйіп тұр. Біз Делиге түскен күн­нің ертесіне түс мезгілінде ауа тем­пературасы 52 градусты көрсет­кен-ді. Ал Хумаюн бағының іші ыстық­тан қашқан адамға сая болатындай. Жалпы үнділіктер үшін көпшілік демалатын орындықтар деген өте шартты ұғым. Кез келген ағаш көлеңкесі оларға демалатын орын, тіпті жататын, өмір сүретін тұрақ бола береді. Хумаюн кесенесінің ма­ңайы да осындай адамдарға то­лы, тамақтарын жеп, сусындарын ішіп, балаларын ойнатып отырған жұртшылық. Үндістанда тағы бір аңғарғаным, мұндағы кез келген та­рихи, мәдени ескерткішті тамашалау құны өз азаматтарына арзан, ал шетелдіктерге одан 5 есеге дейін қым­бат болады екен. Содан да болар, кедейлері қаптаған елдің өзінде осындай орындарға келушілер қа­ра­сы көп-ақ. Арнайы экс­курсиялар жүйелі түрде ұйымдас­ты­ры­латын бол­са керек, тарихи орынға топ-тобымен кіріп жатқан үнділіктер.

Енді қызыл тастан көтерілген көздің жауын алатын Хумаюн кесенесіне оралайық. Орталық залда мұ­сылман үлгісінде Хумаюнның мәң­гілік тыныстаған зираты бар, жа­нын­да екі әйелі мен қызы ал кесене сыртында Шах Жаханның балалары жатыр. Тәж Маһалдай махаббаттың өлмейтін сәулет дастанын салған әкесі Жаханшахтың өзін дүниеден оз­ғанша мырзақамақта ұстаған Ауренгзеб бауырлары Дара, Мурад, Шуд­жаны таққа таласады деп өлті­ріп қана қоймай, бабаларының кесе­не­сінің ішіне кіргізбей, жанына сырт­қа жерлепті.

Хумаюн соңына кесенесімен қа­тар Үндістан тарихында Ұлы Ак­бар атанған 13 жасар ұлын қал­дыр­ды. Балалық шағы әкесінің тақ­тан тай­ған тұсына, мехнат шегіп, кезіп жүр­ген кезіне сәйкес келген Әкбар не оқи, не жаза білмейтін. Бірақ табиғатында, тегінде бар тектілік оны көрсоқыр етпейді. Әде­биетті талғай білетін, сәулет өнерін кеудесіне ұялатқан, меценат Әкбар ешбір дінді кеудесінен итермейтін. Ол өзі­нің бай кітапханасындағы 24 мың­нан астам манускриптерді дауыстап оқытатын болған. Рухани әлемі кең ұлы патша қарамағындағыларды мұ­­сылман, индус деп бөлмей, тұң­ғыш рет мұсылман еместерден бас­қа дін өкілі болғандықтан төлей­тін қо­сым­ша алым- джизді алдырып тастайды және әскерде қызмет ету мен мемлекеттік билікке мұсылман еместерді тартуға болмайды деген талапты да жояды. Оның даңқты қолбасшыларының бірі - Раджа Синх индус болатын.

Осындай көптеген игі істерімен ха­лық жадында қалған Акбар есіміне ұлы деген атау тіркеліп айты­лады. Сонау ықылымнан келе жатқан Үнді­стан тарихында екі падишаға ғана ұлы есімі берілген. Бірі - ұлы Акбар және ұлы Ашок.

Ал Акбарға қарама-қарсы тұл­ға, ол 50 жылдай елді дара билеген Аурангзеб еді. Акбар немересі, Шах Жа­хан баласы Аурангзеб Үн­ді­стан­ды мықты билегенімен өте қата­л болады. Мұсылман еместерге салық төлеткен ол салықтан қашқан индустар ислам дінін қабылдайды деп ой­ласа керек. Аурангзеб өте қара­па­йым өмір кешеді. Шарап ішпей, сиыр етін жемей, оразасын қалт жібермей, кедейлер сынды қара су мен нанды қанағат тұтқан патша қайыр-садақаны молынан үлестіретін бол­ған. Ауренгзеб өлгеннен кейін Ұлы Моғол империясының басынан бағы тая бастайды. Ана жерден, мына жерден бас көтерген индустар империядан бөлініп, ұсақ-ұсақ кінәз­діктер пайда болады.

Делиге келген адам міндетті түр­де қызықтайтын тағы бір сәулет ескерткіші, әрі тарихи орын - «Лал-Кила» немесе Қызыл қамал. Іргетасы 1639 жылдың 16 сәуірін­де қаланған Қызыл қамал құрылы­сы 1648 жылдың дәл 16 сәуірінде аяқталыпты. Тәж Махалды сал­дыр­ған Шах Жахан бұйрығымен қолға алынған қамалдың ұзынд­ы­ғы 2, 5 шақырым болса, биіктігі Джамна өзені беткейінде 16 метр, ал қала жағында 33 метрге жетеді екен. Қамал ішіндегі сәулет ескерткіштері әсемдігімен, өрнектелген тас кестесімен көз тартады. Ақ түс­ті, қызыл түсті мәрмәр тастардан қаланған ғимараттың бірнеше залы бар. Бірі - шахтың жеке адам­дарды қабылдайтын орны болса, енді бірі - елшілермен, уәзір­лері­мен кеңесетін залы. Бұл залдың едені мәрмәр, ал төбесі күміспен көмкерілген. Шах Жахан бұйры­ғы­мен дәл осы зал үшін «Тауыс та­ғын» жасатады, асыл тастармен безендірілген бұл таққа шеберлер 7 жыл еңбектенеді. Әрқайсысы жүз­ден асатын лағыл, зүмірет, көк ла­ғыл, маржан сынды асыл тастар жарқ-жұрқ етіп көрік берген бұл тақ кезінде тағы бір қорасандық түр­­кі Нәдірқұл шаңырағында туып, Иранды билеген Нәдір шах­тың олжасы болады.

«Егер жер бетінде жұмақ болса, онда ол дәл осы жер» деп жазы­лыпты осы залға өтетін Кал-а Мү­ба­рәк иін қақпасында. Қамал ішіндегі саябақтар мен гүлзарлар Хумаюн кесенесін көзіңіздің алдына келтіреді. Айырмасы мұнда падиша отбасына арналған хамам мон­ша­сы мен ақ мәрмәрдан өрілген, күмбездері қара мәрмәрдан жасал­ған «Маржан мешіті» сынды өзге де сәулет ескерткіштері бар. Мешіт падишаның өз отбасына, сарайдың жоғары дәрежедегі лауазым иелеріне арналып салыныпты. Ал қамал сыртында «Джамма мешіті» тұр. Ол үнділіктерді ислам дініне көп­теп тартуды көздегендіктен, қала тұр­ғын­дарына арнап салыныпты. Кы­зыл қамалдан шыққан туристер бір мезгілде 2500 адам намазға тұ­ра­тын осы мешітті бетке алады екен.

Үндістанды ауызға алғанда исі қазақтың есіне түсер бір ерекше есім бар. Ол - Мұхамед Хайдар Ду­лати. Жетісудағы Дулат әмір­лері­нің ұрпағы, Моғолстан билеушісі Жүніс ханның жиені, Ба­быр­дың бөлесі, «Тарихи Рашиди», «Жа­хан­на­ме» дастанының авторы. Ғұлама ғалым әкесі Мұхамед Құсайын Шай­бани ханның қолынан қаза болған соң нағашысы Қашқар ханы Сұлтан Саид ханның, одан кейін бөлесі Бабырдың қасына келеді. Ал Бабыр өзінің атақты «Бабырнаме» атты мемуарлық кітабында Дулатидың ақындық талантына, білімділігіне, садақ жебесін жасаудағы шеберлігіне аса жоғары баға береді. 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көме­гі­мен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемлекетке өзі жеке- дара билік жүргізген халқымыздың даңқты перзенті 1551 жылы сонда­ғы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады. Бірақ оның артында мәңгілік өлмейтін мұра қалды. Оның еңбегі талай тарихи зерттеулердің тұнық та мөлдір бас­тауы болып келеді десек, үш ғасыр бойына Үндістанға билігін жүргіз­ген түркі әулетінің билік құру мезгілі Баһадүр шахпен тәмамдалады.

Өкінішке орай, Әмір Темірді де, Бабырды да қазір өзбектер дара иеленіп жүр. Ал негізінен алғанда барлас деген рудың өзі түркіленген моңғолдықтар еді. Өзбектерде барлас деген ру болмаған. Бабыр бар­лық түркілерге ортақ тұлға. Деректерге зер салсақ, оның әскерінің құрамында болған тайпалар қазіргі қазақ рулары екендігі айқын.

Біздің қасымызда тәржімашы боп жүрген гидымыздан моғолдар­дан қалғандар бар ма деп сұраған­быз. Сонда ол өздерін найман­дар­мыз дейтіндер бар, бірақ олар қу тақыр кедейлер деп жауап берді. Ал Үндістандағы қу тақыр кедей­дің өмірі адам айтса нанғысыз, мүлде бөлек әлем. Олар көшеде жатып, көшеде туады, сонда өседі. Бірде көлік ішінде отырып, сондай отбасының тірлігін бақылағаным бар. Сыртта 45 градус ыстық. Міне, ағаш көлеңкесінде бір ер адам ұйықтап жатыр. Қасында 3-4 ай ша­масындағы баласын ұстаған әйел нәресте денесіне әлдеқандай сұйықтық жағып отыр. Олар отыр­ған маңайда жасы 4-5 және 2 жас шамасындағы жалаңбұт ұл мен қыз жүр. Бір кезде орнынан тұрған әйел күннің көзінде тұрған легенді қасына алып келді де сәбиін жуын­дыра бастады.

Осылайша шаруасын ыңғайлап алған соң ол енді қайыр сұрауға кірісті. Негізі үндістандықтар үшін сыр­т­қы бейнедегі тазалықтың пәлен­дей рөлі жоқ, бастысы - адамның ішкі әлемінің тазалығы көрінеді.

Үнділіктердің ішкі жан сарайы­ның тазалығына мән беруінің сы­ры олардың діни ұғымдарында жа­тыр. Мәселен, Үндістандағы джай­нистердің «ахимса» ұстанымы бо­йынша тірі жәндікке залал келтіруге болмайды. Джайнистер «шветамбар» және «диагамбар» деп бө­лінсе, осының диагамбар тарма­ғын­дағылар ауыздарына дәке байлап жүреді. Себебі, ауызға көзге ілінбейтін кішкентай да шіркей кір­месін дейді. Тіпті осы диагамбарлар табан жолдарын сы­пыр­ғыш­пен сыпырып, ауыздарын бай­лағанымен қоймай, үстеріне лыпа кимейді екен. Жалпы үнді­лік­тер үшін ажал еш қорқынышты емес. Өлген соң қайтып өмірге келетіндеріне олар кәміл сенеді. Сон­дық­тан да болар, жол қозға­лыс­тарында әл­дебір апатқа ұшырап қаламын деп те қорықпайтын сы­ңай­лы. Олай дейтініміз, екі аяқты шағын мопедке әйелі мен екі бала­сын отыр­ғы­зып, біресе олай, біресе бы­лай зулап бара жатқан үнді­ліктерде есеп жоқ. Күйеуінің ар­тын­да еу­ропалық әйелдердің атқа отырған тәрізді бір қырын отырып-ақ екі баласын құшақтап, зулаған көлікте ұшып бара жатқан әйел де еш қаперсіз. Оқта-текте көзіңіз түсіп кетсе, сізге қолын бұлғап, күліп те қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан
Үндістан елінің экономикалық-географиясы
Үндістанды "ашайық"
ШЕТЕЛДІК АЗИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы
Үндістан туралы
Үндістан Республикасы туралы мағлұмат
Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестердің негізгі бағыттары мен идеологиясы
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының құрылуы
1950 - 1980 жылдардағы КСРО-ның халықаралық қатынастар жүйесіндегі Үндістанмен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz