Азаматтық құқық туралы мәлімет
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .Ошибка! Закладка не определена.
1 Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлері
1.1Жеке тұлға. азаматтық құқықтың субъектісі 4.
1.2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ... 6.9
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.12
2 Заңды тұлға ұғымына жалпы сипаттама
2.1Заңды тұлғалардың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.14
2.2 Заңды тұлғалардың түрлері 15.16
3 Кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқық субъектісі ретіндегі ролі
3.1 Кәсіпорын. сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі ... 17.37
3.2 Бірлескен кәсіпорындардың заңнамалық базалары ... ... ... ... ... ... ... ... .37.40
3.3 Кәсіпорындарды дамытудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ..40.44
3.4 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45.56
Қорытынды ... ... ...57.60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61.62

Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Жалпы бөлімі, 27.12.1994ж (өзгертулер мен толықтырулармен).
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. –Алматы: Юрист, 2002ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Жалпы бөлімі, 27.12.1994ж (өзгертулер мен толықтырулармен).
4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, Юрист, 1999 ж.,521б.
5. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы, 26.12.2011ж.
6. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 ж., 786 б.
7. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, Алматы, жеті жарғы, 2003ж., 632 б.
8. Виненевский А.А., Гражданское право, Москва, 1995г., с.726.
9. Жамен С, Лакур Л, Торговое право, Москва, 1993г., с.415.
10. Зиманов З.С., Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов, Алматы, Жеті жарғы, 1989г., с.823.
11. Төлеуғалиев Ғ.И., Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы, Жеті жарғы, 2001ж., 685б.
12. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Жалпы бөлімі, 27.12.1994ж (өзгертулер мен толықтырулармен)
13. «Шетелдік инвесторлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 23.12.1994ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .Ошибка! Закладка не определена.
1 Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлері
1.1Жеке тұлға- азаматтық құқықтың субъектісі 4-
1.2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ... 6-9
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-12
2 Заңды тұлға ұғымына жалпы сипаттама
2.1Заңды тұлғалардың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-14
2.2 Заңды тұлғалардың түрлері 15-16
3 Кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқық
субъектісі ретіндегі ролі
3.1 Кәсіпорын- сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың
субъектісі ... 17-37
3.2 Бірлескен кәсіпорындардың заңнамалық
базалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..37-40
3.3 Кәсіпорындарды дамытудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... .40-44
3.4 Кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметінің
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45-56
Қорытынды ... ... ...57-60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61-62
Кіріспе
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында
әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып
барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық
экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық
жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз
мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық
жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық
қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп
отыр.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді
қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде құқықтық
реформалар біздің еліміздің заңгерлерінің әмбебаптығын, терең білімділігін
талап етуде.
Біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі-оның бүгінгі күнге дейін
республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай
келе жатқандығында. Зерттеу жұмысының объектісі-мемлекеттік кәсіпорындар,
ал, зерттеу пәні сол мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық қатынас
барысында пайда болатын қызметтері. Өйткені, ғалымдарымыз көбінесе
нарықтық экономиканың тұлғаларын зерттеуден гөрі олардың іс-әрекеттеріне
(шарттар, мәмілелер т.с.с.) көбірек ден қоюда. Бұл диломдық жұмыстың
мақсаты – азаматтық құқықтардың субъектілері нені қамтиды, олардың түрлері
қандай және олардың айырмашылықтарын қарастыру. Аталған мақсатттарға жету
үшін келесі міндеттерді шешуге тырыстым:
1. Жалпы азаматтық құқықтық қатынасқа толықтай сипаттама беру;
2. Азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуші субъектілерге толықтай
сипаттама беру, сол арқылы олардың азаматтық-құқықтық қатынаста
атқаратын қызметтерін анықтау;
3. Азаматтық құқықтық қатынастың маңызды бір субъектісі-кәсіпорындар
ұғымын, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды толықтай ашу;
4. Олардың азаматтық-құқық субъектісі ретінде алатын орны мен
атқаратын қызметтеріне толықтай сипаттама беру.
Әрине, отандық цивилистиканың даму сатысында мұндай құбылыстың белең
алуы өз кезегінде орынды да шығар. Зерттеу жұмысымның теориялық және
тәжірибелік негізі болып отандық және шетел ғалымдарының еңбектеріне
сүйендім. Атап айтсақ, заңгер-ғалым Ғ. Төлеуғалиевтің Азаматтық құқық,
сонымен қатар баспадан 2003 жылы жарық көрген Ғ. Жайлиннің Азаматтық
құқықтың Ерекше бөлім атты оқулығы мен жаңадан енгізілген Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодекстері көп көмектесті.
Зерттеу жұмысым негізінен үш тараудан, сондай-ақ кіріспеден және
қорытындыдан тұрады.

1.1 Жеке тұлға- азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің
қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық
туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте
ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін
жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық
субъектілері" деп немесе "тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан
алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық
өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады.
Бірақ, әртүрлі топтар мен түрлерге орай субъектілердің мазмұны біркелкі
бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субъектілердің
Азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек.
Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала кететін болсақ, оларды 3
деңгейге бөліп қарастыруымызға болады. Қазақстан Республикасының
азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар немесе шетел азаматтары.
1.Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының
азаматтарына он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін
алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.
2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар.
3.Басқа мемлекеттің азаматтарына тоқталатын болсақ, Қазақстан
Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде
жүрген шетел елшілерін айтамыз. Олардың
- Республика аумағына қайтып оралуға;
- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға
дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды
тұлғалар құру;
- заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасалып,
міндеттемелерге қатысу;
- өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік
құқығы болуға;
- материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге
құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. Азамат
тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп
танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы
азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының
немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады. Азаматтардың есімі.
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа, әкесінің атын қоса, өз
атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Заңдар
бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге
асыратын жағдайлары немесе бүркеншек ат пайдаланатын реттері көзделуі
мүмкін. Азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту
азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша
тіркелуге тиіс. Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп
бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын
немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе
өзгертуге негіз болмайды. Азамат өзінің болышқорлары мен несие берушілеріне
өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға
міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер
болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді. Есімін өзгерткен азамат
өзінің бұрынғы есіміне ресімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін
талап етуге құқылы. Басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер
иеленуге жол берілмейді. Азамат өз есімі оның келісімінсіз пайдаланылған
жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы. Азаматтың есімін заңсыз
пайдалану нәтижесінде оған келтірілген заңға сәйкес өтелуге тиіс.
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері ең алдымен адамдар
(жеке тұлға). Әрбір адам құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің
басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл ұжымдар, толып жатқан ұйымдар,
кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып
табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар
мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар
және Заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз Қазақстан
Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды,
кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі
1. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық
қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның
14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды[1].
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық
қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық
кодекстің 13-бабында азаматтарды құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін
тең дәрежеде екендігі танылған[2]. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің
теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға
берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қалды деуге болмайды. Азаматтардың
бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді; машинаны)
мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенді Заңда бұл
орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға
тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық
қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол
берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған:
"Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды"[3].
Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың
қылмыс жасау негізіңде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі
мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай)
айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі
қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша
сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық
басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды.
Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да Заңды
жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты
болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни
оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және
т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай
шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей
тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік
мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің
мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен
міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл
мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де,
одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге;
мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-
тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін
шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа
азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң
құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге
қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,

құқығы болуға; материалдық және моральдық айыбының орнын толтыруды талап
етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады"[4,35б].
2. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни
ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып
есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені,
ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала
тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да
өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай
кезде шетінегеніне қарамастан туылғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде
іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның құқық субъектісінің өлуімен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
(жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік
құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін
факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал
актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және
психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз
әрекеттерімен Азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі
үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып
табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен
ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл
дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның
өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға
тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы
мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен
міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс.
Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет
қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік
болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке
толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-
бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін
некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған
кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда
"Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат
етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда Мемлекеттік тіркеу орны
бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан
аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін[5].
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық
емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне
байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола
тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне
міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау
қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау
жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің 17-бабының 1-
тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық Құқық айналымына толық құқылы
қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие
болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азамат өзінің
әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша
айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке
толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты.
Заң мұндай тұлғаларды екі топка бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен
18 жас аралығындағылар; ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас
балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше
ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай
мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап
алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;
- ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген
жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды
өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына
салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай
мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе
қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда
кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге
тиіс (АК-тің 22-бабының 1-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің
келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері
көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген
зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның
тиісті бөлігін, онын ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы
өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін,
сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы
жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда
өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай
береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтың кодекс белгілі бір
мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды.
АК-тің 23-бабының 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай
салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды
жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет
қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына
алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-
анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет
қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де
кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен
ғана жүзеге асыра алады. (АК-тің 27-бабы).
Ал, азамат, айталық жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып,
нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет
қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде
азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны
әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.
2 Заңды тұлға ұғымына жалпы сипаттама
2.1 Заңды тұлға түсінігі
Өз құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар
мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады[6;121бет]. Заңды
тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы
жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
Жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізіңде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының
түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі
болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл
арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды
басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының
мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын
құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы);
2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер Заңды тұлғаның
банкрот болуы құрылтайшының әрекетінен туған болса, Заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-
тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-
бабы 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің
кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі
жауапкершілігі (АК-тің 94-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік
міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабы 1-тармағының 2-
бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-
құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
2.2 Заңды тұлғалардың түрлері
Азаматтық кодекс Заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес[7,56б].
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым заңды тұлға ретіңде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік,
қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі және заң
актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес
ұйымдар туралы заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық
мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер
қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық; емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша
кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері
(қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға
жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын
қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды
тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге
заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында
немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан
мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз
қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік
кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы
болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық
капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға
болмайды, себебі "коммерциялық, емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге
де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).
3 Кәсіпорындардың сыртқы сауда айналымындағы құқық субъектісі
ретіндегі ролі
3.1. Кәсіпорындар- сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың
субъектісі
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес
өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық
жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі
нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу
мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім (тауар) өндіреді, жұмыстарды
орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да
мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық
есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған
және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген
шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес
жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті
төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын
иеленеді. Тіркеу үшінқұрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе
құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды
ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге
де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде
кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері,
бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, ш икізат, өнімдер, талап
құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін
қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар
белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей
көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің
немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға
құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ
филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған
бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке
және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның
құрылтайшылары бола алады[8,68б]. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке,
мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым
меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын,
серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерл ік қоғам,
мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық
экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін
кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын –
серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын
кәсіпорындар, консорциумдар, биржал ар, коммерциялық банктер құрудың
тиімділігі айқындала бастады
Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;
2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын)
кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:
1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындар;
2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк
кәсiпорындар болып бөлiнедi.
3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес
мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн
құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып,
Қазақстан Республикасының заңымен белгiленедi. Мемлекеттiк кәсiпорындардың
алдына қойған келесідей мiндет-мақсаттары болады[9,85б]:
1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам
мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық
мiндеттердi шешу болып табылады:
1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету
және қоғам мүддесiн қорғау;
2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз
қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi
қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттiк монополияға, жатқызылған немесе бақылау және қадағалау
функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы
қызметтi жүзеге асыру.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекітеді. Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың
атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк
құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк
етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттік орган
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орындайды.
Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан
Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылады. Коммуналдық
меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты
функцияларын тиiсті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімдігі жүзеге асырады.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөліністің әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен
қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттік берген атқарушы орган коммуналдық
мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын -
Қазақстан Республикасы Үкiмет белгілеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы
органның шешiмi бойынша құрылады. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы
уәкiлдi орган болады. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға,
егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша Заңның 18-бабында айтылған
талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.
Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша
Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.
Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік
кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға
қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап
құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады. Мемлекеттiк
кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта
тiркеу туралы заң актілерінде көзделген жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын
қайта тiркеуге жатқызылады[10,101б].
Жарғы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып
табылады. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттік басқару органының
ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi.
Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық
атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған
жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi,
кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртiбi, кәсiпорынды қайта
ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-
ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен
оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда
заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн. Мемлекеттiк
кәсiпорынның фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттiк меншiктiң қай түрiне
(республикалық немесе коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы
көрсетiлуi керек. Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында
оның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуi тиiс.Мемлекеттiк кәсiпорынның
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және фирмалық
атауы бар мөрi болады.
Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау
функцияларын беруге жол берілмейді.
Мемлекеттік кәсіпорынға өз Жарғысында көрсетілген қызметінің нысанасы
мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді
жасауына тыйым салынады. Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет
мақсатына қайшы жасаған мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның
құрылтайшысының (уәкiлдi органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы
мүмкiн. Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет
жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгіленген ретпен
тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады.
Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға:
1) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға;
2) мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын,
оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi
мен тәртiбiн қарауға және бекітуге;
3)уәкілетті органға тиiстi есепті ол белгілеген мерзiмде табыс ете
отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы
көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға;
4)Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және
қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарының
бiрiншi басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi
белгілейтін тәртiппен басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан
өткiзуге;
5)мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және
сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
6)осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк
құқықтық актiлерімен өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер
бойынша шешiмдер қабылдауға өкілеттіктері болады[11,96б].
Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттiк басқару органына
есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады. Мемлекеттік басқару
органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. Еңбек шартында,
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген талаптардан басқа,
кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы
аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтерді уақтылы
табыс етпегені үшін жауапкершілігі айқындалады. Кәсiпорын басшысы меншiк
иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттiк басқару органының алдында
кәсiпорындағы iстiң жай- күйі үшін тiкелей жауапты болады. Кәсiпорын
басшысы жеке дара басшылық жасау принциптерi бойынша iс-қимыл жасайды және
кәсiпорынның барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасы Заңы мен кәсiпорын
жарғысы белгiлеген құзыретiне сәйкес дербес шешедi. Басшы кәсiпорын атынан
сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсiпорынның мүддесiн
бiлдiредi, Заңмен белгiленген шектерде кәсiпорынның мүлкiне өкiмдiк етедi,
шарттар жасайды, сенiмхат бередi, банкiлiк есеп-шоттарын ашады және өзге де
мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады
және нұсқаулар бередi. Басшы өз құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына
сәйкес қызметкерді кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын
бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады. Басшының
ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе
лауазымнан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның
жарғысында белгiленедi. Басшының орынбасарларын кәсiпорын басшының ұсынысы
бойынша мемлекеттiк басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады. Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да басшы
қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi. Басшының орынбасарлары
өздерiнiң құзыретi шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды, оны
мемлекеттiк органдарға және басқа кәсiпорындарға танытып бiлдiредi,
шаруашылық операцияларын және сенiмхатсыз шарттар жасап, сондай-ақ
кәсiпорын қызметкерiне сенiмхат бере алады. Кәсiпорынның мүлкiн құны
кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлетiн кәсiпорынның барлық активтерi
құрайды.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер,
пайлар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге
болмайды.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi:
1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң;
2)өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай
табыстарды қосқанда);
3) заңдармен тыйым салынбаған өзге де қаражат негiздерiнiң есебiнен
қалыптастырылады.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық
жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ оларға
тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға
құқығы жоқ. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi
алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорынға кейіннен
мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстаудың
және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерiн белгiлеуге құқылы. Заңдарда
белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорынды республикалық иелiктен
коммуналдық иелiкке бергенде немесе керiсiнше iстегенде, не мемлекеттiк
басқарудың бiр органының бағынысынан басқа бiр органның бағынысына берген
кезде ондай кәсiпорын өзiне тиiстi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығын
(жедел басқару құқығын) сақтап қалады. Мемлекеттiк кәсiпорын тұтас алғанда
мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады және мемлекеттiк
меншiк құқығының объектiсi болып табылады. Мүлiктiк меншiк ретiнде
кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi,
оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат,
өнiмдер, жер учаскесiне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ
оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар
белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтар енедi.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас мүлiктiк
кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (кепiлге беру, жалдау және басқалары)
жасауы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық
кәсiпорын жөнiнде - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге
асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорын үшiн мемлекеттiң тапсырысын орындау
мiндеттi болып табылады. Егер бұл шарттар мемлекеттiң тапсырысында
көзделген болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстар атқаруды, қызметтер
көрсетудi) сатып алушы немесе сатушы ретiнде шарттар жасаудан бас тартуға
құқығы жоқ. Мемлекеттiң тапсырысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын ұсыну нысандары мен түрлер бойынша медициналық көмек көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, кәсiпорынға мемлекеттiк басқару
органы арқылы жеткiзiледi. Мемлекеттiң тапсырысында қамтылмаған өнiмдердi
(жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) кәсiпорын өз бетiмен сатады.
Заңдарда тыйым салынған, оның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге
асырудан кәсiпорынға түскен табыс, сондай-ақ сатылатын тауарлардың
(жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудiң) бағасын көтеру нәтижесiнде
түскен табыс Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен
республикалық немесе жергiлiктi бюджетке алып қойылады. Кәсiпорын
мемлекеттiк органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне, оған қоса ол уәкiлдi
органның кәсiпорын пайдасын алып қоюға, мүлiктi қайта бөлуге, мемлекеттiң
тапсырысын беруге, кәсiпорын шығаратын тауарларға (жұмыстар атқаруға,
қызметтер көрсетуге) баға қоюға байланысты жасаған, сондай-ақ кәсiпорынның
құқығы бұзылатын басқадай iс-әрекеттерiне белгіленген тәртiп бойынша сотқа
шағым жасауға құқылы.

шешiмiмен, ал коммуналдық кәсiпорын - жергiлiктi атқарушы органның
шешiмiмен қайта ұйымдастырылады және таратылады. Кәсiпорын азаматтық
заңдарда көзделген басқа негiздемелер бойынша да таратылуы мүмкiн.
Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды, егер Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша
мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады. Таратылған кәсiпорынның кредит
берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн уәкiлдi
орган қайта бөледi. Таратылған кәсiпорынның ақшасы осы кәсiпорынның кредит
берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалатын мүлкiн сату
нәтижесiнде түскен ақша қаражатымен қоса тиiстi бюджеттiң табысына
есептеледi. Мемлекеттiк кәсiпорын жекешелендiру туралы заңдарда белгiленген
тәртiппен жекешелендiрiледi.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай
қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн:
1) қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын,
әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның
приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық
құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму);
2) уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан
жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату;
арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан
асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату;
3) дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын,
медициналық жабдықтар мен құрал-сайман жасау және сату;
4) энергиямен, жылумен, сумен жабдықтау, желiлiк көлiк, байланыс,
коммуникация, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында,
республикалық және жергiлiктi инфрақұрылымда тiршiлiкте қамтамасыз ететiн
басқа жүйелерде өзiнiң табиғи монополия жағдай мен әлеуметтiк экономикалық
маңыздылығы жағынан тiкелей мемлекеттiк басқаруын қажет ететiн шаруашылық
қызметiн жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген мiндеттерiн
жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының
бiр бөлігі болып табылатын;
6) заңдарда қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік
автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің желісін ұстау
мен дамыту;
7) почта байланысы мен телекоммуникация, жалпыреспубликалық және
халықаралық байланыс желілерін пайдалану;
8) денсаулық сақтау, ветеринария, табиғатты қорғау, білім беру,
әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет, туризм және спорт саласындағы
өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
9) бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметі
саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
10) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге
асыру;
11) жер кадастрларын, Қазақстан Pecпубликасының нормативтік құқықтық
актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізуді қамтамасыз ететін қызметті
жүзеге асыру;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiн
қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, бірегей және сирек
кездесетін ландшафтарды, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және
пайдалану саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру[12]. Мемлекеттiк
органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн
көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру
мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар құруға
тыйым салынады. Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi
ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету
құқықтарын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және
өзге де заң құжаттарында белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк
кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады. Егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi бола
алады. Кәсiпорынның қарамағында тек өзiнiң жарғылық мақсаттарында көзделген
қызметтi қамтамасыз ету үшiн қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi ретiнде
алынған мүлiк қана бола алады.
Кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы
белгiлейдi, бiрақ оның мөлшерi кәсiпорынға берiлген мүлiктiң жалпы құнынан
аспауы керек және кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап
белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10.000 кем болмайды. Жарғылық
капиталдың мөлшерi кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi. Жарғылық капиталды
меншiк иесi (құрылтайшы) кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеуден өту қарсаңында
толық құруға тиiс. Жарғыда көрсетiлгендей кәсiпорын резерв капиталын
қалыптастыруға мiндеттi және ол жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем
болмауы керек және резерв қорының белгiленген дәрежесiне жеткенге дейiн өз
билігінде қалған таза кiрiстің кем дегенде 5 пайызын осы мақсатқа жұмсауы
керек. Резерв капиталының қаржысы тек қана шығынды жабуға, бюджет алдындағы
мiндеттемелердi орындауға, мемлекеттiк кредиттердi өтеуге және кәсiпорынның
басқадай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда сыйақы (мүдде) өтем төлеуге
жұмсалады. Егер кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заң
актiлерiнде жарғылық және резервтiк капиталдардың өзге тәртiптерiн
қалыптастыру мен мөлшерлерi белгiленген болса, онда кәсiпорындар оларды осы
актiлерде көзделген мөлшерлерде құрады, бiрақ ол осы баптың 1-тармағында
көрсетiлгеннен кем болмауы керек.
Мүлiктi құрылып қойған мемлекеттiк кәсiпорынға бекiту туралы меншiк
иесi (уәкiлдi орган) шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу
құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң (уәкiлдiк органның) шешiмiнде
өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына
бекiтiп берген сәттен бастап пайда болады. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi
пайдаланудың жемiсi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе
өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығына ие болуға арналған
заң актілерінде белгiленген тәртiппен кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне
келiп түседi. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға
арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк
иесiнiң (уәкiлдi органның) шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен
қайтарып алынған жағдайларда тоқтатылады. Заңды жолмен қайтарып алу
реттерiне, атап айтқанда:
1) кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмеген мүлiктi
қайтарып алу;
2)артылып қалған, пайдаланылмайтын не өз мақсатында пайдаланылмайтын
мүлiктi қайтарып алу жатады.
Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығы негiзiнде жүзеге асыратын
кәсiпорынның уәкілетті органның жазбаша келiсiмiнсiз:
1) өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды және кәсіпорынның
басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де әдiспен оларға
билiк етуге (осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ
мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
2) филиалдар, өкілдіктер мен еншiлес кәсiпорындар құруға жеке
кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz