Ұлттық банктің банктік қызметті реттеудегі рөлі мен маңызы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы: Ұлттық Банктің банктік қызметті реттеудегі рөлі мен маңызы

Орындаған: Рымгалиев А. А.

ФН-207

Семей 2015

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;

Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат

16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы

Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі

4 есеп беретін ұйым:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ұлттық Банк:

«Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»

«Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры»

«Қазақстан Актуарлық орталығы»

«„Q-BRO“ Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

Ұлттық Банк «„ГНПФ“ жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады

Коммерциялық банктердің ұымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдык бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялык банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді камтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы - акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндетгер шешіледі:

банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

банктің жарғылық капиталын өзгерту;

банктің Кеңесін сайлау;

банктің жылдық есебін бекіту;

банктің табысын бөлу;

банктің құрылымдық немесе еншілес белімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы - банктің қадагалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі - банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді:

нормативтік актілерді бекітеді;

Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы - бұл басқарма (Банк кеңесі) . Басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілеггі орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:

банктің стратегиялық мақсатын анықтау;

банктің саясаттарын жасау;

жетекшілік қызметке кадрлар тандау;

комитеттерді кұру;

ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық институттардың қызметін реттеу
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Банк жүйесі туралы ақпарат
Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің рөлі
Проблемалық несиелер
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының несие саясаты және ондағы банктердің атқаратын ролі
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz