«қайым және алаш» сценарий


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СОБӨЖ
Тақырыбы: «Қайым және Алаш» сценарий
Орындаған: Қ - 319 с
Тексерген: Жүндібаева А. Қ.
Семей 2015
Қайым және Алаш
Мақсаты: Белгілі абайтанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедқановтың Алаш жұртына сіңірген зор еңбегін дәріптеу, келелі болашақ ұрпаққа насихаттау. Абайдың ақындық мектебінің негізін қалаған Қайым Мұхамедқановтың шығармашылығымен бірсыпыра таныстыру. Қайым және Алаш арасындағы байланыстың толық ара жігін ашып көрсету.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, стенд, ғалымның жинақтары, фотосуреттер көрмесі, видео.
I. Ұйымдастыру
1 - жүргізуші(Әсет) : Армысыздар құрметті ұстаздар және студенттер. Бүгінгі біздің «Алаш және Қайым» атты шығармашылық бағыттағы ашық сабаққа қош келдіңіздер.
2 - жүргізушіГүлназ) : Алаш пен Қайымның егіз ұғым екендігі айтпаса да түсінікті. Осы жерде ғалымның туып-өскен, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы айта кеткен жөн болар. Ғалымнаң өмір жолын сіздерге оқу орнымыздың № 8 ғимаратындағы Алаштың біртуар азаматы Қайым Мұхамедханов атындағы дәрісхананың қабырға стендтеріндегі мәліметтермен таныстыру арқылы дәріптемекпіз. Ортаға қя - 319с тобының студенттері Калиева Назыммен, Кәрібаев Русланды шақырамыз.
II. Дәрісханамен таныстыру.
Калиева Назым: Алаш Рухымен нәрленген өмір атты қабырға стендінде Мұхаметқан Сейітқұлұлының қысқаша өмірбаяны берілген. Мұхамедхан Сейітқұлұлы жоғары білімді, мәдениетті адам болған. Ахмет Риза мешітінің имамы болған…. (қысқаша өмірбаяның баяндау) . Стендтегі фотосуреттер жайлы әңгімелеу. 2 стендтегі Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы жайлы әңгімелеп беру. Қайым Мұхамедханов (Ғабдулқайым) (1916-2004) - 5 қаңтарда Семей қаласында туған. Семей педагогика институтының филология факультетін 1941 жылы бітірген. Содан көп жыл әдебиет пәнінің мұғалімі, Абай мұражайының директоры қызметін атқарған, «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған (1951) . Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әдебиетке 1930 жылдың орта шенінде келген ол алғашқыда өлең-жырлар, драматургия жанрында бірқатар шығармалар жазды, тәржіме жасаумен де көбірек шұғылдан ды. Әдебиет зерттеуші ғалым ретінде Абай мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол үлес қосты. Абай төңірегіндегі атақты әншілер: Көкбай, Ақылбай, Мағауия туралы, өткен заманның кейбір мұралары жайында зерттеулер, көлемді мақалалар жазды. Қайым Мұхамедханов ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы. Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушы, Қазақстанның Мемлекеттік силығының, Жазушылар одағы силығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей қаласының, Аягөз, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; жарияланған 800-ден аса ғылыми еңбектің авторы. «Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды. «Абай» журналының қайта жарық көруіне көп еңбек сіңірді. «Толқын», «Майданнан майданға», «Ер Білісбай» пьесаларының авторы. Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың «Аршин мол алан», татар жазушысы Ш. Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» пьесаларын қазақшалаған. Шығармалары: Абай шығармашылықтың текстологиясы. А., «Қазақстан», 1959; Комиссар Ғаббасов. Пьесалар. А., «Өнер», 1984.
1996 жылы «Абай» энциклопедиясын шығарудағы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абайдың дүниежүзілік академиясының алтын медалімен марапатталған.
Кәрібаев Руслан :Алаштың соңғы асыл тұяғына айналған Қайым Мұхамедқановқа арналған дәрісханамен әрі қарай таныстырсам: Жақсы да жаттық жоқ.
Бұл кісінің қазақ әдебиетіне қалдырған асыл мұралары қаншама. Жазылған еңбектерінің саны 500 - ден астам.
«Жақсы да жаттық жоқ демекші» заманындағы игі жақсылармен қарым - қатынаста болған Сәду Машақов, Қашманов Естай, Құрманбек Жандарбеков, Ш. Әбенов, Нұрлыбек Баймұратұлы, Зейнолла Қабдолов, Хайрулла Закиров, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов Ә. Марғұлан, Жұмагелді Сайн.
- 1938 жылы Семей Жамбыл 75 жасы С. Мұқанов
- 1939 жылы көп Жамбыл шәкірті Садыр Керімбей, Жұман, Сайн
- 1939 жылы 21 маусым Естай Берік 70 жаста
- 1946 жылы Семей Қайым Ертіс ақын - жазушылары Вивлод Миюнь 53 жас Досжаневатұрған үй.
- Аударма: 14 жас Ыдырыс Мұстан араб әрпі.
III. Үздік баяндамалар топтамасы (интерактивті тақтадан слайд қосылады) :
1 - жүргізуші(Әсет) : Мұхамедхан ата өз шаңырағына Алаш көсемдерінің басын жиі қосып, олардың ат басын тірейтін үлкен үйлері ретінде, кеңес құратын ордалары ретінде белгілі болған. Осындай үлкен бас қосулар танымал ақындар мен әншілердің де өз өнерлерін сынайтын, танылатын жері болған. Қазақтың халық ауыз әдебиетінің мол мұралары күні-түні жырланып, әні шырқалып жатқан қасиетті ортадан жас Қайымның алар тәлім-тәрбиесі де мол болды. Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағына Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов жиі келіп, отырыстың мәнділігін арттыратын. Қайым Мұхамедхановтың өмір жолындағы ұлтжандылық, нағыз ұлтшылдық бағыттың қалыптасуына осындай мағыналы басқосулардың да себебі болғандығын ғалым естеліктерінен білеміз. «Әлекең, Ахаңдардың бұл шақта елді еркіндікке жеткізу мақсатымен орталықтан заңды түрде автономия сұрап жүрген кезі, - дейтін әкем деп Қайым Мұхамедқанов баспасөзге берген бір мақаласында айтқаны бар еді.
2 - жүргізуші(Гүлназ) : Сондай-ақ Қ. Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиетінің даму бағыттарын белгіледі. Осы орайда ғалымның қазақ әдебиеттану ғылымындағы іргелі мектеп болып саналатын Абайдың ақындық айналасына арналған «Абай айналасындағы ақындар» (1950 ж. ) атты монографиясы, «Абай дың ақын шәкірттері» (1993-1997) деген ғылыми-зерттеулері әдебиет тарихы ғылымының жаңа бір беттері болып ашылды.
1 - жүргізуші(Әсет) : Абай мектебінің талантты өкілдері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет және тағы басқа қазақ әде биетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларының жиналып, баспаға дайындалуына және іргелі ғылыми-зерттеулердің нысанына айналуына Қайым Мұхамедхановтың тікелей ықпал еткені рас. Сондай-ақ ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлы да шығарма ларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Енді ғалымның зерттеу мақалаларына бір сыпыра баяндамалар арқылы терең бойласақ. Ортаға баяндамашыларды шақырамыз.
- Мұхамеджанова Арайлым, тақырыбы: «Қайым және қолжазба» Тоқтарова Сая, тақырыбы: «Қайымның Абай әлеміне байланысты зерттеу мақалалары»
- Тарпамбай Айгерім, баяндама тақырыбы:«Қайым Мұхамедхановтың зерттеу мақалалары»
VI. Бейнематериалдар топтамасы.
1 - жүргізуші(Әсет) : Қайым ағаны қалың жұртшылық сонымен бірге қарымды жазушы -драматург, тамаша аудармашы, сондай-ақ бірнеше буын өкілдерін, тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде жақсы білетін. Басқаларды айтпағанда, кешегі Кәмен, бүгінгі Әзілхан ағаларымыз кәкеңді ұстаз тұтып, құрмет көрсетіп жататынын көзіміз көрді, құлағымыз естіді. Ұстаз демекші, Семей педагогика институтында ұзақ жылдар қызмет еткен ол филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлымен әріптес болғаны да мәлім.
2 - жүргізуші(Гүлназ) : Қайым Мұхамедқановты жан - жақты тану мақсатында біз бірнеше видео - роликтер тусірдік. Бұл видео роликтерде Қайымды көрген, әріптес болған, шәкірттері болған белгілі қоғам қайраткерлерінен сұхбат алдық. Ендеше бәріміз назарымызды экранға аударайық.
1 - видео
Филолгия ғылымдарының кандидаты, профессор Қинаят Шаяхметұлымен «Қайым және Алаш» тақырыбына сұхбат. Журналист - Мұхаметжанова Гүлназ.
Қойылған сұрақтар:
- Қайым Мұхамедқановпен алғаш кездесуініз
- Қайымның бойындағы әріптес ретінде, адам ретіндегі рухани құндылықтарын, қасиеттерін айтып берсеңіз.
- «Қайым және Алаш» туралы ойыңызды ортаға салсаңыз.
2 - видео
Журналист - Кәрібаев Руслан, Құсмиля Нұрғасым ағамызбен сұхбат.
Қойылған сұрақтар:
- Қайым Мұхамедқанов ескерткіші туралы мәлімет
- Ұстаз бен шәкірт арасындағы естелік
- Баспа беттерін көрмеген Қайым Мұхамедқановтың ебектері бар ма?
3 - видео
Журналист - Калиева Назым, Еспембетов Арап Слямұлымен сұхбат.
Қойылған сұрақтар:
- Қайывм Мұхамедқановпен алғашқы таныстығыңыз қалай өтті?
- Қайымның адами қасиеттері жайында
- Қайым Мұхамедқанов алаш зиялыларының қайсысымен етене жақын араласты.
4 - видео. Журналист - Кәрібаев Руслан, Мұрат Сұлтанбекұлымен сұхбат.
Қойылған сұрақтар:
- Ұстаз ретінде өткізген дәрістері несімен ерекшеленеді?
- Қайым Мұхамедқановтың баспа беттерін көрмеген Қайым Мұхамедқановтың ебектері бар ма?
V. Қорытындылау. Ойын. Викториналық сұрақтар.
2 - жүргізуші(Гүлназ) : Ендігі кезекті көрермен қауым сіздерге береміз. Бүгінгі біздің ізденісімізден, бүгінгі ашық шығармашылық сабағымыздан не түсінгендеріңізді білу мақсатында кезекті бір ойынға берсек. Қазыр мен мақал - мәтелдер оқимын сіздер жалғасын табасыздар. Сол арқылы 5 студентті іріктеп аламыз. Олар сұрақтарға жауап беру арқылы сйлық ұтып алу мәртебесіне ие.
Мақал-мәтелдер: (Мақалды аяқтату арқылы, студенттерді іріктеу. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz